Қандастар Ассамблея

«Ду-думан» жобасының бас жүлдесін «Шаншар» театры иеленді

20.12.2012 2666
Хабар телеарнасында үш айға созылған «Ду-думан» жобасының бас жүлдесін «Шаншар» театры иеленді. Өнерлерін ортаға салып, халық көңілінен шыққан театрлар түрлі номинация бойынша марапатталды. «Хабар» Агенттігі» отандық телевиязия саласында болмаған бұрын болмаған «Ду-думан» жобасымен көрермен көзайымына айналды. Еліміздегі 18 әзіл-сықақ театрының алтауы екі топқа бөлініп өзара сынға түсті. Пародия, монолог, тақырыбы түрлі интермедия бөлімдері әрқайсысының қолтаңбаларын даралай түсті. «Ду-думан» додасына түскен театрлар астарлы әзілдерімен шындықты, көңілдегі күдікті, жаңа күнге деген арман-тілекті жеткізе білді. Қадыр Мырза Әлі тілінде айтсақ, «ай мен жұлдыз болмаса қараңғы түнде адамдар адасар еді, өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте көңілді кір басар еді». Әсел ТҰРСЫНҒАЗИНА, «Ду-думан» жобасының продюсері: - Сайыс барысында реніш те, өкпе де, барлығы да болды. Қазылар алқасына кішігірім наз айтқан театрлар да бар. Сондай-ақ театрларға өз өкпесін білдірген қазылар болды. Алмат САҚАТОВ, қазылар алқасының мүшесі: - Мен қазылар алқасында отырған кезде театрды жақсы көргендіктен емес, көрсеткен өнеріне баға бердім. Ол солай болуы керек. Егер біз әділдігімізді айтпасақ, басқалар не істейді. Асқар НАЙМАНТАЕВ, «Беймарал» театрының жетекшісі: - Қазылардан алған бағамызды есептеп отырған жоқпыз. Олардың өз есебі бар. Байқау театрларға қамшы да, өнердің телегей теңізіне қосылған тамшы болды. Қорытынды концерттік кеште әр театр марапатталды. Сонымен, «Ғажайып» пародиясымен, «Екі езу» музыкалық нөмірімен, «Терісқақпай» монологімен, «Қуандық пен Бақыт» жаңа есімдерімен, «Беймарал» үздік авторлығымен ерекшеленді. Ал «Шаншар» ортақ интермедиясымен дараланып, бас жүлдеге шағын автобус иеленді. Нұржан ТӨЛЕНДИЕВ, кеш қонағы: - Жалпы «Ду-думан» жобасы маған ұнайды. Ринат ағамызға алғысымды білдіремін. Әзілдің қазанында қайнап жүрген азаматтардың басын қосып, кімнің кім екенін дәлелдеп жатыр. Жандос ӘБДІРАЙЫМОВ, «Ғажайып» театрының мүшесі: - Өзіміздің деңгейімізді біліп, қазылар тарапынан айтылған кемшіліктерімізді ескеретін боламыз. Еркін НҰРЖАНОВ, әнші: - Көрінбей жүрген, сондай-ақ бүгінгі таңдағы әзіл-сықақ театрының сахнасынан көрініп жүрген театрларды біріктіріп, осындай бәсекеге шақырып жатыр. Әрине, өнердегі бәсеке – өрлеуге жетелейді. «Ду-думан» – өзге баламасы жоқ, жылдың ең үздік жобасы. Үш айға созылған шоу-бағдарлама ең жоғарғы рейтингке ие болып отыр. Бұл тек биылғы жылдың қорытындысы. Өйткені келесі жылы аталған іс-шара басқа театрлардың қатысуымен жалғасын табады. BAQ.kz

Хабар телеарнасында үш айға созылған «Ду-думан» жобасының бас жүлдесін «Шаншар» театры иеленді. Өнерлерін ортаға салып, халық көңілінен шыққан театрлар түрлі номинация бойынша марапатталды.

«Хабар» Агенттігі» отандық телевиязия саласында болмаған бұрын болмаған «Ду-думан» жобасымен көрермен көзайымына айналды. Еліміздегі 18 әзіл-сықақ театрының алтауы екі топқа бөлініп өзара сынға түсті. Пародия, монолог, тақырыбы түрлі интермедия бөлімдері әрқайсысының қолтаңбаларын даралай түсті. «Ду-думан» додасына түскен театрлар астарлы әзілдерімен шындықты, көңілдегі күдікті, жаңа күнге деген арман-тілекті жеткізе білді. Қадыр Мырза Әлі тілінде айтсақ, «ай мен жұлдыз болмаса қараңғы түнде адамдар адасар еді, өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте көңілді кір басар еді».

Әсел ТҰРСЫНҒАЗИНА, «Ду-думан» жобасының продюсері:

- Сайыс барысында реніш те, өкпе де, барлығы да болды. Қазылар алқасына кішігірім наз айтқан театрлар да бар. Сондай-ақ театрларға өз өкпесін білдірген қазылар болды.

Алмат САҚАТОВ, қазылар алқасының мүшесі:

- Мен қазылар алқасында отырған кезде театрды жақсы көргендіктен емес, көрсеткен өнеріне баға бердім. Ол солай болуы керек. Егер біз әділдігімізді айтпасақ, басқалар не істейді.

Асқар НАЙМАНТАЕВ, «Беймарал» театрының жетекшісі:

- Қазылардан алған бағамызды есептеп отырған жоқпыз. Олардың өз есебі бар.

Байқау театрларға қамшы да, өнердің телегей теңізіне қосылған тамшы болды. Қорытынды концерттік кеште әр театр марапатталды. Сонымен, «Ғажайып» пародиясымен, «Екі езу» музыкалық нөмірімен, «Терісқақпай» монологімен, «Қуандық пен Бақыт» жаңа есімдерімен, «Беймарал» үздік авторлығымен ерекшеленді. Ал «Шаншар» ортақ интермедиясымен дараланып, бас жүлдеге шағын автобус иеленді.

Нұржан ТӨЛЕНДИЕВ, кеш қонағы:

- Жалпы «Ду-думан» жобасы маған ұнайды. Ринат ағамызға алғысымды білдіремін. Әзілдің қазанында қайнап жүрген азаматтардың басын қосып, кімнің кім екенін дәлелдеп жатыр.

Жандос ӘБДІРАЙЫМОВ, «Ғажайып» театрының мүшесі:

- Өзіміздің деңгейімізді біліп, қазылар тарапынан айтылған кемшіліктерімізді ескеретін боламыз.

Еркін НҰРЖАНОВ, әнші:

- Көрінбей жүрген, сондай-ақ бүгінгі таңдағы әзіл-сықақ театрының сахнасынан көрініп жүрген театрларды біріктіріп, осындай бәсекеге шақырып жатыр. Әрине, өнердегі бәсеке – өрлеуге жетелейді.

«Ду-думан» – өзге баламасы жоқ, жылдың ең үздік жобасы. Үш айға созылған шоу-бағдарлама ең жоғарғы рейтингке ие болып отыр. Бұл тек биылғы жылдың қорытындысы. Өйткені келесі жылы аталған іс-шара басқа театрлардың қатысуымен жалғасын табады.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар