Қандастар Ассамблея

Ауыл жастары Елбасының тапсырмасын орындауға әзір

18.02.2014 4113
Ауыл жастары Елбасының тапсырмасын орындауға әзір. BNews.kz тілшісімен сұхбаттасқан «Қазақстан ауыл жастарының одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Жанар Досымова бір топ ауыл жастарының «Қазақстан-2050» стратегиясына қатысты ой-пікірлерін жеткізді. 

Ауыл жастары Елбасының тапсырмасын орындауға әзір. BNews.kz тілшісімен сұхбаттасқан «Қазақстан ауыл жастарының одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Жанар Досымова бір топ ауыл жастарының «Қазақстан-2050» стратегиясына қатысты ой-пікірлерін жеткізді. 

«Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы даму жолында жаңа серпін беріп, әсіресе тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағы үшін үлкен мүмкіндіктер тудыратын дәстүрге айналды. Биылғы Жолдауында Елбасы тағы бір мәрте ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлді», - дей келе Жанар Қайратқызы жастар қолға алуды көздеп отырған нақты жұмыстарға кезек берді.

«Ауылды дамыту бағытында Ауыл жастарының одағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен елдің агроөнеркәсіптік кешенін бәсекеге қабілетті ету жөніндегі Меморандумға қол қоймақ. Бұл жерде үкіметтік емес ұйым ретіндегі біздің басты мақсатымыз - күш-жігері тасыған жастарды агроөнеркәсіптік кешен саласына тартып, олардың жер-жерде жұмысқа орналасуына көмектесу, ауылды абаттандыруға өзүлесімізді қосу. Сол арқылы ауыл жастары Елбасының тапсырмасын орындай алады», - дейді Ж.Досымова.

«Елбасының ауыл мен аудан әкімдерін сайлау жүйесін енгізу туралы айтқан бастамасы да ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктер тудырып, алтын бесік ауылды көркейтуге жол ашады деп сенемін. Айта кетерлігі, ауыл жастары үнемі елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғалардың басы-қасында жүреді. Елбасының әрбір бастамасын үлкен рухпен қолдап әкетеді. Бұл сөзімнің бір дәлелі – «Дипломмен ауылға» бағдарламасының нәтижесі. 20 мыңнан астам жас маман бүгінде елді мекендерге жұмысқа орналасып, жемісті қызмет етіп жатқаны шындық. Біз өзімізге артылған үмітті ақтауға барымызды саламыз», - деді өз ойын түйіндеген Ж.Досымова.
 

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

BNews.kz

 

Ұқсас материалдар