Қандастар Ассамблея

"Болашақтықтардың" таңдауы Ұлыбританияға көп түсті

25.12.2012 2528
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсырғандардың басым көпшілігі Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орында АҚШ тұр. Бұл туралы кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мәлім болды, деп хабарлайды KazBIN. «Отырыста 704 «Болашақ» стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. 315 адам - магистратураға, екеуі - докторантураға және 384-і тағлымдамадан өтуге жіберілді. Биыл барлығы 1186 адам халықаралық президенттік стипендияның иегері атанды. Құжат тапсырғандардың ішінде басым көпшілігі - 159 адам Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орындарда – АҚШ (91), Ресей (34), Германия (9). Қалған стипендиаттар Франция, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланды, Норвегия, Чехия, Канада, Словакия, Австрия, Швейцария тәрізді елдерді таңдаған» делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. BAQ.kz

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсырғандардың басым көпшілігі Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орында АҚШ тұр. Бұл туралы кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мәлім болды, деп хабарлайды KazBIN.

«Отырыста 704 «Болашақ» стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. 315 адам - магистратураға, екеуі - докторантураға және 384-і тағлымдамадан өтуге жіберілді. Биыл барлығы 1186 адам халықаралық президенттік стипендияның иегері атанды.
Құжат тапсырғандардың ішінде басым көпшілігі - 159 адам Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орындарда – АҚШ (91), Ресей (34), Германия (9). Қалған стипендиаттар Франция, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланды, Норвегия, Чехия, Канада, Словакия, Австрия, Швейцария тәрізді елдерді таңдаған» делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар