Қандастар Ассамблея

Ыстамбұлда қазақ тілі мен салт-дәстүрін үйрететін орталық ашылды

19.12.2012 1960
   Жақында Ыстамбұлдың Зейтінбұрын ауданындағы Қазақ қорында 3 пен 5 жас аралығындағы балаларға тіл және қазақ салт-дәстүрлерін үйрететін орталық ашылды. Мимар Синан Универститеттің профессоры Абдіуақап Караның хабарлауынша орталықта жыл сайын 50-ге тарта бала таңғы сағат 09.00-ден 17.00 аралығында тәлім алатын болады. Қор төрағасы Әбдіуахап Қылыш ана тілді қаршадайынан балаларға үйретудің маңыздылығын ескере отырып осы орталықты ашқанын атап өтті. Оның айтуынша, балалар есейген соң ана тіліне көңіл бөлмеуде, ал қазақ тілін үйренгісі келетіндердің оқудан және жұмыстан қолдары босамайтын көрінеді. «Тілді үйреніп, ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіретін шақ 3 пен 5 жас аралығы екені анық. Сондықтан балалардың осы мезгілде орталығымызда болуы жұмыстағы ата-аналарға да тиімді болмақ»,-дейді қор төрағасы. Орталықтың ашылу рәсіміне Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев қатысып, жаңа тәлімгерлік орталығының лентасын қиды. Елші Жансейіт Қансейітұлы Түркия қазақ жастарының қазақ тілін үйренуі олардың ана тілін біліп қана қоймастан, болашақта жұмыссыз қалмауына да үлкен септігін тигізетіндігін атап өтті. Оның айтуынша, күні бүгінге дейін қазақ тілінен түрік тіліне, түрік тілінен қазақ тіліне аударатын мықты ілеспе аудармашылар жоқ болып отыр. Ал орыс тілінен түрік тіліне, немесе түрік тілінен орыс тіліне тәржімалаушылардың қатары басым. Сондықтан Түркиядағы қазақ жастарының осы екі тілді еркін менгерулері олардың министрліктерде және ірі саудалық компанияларда жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Елші Түркиядағы қазақ жастарының қазақ, түрік және ағылшын тілдерін меңгерулеріне әбден болатынындығын баса айтты. Ыстамбұлда тұратын көптеген қазақ ата-аналары қатысқан тұсаукесер рәсімінен кейін елші Жансейіт Түймебаев Қазақстаннан апарылған қуыршақтар мен кітаптарды орталыққа сыйлады. Бүлдіршіндер тақпақ айтып, қазақ биін биледі. BAQ.kz

  

Жақында Ыстамбұлдың Зейтінбұрын ауданындағы Қазақ қорында 3 пен 5 жас аралығындағы балаларға тіл және қазақ салт-дәстүрлерін үйрететін орталық ашылды.

Мимар Синан Универститеттің профессоры Абдіуақап Караның хабарлауынша орталықта жыл сайын 50-ге тарта бала таңғы сағат 09.00-ден 17.00 аралығында тәлім алатын болады.

Қор төрағасы Әбдіуахап Қылыш ана тілді қаршадайынан балаларға үйретудің маңыздылығын ескере отырып осы орталықты ашқанын атап өтті. Оның айтуынша, балалар есейген соң ана тіліне көңіл бөлмеуде, ал қазақ тілін үйренгісі келетіндердің оқудан және жұмыстан қолдары босамайтын көрінеді. «Тілді үйреніп, ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіретін шақ 3 пен 5 жас аралығы екені анық. Сондықтан балалардың осы мезгілде орталығымызда болуы жұмыстағы ата-аналарға да тиімді болмақ»,-дейді қор төрағасы.


Орталықтың ашылу рәсіміне Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев қатысып, жаңа тәлімгерлік орталығының лентасын қиды. Елші Жансейіт Қансейітұлы Түркия қазақ жастарының қазақ тілін үйренуі олардың ана тілін біліп қана қоймастан, болашақта жұмыссыз қалмауына да үлкен септігін тигізетіндігін атап өтті. Оның айтуынша, күні бүгінге дейін қазақ тілінен түрік тіліне, түрік тілінен қазақ тіліне аударатын мықты ілеспе аудармашылар жоқ болып отыр. Ал орыс тілінен түрік тіліне, немесе түрік тілінен орыс тіліне тәржімалаушылардың қатары басым.

Сондықтан Түркиядағы қазақ жастарының осы екі тілді еркін менгерулері олардың министрліктерде және ірі саудалық компанияларда жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Елші Түркиядағы қазақ жастарының қазақ, түрік және ағылшын тілдерін меңгерулеріне әбден болатынындығын баса айтты.
Ыстамбұлда тұратын көптеген қазақ ата-аналары қатысқан тұсаукесер рәсімінен кейін елші Жансейіт Түймебаев Қазақстаннан апарылған қуыршақтар мен кітаптарды орталыққа сыйлады. Бүлдіршіндер тақпақ айтып, қазақ биін биледі.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар