Қандастар Ассамблея

Астана «Өмір сүргің келетін қала» байқауы дипломына ие болды

25.12.2012 2120
Астана  IV Халықаралық форумы аясында Мәскеу қаласында өткен  «XXI ғасыр мегаполисі: Қала және балалар» «Өмір сүргің келетін қала» ТМД және ЕурАзЭҚ  қалалық оңтайлы  конкурс-байқауының  лауреаты атанды. Қазақстан астанасы атынан барған делегаттарға  Ресей Муниципальды академиясы мен астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының Дипломдары тапсырылды. Мұндай беделді награда  Астанаға  Қазақстан  Республикасы Президентінің бастамасымен  жастарды еңбекпен қамту саласындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған  «Жасыл ел» жалпыұлттық бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырғаны үшін  берілді.  Сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесіндегі  ірі жобалар – Оқушылар үйінің құрылысы мен оның базасында балалар үшін Интерактивті Ұлттық парк құру жөніндегі мастер-жоба  әзірлегені  үшін жоғары бағаға ие болды.  Сондай-ақ, байқауды ұйымдастырушылар  № 64 «Асылбөбек»  балабақшасы базасында  жетілуінде кешендік ауытқулары бар балалар үшін  тиіптік білім беру-тәрбиелеу технологияларының  ілкі жобасын енгізуін атап өтті. Астананың мектептеріндегі білім беру жүйесіне «Болашақ мектебі – бүгіннен» бағдарламасы аясында  кешенді бақылау жүргізетін  «мектеп оқушысының электронды куәлігі»  жүйесі ақпараттық технологиясын енгізу де назардан тыс қалған жоқ. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Астана  IV Халықаралық форумы аясында Мәскеу қаласында өткен  «XXI ғасыр мегаполисі: Қала және балалар» «Өмір сүргің келетін қала» ТМД және ЕурАзЭҚ  қалалық оңтайлы  конкурс-байқауының  лауреаты атанды. Қазақстан астанасы атынан барған делегаттарға  Ресей Муниципальды академиясы мен астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының Дипломдары тапсырылды.

Мұндай беделді награда  Астанаға  Қазақстан  Республикасы Президентінің бастамасымен  жастарды еңбекпен қамту саласындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған  «Жасыл ел» жалпыұлттық бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырғаны үшін  берілді. 

Сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесіндегі  ірі жобалар – Оқушылар үйінің құрылысы мен оның базасында балалар үшін Интерактивті Ұлттық парк құру жөніндегі мастер-жоба  әзірлегені  үшін жоғары бағаға ие болды.  Сондай-ақ, байқауды ұйымдастырушылар  № 64 «Асылбөбек»  балабақшасы базасында  жетілуінде кешендік ауытқулары бар балалар үшін  тиіптік білім беру-тәрбиелеу технологияларының  ілкі жобасын енгізуін атап өтті. Астананың мектептеріндегі білім беру жүйесіне «Болашақ мектебі – бүгіннен» бағдарламасы аясында  кешенді бақылау жүргізетін  «мектеп оқушысының электронды куәлігі»  жүйесі ақпараттық технологиясын енгізу де назардан тыс қалған жоқ.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар