Қандастар Ассамблея

Солтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік мейрамында жаңа мешіт ашылады

14.12.2012 2102
Еліміздің ұлық мерекесінде Солтүстік Қазақстан облысында да бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шаралармен басталған мейрам салтанатты әскери шерумен жалғасты.  Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы бізге Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында өтетін шаралар жайында арнайы ақпарат берген болатын. Ұйымдастырылған шаралардың арасында жәрмеңке, байқау, көрме, марапаттау да бар. Облыстағы әр басқарма өз шарасын өткізген екен. Тізімнің арасынан «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар» атты тарих сағаты, «Қазақстан жерінің» деп аталатын ертеңгілік, кәсіпкерлерге арналған ашық есік күндері сынды т.б. игі істерді атап кетуге болады. Жаңа нысандардан 320 орындық «Алтын бесік» балабақшасы ашылды. Сонымен қатар, тура Тәуелсіздік күні Кішкенекөл ауылында жаңа мешіт ашылады деп жоспарланған. Дәл осы ауылда халық игілігі үшін хоккей алаңы өз ісін бастайды. 16-желтоқсанда Бидайық ауылында жаіа наубайхана іске қосылады. Тәуелсіздік күні аудандардың орталық аудандарында мерекелік концерт өтеді. Baq.kz  

Еліміздің ұлық мерекесінде Солтүстік Қазақстан облысында да бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шаралармен басталған мейрам салтанатты әскери шерумен жалғасты.
 
Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы бізге Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында өтетін шаралар жайында арнайы ақпарат берген болатын. Ұйымдастырылған шаралардың арасында жәрмеңке, байқау, көрме, марапаттау да бар.

Облыстағы әр басқарма өз шарасын өткізген екен. Тізімнің арасынан «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар» атты тарих сағаты, «Қазақстан жерінің» деп аталатын ертеңгілік, кәсіпкерлерге арналған ашық есік күндері сынды т.б. игі істерді атап кетуге болады.
Жаңа нысандардан 320 орындық «Алтын бесік» балабақшасы ашылды. Сонымен қатар, тура Тәуелсіздік күні Кішкенекөл ауылында жаңа мешіт ашылады деп жоспарланған. Дәл осы ауылда халық игілігі үшін хоккей алаңы өз ісін бастайды. 16-желтоқсанда Бидайық ауылында жаіа наубайхана іске қосылады.
Тәуелсіздік күні аудандардың орталық аудандарында мерекелік концерт өтеді.

Baq.kz

 

Ұқсас материалдар