Қандастар Ассамблея

Елбасының айтқан тапсырмаларын орындауға білек сыбана кірісеміз - Еңбек сіңірген қайраткер

15.12.2012 2322
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісеміз. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин BNеws.kz агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында осындай пікірін ортаға салды.  «Елбасының кешегі Жолдауын ұжым болып, аса назар салып тыңдадық. Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер үшін де, қарапайым халық, науқастар үшін де өте қажетті құжат. Біз ұлт денсаулығын сақтауға бағытталған барлық іс-шараларды қуаттаймыз. Оны іске асыруға дайынбыз. Елбасының әр тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісеміз», - дей келе, білікті дәрігер барша отандастарын ертеңгі егемендік күнімен құттықтап өтті.  «Барша отандастарымды осынау киелі мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, азаматтарымыздың денсаулығы мықты болсын! Тәуелсіздігіміз мызғымасын», - деді өз тілегін жеткізген Абай Қабатайұлы. Айта кетейік, Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында түгел бір бөлім денсаулық сақтау саласына арналған. Елбасы Жолдауындағы «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» атты бір бөлімде «1.Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері. 2. Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық; 3. Баланы қорғау. 4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты төрт тармақ, төртінші тармақтың өзі 4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар. 4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері. 4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту. 4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы. 4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту» болып сала-салаға тармақталған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісеміз. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин BNеws.kz агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында осындай пікірін ортаға салды. 

«Елбасының кешегі Жолдауын ұжым болып, аса назар салып тыңдадық. Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер үшін де, қарапайым халық, науқастар үшін де өте қажетті құжат. Біз ұлт денсаулығын сақтауға бағытталған барлық іс-шараларды қуаттаймыз. Оны іске асыруға дайынбыз. Елбасының әр тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісеміз», - дей келе, білікті дәрігер барша отандастарын ертеңгі егемендік күнімен құттықтап өтті. 

«Барша отандастарымды осынау киелі мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, азаматтарымыздың денсаулығы мықты болсын! Тәуелсіздігіміз мызғымасын», - деді өз тілегін жеткізген Абай Қабатайұлы.

Айта кетейік, Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында түгел бір бөлім денсаулық сақтау саласына арналған. Елбасы Жолдауындағы «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» атты бір бөлімде «1.Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері. 2. Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық; 3. Баланы қорғау. 4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты төрт тармақ, төртінші тармақтың өзі 4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар. 4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері. 4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту. 4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы. 4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту» болып сала-салаға тармақталған.

Ұқсас материалдар