Қандастар Ассамблея

Алматылық олигархтар Андрей Малаховты билеуге мәжбүрледі

12.12.2012 1985
Жақын күндері Алматыға келген Ресейдің танымал тележүргізушісі Андрей Малахов қаланың кербез келіншектерінің барлығын таңғалдырып қайтты. Көрермендерінің жадында ұстамды әрі сұсты қалпымен есте қалған тележұлдыз бір бокал шараптан кейін, қыз-қырғынның барлығын шыр айландыра билетіп, костюмын аспанға лақтырып кеп жіберген. Мәскеудегі бітпес даудан жалыққан Андрей Малахов Алматыға келіп көңіл көтеруді әдетке айналдырған. Танымал тележүргізушісі тартысқа толы ток-шоуын еліне аманат етіп, шығармашылықпен айналысып, өзге қырынан танылуды көптен бері армандаған көрінеді. Содан болар, көк экранда суық қабақ танытып жүрген сұсты жігіт, бірнеше бокал шараптан кейін, би алаңын шайқай жөнелді. АНДРЕЙ МАЛАХОВ, Тележүргізуші: - Биді жаным жақсы көреді. Әсіресе зумба билегенді ұнатамын. Бір жағынан көңіл көтерсең, екенші жағынан артық калорияларын жанып, салмағын азаяды. Талай келіншектің жатса түсінен, тұрса есінен шықпайтын арман Андрей дәл осылай көсіле би билеп, Алматының кірпияз бикештерінің көңілін марқайтты. Көрікті жігіттің қызығын тамашалауға келгендердің арасында режиссер Ахан Сатаевтың қызы бал Қадишаны да байқап қалдық. ҚАДИША САТАЕВА: -Мен бүгін бұл жерде өнер көрсетемін. Би билейтін қабілетім бар еді. Бұл сіздер үшін тосын сый болсын. Алайда бостандыққа ұмтылған жастардың жалауын көтеріп, 16 желтоқсан күні алаңға шыққан желтоқсандықтар бір отбасының түтінін түтетіп отырған нәзік жандылардың бұлайша бұрыңдап, көрінгеннің құшағына енуін құптамай отыр. Тәлпіштенген қыз- қырғынның бұл қылығын ұлты үшін қыршын кеткен Ләззат пен Сәбиралар көрсе, қапыда қалар еді -дейді олар. Дереккөзі: http://news.nur.kz

Жақын күндері Алматыға келген Ресейдің танымал тележүргізушісі Андрей Малахов қаланың кербез келіншектерінің барлығын таңғалдырып қайтты. Көрермендерінің жадында ұстамды әрі сұсты қалпымен есте қалған тележұлдыз бір бокал шараптан кейін, қыз-қырғынның барлығын шыр айландыра билетіп, костюмын аспанға лақтырып кеп жіберген. Мәскеудегі бітпес даудан жалыққан Андрей Малахов Алматыға келіп көңіл көтеруді әдетке айналдырған. Танымал тележүргізушісі тартысқа толы ток-шоуын еліне аманат етіп, шығармашылықпен айналысып, өзге қырынан танылуды көптен бері армандаған көрінеді. Содан болар, көк экранда суық қабақ танытып жүрген сұсты жігіт, бірнеше бокал шараптан кейін, би алаңын шайқай жөнелді.

АНДРЕЙ МАЛАХОВ, Тележүргізуші:

- Биді жаным жақсы көреді. Әсіресе зумба билегенді ұнатамын. Бір жағынан көңіл көтерсең, екенші жағынан артық калорияларын жанып, салмағын азаяды.

Талай келіншектің жатса түсінен, тұрса есінен шықпайтын арман Андрей дәл осылай көсіле би билеп, Алматының кірпияз бикештерінің көңілін марқайтты. Көрікті жігіттің қызығын тамашалауға келгендердің арасында режиссер Ахан Сатаевтың қызы бал Қадишаны да байқап қалдық.

ҚАДИША САТАЕВА:

-Мен бүгін бұл жерде өнер көрсетемін. Би билейтін қабілетім бар еді. Бұл сіздер үшін тосын сый болсын.

Алайда бостандыққа ұмтылған жастардың жалауын көтеріп, 16 желтоқсан күні алаңға шыққан желтоқсандықтар бір отбасының түтінін түтетіп отырған нәзік жандылардың бұлайша бұрыңдап, көрінгеннің құшағына енуін құптамай отыр. Тәлпіштенген қыз- қырғынның бұл қылығын ұлты үшін қыршын кеткен Ләззат пен Сәбиралар көрсе, қапыда қалар еді -дейді олар.

Дереккөзі: http://news.nur.kz

Ұқсас материалдар