Қандастар Ассамблея

Он екі саны туралы (12.12.2012 )

12.12.2012 4258
Ел күткен 2012 жылдың 12 айының 12-сі де келді. Он екі саны туралы сөз қозғағанда көп нәрсе ойға оралады. Айталық ежелгі қазақ жұмбақтарында он екіні пайдаланған сәттер де жеткілікті.  Біз, біз, біз едік, - Біз - он екі қыз едік. - Тап боп отқа шоқ болдық, - Таң атарда жоқ болдық, - дейді ойын-есептің бірі. Бұдан өзге бір жылда он екі ай болатындығы, бір жылды екіге бөлгенде он екі айдан шыға­тын­дығы, соғымды он екі мүшелге бөлетіндігі, адам­ның он екі мүшесінің он екі жұлдызға сәй­кестігі, он екі елі ішекте кездесетін қатерлі дерт, кейбір елдерде 12 қабаттан соң 13 қабат немесе 13 нөмір болмайтындығы секілді тосын жағдайлар жет­кілікті. Тіпті Нұрлан Оразалин ағамыздың «Түнгі он екі... Ұйқыда түнгі қала... Қыдырып жүр ас­пан­­ды үн-дуана» деп басталатын өлеңі де бар. Иә, түнгі он екі қалың ұйқының алды. Алайда жастар үшін бұл сүйіктісін ойлап, ұйқы қашатын мезет. Ал күндізгі он екі асқазанның ас қабылдауға «әзірленетін» кезеңі. «Шырылдайсың бозторғай...» демекші, асқазанның да шұрылдайтын кезі түскі уақытқа тап келеді. Он екі жыл бір айналымға жататындығымен қызықты. Осы жылдың он екінші айы, оның ішінде 12-ші күннің сағат 12-сі бір айналымды жинақтайтын уақыт. Қайсыбіреулер бұл санды жамандыққа жориды. Ал мұсылман қауымы үшін Алланың әр күні абыройлы, сәтті. Тарих былай дейді: «Он екі - ежелгі Қытай этнографиялық мәдениетінің бір түрі. Бұл мәдениет табиғат тумалары - тышқан, сиыр, барыс, қоян, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз сияқты он бір түрлі хайуанатты, сондай-ақ аңыздарда айтылатын айдаһарды Қытайдың ертедегі ондық таңба жылнамасындағы он екі жыл есебімен сәйкестіріп, тамаша да қызықты мүшел жыл жылнамасын қалыптастырған. Сонымен, он екі түрлі хайуанат, көптеген мәдениет мазмұнын өзіне астар етіп, әрі күн, ай, жұлдыздардың айналым қозғалысының әр мезгілдік уақыты мен орнына уәкілдік еткен, әрі мүшел жыл мен адамдардың туған жылын бейнелеген. Әр адамның туған жылы бірдей болмағасын, олар әрбір жылға (мүшел жылға) тәуелді болған. Қытай халқы арасында жалғасып келген этнографиялық наным бойынша, әр адамның мүшел жылы әртүрлі болған соң, мінез-құлқы да ұқсамайды деп қарайды. Тышқан жылында туғандар зерек, сиыр жылында туғандар қайыспас қайсар, барыс жылдылар тәкаппар да озбыр, қоян жылдылар биязы да сыпайы, ұлу жылдылар арманшыл, жылан жылы туғандар ұрыс-керіске батыл, жылқы жылдылар ашық-жарқын, ырықты, қой жылдылар момын да табанды, мешін жылдылар зерек те қағылез, тауық жылдылар болжампаз да сәуегей, ит жылдылар адал да мейірімді, доңыз жылдылар байсалды да дарқан келеді. Он екі мүшел жылдың туылуы, Қытайдың ертедегі астрономиялық күнтізбесінің шығуымен тығыз байланысты. Бұдан 5000 жылдан астам бұрын аңыздардағы Хуаңди патша ондық таңбамен жыл санау әдісін тапқырлаған. Бұл түрдегі жыл, ай, күн, жұлдыздарды есептеу әдісі күрделі болғандықтан, ұғымға, есте сақтауға қиын келеді. Хуаңди патша барлық адамдардың, қариялар мен балалардың түгел түсініп есте сақтауы үшін, он екі түрлі хайуанның бейнесін таңдап жылнамамен сәйкестіруге бекиді. Осылайша адамдар суретті көрген кезде-ақ, қай жыл болғандығын біле алатын болады. Әлемде хайуанаттардың түрі төтенше мол, дегенмен жыл есебін тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз қатарлы хайуанаттарды таңдап бейнелейтіні неліктен? Бір айтылымда, он екі жыл есебінің таңдалуы мен ретке тұрғызылуы осы хайуанаттардың әр күнгі қимыл уақытына негізделіп белгіленген делінген: Түнгі он бірден таңға дейін тышқандардың ең бір белсенді тіршілікке кірісетін кезі; түскі сағат бірден үшке дейін сиыр күйіс қайырып, күш жинайды; сағат үштен беске дейін жолбарыс айналаны кезіп, азық іздеп, айбарына мінеді; сағат бестен жетіге дейінгі кезде, күн ұясынан әлі шығып үлгермейді, ай аспанда ілініп, қоян інінен шығып азық іздей бастайды; таңертеңгі сағат жетіден тоғызға дейін, қасиетті айдаһар жаңбыр жауғызатын тамаша мезгіл; сағат тоғыздан он бір аралығында жылан жандана түседі; түскі он бірден түстен кейінгі бір кезінде күн сәулесі төгіліп дүлдүл көкті кезетін кез; түстен кейінгі сағат бірден сағат үшке дейін қой оттап, тойынатын кез; үштен беске дейін маймылдар асыр салып ойын қызығына кіріссе, сағат бестен жетіге дейін қас қарайып тауықтар ұясына қонақтайды; кешкі сағат жетіден тоғызға дейін ит қора күзетеді; кешкі сағат тоғыздан түнгі он бірде құлаққа ұрған танадай тыныштық орнап, доңыз қорылдап ұйқыға шомады. Осы хайуанаттардың барлығы "Мезгіл-рай сезгіштер" болғандықтан, жыл белгісі ретінде қолданылған. Тарихтың даму кезеңінде, он екі мүшелдік жыл көптеген мәдениет сипатын өзіне астар етіп, жұлдыздармен адамның тағдыр қатынасын сәйкестірген. Ежелгі қытайлар он екі мүшел жыл "Жоғарыда жұлдызбен, төменде пенде тағдырымен сәйкес", адамдардың тағдыры жұлдыздардың сырлы әсеріне ұшырайды деп қараған. Бұл таным адамдардың жыл туралы түсінігін киелілендіре түсті әрі өнер болмысында бейнеленді. Археологиялық қазбалар, ертеде Қытайдың Шығыс хан династиясы дәуірінде-ақ тас кірпішке ойылған он екі мүшелдік қабыр мәдениеті болғанын көрсетті («Көрші» журналынан). Адамзат 2001 жылы 1 қаңтарда он екі жылдық бір кезеңге аяқ басқанына қатты қуанған еді. «Бұл сан - жаңа талантты ашатын тамаша кезең» дейді жорамал жасаушылар. Сондықтан осы күні үйленетіндер де көбейеді. Тағы бір жаңалық - осы күні Жер шарын жер жаңғағына ұқсас астероид жанай өтпекші. «Таутатис 4179» деп аталатын жұмбақ тастың ұзындығы - 4,46, ені - 2,4 шақырым. Бірақ «Бұдан қорқудың жөні жоқ» дейді ғалымдар. Ең бастысы, 12 саны қазақ қадір тұтатын сәрсенбінің сәтіне тап келіп тұр. Дерек Он екі мұқам (араб. «тұрақ») - шығыс халықтарының музыка мәдениетіне тән көркемдік жүйе. Ол поэзиямен, әсіресе, көлемді дастандармен тығыз байланысты. Қазақ жыршылары да бұл сөзді мақам, яғни тұрақ (лад) мағынасында қолданған. Көп бөлімді Он екі мұқам баяндау тәсілінде өрбиді. Әл-Фараби, ибн Сина, Әбдірахман Жәми, т.б. еңбектерінде Он екі мұқам туралы мәліметтер кездеседі. Олардың атаулары: үшшақ, науа, бүсәлік, раст, хұсейни, хиджаз, рахауи, заңғұла, ирак, исфаған, зирафганд, бұзрук. Мұның басым көпшілігі минорлы ладтар. Арасында диатоникалық (үшшақ, науа), хроматикалық құрылымдар да (ирак, исфаған, бұзрук) кездеседі. Хроматизм көбіне 4, 6, 7 басқыштар арасында пайда болады. 12 мұқам өзбек, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан, армян, тәжік халықтарының мәдениетінде кездеседі. Дерек: Идентификациялық 12 нөмірі нені білдіреді? Биыл идентификациялық нөмірі болмаған жеке куәліктерді ауыстыру жүргені белгілі. Жалпы, идентификациялық нөмірдегі 12 сан нені білдіреді? Әділет басқармасы мамандарының айтуы бойынша, идентификациялық нөмір толығымен енгізілгеннен кейін (13 тамыз 2010 жыл) СТН мен ӘЖК қолданыстан шығарылады. Олардың рөлін жеке куәліктегі 12 саннан тұратын идентификациялық нөмір атқаратын болады. Идентификациялық нөмір төрт бөліктен тұрады. Бірінші бөліктегі алты сан азаматтың туған жылын, айын, күнін көрсетеді. Екінші бөлігі бір саннан тұрады. Егер ол сан тақ болса, онда құжат ер адамға тиесілі, ал жұп болса - әйел адамға. Мысалы, 1 және 2 саны ХІХ ғасырда дүниеге келген адамдарға тиесілі болса, 3 және 4 саны - ХХ ғасырда туғандарға, ал 5 және 6 саны ХХІ ғасырда дүние есігін ашқандарға тиесілі екен. Үшінші бөлігі келесі төрт саннан тұрады. Бұл - жүйедегі тіркеу реттік нөмірі. Соңғы сан - бақылау саны және ол автоматты түрде анықталады. Идентификациялық нөмір еш қайталанбайды. Ол - саусақ іздері сияқты дара. Дереккөзі: BAQ.kz  

Ел күткен 2012 жылдың 12 айының 12-сі де келді. Он екі саны туралы сөз қозғағанда көп нәрсе ойға оралады. Айталық ежелгі қазақ жұмбақтарында он екіні пайдаланған сәттер де жеткілікті. 
Біз, біз, біз едік,
- Біз - он екі қыз едік.
- Тап боп отқа шоқ болдық,
- Таң атарда жоқ болдық, - дейді ойын-есептің бірі.
Бұдан өзге бір жылда он екі ай болатындығы, бір жылды екіге бөлгенде он екі айдан шыға­тын­дығы, соғымды он екі мүшелге бөлетіндігі, адам­ның он екі мүшесінің он екі жұлдызға сәй­кестігі, он екі елі ішекте кездесетін қатерлі дерт, кейбір елдерде 12 қабаттан соң 13 қабат немесе 13 нөмір болмайтындығы секілді тосын жағдайлар жет­кілікті. Тіпті Нұрлан Оразалин ағамыздың «Түнгі он екі... Ұйқыда түнгі қала... Қыдырып жүр ас­пан­­ды үн-дуана» деп басталатын өлеңі де бар.

Иә, түнгі он екі қалың ұйқының алды. Алайда жастар үшін бұл сүйіктісін ойлап, ұйқы қашатын мезет. Ал күндізгі он екі асқазанның ас қабылдауға «әзірленетін» кезеңі. «Шырылдайсың бозторғай...» демекші, асқазанның да шұрылдайтын кезі түскі уақытқа тап келеді.
Он екі жыл бір айналымға жататындығымен қызықты. Осы жылдың он екінші айы, оның ішінде 12-ші күннің сағат 12-сі бір айналымды жинақтайтын уақыт. Қайсыбіреулер бұл санды жамандыққа жориды. Ал мұсылман қауымы үшін Алланың әр күні абыройлы, сәтті. Тарих былай дейді: «Он екі - ежелгі Қытай этнографиялық мәдениетінің бір түрі. Бұл мәдениет табиғат тумалары - тышқан, сиыр, барыс, қоян, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз сияқты он бір түрлі хайуанатты, сондай-ақ аңыздарда айтылатын айдаһарды Қытайдың ертедегі ондық таңба жылнамасындағы он екі жыл есебімен сәйкестіріп, тамаша да қызықты мүшел жыл жылнамасын қалыптастырған. Сонымен, он екі түрлі хайуанат, көптеген мәдениет мазмұнын өзіне астар етіп, әрі күн, ай, жұлдыздардың айналым қозғалысының әр мезгілдік уақыты мен орнына уәкілдік еткен, әрі мүшел жыл мен адамдардың туған жылын бейнелеген. Әр адамның туған жылы бірдей болмағасын, олар әрбір жылға (мүшел жылға) тәуелді болған. Қытай халқы арасында жалғасып келген этнографиялық наным бойынша, әр адамның мүшел жылы әртүрлі болған соң, мінез-құлқы да ұқсамайды деп қарайды. Тышқан жылында туғандар зерек, сиыр жылында туғандар қайыспас қайсар, барыс жылдылар тәкаппар да озбыр, қоян жылдылар биязы да сыпайы, ұлу жылдылар арманшыл, жылан жылы туғандар ұрыс-керіске батыл, жылқы жылдылар ашық-жарқын, ырықты, қой жылдылар момын да табанды, мешін жылдылар зерек те қағылез, тауық жылдылар болжампаз да сәуегей, ит жылдылар адал да мейірімді, доңыз жылдылар байсалды да дарқан келеді.
Он екі мүшел жылдың туылуы, Қытайдың ертедегі астрономиялық күнтізбесінің шығуымен тығыз байланысты. Бұдан 5000 жылдан астам бұрын аңыздардағы Хуаңди патша ондық таңбамен жыл санау әдісін тапқырлаған. Бұл түрдегі жыл, ай, күн, жұлдыздарды есептеу әдісі күрделі болғандықтан, ұғымға, есте сақтауға қиын келеді. Хуаңди патша барлық адамдардың, қариялар мен балалардың түгел түсініп есте сақтауы үшін, он екі түрлі хайуанның бейнесін таңдап жылнамамен сәйкестіруге бекиді. Осылайша адамдар суретті көрген кезде-ақ, қай жыл болғандығын біле алатын болады. Әлемде хайуанаттардың түрі төтенше мол, дегенмен жыл есебін тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз қатарлы хайуанаттарды таңдап бейнелейтіні неліктен? Бір айтылымда, он екі жыл есебінің таңдалуы мен ретке тұрғызылуы осы хайуанаттардың әр күнгі қимыл уақытына негізделіп белгіленген делінген: Түнгі он бірден таңға дейін тышқандардың ең бір белсенді тіршілікке кірісетін кезі; түскі сағат бірден үшке дейін сиыр күйіс қайырып, күш жинайды; сағат үштен беске дейін жолбарыс айналаны кезіп, азық іздеп, айбарына мінеді; сағат бестен жетіге дейінгі кезде, күн ұясынан әлі шығып үлгермейді, ай аспанда ілініп, қоян інінен шығып азық іздей бастайды; таңертеңгі сағат жетіден тоғызға дейін, қасиетті айдаһар жаңбыр жауғызатын тамаша мезгіл; сағат тоғыздан он бір аралығында жылан жандана түседі; түскі он бірден түстен кейінгі бір кезінде күн сәулесі төгіліп дүлдүл көкті кезетін кез; түстен кейінгі сағат бірден сағат үшке дейін қой оттап, тойынатын кез; үштен беске дейін маймылдар асыр салып ойын қызығына кіріссе, сағат бестен жетіге дейін қас қарайып тауықтар ұясына қонақтайды; кешкі сағат жетіден тоғызға дейін ит қора күзетеді; кешкі сағат тоғыздан түнгі он бірде құлаққа ұрған танадай тыныштық орнап, доңыз қорылдап ұйқыға шомады. Осы хайуанаттардың барлығы "Мезгіл-рай сезгіштер" болғандықтан, жыл белгісі ретінде қолданылған.

Тарихтың даму кезеңінде, он екі мүшелдік жыл көптеген мәдениет сипатын өзіне астар етіп, жұлдыздармен адамның тағдыр қатынасын сәйкестірген. Ежелгі қытайлар он екі мүшел жыл "Жоғарыда жұлдызбен, төменде пенде тағдырымен сәйкес", адамдардың тағдыры жұлдыздардың сырлы әсеріне ұшырайды деп қараған. Бұл таным адамдардың жыл туралы түсінігін киелілендіре түсті әрі өнер болмысында бейнеленді. Археологиялық қазбалар, ертеде Қытайдың Шығыс хан династиясы дәуірінде-ақ тас кірпішке ойылған он екі мүшелдік қабыр мәдениеті болғанын көрсетті («Көрші» журналынан).
Адамзат 2001 жылы 1 қаңтарда он екі жылдық бір кезеңге аяқ басқанына қатты қуанған еді. «Бұл сан - жаңа талантты ашатын тамаша кезең» дейді жорамал жасаушылар. Сондықтан осы күні үйленетіндер де көбейеді.
Тағы бір жаңалық - осы күні Жер шарын жер жаңғағына ұқсас астероид жанай өтпекші. «Таутатис 4179» деп аталатын жұмбақ тастың ұзындығы - 4,46, ені - 2,4 шақырым. Бірақ «Бұдан қорқудың жөні жоқ» дейді ғалымдар. Ең бастысы, 12 саны қазақ қадір тұтатын сәрсенбінің сәтіне тап келіп тұр.


Дерек
Он екі мұқам (араб. «тұрақ») - шығыс халықтарының музыка мәдениетіне тән көркемдік жүйе. Ол поэзиямен, әсіресе, көлемді дастандармен тығыз байланысты. Қазақ жыршылары да бұл сөзді мақам, яғни тұрақ (лад) мағынасында қолданған. Көп бөлімді Он екі мұқам баяндау тәсілінде өрбиді. Әл-Фараби, ибн Сина, Әбдірахман Жәми, т.б. еңбектерінде Он екі мұқам туралы мәліметтер кездеседі. Олардың атаулары: үшшақ, науа, бүсәлік, раст, хұсейни, хиджаз, рахауи, заңғұла, ирак, исфаған, зирафганд, бұзрук. Мұның басым көпшілігі минорлы ладтар. Арасында диатоникалық (үшшақ, науа), хроматикалық құрылымдар да (ирак, исфаған, бұзрук) кездеседі. Хроматизм көбіне 4, 6, 7 басқыштар арасында пайда болады. 12 мұқам өзбек, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан, армян, тәжік халықтарының мәдениетінде кездеседі.


Дерек:
Идентификациялық 12 нөмірі нені білдіреді?
Биыл идентификациялық нөмірі болмаған жеке куәліктерді ауыстыру жүргені белгілі. Жалпы, идентификациялық нөмірдегі 12 сан нені білдіреді?
Әділет басқармасы мамандарының айтуы бойынша, идентификациялық нөмір толығымен енгізілгеннен кейін (13 тамыз 2010 жыл) СТН мен ӘЖК қолданыстан шығарылады. Олардың рөлін жеке куәліктегі 12 саннан тұратын идентификациялық нөмір атқаратын болады. Идентификациялық нөмір төрт бөліктен тұрады. Бірінші бөліктегі алты сан азаматтың туған жылын, айын, күнін көрсетеді. Екінші бөлігі бір саннан тұрады. Егер ол сан тақ болса, онда құжат ер адамға тиесілі, ал жұп болса - әйел адамға. Мысалы, 1 және 2 саны ХІХ ғасырда дүниеге келген адамдарға тиесілі болса, 3 және 4 саны - ХХ ғасырда туғандарға, ал 5 және 6 саны ХХІ ғасырда дүние есігін ашқандарға тиесілі екен. Үшінші бөлігі келесі төрт саннан тұрады. Бұл - жүйедегі тіркеу реттік нөмірі. Соңғы сан - бақылау саны және ол автоматты түрде анықталады. Идентификациялық нөмір еш қайталанбайды. Ол - саусақ іздері сияқты дара.

Дереккөзі: BAQ.kz

 

Ұқсас материалдар