Қандастар Ассамблея

Телекөпір аясында 10 жобадан бөлек үш кәсіпорын онлайн режимінде байланысқа шығады

25.12.2012 1771
Астанада Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИДБ) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған жалпы ұлттық телекөпір басталды. Осы шара аясында бүгін 10 жаңа жобаның тұсауы кесіледі. Бүгінгі 10 жобаны қоса есептегенде 2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 162 жаңа өндіріс орны іске қосылды. Бүгін жаңа өндіріс орындарынан бөлек, телекөпір кезінде бұрыннан жұмыс істеп тұрған, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған үш нысан тікелей байланысқа шығады. «Онлайн» режимінде Президентке Кентаудағы трансформатор зауыты, Алматы облысындағы «RG Brands Kazakhstan» компаниясының AKSENGIR өндірістік-логистикалық кешені, «Элтекс Алатау» ЖШС-ы өкілдері кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндайды. Индустрияландыру картасына барлығы 779 нысан енген. BAQ.KZ

Астанада Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИДБ) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған жалпы ұлттық телекөпір басталды. Осы шара аясында бүгін 10 жаңа жобаның тұсауы кесіледі.

Бүгінгі 10 жобаны қоса есептегенде 2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 162 жаңа өндіріс орны іске қосылды.
Бүгін жаңа өндіріс орындарынан бөлек, телекөпір кезінде бұрыннан жұмыс істеп тұрған, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған үш нысан тікелей байланысқа шығады.
«Онлайн» режимінде Президентке Кентаудағы трансформатор зауыты, Алматы облысындағы «RG Brands Kazakhstan» компаниясының AKSENGIR өндірістік-логистикалық кешені, «Элтекс Алатау» ЖШС-ы өкілдері кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндайды.
Индустрияландыру картасына барлығы 779 нысан енген.

BAQ.KZ

Ұқсас материалдар