Қандастар Ассамблея

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Елбасының Жолдауын талқылады

21.12.2012 2018
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Бүгін Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Елбасы айқындаған міндеттердің маңыздылығы мен оларды жүзеге асыру жолдары төңірегінде пікір алмасты. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай экономикасы дамыған қуатты мемлекет құру. Бұл – еліміз бет алып отырған жаңа бағыт. Бұл – Елбасы қойып отырған маңызды міндет. Осыдан он бес жыл бұрын 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясы қаблыданған еді. Ол кез қиын уақыт болғанын бәріміз білеміз. Еңбекақы, зейнетақы төленбейтін. Жұмыс табу жағы қиын болатын. Сол уақытта айқындап алған саяси, әлеуметтік-экономикалық бағытымыз бен сыртқы саясатымыз өзінің тиімділігін, өміршеңдігін көрсетті. Қазір біз қандай жетістіктерге жеткенімізді білеміз», - деп атап өтті жиында Астана қаласының этномәдени бірлестіктері жетекшілері кеңесінің төрағасы Салман Героев. Жиналғандар еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сөз етті. Бүгінгі күні Қазақстанда бір шаңырақ астында 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері бейбіт күн астында өмір сүріп жатыр. Елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясында қазіргі уақытта 28 этномәдени бірлестік жемісті еңбек етуде. Қалада 13 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. «Қазақстандық келісім моделі бүкіл әлемде белгілі. Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей еуразиялық модельге айналып отыр. Қазақстан әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің үздік бестігіне еніп отыр. 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, біз ішкі жалпы өнім көлемі бойынша ірі 50 экономиканың қатарына кіреміз», - деді Салман Героев. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Елбасы алға қойып отырған міндеттерді іске асыруға барша қазақстандықтар жұмыла кірісуі керек деген пікірде. Олар өз үлестерін қосуға әзір екендіктерін білдірді.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Бүгін Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Елбасы айқындаған міндеттердің маңыздылығы мен оларды жүзеге асыру жолдары төңірегінде пікір алмасты.

«Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай экономикасы дамыған қуатты мемлекет құру. Бұл – еліміз бет алып отырған жаңа бағыт. Бұл – Елбасы қойып отырған маңызды міндет. Осыдан он бес жыл бұрын 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясы қаблыданған еді. Ол кез қиын уақыт болғанын бәріміз білеміз. Еңбекақы, зейнетақы төленбейтін. Жұмыс табу жағы қиын болатын. Сол уақытта айқындап алған саяси, әлеуметтік-экономикалық бағытымыз бен сыртқы саясатымыз өзінің тиімділігін, өміршеңдігін көрсетті. Қазір біз қандай жетістіктерге жеткенімізді білеміз», - деп атап өтті жиында Астана қаласының этномәдени бірлестіктері жетекшілері кеңесінің төрағасы Салман Героев.

Жиналғандар еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сөз етті. Бүгінгі күні Қазақстанда бір шаңырақ астында 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері бейбіт күн астында өмір сүріп жатыр. Елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясында қазіргі уақытта 28 этномәдени бірлестік жемісті еңбек етуде. Қалада 13 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

«Қазақстандық келісім моделі бүкіл әлемде белгілі. Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей еуразиялық модельге айналып отыр. Қазақстан әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің үздік бестігіне еніп отыр. 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, біз ішкі жалпы өнім көлемі бойынша ірі 50 экономиканың қатарына кіреміз», - деді Салман Героев.

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Елбасы алға қойып отырған міндеттерді іске асыруға барша қазақстандықтар жұмыла кірісуі керек деген пікірде. Олар өз үлестерін қосуға әзір екендіктерін білдірді.

Ұқсас материалдар