Қандастар Ассамблея

Қазақстан Португалияға EXPO-2017 жобасына қатысу туралы ұсыныс жасады

11.12.2012 1983
Лиссабонда қазақ-португал қатынастары тарихында алғашқы рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай ресми қабылдау өткізілді. Ассамблеяның, Сыртқы істер министрлігінің, Лиссабон әкімшілігінің,мемлекеттік экономикалық мекемелер мен жеке ірі компаниялар басшылары қатысты., деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  6 желтоқсанда Лиссабон қаласында екіжақты дипломатиялық қатынастар тарихында алғашқы рет Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Ұлттық  Ресми қабылдаудағы сөзінде Елші Нұрлан Дәненов Қазақстанның Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткенжетістіктерімен таныстырып кетті. Қазақ-португал қатынастары екіжақты және көпжақты форматтарда, сондай-ақ халықаралық және өңірлік институттар шеңберінде даму үрдісіне ие болуда. Ағымдағы жылғы маусым айында орын алған Португалияның Мемлекеттік министрі – Сыртқы істер министрі Паулу Порташтың Астанаға ресми сапары саяси диалогты дамытуға тың серпін беріп, экономикалық ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын айқындауға мүмкіндіктер туғызды. Португалияға ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу кампаниясындағы ресми қолдауына алғыс білдірілді. Лиссабонда ЭКСПО-1998 көрмесін өткізу тәжірибесі бар португалдықтарға Астанадағы осы орасан жобаға қатысу туралы ұсыныс жеткізілді. Португалия Президентінің халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Луиза Баштуш Де Альмейда қазақ дипломатиясының жетістіктерін айта келіп, Астананы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болуымен құттықтады. «Лиссабон Астанамен диалогқа жоғары мән береді және екіжақты қатынастар әлеуетінің толықтай жүзеге асатынына сенім білдіреді», - деп Президент кеңесшісі өз сөзінде атап өтті. Ресми қабылдау сонымен қатар Қазақстан мен Португалия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 20-жылдығына орайластырылды. Шара барысында Елші Н.Даненов саяси және экономикалық топтар өкілдерімен екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Қазақстан туралы бейнематериалдар, фотокөрме, журналдар, брошюралар және т.б. басылымдар Португалияда елімізді таныстыру үрдісіне қосымша серпін берді. Лиссабонда Қазақстан Елшісі елімізбен ынтымақтастыққа жауапты Португалия СІМ Сыртқы саясат жөніндегі бас директоры Руи Мачиейрамен кездесті. Жүздесу барысында осы Еуроодақ елінің ҚР-мен қатынастарды одан әрі өрбітіп, толықтыруға, сондай-ақ екі ел бастамаларын бірлесе ілгерілетуге қызығушылық танытатындығы жеткізілді. Пікір алмасуда экономикалық ынтымақтастық мәселелері де талқыға түсті. Португал дипломаты Лиссабонның жоғары саяси диалогты жалғастыруға мүдделілігін білдірді.

Лиссабонда қазақ-португал қатынастары тарихында алғашқы рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай ресми қабылдау өткізілді. Ассамблеяның, Сыртқы істер министрлігінің, Лиссабон әкімшілігінің,мемлекеттік экономикалық мекемелер мен жеке ірі компаниялар басшылары қатысты., деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

6 желтоқсанда Лиссабон қаласында екіжақты дипломатиялық қатынастар тарихында алғашқы рет Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Ұлттық 

Ресми қабылдаудағы сөзінде Елші Нұрлан Дәненов Қазақстанның Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткенжетістіктерімен таныстырып кетті. Қазақ-португал қатынастары екіжақты және көпжақты форматтарда, сондай-ақ халықаралық және өңірлік институттар шеңберінде даму үрдісіне ие болуда. Ағымдағы жылғы маусым айында орын алған Португалияның Мемлекеттік министрі – Сыртқы істер министрі Паулу Порташтың Астанаға ресми сапары саяси диалогты дамытуға тың серпін беріп, экономикалық ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын айқындауға мүмкіндіктер туғызды. Португалияға ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу кампаниясындағы ресми қолдауына алғыс білдірілді. Лиссабонда ЭКСПО-1998 көрмесін өткізу тәжірибесі бар португалдықтарға Астанадағы осы орасан жобаға қатысу туралы ұсыныс жеткізілді.

Португалия Президентінің халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Луиза Баштуш Де Альмейда қазақ дипломатиясының жетістіктерін айта келіп, Астананы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болуымен құттықтады. «Лиссабон Астанамен диалогқа жоғары мән береді және екіжақты қатынастар әлеуетінің толықтай жүзеге асатынына сенім білдіреді», - деп Президент кеңесшісі өз сөзінде атап өтті.

Ресми қабылдау сонымен қатар Қазақстан мен Португалия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 20-жылдығына орайластырылды. Шара барысында Елші Н.Даненов саяси және экономикалық топтар өкілдерімен екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

Қазақстан туралы бейнематериалдар, фотокөрме, журналдар, брошюралар және т.б. басылымдар Португалияда елімізді таныстыру үрдісіне қосымша серпін берді.

Лиссабонда Қазақстан Елшісі елімізбен ынтымақтастыққа жауапты Португалия СІМ Сыртқы саясат жөніндегі бас директоры Руи Мачиейрамен кездесті. Жүздесу барысында осы Еуроодақ елінің ҚР-мен қатынастарды одан әрі өрбітіп, толықтыруға, сондай-ақ екі ел бастамаларын бірлесе ілгерілетуге қызығушылық танытатындығы жеткізілді. Пікір алмасуда экономикалық ынтымақтастық мәселелері де талқыға түсті. Португал дипломаты Лиссабонның жоғары саяси диалогты жалғастыруға мүдделілігін білдірді.

Ұқсас материалдар