Қандастар Ассамблея

Н.Назарбаев: Кәсіпкерлер ұлттық экономика палатасының мүшелігіне міндеттелуі тиіс

14.12.2012 1612
Кәсіпкерлердің ұлттық экономика палатасына мүшелігі міндетті болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.  Елбасының айтып өткеніндей, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – үкіметтің екінші басым бағытына айналуы керек, себебі бизнесмендер ұлттық экономиканың басты қозғаушы күші болып табылады.  «Шағын және орта бизнес үлесі мен Қазақстан экономикасы 2030 жылға қарай екі есе артуы тиіс. Ал 2050 жылы экономиканың осы саласының үлесі басым болады. Шетелдік және жеке өзіміздің тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлер палатасында бизнестің тіл табысуы – экономиканы дамытудың маңызды факторы болып табылады. Отандық бизнесмендерді жаңа ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті түрле мүшелікке тарту шарттарын енгізу қажет, ол өз кезегінде үкіметтің сенімді, өкілетті серіктесіне айналады. Бұл экономиканы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жұмыстарына қазақстандық бизнестің, оның ішінде шағын және орта бизнестің кеңінен атсалысуын қамтамасыз етеді», — деп мәлім етті Президент. Дереккөзі: www.bnews.kz.  

Кәсіпкерлердің ұлттық экономика палатасына мүшелігі міндетті болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 

Елбасының айтып өткеніндей, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – үкіметтің екінші басым бағытына айналуы керек, себебі бизнесмендер ұлттық экономиканың басты қозғаушы күші болып табылады. 

«Шағын және орта бизнес үлесі мен Қазақстан экономикасы 2030 жылға қарай екі есе артуы тиіс. Ал 2050 жылы экономиканың осы саласының үлесі басым болады. Шетелдік және жеке өзіміздің тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлер палатасында бизнестің тіл табысуы – экономиканы дамытудың маңызды факторы болып табылады. Отандық бизнесмендерді жаңа ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті түрле мүшелікке тарту шарттарын енгізу қажет, ол өз кезегінде үкіметтің сенімді, өкілетті серіктесіне айналады. Бұл экономиканы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жұмыстарына қазақстандық бизнестің, оның ішінде шағын және орта бизнестің кеңінен атсалысуын қамтамасыз етеді», — деп мәлім етті Президент.

Дереккөзі: www.bnews.kz.

 

Ұқсас материалдар