Қандастар Ассамблея

Ольга Рыпакова өзге қырынан көрінді

23.12.2012 2079
Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова "Хронограф" журналының желтоқсандық номері үшін фотосессия өткізді. Бұл жайында "Афиша.kz" хабарлап отыр. Әйгілі қазақстандық спортшы қыз түсірілім барысында Boucheron, Van Cleef & Arpels и Cartier сынды әлемге әйгілі зергерлердің бағалы тастарын тағып, өзін жаңа қырынан көрсеткендей.  Осылайша Ольга тек дарынды спортшы ғана емес, сымбатты модель бола алатынын да көпшілікке дәлелдеді. Фотограф Владимир Бабкиннің айтуынша, егер Рыпакова спортпен айналыспаған кезде өз орнын сән әлемінен табар еді. Спортшы камералар алдында өзін өте еркін ұстағандығын да Бабкин ерекше атап өтті. Алайда, Ольганың өзі болса модельдердің жұмысы іш пыстырарлық екен дегенді айтып отыр. Екі күнге созылған фото түсірілім барысында Рыпакова фотографтарға өзінің жеңіл атлетикаңа қалай тосыннан келгендігін және болашақ жарымен қалай танысқандығын айтып берді. Естеріңізге салайық, Ольга Рыпакова Лондонда Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына жеті алтынның алтыншысын салған болатын. Ал, қыркүйек айында ол Брюссель қаласында өткен "Гауһар лигасында" жеңістің биік тұғырынан көрінді.      

Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова "Хронограф" журналының желтоқсандық номері үшін фотосессия өткізді. Бұл жайында "Афиша.kz" хабарлап отыр. Әйгілі қазақстандық спортшы қыз түсірілім барысында Boucheron, Van Cleef & Arpels и Cartier сынды әлемге әйгілі зергерлердің бағалы тастарын тағып, өзін жаңа қырынан көрсеткендей. 

Осылайша Ольга тек дарынды спортшы ғана емес, сымбатты модель бола алатынын да көпшілікке дәлелдеді. Фотограф Владимир Бабкиннің айтуынша, егер Рыпакова спортпен айналыспаған кезде өз орнын сән әлемінен табар еді. Спортшы камералар алдында өзін өте еркін ұстағандығын да Бабкин ерекше атап өтті.
Алайда, Ольганың өзі болса модельдердің жұмысы іш пыстырарлық екен дегенді айтып отыр. Екі күнге созылған фото түсірілім барысында Рыпакова фотографтарға өзінің жеңіл атлетикаңа қалай тосыннан келгендігін және болашақ жарымен қалай танысқандығын айтып берді.
Естеріңізге салайық, Ольга Рыпакова Лондонда Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына жеті алтынның алтыншысын салған болатын. Ал, қыркүйек айында ол Брюссель қаласында өткен "Гауһар лигасында" жеңістің биік тұғырынан көрінді.

  

  

Ұқсас материалдар