Қандастар Ассамблея

94 жастағы қарт «Евровидение-2013»-ке қатысатын болды

19.12.2012 2008
Басты музыкалық байқауға айналған «Евровидение-2013»-ке Швейцария атынан Salvation Army (құтқарушы армиясы) тобы қатысатын болды. Топ құрамында 3 ер адам, 2 әйел бар. Бір қызығы, құрамдағы контрабасист Эмиль Рамзауэр 94 жаста.  Топтың “Сен және мен” атты әні Швейцарияда өткен сайлау нәтижесі бойынша, ең көп дауыс жинаған. Ал бұған дейінгі байқаудың ең кәрі қатысушысы Ресейдің «Бурановские бабушки» фольклор ансамблінің мүшесі Наталья Пугачева еді. Оның жасы 76-да. Айта кетсек, Швейцария екі мәрте байқаудың жеңімпазы болған. 1988 жылғы байқауда осы ел атынан шыққан Селин Дион жүлдегер атанса, оған дейін 1956 жылы Лиз Ассии ұтып алыпты. «Евровидение» жеңімпазы келер жылдың мамыр айында белгілі болды. Мальма атты швед қаласында өтетін байқауға осыған дейін 39 ел қатысуға тіркеліпті. Ал Польша, Португалия, Босния және Герцоговина, Чехия, Люксембург, Лихтенштейн, Грекия, Кипр, Словакия елдері қаражаттың жетіспеушілігінен бұл байқауға қатыспауы мүмкін. BAQ.KZ

Басты музыкалық байқауға айналған «Евровидение-2013»-ке Швейцария атынан Salvation Army (құтқарушы армиясы) тобы қатысатын болды. Топ құрамында 3 ер адам, 2 әйел бар. Бір қызығы, құрамдағы контрабасист Эмиль Рамзауэр 94 жаста. 

Топтың “Сен және мен” атты әні Швейцарияда өткен сайлау нәтижесі бойынша, ең көп дауыс жинаған. Ал бұған дейінгі байқаудың ең кәрі қатысушысы Ресейдің «Бурановские бабушки» фольклор ансамблінің мүшесі Наталья Пугачева еді. Оның жасы 76-да.

Айта кетсек, Швейцария екі мәрте байқаудың жеңімпазы болған. 1988 жылғы байқауда осы ел атынан шыққан Селин Дион жүлдегер атанса, оған дейін 1956 жылы Лиз Ассии ұтып алыпты. «Евровидение» жеңімпазы келер жылдың мамыр айында белгілі болды. Мальма атты швед қаласында өтетін байқауға осыған дейін 39 ел қатысуға тіркеліпті.

Ал Польша, Португалия, Босния және Герцоговина, Чехия, Люксембург, Лихтенштейн, Грекия, Кипр, Словакия елдері қаражаттың жетіспеушілігінен бұл байқауға қатыспауы мүмкін.

BAQ.KZ

Ұқсас материалдар