Қандастар Ассамблея

Мемлекет көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетеді – Н.Назарбаев

14.12.2012 2023
Мемлекет азаматтарды ең төменгі әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ететін болады, көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Ана мен баланы қолдау жүйесін жетілдіру қажет. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, біздің медицинаның материалдық-техникалық, кадрлық жабдықталуын жақсарту керек», – деді Н.Назарбаев.  Дереккөзі: www.bnews.kz

Мемлекет азаматтарды ең төменгі әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ететін болады, көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ана мен баланы қолдау жүйесін жетілдіру қажет. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, біздің медицинаның материалдық-техникалық, кадрлық жабдықталуын жақсарту керек», – деді Н.Назарбаев. 

Дереккөзі: www.bnews.kz

Ұқсас материалдар