Қандастар Ассамблея

Президент 2015 жылы бюджет тапшылығын 1,5%-ға дейін төмендетуді тапсырды

15.12.2012 2231
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа бағдарламалық Жолдауын арнап сөйлеген сөзінде 2015 жылы бюджет тапшылығын 1,5%-ға дейін төмендетуді тапсырды.  «Біз елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауға тиіспіз. ІЖӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын 2013 жылғы 2,1%-дан 2015 жылы 1,5%-ға дейін төмендету керек. Мемлекеттік қарыз аз мөлшерлі деңгейде қалуға тиіс. Бұл қағидатты міндет, өйткені, біз әлемдік тұрақсыздық жағдайында бюджетіміздің тұрақтылығын және ұлттық қауіпсіздігімізді тек осылай ғана қамтамасыз ете аламыз. Экономиканың квазимемлекеттік секторы борышының деңгейін қатаң бақылау қажет», – деді Н.Назарбаев.   

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа бағдарламалық Жолдауын арнап сөйлеген сөзінде 2015 жылы бюджет тапшылығын 1,5%-ға дейін төмендетуді тапсырды. 

«Біз елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауға тиіспіз. ІЖӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын 2013 жылғы 2,1%-дан 2015 жылы 1,5%-ға дейін төмендету керек. Мемлекеттік қарыз аз мөлшерлі деңгейде қалуға тиіс. Бұл қағидатты міндет, өйткені, біз әлемдік тұрақсыздық жағдайында бюджетіміздің тұрақтылығын және ұлттық қауіпсіздігімізді тек осылай ғана қамтамасыз ете аламыз. Экономиканың квазимемлекеттік секторы борышының деңгейін қатаң бақылау қажет», – деді Н.Назарбаев. 

 

Ұқсас материалдар