Қандастар Ассамблея

Астаналықтар автобустар қозғалысын Интернет арқылы бақылай алады

21.12.2012 1961
Елорда  тұрғындарына  қалалық автобустар қозғалысын Интернет арқылы бақылай алатын мүмкіндіктер туды.  Қала көшелерінде жүретін барлық  автобус бағдарлары   KazInterSoft  компаниясының  http://soft.kz/astanabus. сайтында толық көрінеді. Аталған компания  өткен жылы  Астананың автобус паркін жарақтандыру жөніндегі  gps-мониторинг  жобасын  орындаған  болатын.  Нәтижесінде  онлайн тәртібіндегі жаңалық енгізіліп, аталған сайттан кез келген автобустың бағдарын бақылауға болады. Компанияның атқарушы директоры  Мұрат Тұрыспеков  аталған сервисті өзінің балалары үнемі пайдаланатынын айтып берді. «Олар тізімнен керекті автобусын тауып  алады да, оның  қажетті  аялдамадан  қанша қашықтықта екендігін анықтайды. Сөйтіп, қыста аязға тоңбай, үйден автобус аялдамаға дәл келер кезде шыға қояды», - дейді. Сондай-ақ,  ол электронды картаның  көмегімен автобустың қандай жылдамдықпен  жүріп  келе  жатқанын, жүргізушінің  бағдардан  басқа жаққа ауытқымағанын  анық біліп отыруға болатынын  да хабарлады.   Компанияның атқарушы директорының айтуынша,  сервиске  тек компьютері бар адамдардың  ғана  қолы жетімді емес. Ұялы телефондардан,  Android тұғырында  смартфондардан да кіре беруге болады.   «Осы сервистің мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтылған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесу өткізілді. Енді студенттер өздерінің  ұялы телефондарының көмегімен керекті автобустарын бақылап, дәл уақытында шығады. Бұрынғыдай  аялдамада босқа тұрып уақыт өткізбейді», - деді  Мұрат Тұрыспеков. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Елорда  тұрғындарына  қалалық автобустар қозғалысын Интернет арқылы бақылай алатын мүмкіндіктер туды.  Қала көшелерінде жүретін барлық  автобус бағдарлары   KazInterSoft  компаниясының  http://soft.kz/astanabus. сайтында толық көрінеді.
Аталған компания  өткен жылы  Астананың автобус паркін жарақтандыру жөніндегі  gps-мониторинг  жобасын  орындаған  болатын.  Нәтижесінде  онлайн тәртібіндегі жаңалық енгізіліп, аталған сайттан кез келген автобустың бағдарын бақылауға болады.

Компанияның атқарушы директоры  Мұрат Тұрыспеков  аталған сервисті өзінің балалары үнемі пайдаланатынын айтып берді. «Олар тізімнен керекті автобусын тауып  алады да, оның  қажетті  аялдамадан  қанша қашықтықта екендігін анықтайды. Сөйтіп, қыста аязға тоңбай, үйден автобус аялдамаға дәл келер кезде шыға қояды», - дейді.

Сондай-ақ,  ол электронды картаның  көмегімен автобустың қандай жылдамдықпен  жүріп  келе  жатқанын, жүргізушінің  бағдардан  басқа жаққа ауытқымағанын  анық біліп отыруға болатынын  да хабарлады.  

Компанияның атқарушы директорының айтуынша,  сервиске  тек компьютері бар адамдардың  ғана  қолы жетімді емес. Ұялы телефондардан,  Android тұғырында  смартфондардан да кіре беруге болады.   «Осы сервистің мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтылған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесу өткізілді. Енді студенттер өздерінің  ұялы телефондарының көмегімен керекті автобустарын бақылап, дәл уақытында шығады. Бұрынғыдай  аялдамада босқа тұрып уақыт өткізбейді», - деді  Мұрат Тұрыспеков.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар