Қандастар Ассамблея

2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады

25.12.2012 2006
2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мәлімдеді. «Қазір облыстың әрбір алтыншы тұрғыны – оқушы, ал әрбір жиырма алтыншы тұрғын – балабақша тәрбиеленушісі екенін есепке алсақ, онда 2013 жылы өңірдегі білім саласына 20,4 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінеді, – деді ол. – 6 ірі мектептің құрылысы басталады, бұл шамамен 3 000 орын, 4 балабақша – 1 120 орын, құрылысы басталған 14 мектеп пен 6 балабақша салынып бітеді». «Сондай-ақ, 8 мектеп пен 6 балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жоспарлануда, – деді әкім. – 2013 жылы Қызылорда қаласына жақын орналасқан Досан ауылында 100 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталатынын атап өткім келеді. Бұл мектепті біз мемлекеттік- жекеменшік серіктестіктің негізінде салудамыз». BNews.kz

2013 жылы Қызылорда облысында 20-дан астам жаңа мектеп ашылады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мәлімдеді. «Қазір облыстың әрбір алтыншы тұрғыны – оқушы, ал әрбір жиырма алтыншы тұрғын – балабақша тәрбиеленушісі екенін есепке алсақ, онда 2013 жылы өңірдегі білім саласына 20,4 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінеді, – деді ол. – 6 ірі мектептің құрылысы басталады, бұл шамамен 3 000 орын, 4 балабақша – 1 120 орын, құрылысы басталған 14 мектеп пен 6 балабақша салынып бітеді».

«Сондай-ақ, 8 мектеп пен 6 балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жоспарлануда, – деді әкім. – 2013 жылы Қызылорда қаласына жақын орналасқан Досан ауылында 100 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталатынын атап өткім келеді. Бұл мектепті біз мемлекеттік- жекеменшік серіктестіктің негізінде салудамыз».

BNews.kz

Ұқсас материалдар