Қандастар Ассамблея

«Қазақстанның үздік тауарлары» анықталды

25.12.2012 2340
Бүгін Астанада «Қазақстанның үздік тауары - 2012» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.  «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының негізгі мақсаты өнім сапасын жақсартуға бағытталған отандық кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтуға көмектесу және сапа идеясын насихаттау болып табылады. Конкурс-көрмеге 135 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Көрме қорытындысы бойынша конкурстық комиссия үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Үздік өндірістік тауар» номинациясында І дәрежелі дипломант Маңғыстау облысының «ҚазАзот» ЖШС, ал «Үздік азық-түлік тауары» номинациясында І дәрежелі дипломант Оңтүстік Қазақстан облысының «Ордабасы Құс» ЖШС атанса, «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясында І дәрежелі дипломант Шығыс Қазақстан облсының «АзияАвто» ЖШС иеленді. Қатысушылар үстіміздегі жылы тамыз-қыркүйек айларында әр облыста және Астана мен Алматы қалаларында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурс жеңімпаздары болып табылады. Диана Құлмағанбетова

Бүгін Астанада «Қазақстанның үздік тауары - 2012» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының негізгі мақсаты өнім сапасын жақсартуға бағытталған отандық кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтуға көмектесу және сапа идеясын насихаттау болып табылады.

Конкурс-көрмеге 135 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Көрме қорытындысы бойынша конкурстық комиссия үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

«Үздік өндірістік тауар» номинациясында І дәрежелі дипломант Маңғыстау облысының «ҚазАзот» ЖШС, ал «Үздік азық-түлік тауары» номинациясында І дәрежелі дипломант Оңтүстік Қазақстан облысының «Ордабасы Құс» ЖШС атанса, «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясында І дәрежелі дипломант Шығыс Қазақстан облсының «АзияАвто» ЖШС иеленді.

Қатысушылар үстіміздегі жылы тамыз-қыркүйек айларында әр облыста және Астана мен Алматы қалаларында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурс жеңімпаздары болып табылады.

Диана Құлмағанбетова

Ұқсас материалдар