Қандастар Ассамблея

Н.Назарбаев: Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде қылмыстық негіз бар

14.12.2012 2637
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев Стратегия – 2050 атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында терроризммен күресті сөз ете отырып, елдегі экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар екенін айтты. «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс», – деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. «Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек», – деді Президент. «Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы» – деді ол. «Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр. Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі», – деп атап өтті Президент. Осыған байланысты Н.Назарбаев Үкіметке Президент Әкімшілігіммен бірлесіп, Діни экстремизм және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырды. «Сөйте тұра, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс», – деді Мемлекет басшысы. Президент дін мәселесінде ойластырылған қадам және мұқияттылық қажет екенін атап өтті. «Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі ұстанымдарын қастер тұтуымыз керек», – деп қорытты Н.Назарбаев.  BNews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев Стратегия – 2050 атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында терроризммен күресті сөз ете отырып, елдегі экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар екенін айтты.

«Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс», – деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.

«Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек», – деді Президент.

«Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы» – деді ол.

«Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр. Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі», – деп атап өтті Президент.

Осыған байланысты Н.Назарбаев Үкіметке Президент Әкімшілігіммен бірлесіп, Діни экстремизм және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырды.

«Сөйте тұра, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Президент дін мәселесінде ойластырылған қадам және мұқияттылық қажет екенін атап өтті. «Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі ұстанымдарын қастер тұтуымыз керек», – деп қорытты Н.Назарбаев. 

BNews.kz

Ұқсас материалдар