Қандастар Ассамблея

Астанада Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті (ВИДЕО)

15.12.2012 3508
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2030» Стратегиясының іске асуын қорытындылады және Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнады. Мемлекет басшысы өз сөзінде 2050 жылға дейін мемлекет қол жеткізуі тиіс басты мақсат – күшті мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктері негізінде берекелі қоғам құру екенін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Президенті үкіметке елді одан әрі индустрияландырудың бағдарламасын дайындауды тапсырды. Ол министрлер кабинеті жұмысының әлеуетіне айналуы тиіс. Салтанатты жиын аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертке және ресми қабылдауға қатысты. Концертке операның отандық және әлемдік жұлдыздары мен музыканттар, негізінен «La Scala» Милан театрының әншілері, сондай-ақ Германия, Бразилия, Мексика мен Оңтүстік Кореядан келген тенорлар қатысты. BNews.kz

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2030» Стратегиясының іске асуын қорытындылады және Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде 2050 жылға дейін мемлекет қол жеткізуі тиіс басты мақсат – күшті мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктері негізінде берекелі қоғам құру екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР Президенті үкіметке елді одан әрі индустрияландырудың бағдарламасын дайындауды тапсырды. Ол министрлер кабинеті жұмысының әлеуетіне айналуы тиіс.

Салтанатты жиын аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертке және ресми қабылдауға қатысты.

Концертке операның отандық және әлемдік жұлдыздары мен музыканттар, негізінен «La Scala» Милан театрының әншілері, сондай-ақ Германия, Бразилия, Мексика мен Оңтүстік Кореядан келген тенорлар қатысты.

BNews.kz

Ұқсас материалдар