Қандастар Ассамблея

Н.Назарбаев елорданы Астанаға көшіру туралы шешім қабылданғанына 15 жыл толуына арналған ресми қабыл

10.12.2012 2724
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан елордасын Астанаға көшіру туралы шешім қабылданғанына 15 жыл толуына арналған ресми қабылдауға қатысты, деп хабарлайды BNews.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өз сөзінде Мемлекет басшысы бүгін республиканың жаңа астанасының қалыптасуына белсенді атсалысқан адамдарды жинап отырғанын атап өтті. «Бұдан 15 жыл бұрын Ақмола қаласын Қазақстанның астанасы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойдым. Сол жылдарды еске ала отырып, бұл қадамның дұрыстығына күмән келтіргендер мен шүбәланғандар болғанын айтуға болады, алайда алғашқы күннен жаңа астанаға келіп, оның дамуына белсенді атсалысқан энтузиастар саны көп болды. Саясаткер және елдің басшысы ретінде, мен бәрін картаға сызып бердім. Олай етпеске болмайтын еді. Бүкіл әлемдік қоғамдастыққа және өзіме біздің еліміздің қандай істер атқара алатынын дәлелдеп беру қажет болды. Біз үлкен міндетті атқара білетінімізді дәлелдедік. Бүгін сол кезде дұрыс шешім қабылдағанымызды сеніммен айтуымызға болады және идея толық ақталды. Жақында біз тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын мерекелейміз. Астана – Қазақстанның жетістіктерінің символы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев астананы көшіру «Қазақстан-2030» Стратегиясының аясында әзірленген үлкен реформалардың бастамасы болғанын айтып өтті. Астана жаңа экономикалық серпілістің нәтижесін көрсеткен құрылыс алаңына айналды. Бұрынғы Ақмола облыстық әкімшілігінің басшысы Жәнібек Кәрібжанов астана ретінде Ақмоланы таңдау болашақ дамуға бағытталған тарихи шешім болғанына тоқталды. Бүгінде өмірдің өзі жаңа астана еліміздің экономикалық локомотиві, оның саяси және мәдени ортылығы болып саналатынын дәлелдеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов елорданы Астанаға көшіру туралы шешім күрделі экономикалық жағдайда қабылданғанын айтты. Бұл еліміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық бастамасы болды. Астана әсем, әлеуеті үлкен, бәсекеге қабілетті әлемдік деңгейдегі қалаға айналды. ЭКСПО-2017 көрмесін осында өткізу туралы шешімнің қабылдануы бұған айқын дәлел. ҚР Еңбек сіңірген заңгері Зинаида Федотова алғашында астананы көшіру туралы шешімді барлығы бірдей қабылдай қоймағанын еске алды. Дегенмен ол дұрыс шешім болып шықты, өйткені жас тәуелсіз мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық даму жолын ғана емес, әкімшілік-мемлекеттік құрылымын анықтап алу өте маңызды болды. Он бес жыл ішінде батыс пен шығыс мәдениеті үйлесім тапқан бірігей қала бой көтерді. ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Михаил Трошихин жаңа Қазақстанға жаңа астана қажет болғанын айтып өтті. Бүгінгі Астана - болашақтың, жастардың, ғылымның, Президенттің қаласы. Бұрынғы көлік және коммуникация министрі Юрий Лавриненко атап өткендей, сонау қиын кезде осындай стратегиялық шешім қабылдау және еліміздің жаңа астанасы Қазақстанның экономикалық дамуының локомотивіне айналатынын түсіну тек Нұрсұлтан Назарбаевтың ғана қолынан келетін еді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып ресми жарияланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан елордасын Астанаға көшіру туралы шешім қабылданғанына 15 жыл толуына арналған ресми қабылдауға қатысты, деп хабарлайды BNews.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы бүгін республиканың жаңа астанасының қалыптасуына белсенді атсалысқан адамдарды жинап отырғанын атап өтті.

«Бұдан 15 жыл бұрын Ақмола қаласын Қазақстанның астанасы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойдым. Сол жылдарды еске ала отырып, бұл қадамның дұрыстығына күмән келтіргендер мен шүбәланғандар болғанын айтуға болады, алайда алғашқы күннен жаңа астанаға келіп, оның дамуына белсенді атсалысқан энтузиастар саны көп болды. Саясаткер және елдің басшысы ретінде, мен бәрін картаға сызып бердім. Олай етпеске болмайтын еді. Бүкіл әлемдік қоғамдастыққа және өзіме біздің еліміздің қандай істер атқара алатынын дәлелдеп беру қажет болды. Біз үлкен міндетті атқара білетінімізді дәлелдедік. Бүгін сол кезде дұрыс шешім қабылдағанымызды сеніммен айтуымызға болады және идея толық ақталды. Жақында біз тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын мерекелейміз. Астана – Қазақстанның жетістіктерінің символы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев астананы көшіру «Қазақстан-2030» Стратегиясының аясында әзірленген үлкен реформалардың бастамасы болғанын айтып өтті. Астана жаңа экономикалық серпілістің нәтижесін көрсеткен құрылыс алаңына айналды.

Бұрынғы Ақмола облыстық әкімшілігінің басшысы Жәнібек Кәрібжанов астана ретінде Ақмоланы таңдау болашақ дамуға бағытталған тарихи шешім болғанына тоқталды. Бүгінде өмірдің өзі жаңа астана еліміздің экономикалық локомотиві, оның саяси және мәдени ортылығы болып саналатынын дәлелдеді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов елорданы Астанаға көшіру туралы шешім күрделі экономикалық жағдайда қабылданғанын айтты. Бұл еліміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық бастамасы болды. Астана әсем, әлеуеті үлкен, бәсекеге қабілетті әлемдік деңгейдегі қалаға айналды. ЭКСПО-2017 көрмесін осында өткізу туралы шешімнің қабылдануы бұған айқын дәлел.

ҚР Еңбек сіңірген заңгері Зинаида Федотова алғашында астананы көшіру туралы шешімді барлығы бірдей қабылдай қоймағанын еске алды. Дегенмен ол дұрыс шешім болып шықты, өйткені жас тәуелсіз мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық даму жолын ғана емес, әкімшілік-мемлекеттік құрылымын анықтап алу өте маңызды болды. Он бес жыл ішінде батыс пен шығыс мәдениеті үйлесім тапқан бірігей қала бой көтерді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Михаил Трошихин жаңа Қазақстанға жаңа астана қажет болғанын айтып өтті. Бүгінгі Астана - болашақтың, жастардың, ғылымның, Президенттің қаласы.

Бұрынғы көлік және коммуникация министрі Юрий Лавриненко атап өткендей, сонау қиын кезде осындай стратегиялық шешім қабылдау және еліміздің жаңа астанасы Қазақстанның экономикалық дамуының локомотивіне айналатынын түсіну тек Нұрсұлтан Назарбаевтың ғана қолынан келетін еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып ресми жарияланды.

Ұқсас материалдар