Қандастар Ассамблея

Жолдаудағы басты бағыт – патриотизм

23.12.2012 2205
Елбасы Жолдауындағы ең маңызды бағыт – қазақстандық патриотизм. Бүкіл құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді. Туасында, патриотизм мен намыс екеуі тамырлас, егіз ұғымдар дейді «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева.   «Қоғамның қай саласы болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс, сапалы білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік, өшпейтін патриотизм, қазақи намыс жатыр. Жалпы, қазақ патриотизмі туралы көп айтуға болады. Бұл таусылмайтын тақырып. Қанша өмір сүрсек те, сонша намысты қолдан бермейтін, сенімін серік еткен, межеге тоқтамайтын халықпыз. Былтыр мен арнайы әйгілі қолбасшы Әмір-Темірдің басына барып келдім. Самарқандағы халық біздің бабамызды пір тұтып отырғанын көріп, халқым үшін мақтандым. Өшпестей із қалдырған біздің жолымыз Әл-Фараби мен Әмір-Темір бабаларымыздың жолы. Нағыз патриотизм деген міне осы. Ғасырдан-ғасырға тарих болып жеткен, елін әлемге танытқан қанға біткен тектіліктің арқасы. 1997 жылы кейбіреуге күмән болған «Қазақстан-2030» стратегиясы өз миссиясын мезгілінен бұрын орындап бітті. Бір шаңырақтың астында ұлттар достығын жаһанға мойындатқан, керек десеңіз, ана тілдің төңірегіне елді топтастыру идеясы ақылдың-ақылы, көрегенділіктің көрегенділігі екенін тағы да көрсетті. Биіктерді бағындырудың, Даму стратегиясының формуласын ойлап тапты. Мемлекетшіл болудың тағы да бір сырын ашты. Сан түрлі ұлттан тұратын, сан түрлі мамандық иелері «Нұр Отан» партиясының мүшері үшін осы Жолдаудың айтары бөлек, ауқымы кең. Барлық бағыт халықтың қамы үшін. Біздің мақсатымыз болса, Елбасы Жолдауын елге насихаттап, егжей-тегжейлі партияның бастауыш партия ұйымдары арқылы әрбір еңбек ұжымына, әрбір еңбек адамына жеткізу. Осылай болғанда ғана мәреге жетудің, Жолдауды мүлтіксіз орындаудың айқын жолы ашылады» деді Қ.Жантөреева. BAQ.kz

Елбасы Жолдауындағы ең маңызды бағыт – қазақстандық патриотизм. Бүкіл құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді. Туасында, патриотизм мен намыс екеуі тамырлас, егіз ұғымдар дейді «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева.  

«Қоғамның қай саласы болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс, сапалы білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік, өшпейтін патриотизм, қазақи намыс жатыр. Жалпы, қазақ патриотизмі туралы көп айтуға болады. Бұл таусылмайтын тақырып. Қанша өмір сүрсек те, сонша намысты қолдан бермейтін, сенімін серік еткен, межеге тоқтамайтын халықпыз.
Былтыр мен арнайы әйгілі қолбасшы Әмір-Темірдің басына барып келдім. Самарқандағы халық біздің бабамызды пір тұтып отырғанын көріп, халқым үшін мақтандым. Өшпестей із қалдырған біздің жолымыз Әл-Фараби мен Әмір-Темір бабаларымыздың жолы.
Нағыз патриотизм деген міне осы. Ғасырдан-ғасырға тарих болып жеткен, елін әлемге танытқан қанға біткен тектіліктің арқасы. 1997 жылы кейбіреуге күмән болған «Қазақстан-2030» стратегиясы өз миссиясын мезгілінен бұрын орындап бітті.
Бір шаңырақтың астында ұлттар достығын жаһанға мойындатқан, керек десеңіз, ана тілдің төңірегіне елді топтастыру идеясы ақылдың-ақылы, көрегенділіктің көрегенділігі екенін тағы да көрсетті. Биіктерді бағындырудың, Даму стратегиясының формуласын ойлап тапты. Мемлекетшіл болудың тағы да бір сырын ашты. Сан түрлі ұлттан тұратын, сан түрлі мамандық иелері «Нұр Отан» партиясының мүшері үшін осы Жолдаудың айтары бөлек, ауқымы кең. Барлық бағыт халықтың қамы үшін.
Біздің мақсатымыз болса, Елбасы Жолдауын елге насихаттап, егжей-тегжейлі партияның бастауыш партия ұйымдары арқылы әрбір еңбек ұжымына, әрбір еңбек адамына жеткізу. Осылай болғанда ғана мәреге жетудің, Жолдауды мүлтіксіз орындаудың айқын жолы ашылады» деді Қ.Жантөреева.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар