Қандастар Ассамблея

Қазақтың белгілі қобызшысы Тілеп Аспантайұлының ұрпағы Астанада «Қобыз Сарайын» тұрғызды

08.12.2012 2486
Бүгін Астанада «Тілеп-Қобыз Сарайы» жаңа концерттік залы ашылды. Сарайдың ашылу салтанатында «Көк түркілер» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.   «Көк түркілер» фольклорлық ансамблі қылқобыз, домбыра, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, дабыл, даңғыра, асатаяқ, сонымен қатар IX ғасырда белгілі ғалым және ойшыл Әл-Фараби ойлап тапқан ежелгі аспап Әл-Ханун және 1912 жылы Алтай үңгірлерінде археологтар тапқан VI ғасырдағы қыпшақтардың домбырасында ойнап, жиналған қауымды тәнті етті. Бірегей концерттік залдың негізін қалаушы - кәсіпкер Сапар Ысқақов. Ол халқымыздың белгілі қобызшысы Тілеп Аспантайұлының тікелей ұрпағы. Атасының құрметіне тұрғызған өнер ошағын қазақтың ұлттық фольклорлық музыкасын насихаттау үшін салып, осылайша қазақтың өнерін өркендетуге үлесін қосуды жөн санапты. «Бүгін, міне, қобызға арналған концерттік залдың тұсау кесері өтіп жатыр. Сарайдың құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Бірақ экономикалық кедергілерге байланысты үш жылдай тоқтап қалды. Биыл құрылысын аяқтадық. 29 маусым күні Президентке көрсеткен едік. Енді бүгін халыққа тұсауын кесіп жатырмыз. Үш төрт айдың ішінде «Көк түркілер» деген фольклорлық ансамбль құрдық. Бүгін өнер ұжымының бірінші концерті. Ансамблге осы қаладағы жастарды шақырдық. Болашағы зор болады деген ойдамыз», - деді Сапар Ысқақов. «Тілеп - Қобыз Сарайының» құрылысына 6 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Залдың ішкі безендірілуі қазақтың ұлттық стилінде орындалған. 340 орынға есептелген көрермен залы қазақтың киелі шаңырағы тәрізді жасалған. Зал акустикасын Жапониядан келген мамандар жобалап әзірлепті. «Залдың ерекшелігі оркестр немесе музыкант микрофонсыз ойнай алады, алайда әрбір тыңдарман залдың қай жерінде отырса да, аспап үнін бейне бір музыканттың дәл жанында отырғандай жақсы естиді. Концерт залының күмбезі шаңыраққа ұқсайтыны кездейсоқ емес. Бұл ерекше акустикалық тәсіл, оның арқасында біздің музыканттар және осында өнер көрсететін барлық өнерпаздар қазақтың ұлттық аспаптарының табиғи дыбысына теріс әсер беретін микрофонсыз музыкалық шығармаларды орындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті С.Ысқақов. Концерт залынан өзге ғимаратта қонақүй, мейрамхана, дәмхана, фитнес орталығы, кеңсе-сауда орындары, бизнес орталығы бар.

Бүгін Астанада «Тілеп-Қобыз Сарайы» жаңа концерттік залы ашылды. Сарайдың ашылу салтанатында «Көк түркілер» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

«Көк түркілер» фольклорлық ансамблі қылқобыз, домбыра, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, дабыл, даңғыра, асатаяқ, сонымен қатар IX ғасырда белгілі ғалым және ойшыл Әл-Фараби ойлап тапқан ежелгі аспап Әл-Ханун және 1912 жылы Алтай үңгірлерінде археологтар тапқан VI ғасырдағы қыпшақтардың домбырасында ойнап, жиналған қауымды тәнті етті.

Бірегей концерттік залдың негізін қалаушы - кәсіпкер Сапар Ысқақов. Ол халқымыздың белгілі қобызшысы Тілеп Аспантайұлының тікелей ұрпағы. Атасының құрметіне тұрғызған өнер ошағын қазақтың ұлттық фольклорлық музыкасын насихаттау үшін салып, осылайша қазақтың өнерін өркендетуге үлесін қосуды жөн санапты.

«Бүгін, міне, қобызға арналған концерттік залдың тұсау кесері өтіп жатыр. Сарайдың құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Бірақ экономикалық кедергілерге байланысты үш жылдай тоқтап қалды. Биыл құрылысын аяқтадық. 29 маусым күні Президентке көрсеткен едік. Енді бүгін халыққа тұсауын кесіп жатырмыз. Үш төрт айдың ішінде «Көк түркілер» деген фольклорлық ансамбль құрдық. Бүгін өнер ұжымының бірінші концерті. Ансамблге осы қаладағы жастарды шақырдық. Болашағы зор болады деген ойдамыз», - деді Сапар Ысқақов.

«Тілеп - Қобыз Сарайының» құрылысына 6 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Залдың ішкі безендірілуі қазақтың ұлттық стилінде орындалған. 340 орынға есептелген көрермен залы қазақтың киелі шаңырағы тәрізді жасалған. Зал акустикасын Жапониядан келген мамандар жобалап әзірлепті.

«Залдың ерекшелігі оркестр немесе музыкант микрофонсыз ойнай алады, алайда әрбір тыңдарман залдың қай жерінде отырса да, аспап үнін бейне бір музыканттың дәл жанында отырғандай жақсы естиді. Концерт залының күмбезі шаңыраққа ұқсайтыны кездейсоқ емес. Бұл ерекше акустикалық тәсіл, оның арқасында біздің музыканттар және осында өнер көрсететін барлық өнерпаздар қазақтың ұлттық аспаптарының табиғи дыбысына теріс әсер беретін микрофонсыз музыкалық шығармаларды орындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті С.Ысқақов.

Концерт залынан өзге ғимаратта қонақүй, мейрамхана, дәмхана, фитнес орталығы, кеңсе-сауда орындары, бизнес орталығы бар.

Ұқсас материалдар