Қандастар Ассамблея

Саясат дүниесінде

08.12.2012 1792
Осы кезде саясат дүниесіндегі бір әңгіменің бірі — Англия оқиғасы. Октябрьдің бас кезінде Англияда парламент (мемлекет думасы) жиылысы болған. Ол жиылыста консерватор (ескішіл байшылдар) партиясының уәкілдері өздерінін үкіметке сөгіс жариялаған қарарларын парламенттің талқысына салуға ұсынған. Ол сөгістің себебі былайша: ағыстың бас кезіндегі шыққан Англиядағы коммунист газеттерінің біреуінде байлар соғысына қарсы пікір жазғандығын кіналап, Компебел дейтін басқарушысын полиция тұтқынға алып, жұмысын сотқа берген болатын. Сот заң жүзінен іліндірерлік кінә таба алмаған соң, Компебел ағарынан шыққан. Сол Компебелдің ағаруын үкіметтің қатынасуынан болды; үкіметтің мұнысы коммунистерді қолдағандығын деп қаралайды. Тегінде үкімет пен консерваторлар арасынан жанжал шыға қалса, парламенттің бұл жиылысы жабылып, қайтадан сайлау болатынын, өйткені күнде осы күнгі уәкіл сандарының түстеріне кірмей қалатынын болжаған либералдар (ұсақ өнершілері жақтаушы) әлгі қарарды көргенде қылп ете түсіп, бізше бұл былай түзейміз, деп жылп етті: бұл қарарды мұнда сөз қылып қайтеміз, ішімізден үш кісілік комиссия белгілейік, сол барып Компебелдің акталған жұмысына анықтама жасай жатар деді. Үкімет бастығы Макдональд: «біз мұның ешқайсысына да риза емеспіз, консерваторлардың қарары, либералдардың жайма шуағы — бәрі де үкімет үшін қорланарлық нәрсе; біз мұны жұмыскерлер үкіметіне байлардың ашып отырған соғысы деп түсінеміз»—деген. Сонымен, байшылдар партиясы дауыс бір жерден шықсын деген оймен, либералдардың жайма-шуағын дауысқа қойып көпшілікпен (198-і қарсы, 364 бен) өткізді: Парламенттегі уәкілдердің байлар жағынан болғандықтан мұндай жанжалдық шыққанын тілеп отырған үкімет ертеңіне (октябрьдің 9-ы күні) парламентті таратып, қайтадан декабрьдің 29-на сайлау шақырып отыр. Осы күнде Англия үкіметі жанталасып, жұмыскерлер мен оны жақтаушыларға үндеу үстіне үндеу таратып жатыр. Макдональд (бас министр) өзі жүріп әрбір жұмысшылар аудандарында сөз сөйлеп үкімет жұмыскерлердікі екендігін, олар үшін талай пайдалы жұмыстар істелгендігін, езілгендер тілектесі саналған Совет үкіметімен татулық жасағандығын, Англиядағы коммунистерден парламентке уәкілдер кіретіндігін айтып, жұмысшылар партиясына уәкіл көбейту әрекетінде. Байлар жағы да қарап жатқан жоқ: либералдардың көбі консерваторларға қосылып, олар да уәкіл көбейтудің талабында жүр. Сайлауда қай жағы жеңеді, оны уақыт көрсетер. Бірақ бұрынғыға қарағанда, ендігі сайлауда жұмысшылар партиясының уәкілдері әлденеше көбейетіндігі анық секілді. Сөйтіп Англияда байлар мен жұмысшылар партиясының арасында күрес мықтап ашылды. Енді Совет үкіметі менен басқа мемлекеттер арасына келсек, Англиямен татулықтың бекуі, әрине, сайлауына байлаулы екені көрінді. Ал, Францияда 4 айдан бергі «Совет үкіметімен татулық сөйлесуге керек» деген ойларын бір жерге тоқтату үшін, советтің хал-жайларымен танысуға белгілеген комиссияның бастығы Демунзидің Совет үкіметін тану пікіріндегі адам екендігін, ол жобасын дұрыстап тапсырғаннан кейін арада татулық әңгімесінің басталуы мүмкіндігін газеттер жазып отыр. Германияда кейбір байлар газеттері қожайындарына (Америка секілді) жағымсынғандай, «Совет үкіметін сыртқы сауда жөнінен бүйтіп күшейтіп жібермеу керек, оның керек-жарақтары шет мемлекеттердің өлшеп сатуларымен ғана табылып тұратындай болсын; темір жолдарды солардан құралған ұйымдардың қолында болсын» деп жазған жайлары болды. Бірақ басқа мемлекеттер совет үкіметін шаруа жөнінен енді қысымшылықпен ұстаудың уақыты кеткендігін көбінің әбден ұққан түрлері бар: көбінде-ақ «тану керек!» пен «танымаймыз!» деушілердің таласы бар. Мәселен: Совет үкіметі дегенде аза бойы тік тұратын Американың байлар табынан Бора дейтін бір көсемі советпен татулық жасау жөнінде халқына үгіт жасауға кірісетіндігін айтқан. Көптен бері Пекин қаласындағы (Қытайдың) сөйлесіп жүрген Совет-Япон татулығының әңгімесі тағы да тоқталып қалып еді. Бұл тоқталуға Япония газеттері наразылықтарын білдіріп отыр. Олар: «Сахалиндегі нефть (жер майы) кендерін қимаймын деп осы біздің, үкіметтікі не, осынша сіресіп Советтің қойған шарттарына көніп, қимайтын кенін алса болмай ма? Сөйтіп, татулық жасаса болмай ма?!» — деп жазады. Осы күнгі саясаттың қысқаша түрі осы. Бұдан басқа да: Германияда соғыс налогын төлеу жайында қымбатшылық кіріп, шаруаға қысымшылық келетіндігі «балтам таптың аяғы Бөрлібайда» дегендей барлық ауыртпалықтың кесірі жұмыскерлерге тиетіндігін Германиядағы коммунистер партиясы араны ашылған байлар үкіметіне қарсы мықты күрес ашуға айналғандығы бар. Онан басқа да Совет үкіметінің ұранын есітіп, атағын білген елдердің езілгендері жарыққа қарай тырмысып байлары, ақсүйектері оларды басуға айлаларын, күштерін жұмсаудың әрекетінде болып жатқан жерлер де аз емес. 1924  

Осы кезде саясат дүниесіндегі бір әңгіменің бірі — Англия оқиғасы. Октябрьдің бас кезінде Англияда парламент (мемлекет думасы) жиылысы болған. Ол жиылыста консерватор (ескішіл байшылдар) партиясының уәкілдері өздерінін үкіметке сөгіс жариялаған қарарларын парламенттің талқысына салуға ұсынған. Ол сөгістің себебі былайша: ағыстың бас кезіндегі шыққан Англиядағы коммунист газеттерінің біреуінде байлар соғысына қарсы пікір жазғандығын кіналап, Компебел дейтін басқарушысын полиция тұтқынға алып, жұмысын сотқа берген болатын. Сот заң жүзінен іліндірерлік кінә таба алмаған соң, Компебел ағарынан шыққан. Сол Компебелдің ағаруын үкіметтің қатынасуынан болды; үкіметтің мұнысы коммунистерді қолдағандығын деп қаралайды.

Тегінде үкімет пен консерваторлар арасынан жанжал шыға қалса, парламенттің бұл жиылысы жабылып, қайтадан сайлау болатынын, өйткені күнде осы күнгі уәкіл сандарының түстеріне кірмей қалатынын болжаған либералдар (ұсақ өнершілері жақтаушы) әлгі қарарды көргенде қылп ете түсіп, бізше бұл былай түзейміз, деп жылп етті: бұл қарарды мұнда сөз қылып қайтеміз, ішімізден үш кісілік комиссия белгілейік, сол барып Компебелдің акталған жұмысына анықтама жасай жатар деді.

Үкімет бастығы Макдональд: «біз мұның ешқайсысына да риза емеспіз, консерваторлардың қарары, либералдардың жайма шуағы — бәрі де үкімет үшін қорланарлық нәрсе; біз мұны жұмыскерлер үкіметіне байлардың ашып отырған соғысы деп түсінеміз»—деген.

Сонымен, байшылдар партиясы дауыс бір жерден шықсын деген оймен, либералдардың жайма-шуағын дауысқа қойып көпшілікпен (198-і қарсы, 364 бен) өткізді:

Парламенттегі уәкілдердің байлар жағынан болғандықтан мұндай жанжалдық шыққанын тілеп отырған үкімет ертеңіне (октябрьдің 9-ы күні) парламентті таратып, қайтадан декабрьдің 29-на сайлау шақырып отыр.

Осы күнде Англия үкіметі жанталасып, жұмыскерлер мен оны жақтаушыларға үндеу үстіне үндеу таратып жатыр.

Макдональд (бас министр) өзі жүріп әрбір жұмысшылар аудандарында сөз сөйлеп үкімет жұмыскерлердікі екендігін, олар үшін талай пайдалы жұмыстар істелгендігін, езілгендер тілектесі саналған Совет үкіметімен татулық жасағандығын, Англиядағы коммунистерден парламентке уәкілдер кіретіндігін айтып, жұмысшылар партиясына уәкіл көбейту әрекетінде.

Байлар жағы да қарап жатқан жоқ: либералдардың көбі консерваторларға қосылып, олар да уәкіл көбейтудің талабында жүр. Сайлауда қай жағы жеңеді, оны уақыт көрсетер. Бірақ бұрынғыға қарағанда, ендігі сайлауда жұмысшылар партиясының уәкілдері әлденеше көбейетіндігі анық секілді.

Сөйтіп Англияда байлар мен жұмысшылар партиясының арасында күрес мықтап ашылды.

Енді Совет үкіметі менен басқа мемлекеттер арасына келсек, Англиямен татулықтың бекуі, әрине, сайлауына байлаулы екені көрінді.

Ал, Францияда 4 айдан бергі «Совет үкіметімен татулық сөйлесуге керек» деген ойларын бір жерге тоқтату үшін, советтің хал-жайларымен танысуға белгілеген комиссияның бастығы Демунзидің Совет үкіметін тану пікіріндегі адам екендігін, ол жобасын дұрыстап тапсырғаннан кейін арада татулық әңгімесінің басталуы мүмкіндігін газеттер жазып отыр.

Германияда кейбір байлар газеттері қожайындарына (Америка секілді) жағымсынғандай, «Совет үкіметін сыртқы сауда жөнінен бүйтіп күшейтіп жібермеу керек, оның керек-жарақтары шет мемлекеттердің өлшеп сатуларымен ғана табылып тұратындай болсын; темір жолдарды солардан құралған ұйымдардың қолында болсын» деп жазған жайлары болды.

Бірақ басқа мемлекеттер совет үкіметін шаруа жөнінен енді қысымшылықпен ұстаудың уақыты кеткендігін

көбінің әбден ұққан түрлері бар: көбінде-ақ «тану керек!» пен «танымаймыз!» деушілердің таласы бар. Мәселен: Совет үкіметі дегенде аза бойы тік тұратын Американың байлар табынан Бора дейтін бір көсемі советпен татулық жасау жөнінде халқына үгіт жасауға кірісетіндігін айтқан.

Көптен бері Пекин қаласындағы (Қытайдың) сөйлесіп жүрген Совет-Япон татулығының әңгімесі тағы да тоқталып қалып еді. Бұл тоқталуға Япония газеттері наразылықтарын білдіріп отыр. Олар: «Сахалиндегі нефть (жер майы) кендерін қимаймын деп осы біздің, үкіметтікі не, осынша сіресіп Советтің қойған шарттарына көніп, қимайтын кенін алса болмай ма? Сөйтіп, татулық жасаса болмай ма?!» — деп жазады.

Осы күнгі саясаттың қысқаша түрі осы. Бұдан басқа да: Германияда соғыс налогын төлеу жайында қымбатшылық кіріп, шаруаға қысымшылық келетіндігі «балтам таптың аяғы Бөрлібайда» дегендей барлық ауыртпалықтың кесірі жұмыскерлерге тиетіндігін Германиядағы коммунистер партиясы араны ашылған байлар үкіметіне қарсы мықты күрес ашуға айналғандығы бар.

Онан басқа да Совет үкіметінің ұранын есітіп, атағын білген елдердің езілгендері жарыққа қарай тырмысып байлары, ақсүйектері оларды басуға айлаларын, күштерін жұмсаудың әрекетінде болып жатқан жерлер де аз емес.

1924

 

Ұқсас материалдар