ҮИИД бағдарламасы шеңберінде 537 жоба жүзеге асты

25.12.2012 1817
Астанада Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИДБ) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған жалпы ұлттық телекөпір өтіп жатыр. Осы шара аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 10 жаңа жобаның тұсауы кесілуде. Телекөпірдің ашылуы кезінде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы турасында деректі фильм көрсетілді. Аталған бағдарлама аясында 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін 537 жобаның тұсауы кесілген. Олардың ішіндегі 141-і толық қуаттылығына ие болды. 305 кәсіпорын дайын өнім өндіруде. 36 кәсіпорын 520 миллиард теңгенің өнімін экспорттады. Жаңа кәсіпорындар 1 триллион 400 миллион теңгенің өнімін шығарған. Бүгінгі 10 жобаны қоса есептегенде 2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 162 жаңа өндіріс орны іске қосылды. Бүгін жаңа өндіріс орындарынан бөлек, телекөпір кезінде бұрыннан жұмыс істеп тұрған, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған үш нысан тікелей байланысқа шығады. «Онлайн» режимінде Президентке Кентаудағы трансформатор зауыты, Алматы облысындағы «RG Brands Kazakhstan» компаниясының AKSENGIR өндірістік-логистикалық кешені, «Элтекс Алатау» ЖШС-ы кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндайды. Индустрияландыру картасына барлығы 779 нысан енген. Дереккөзі: http://baq.kz/

Астанада Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИДБ) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған жалпы ұлттық телекөпір өтіп жатыр. Осы шара аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 10 жаңа жобаның тұсауы кесілуде.

Телекөпірдің ашылуы кезінде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы турасында деректі фильм көрсетілді. Аталған бағдарлама аясында 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін 537 жобаның тұсауы кесілген. Олардың ішіндегі 141-і толық қуаттылығына ие болды. 305 кәсіпорын дайын өнім өндіруде. 36 кәсіпорын 520 миллиард теңгенің өнімін экспорттады. Жаңа кәсіпорындар 1 триллион 400 миллион теңгенің өнімін шығарған.
Бүгінгі 10 жобаны қоса есептегенде 2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 162 жаңа өндіріс орны іске қосылды.
Бүгін жаңа өндіріс орындарынан бөлек, телекөпір кезінде бұрыннан жұмыс істеп тұрған, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған үш нысан тікелей байланысқа шығады.
«Онлайн» режимінде Президентке Кентаудағы трансформатор зауыты, Алматы облысындағы «RG Brands Kazakhstan» компаниясының AKSENGIR өндірістік-логистикалық кешені, «Элтекс Алатау» ЖШС-ы кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндайды.
Индустрияландыру картасына барлығы 779 нысан енген.

Дереккөзі: http://baq.kz/

Ұқсас материалдар