Қандастар Ассамблея

Лионель Месси 40 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

10.12.2012 1540
«Барселона» және Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси күнтізбелік жылдағы гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Agence France-Presse-тің хабарлауынша, жексенбі, 9 желтоқсан күні шабуылшы 2012 жылдағы 86-шы голын салды. Бұл гол Севильеде Испания чемпионатының 15-ші турының «Барселона» мен «Бетис» арасындағы матчы кезінде соғылды. Мессидің голынан кейін кездесу есебі «Барселонаның» пайдасына 2:0 құрады, деп хабарлайды BNews.kz  Лента.Ру агенттігіне сілтеме жасап. Осылай Месси неміс футболшысы Герд Мюллердің 1972 жылғы рекордын жаңартты. Ол кезде «Бавария» мен ГФР құрамасы үшін өнер көрсеткен ойыншы 85 гол соққан болатын. 25 жасар аргентиналық Лионель Месси жыл қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» - 2012 сыйлығына үш үміткердің бірі саналады.

«Барселона» және Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси күнтізбелік жылдағы гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Agence France-Presse-тің хабарлауынша, жексенбі, 9 желтоқсан күні шабуылшы 2012 жылдағы 86-шы голын салды.

Бұл гол Севильеде Испания чемпионатының 15-ші турының «Барселона» мен «Бетис» арасындағы матчы кезінде соғылды. Мессидің голынан кейін кездесу есебі «Барселонаның» пайдасына 2:0 құрады, деп хабарлайды BNews.kz  Лента.Ру агенттігіне сілтеме жасап.

Осылай Месси неміс футболшысы Герд Мюллердің 1972 жылғы рекордын жаңартты. Ол кезде «Бавария» мен ГФР құрамасы үшін өнер көрсеткен ойыншы 85 гол соққан болатын.

25 жасар аргентиналық Лионель Месси жыл қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» - 2012 сыйлығына үш үміткердің бірі саналады.

Ұқсас материалдар