Қандастар Ассамблея

Қазақстан Президенті: Мен үшін халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем

15.12.2012 2591
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында халықтың тұрмыс деңгейінің маңыздылығын атап өтті. «Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды әрі солай бола бермек», – деп атап өтті ол. Сонымен қатар, соңғы 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өскенін, ал табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарғанын айтты. «Біз әлеуметтік бағдарланған қоғамның негіздерін қаладық. Біз ұлт денсаулығын жақсарту ісінде едәуір ілгерілеуге қол жеткіздік», – деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру, басқару мен қаржыландыру жүйесі реформаланғанын еске салды. Соның нәтижесінде Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Оның айтуынша, білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда. «Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті. Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда», – деді Н.Назарбаев. «Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік», – деп қорытты Мемлкет басшысы. Дереккөзі: www.bnews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында халықтың тұрмыс деңгейінің маңыздылығын атап өтті.

«Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды әрі солай бола бермек», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, соңғы 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өскенін, ал табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарғанын айтты.

«Біз әлеуметтік бағдарланған қоғамның негіздерін қаладық. Біз ұлт денсаулығын жақсарту ісінде едәуір ілгерілеуге қол жеткіздік», – деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру, басқару мен қаржыландыру жүйесі реформаланғанын еске салды. Соның нәтижесінде Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті.

Оның айтуынша, білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда.

«Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті. Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда», – деді Н.Назарбаев.

«Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік», – деп қорытты Мемлкет басшысы.

Дереккөзі: www.bnews.kz

Ұқсас материалдар