Қандастар Ассамблея

Тәрбие берілсе, өз-өзінен тыйылады

08.12.2012 2008
Кеңес өкіметінің әйелге толық бостандықты беріп отырғаны кімге болса да қараңғы емес. Сол бостандықтан пайдаланып та, пайдалана алмай да, пайдаланудан асып кетіп, шатасып жүрген әйелдер п емес. Теңдікке қолы жеткен әйелге «құтты болсын» aлудан басқа сөз жоқ. Ал, енді сол тендікке әлі күнге ж алмай отырғандарды қандай аяп жанық ашыса, өз теңдігін өзі қолжаулық қылып жүрген әйелге сондай жаны ашиды. Өйткені екеуі де -—қазақ әйелінің қараңғы надандығы, қорлықта тәрбиеленіп, бишара болып өскендігі. Әйел тендігін жақтайтындар екеуін бірдей тәрбиелеу керек. Білім, тәрбие арқасында қорғаншақ әйел ерленіп бостандығын алса, тұрлаусыз әйел орнықты кісі болуында сөз жоқ. Кейбіреулер әйелдің байдан байға шыға беруін ұнат пайды. Рас, бай жаңалау матанды жұмыс емес. Бірақ оның залалы бір байда қорлықта отырғаннан артық емесі. Қай уақытта әйел халқының еріксіз байға тиюі тоқталса, сол уақытта кейбір әйелдердегі бай жаңалай беру әдепті де тоқталады. Себебі әйелге сана кірсе, басқанын қорлығына көнбейді, езі де тұрлаулы болады. Әйелді сондай халге жеткізуге көмегін тигізу — олардан көрі ерте оянған еркектердің міндеті. Өз міндетін орындамай тұрғанда, еркектердің әйелге кінә қоюы ұят, Кеңес заңында бай жаңалайтын әйел түгіл, қатын жаңалампаз еркекке де, пәлендей жаза болсын деген сөз жоқ. Мінезі үйлеспеген әйелді тастауға еркек қайда ерікті болса, қолайына жақпаған еркектен шығуға әйелде сондай ерікті. Егер де шектен асқандар болса, оны жазалау, қыспақтау жолымен емес, сана кіргізу жолымен тәрбиелеу керек. Жуырда ғана Қ. ұлы деген бір комсомол Бесқарағай болысынан «Тыю салынса екен» деген бір хабарында алуындағы Қамар Әбділда қызы деген бір әйелдің өткен майда үш жыл отасқан байынан шығып, бір-бір айдан екі байға тигенін, үшіншіде бәрінен өзің артық болдың деп бұрынғы байына қайтып барғанын, "ай жарымнан кейін тағы да төркініне барып, ноябрь ішінде алтыншы ауылдағы Тасболат Әбділ баласына малға сатылып кеткенін, сатылған малының тиісті орындарда зерттеліп,'әзір анықталмағанын жазып келіп, әйел бостандығының бағасын кемітіп отырған Қамар менен оны алған Әбділге тыю салынса екен деген ұсыныс жасайды. Бұл жердегі қалыңмал жұмысы өзі басқа, қосылу сүйіспеншіліктегі болғанда қатын мен жігіттің не айыбы бар? Әйелге шын жаны ашыған жігіттің, Қамарды енді бесінші байға тимеуіне үгіттеу керек қой. Үкіметтің жезөкше әйелдердің өзіне қолданатын саясаты — оларды сол жолға түсірген себепті зерттеп, оны жоғалтуға, әйелдің тұрмысын түзеп, түзу тәрбие беруге тырысу, мұны естен шығармау керек.  

Кеңес өкіметінің әйелге толық бостандықты беріп отырғаны кімге болса да қараңғы емес.

Сол бостандықтан пайдаланып та, пайдалана алмай да, пайдаланудан асып кетіп, шатасып жүрген әйелдер п емес. Теңдікке қолы жеткен әйелге «құтты болсын» aлудан басқа сөз жоқ. Ал, енді сол тендікке әлі күнге ж алмай отырғандарды қандай аяп жанық ашыса, өз теңдігін өзі қолжаулық қылып жүрген әйелге сондай жаны ашиды. Өйткені екеуі де -—қазақ әйелінің қараңғы надандығы, қорлықта тәрбиеленіп, бишара болып өскендігі. Әйел тендігін жақтайтындар екеуін бірдей тәрбиелеу керек. Білім, тәрбие арқасында қорғаншақ әйел ерленіп бостандығын алса, тұрлаусыз әйел орнықты кісі болуында сөз жоқ. Кейбіреулер әйелдің байдан байға шыға беруін ұнат пайды. Рас, бай жаңалау матанды жұмыс емес. Бірақ оның залалы бір байда қорлықта отырғаннан артық емесі. Қай уақытта әйел халқының еріксіз байға тиюі тоқталса, сол уақытта кейбір әйелдердегі бай жаңалай беру әдепті де тоқталады. Себебі әйелге сана кірсе, басқанын қорлығына көнбейді, езі де тұрлаулы болады.

Әйелді сондай халге жеткізуге көмегін тигізу — олардан көрі ерте оянған еркектердің міндеті. Өз міндетін орындамай тұрғанда, еркектердің әйелге кінә қоюы ұят, Кеңес заңында бай жаңалайтын әйел түгіл, қатын жаңалампаз еркекке де, пәлендей жаза болсын деген сөз жоқ. Мінезі үйлеспеген әйелді тастауға еркек қайда ерікті болса, қолайына жақпаған еркектен шығуға әйелде сондай ерікті. Егер де шектен асқандар болса, оны жазалау, қыспақтау жолымен емес, сана кіргізу жолымен тәрбиелеу керек.

Жуырда ғана Қ. ұлы деген бір комсомол Бесқарағай болысынан «Тыю салынса екен» деген бір хабарында алуындағы Қамар Әбділда қызы деген бір әйелдің өткен майда үш жыл отасқан байынан шығып, бір-бір айдан екі байға тигенін, үшіншіде бәрінен өзің артық болдың деп бұрынғы байына қайтып барғанын, "ай жарымнан кейін тағы да төркініне барып, ноябрь ішінде алтыншы ауылдағы Тасболат Әбділ баласына малға сатылып кеткенін, сатылған малының тиісті орындарда зерттеліп,'әзір анықталмағанын жазып келіп, әйел бостандығының бағасын кемітіп отырған Қамар менен оны алған Әбділге тыю салынса екен деген ұсыныс жасайды.

Бұл жердегі қалыңмал жұмысы өзі басқа, қосылу сүйіспеншіліктегі болғанда қатын мен жігіттің не айыбы бар? Әйелге шын жаны ашыған жігіттің, Қамарды енді бесінші байға тимеуіне үгіттеу керек қой. Үкіметтің жезөкше әйелдердің өзіне қолданатын саясаты — оларды сол жолға түсірген себепті зерттеп, оны жоғалтуға, әйелдің тұрмысын түзеп, түзу тәрбие беруге тырысу, мұны естен шығармау керек.

 

Ұқсас материалдар