Қандастар Ассамблея

Ұлттық орталық ашсақ қайтеді?

08.12.2012 1911
  Серікбол Қондыбаев аса күрделі мәселеге қалам сілтепті. Мақаланың кейбір тұжырымдары тосын көрінуі мүмкін. Солай бола тұрса да, жұртшылықты толғантып жүрген мәселелерге орай өзіндік орынды пайымдаулары, құнды пікірлері баршылық. Осыған орай, мақаладағы негізгі айтылмақ ойды сақтай отырып, аз-кем редакциямен оны жария етуді жөн көрдік.   Қазіргі уақыттағы республикамыздың жағдайына ой жіберсек, оның бейне бір буырқанған мұхиттың ортасында қалған аралға ұқсайтынын байқаған болар едік. Тыныштық. Бейбітшілік... Әрқашан да өмірдің керекті нәрсесі осы болмақ. Алайда тыныштықтың да тыныштығы бар ғой. Бұл біздің тағдырдың беріп отырған жомарттығы да сияқты. Әйтпесе, осы тыныштығымыз «Жүрегіне тиіп жүрген» сыртқары күштер де анда-санда төбе көрсетіп қоятыны бар. Сонау бір жылғы желтоқсан, одан кейінгі Орал оқиғасы біздің саясаткерлерімізге біраз сабақтар да қалдырды ғой. Демек, өз жерінде азшылық болып отырған жұртымыз ежелден аңсай күткен тәуелсіздігін алған соң, енді оны қорғаудың да қамын жете ойластыруы қажет емес пе? Бұл істе, әсіресе, өзгелермен бірге рухани, тілдік, халықтық ықпалды арттыра түсудің маңызы зор. Ал бұл мәдени-ақпараттық институттарымыздың пәрменділігін күшейтпейінше мүмкін емес. Бізде мәдени-ақпараттық «тайталаста» төтеп беретін немесе сол халықтық ықпалымызды күшейте алатын ұлттық орталығымыз болса, мүмкін, жағдайымыз өзгеше болар еді деген ой келеді. Ойлап отырсаңыз қазағы көп Шымкент, Қызылорда, Атырау мұндай рөлді атқара алмай отыр. Мәдени-ақпараттық дейтінім баспасөзден кітапқа, музыкадан фильмге дейінгі көлемді қамтып жатқан өмір саласы. Ал осыны реттемей, ұлт дамуы туралы айту түкке тұрмайды. Техникалық базасы өте нашар әрі интеллектуалдық деңгейі төмен теледидар мен жалғыз киностудия, көбіне егіс науқаны мен әр жүз саулықтан қанша қозы алғанын тәптіштеп баяндайтын, не бірқақпай әңгімелер мен шексіз, бітпейтін өлеңдер жариялайтын газет-журналдар, жылына бір-екі мыңдай әртүрлі брошюралар, әдеби кітаптар шығаратын оншақты баспасы бар халықтың ықпал мүмкіндігі қаншалықты? Бұл − бұл ғой. Сонымен бірге халқының көпшілігін қазақтар құрайтын ірі қаланың болмай отырғаны және бар. Сондықтан кешегі көрген қорлығымызды, зорлығымызды айтып, кінәліні сырттан іздеп асанқайғылана бергенше, осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғаған жөн сияқты.   ...Алматыдағы халық саны 1 миллион 100 мыңнан асады, ал қазақтар 290 мыңдай, яғни 22 процент. Астана − әрбір ұлттың бірінші қаласы, оның бетке ұстары. Әкімшілік, саяси, мәдениет орталығы. Астана кез келген ұлт үшін рухани аккумулятор рөлін атқарады, яғни ол ұлттық әдет-ғұрыптың, мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің және жалпы мәдениеттің (өркениеттің) үздік өнімдерін өз бойына сіңіретін, ұлттың «қаймағын» жинақтап, солар арқылы жалпы ұлттық тіл мен мәдениет, дәстүр мен саясат эталонын қалыптастыратын географиялық-тарихи категория. Кез келген астана сол елдің әкімшілік орталығы болып табылады, ал ұлттық орталығы (қалыптасқан заңдылыққа сай) болу үшін сол ұлт өкілдерінің санының астанада көпшілік болуы тиіс. Алматы − дүниежүзі мемлекеттері астаналарының ішіндегі (кеңестік автономия орталықтарын қоспағанда) тұрғылықты ұлт өкілдері азшылық болып отырған бірден-бір қала. Бұл − астаналар ішіндегі феномен! Киевте украин көп, ал Ташкентте өзбек көп, бұлай болуы заңды. Көрші халық − өзбектің астанасы Ташкент ешқашан да жалпыөзбектік орталық болмағаны белгілі. Соған қарамастан, Хорезм, Бұқар, Қоқанд мемлекеттерін бір елге біріктіргеннен кейін Ташкент өзінің маңызы жағынан Хиуа, Самарқан, Бұқар, Ферғана, Қоқанды ығыстырып, бірінші ұлттық орталыққа айнала алды. Бұның бәрі қаладағы өзбек халқының көп болуының арқасында. Алматы феноменінің тағы бір жағы, ұлттық мәдени-ақпарат объектілерінің осы қалаға орналасуы. Яғни жалғыз киностудия да, сегіз баспа да, жалғыз көңіл көтерерлік теледидар да осы «орыс» қаласында және адам оқырлық газеттің дені, журналдың түгелі осында шығады. Қазір қаншама саяси ождан бостандығы берілді дегенімізбен, біздің қазақ тіліндегі ақпарат құралдарымыз біржақты болып қалып отыр, бұрын социалистік реализм болса, қазір «егемендік» болып отыр. Егемендіктің де түрі бар ғой. Астана қазақтарының басым көпшілігінің қазақ тілінде сөйлемейтіндігін («қазақ факторын» құрап отырған ұлттың студент қауымының да бұл жөнінен жағдайы шамалы) ескерсек, қазақтың қазіргі мәдени-ұлттық орталығының сиқын көруге болады. Астана қазақ ұлтының «қаймағын» жинай алмай, ұлттық рухани потенциалды, энергияны өз бойына сіңіре алмай қалып отыр. Талапты, талантты жастар осы қаладан орын таба алмай (бұл жәйт республиканың өзге қаласына ортақ), ал тапқаны да күй күйттеп (тіркелім, пәтер т.б.) ұлт мақтанышы болмақ түгілі, қара басын жөндей алмай жүргені белгілі. Керісінше, талай ауылда құрылысшы болып жүрген юристің, малшы болып жүрген инженердің өмір сүріп жатқанын білеміз. Астанада орын табуға, пәтер алуға мүмкіндігі барлар − таныс-тамыры бар, тірегі барлар, олардан басқа жұмысшы тап өкілдері. Ал алдыңғыларын қазақ ұлтының өркениетін биікке шығарады деу қиын. Қысқасы, Алматы ұлт астанасы ретінде шын мәнінде өмір сүре алмай, тек әкімшілік басқару орталығы ретінде өмір сүріп отыр. Оған соңғы 20 жыл ішіндегі осында білім алып, «қағаз алсам болды», «қалта қалын болса, диплом қолда», «бәрібір ауылға қайтам, шұқшиып оқып керегі не» деген өмірлік принциптермен өмір сүріп келе жатқан Алматы емес, «Алматушканың», яғни «ресторан ұрпақтары» дәлел.   Өзбектің Самарқаны, орыстың Санкт-Петербургі,Украинаның Львовы сияқты қазақтың екінші ұлттық-мәдени орталықтары жоқ, оның есесіне Орал, Өскемен, Ақмола, Қарағанды және басқалар орыстардың ірі орталықтары болып отыр. Жалпы айтқанда, мемлекет астанасымен қатар, ендігі жерде облыс орталықтары мен тұтастай өлкенің ұлттық-мәдени потенциалын мүмкіндігінше толық пайдаланып, аталған күштерді жинайтын ортаның болуына үкімет тарапынан да, жеке адам тарапынан да жағдай жасалуы тиіс. ...Қалыптасқан көзқарас бойынша, қалалар өзінің стадион, театр ғимараттарымен, баспасөз шығып тұруымен бағаланады. Бұны жоққа шығармаймыз, дегенмен мәселе осымен шектелмеуі қажет. Қаланы ірі ұлттық мәдени орталыққа айналдыру үшін, ең алдымен, айтылып өткендей, қала халқының көпшілігі сол ұлттан болуы керек, екіншіден, мәдени орталықтар − театрлар, клубтар, дискотекалар, спорт кешендері, сондай-ақ білім ордалары (балабақшадан жоғары оқу орнына дейін) болуы керек. Ал үшіншіден, күшті рухани біріктіретін күш − әдет, ғұрыпты насихаттау, Маңғыстау облысы қиыр оңтүстік-батыста орналасқан. Яғни Өскемен-Павлодар өңірлеріне географиялық тұрғыдан қарсы жатыр. Сонымен қатар бұл қарсы полюстікке үлкен өмірлік мән беруге болатын сияқты. Маңғыстау үлкен қазақ қауымынан едәуір ерекше. Ұзақ тарихы бар, оны күнделікті өмірден көріп те жүрміз. Қазақстанда «қазақ факторын» күшейтуге мүмкіндік жасай алатын аймақтан үміткердің бірі – осы Маңғыстау.   Түбек өңірінде 170 мыңдай қазақ тұрады, ол облыс халқының 52 проценті. Қазақтар бүкіл аймақты түгел қоныстанып, тек Ақтау қаласында ғана азшылық болып (26 проценті) отыр. Қазіргі республика үкіметінің жүргізіп отырған саясаты өмірдің объективтік жағдайына байланысты бірден-бір дұрыс саясат. Қазақ ұлтының өз елінде азшылық болуы Грузия не Өзбекстан сияқты республика көлемінде айқын, батыл және тез ұлттық қайта өрлеу саясатын жүргізуіне кедергі болып отыр. Сондықтан да ұлттық дамудың шараларын облыстар, негізінен қазақы облыстар көлемінде «сынақтан» өткізгені жөн болар еді. Ал сол «сынақ полигоны» бола алатын өлкенің бірі − Маңғыстау.   ...Маңғыстау өлкесін, Ақтау қаласын ұлттық немесе аймақтық көлемдегі ұлттық-мәдени орталыққа айналдырудың жолдары жеткілікті. Ең алдымен, көші-қонды реттеу керек, екіншіден, кедергі Маңғыстаудың болашақ еркін экономикалық аймақ ретінде жобаланып отырғандығын ескере отырып, осында «жоғарғы технология зонасын» (электроника, технология) ұйымдастыру. Оған Ақтау қаласының ғылыми-техникалық және интеллектуалдық потенциалын пайдалануға мүмкіндігі бар. Соның бірі − Ақтауда жаңа үлгіде ұлттық не аймақтық университет ашу. Оңтүстік Батыс Қазақстан, Қарақалпақ, Түрікменстан регионында 1 миллиондай қазақ тұрады, бірде-бір жөнді оқу орны жоқ, ал өлке таланттары не ауылда «көміліп», не астана «орыстарының» арасына сіңіп кетіп жатыр. Егер осындай оқу орны ашыла қалса, өмірдің сан қилы саласы − электроника, мұнай, газ химия, экология, қазақ тілі, шет тілі, мал шаруашылығы мен ветеринария, шөлейттегі егіншілік, су мәселесі, энергетика, теңіз және балық, медицина, атомшылар т.б. ұлттық маманмен толығар еді-ау деген үмітте жоқ емес. Мәселен, мұнай өнеркәсібі мамандарын, мал мамандарын, су мамандарын тек Алматыда даярлау жөн емес. Ескіні өзгертуден гөрі, жаңадан салу оңай екендігі айқын, жаңа университетте соңғы курстарында тек шет тілінде (ағылшын, француз) оқытса, ал оған дейін қазақ тілінде тәлім берсе, құба-құп. Ең алдымен осылардың оқытушылары мен мамандары үшін тұрғын үй қоры жасалынса, нұр үстіне нұр.   Осы бағыттағы екінші маңызды шара – облыста баспа жұмысын дамыту. Өйткені астанадағы баспалар халық сұранысын қамтамасыз ете алмайды. Егер әрбір облыста осындай баспалар көп болса (қағаздың қымбатшылығына қарамастан), қазақ тілінде әртүрлі бағытта, әр саланы қамтитын кітаптар, журналдар көп болған болар еді. Ал бұл − қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтеді деген сөз. Қазіргі кезде қазақтар өз тіліндегі газет-журналдардан гөрі орыс тіліндегі баспасөзге көбірек жазылады. Ана тіліндегі басылымдардың тиражын көбейтуге арналған істер тек ұлтты намысқа шақырумен шектелмегені жөн. Алдымен өз сапасын арттырғаны дұрыс. Облыстық газеттерді кейбір мекемелік не аудандық газет есебінен аймақтық дәрежеге көтеру керек деп ойлаймын.   Жалпы, қорыта келгенде айтарымыз − халықты қалпына келтіру тек өткенді, әдет-ғұрыпты қалпына келтірумен, сондай-ақ әлгі айтылғандармен шектеліп қалмайды, ол өмірдің сан қилы саласын қамтиды. Бірақ та ең алдымен осыларды жүзеге асыратын − адам, ол адам өзгермейінше, іс түкке де аспайды. Сондықтан Маңғыстау болашақта дамыған экономикалық аймақ бола ма, әлде болашақ Орта Азия, Кавказ (Иран, Әзірбайжан, Дағыстан, Түрікмения) елдеріне жол ашар қазақ қақпасы бола ма немесе туризмнің «Меккесі» бола ма, кім білсін, ол тек біздер өзгергенде ғана іске аспақ.   «Маңғыстау» газеті, 1992 жыл, 28 наурыз  

 

Серікбол Қондыбаев аса күрделі мәселеге қалам сілтепті. Мақаланың кейбір тұжырымдары тосын көрінуі мүмкін. Солай бола тұрса да, жұртшылықты толғантып жүрген мәселелерге орай өзіндік орынды пайымдаулары, құнды пікірлері баршылық. Осыған орай, мақаладағы негізгі айтылмақ ойды сақтай отырып, аз-кем редакциямен оны жария етуді жөн көрдік.
 
Қазіргі уақыттағы республикамыздың жағдайына ой жіберсек, оның бейне бір буырқанған мұхиттың ортасында қалған аралға ұқсайтынын байқаған болар едік. Тыныштық. Бейбітшілік... Әрқашан да өмірдің керекті нәрсесі осы болмақ. Алайда тыныштықтың да тыныштығы бар ғой. Бұл біздің тағдырдың беріп отырған жомарттығы да сияқты. Әйтпесе, осы тыныштығымыз «Жүрегіне тиіп жүрген» сыртқары күштер де анда-санда төбе көрсетіп қоятыны бар. Сонау бір жылғы желтоқсан, одан кейінгі Орал оқиғасы біздің саясаткерлерімізге біраз сабақтар да қалдырды ғой. Демек, өз жерінде азшылық болып отырған жұртымыз ежелден аңсай күткен тәуелсіздігін алған соң, енді оны қорғаудың да қамын жете ойластыруы қажет емес пе? Бұл істе, әсіресе, өзгелермен бірге рухани, тілдік, халықтық ықпалды арттыра түсудің маңызы зор. Ал бұл мәдени-ақпараттық институттарымыздың пәрменділігін күшейтпейінше мүмкін емес. Бізде мәдени-ақпараттық «тайталаста» төтеп беретін немесе сол халықтық ықпалымызды күшейте алатын ұлттық орталығымыз болса, мүмкін, жағдайымыз өзгеше болар еді деген ой келеді. Ойлап отырсаңыз қазағы көп Шымкент, Қызылорда, Атырау мұндай рөлді атқара алмай отыр. Мәдени-ақпараттық дейтінім баспасөзден кітапқа, музыкадан фильмге дейінгі көлемді қамтып жатқан өмір саласы. Ал осыны реттемей, ұлт дамуы туралы айту түкке тұрмайды. Техникалық базасы өте нашар әрі интеллектуалдық деңгейі төмен теледидар мен жалғыз киностудия, көбіне егіс науқаны мен әр жүз саулықтан қанша қозы алғанын тәптіштеп баяндайтын, не бірқақпай әңгімелер мен шексіз, бітпейтін өлеңдер жариялайтын газет-журналдар, жылына бір-екі мыңдай әртүрлі брошюралар, әдеби кітаптар шығаратын оншақты баспасы бар халықтың ықпал мүмкіндігі қаншалықты? Бұл − бұл ғой. Сонымен бірге халқының көпшілігін қазақтар құрайтын ірі қаланың болмай отырғаны және бар. Сондықтан кешегі көрген қорлығымызды, зорлығымызды айтып, кінәліні сырттан іздеп асанқайғылана бергенше, осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғаған жөн сияқты.
 
...Алматыдағы халық саны 1 миллион 100 мыңнан асады, ал қазақтар 290 мыңдай, яғни 22 процент. Астана − әрбір ұлттың бірінші қаласы, оның бетке ұстары. Әкімшілік, саяси, мәдениет орталығы. Астана кез келген ұлт үшін рухани аккумулятор рөлін атқарады, яғни ол ұлттық әдет-ғұрыптың, мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің және жалпы мәдениеттің (өркениеттің) үздік өнімдерін өз бойына сіңіретін, ұлттың «қаймағын» жинақтап, солар арқылы жалпы ұлттық тіл мен мәдениет, дәстүр мен саясат эталонын қалыптастыратын географиялық-тарихи категория. Кез келген астана сол елдің әкімшілік орталығы болып табылады, ал ұлттық орталығы (қалыптасқан заңдылыққа сай) болу үшін сол ұлт өкілдерінің санының астанада көпшілік болуы тиіс. Алматы − дүниежүзі мемлекеттері астаналарының ішіндегі (кеңестік автономия орталықтарын қоспағанда) тұрғылықты ұлт өкілдері азшылық болып отырған бірден-бір қала. Бұл − астаналар ішіндегі феномен! Киевте украин көп, ал Ташкентте өзбек көп, бұлай болуы заңды. Көрші халық − өзбектің астанасы Ташкент ешқашан да жалпыөзбектік орталық болмағаны белгілі. Соған қарамастан, Хорезм, Бұқар, Қоқанд мемлекеттерін бір елге біріктіргеннен кейін Ташкент өзінің маңызы жағынан Хиуа, Самарқан, Бұқар, Ферғана, Қоқанды ығыстырып, бірінші ұлттық орталыққа айнала алды. Бұның бәрі қаладағы өзбек халқының көп болуының арқасында.
Алматы феноменінің тағы бір жағы, ұлттық мәдени-ақпарат объектілерінің осы қалаға орналасуы. Яғни жалғыз киностудия да, сегіз баспа да, жалғыз көңіл көтерерлік теледидар да осы «орыс» қаласында және адам оқырлық газеттің дені, журналдың түгелі осында шығады. Қазір қаншама саяси ождан бостандығы берілді дегенімізбен, біздің қазақ тіліндегі ақпарат құралдарымыз біржақты болып қалып отыр, бұрын социалистік реализм болса, қазір «егемендік» болып отыр. Егемендіктің де түрі бар ғой.
Астана қазақтарының басым көпшілігінің қазақ тілінде сөйлемейтіндігін («қазақ факторын» құрап отырған ұлттың студент қауымының да бұл жөнінен жағдайы шамалы) ескерсек, қазақтың қазіргі мәдени-ұлттық орталығының сиқын көруге болады. Астана қазақ ұлтының «қаймағын» жинай алмай, ұлттық рухани потенциалды, энергияны өз бойына сіңіре алмай қалып отыр. Талапты, талантты жастар осы қаладан орын таба алмай (бұл жәйт республиканың өзге қаласына ортақ), ал тапқаны да күй күйттеп (тіркелім, пәтер т.б.) ұлт мақтанышы болмақ түгілі, қара басын жөндей алмай жүргені белгілі. Керісінше, талай ауылда құрылысшы болып жүрген юристің, малшы болып жүрген инженердің өмір сүріп жатқанын білеміз. Астанада орын табуға, пәтер алуға мүмкіндігі барлар − таныс-тамыры бар, тірегі барлар, олардан басқа жұмысшы тап өкілдері. Ал алдыңғыларын қазақ ұлтының өркениетін биікке шығарады деу қиын. Қысқасы, Алматы ұлт астанасы ретінде шын мәнінде өмір сүре алмай, тек әкімшілік басқару орталығы ретінде өмір сүріп отыр. Оған соңғы 20 жыл ішіндегі осында білім алып, «қағаз алсам болды», «қалта қалын болса, диплом қолда», «бәрібір ауылға қайтам, шұқшиып оқып керегі не» деген өмірлік принциптермен өмір сүріп келе жатқан Алматы емес, «Алматушканың», яғни «ресторан ұрпақтары» дәлел.
 
Өзбектің Самарқаны, орыстың Санкт-Петербургі,Украинаның Львовы сияқты қазақтың екінші ұлттық-мәдени орталықтары жоқ, оның есесіне Орал, Өскемен, Ақмола, Қарағанды және басқалар орыстардың ірі орталықтары болып отыр. Жалпы айтқанда, мемлекет астанасымен қатар, ендігі жерде облыс орталықтары мен тұтастай өлкенің ұлттық-мәдени потенциалын мүмкіндігінше толық пайдаланып, аталған күштерді жинайтын ортаның болуына үкімет тарапынан да, жеке адам тарапынан да жағдай жасалуы тиіс.
...Қалыптасқан көзқарас бойынша, қалалар өзінің стадион, театр ғимараттарымен, баспасөз шығып тұруымен бағаланады. Бұны жоққа шығармаймыз, дегенмен мәселе осымен шектелмеуі қажет. Қаланы ірі ұлттық мәдени орталыққа айналдыру үшін, ең алдымен, айтылып өткендей, қала халқының көпшілігі сол ұлттан болуы керек, екіншіден, мәдени орталықтар − театрлар, клубтар, дискотекалар, спорт кешендері, сондай-ақ білім ордалары (балабақшадан жоғары оқу орнына дейін) болуы керек. Ал үшіншіден, күшті рухани біріктіретін күш − әдет, ғұрыпты насихаттау, Маңғыстау облысы қиыр оңтүстік-батыста орналасқан. Яғни Өскемен-Павлодар өңірлеріне географиялық тұрғыдан қарсы жатыр. Сонымен қатар бұл қарсы полюстікке үлкен өмірлік мән беруге болатын сияқты. Маңғыстау үлкен қазақ қауымынан едәуір ерекше. Ұзақ тарихы бар, оны күнделікті өмірден көріп те жүрміз. Қазақстанда «қазақ факторын» күшейтуге мүмкіндік жасай алатын аймақтан үміткердің бірі – осы Маңғыстау.
 
Түбек өңірінде 170 мыңдай қазақ тұрады, ол облыс халқының 52 проценті. Қазақтар бүкіл аймақты түгел қоныстанып, тек Ақтау қаласында ғана азшылық болып (26 проценті) отыр. Қазіргі республика үкіметінің жүргізіп отырған саясаты өмірдің объективтік жағдайына байланысты бірден-бір дұрыс саясат. Қазақ ұлтының өз елінде азшылық болуы Грузия не Өзбекстан сияқты республика көлемінде айқын, батыл және тез ұлттық қайта өрлеу саясатын жүргізуіне кедергі болып отыр. Сондықтан да ұлттық дамудың шараларын облыстар, негізінен қазақы облыстар көлемінде «сынақтан» өткізгені жөн болар еді. Ал сол «сынақ полигоны» бола алатын өлкенің бірі − Маңғыстау.
 
...Маңғыстау өлкесін, Ақтау қаласын ұлттық немесе аймақтық көлемдегі ұлттық-мәдени орталыққа айналдырудың жолдары жеткілікті. Ең алдымен, көші-қонды реттеу керек, екіншіден, кедергі Маңғыстаудың болашақ еркін экономикалық аймақ ретінде жобаланып отырғандығын ескере отырып, осында «жоғарғы технология зонасын» (электроника, технология) ұйымдастыру. Оған Ақтау қаласының ғылыми-техникалық және интеллектуалдық потенциалын пайдалануға мүмкіндігі бар. Соның бірі − Ақтауда жаңа үлгіде ұлттық не аймақтық университет ашу. Оңтүстік Батыс Қазақстан, Қарақалпақ, Түрікменстан регионында 1 миллиондай қазақ тұрады, бірде-бір жөнді оқу орны жоқ, ал өлке таланттары не ауылда «көміліп», не астана «орыстарының» арасына сіңіп кетіп жатыр. Егер осындай оқу орны ашыла қалса, өмірдің сан қилы саласы − электроника, мұнай, газ химия, экология, қазақ тілі, шет тілі, мал шаруашылығы мен ветеринария, шөлейттегі егіншілік, су мәселесі, энергетика, теңіз және балық, медицина, атомшылар т.б. ұлттық маманмен толығар еді-ау деген үмітте жоқ емес. Мәселен, мұнай өнеркәсібі мамандарын, мал мамандарын, су мамандарын тек Алматыда даярлау жөн емес. Ескіні өзгертуден гөрі, жаңадан салу оңай екендігі айқын, жаңа университетте соңғы курстарында тек шет тілінде (ағылшын, француз) оқытса, ал оған дейін қазақ тілінде тәлім берсе, құба-құп. Ең алдымен осылардың оқытушылары мен мамандары үшін тұрғын үй қоры жасалынса, нұр үстіне нұр.
 
Осы бағыттағы екінші маңызды шара – облыста баспа жұмысын дамыту. Өйткені астанадағы баспалар халық сұранысын қамтамасыз ете алмайды. Егер әрбір облыста осындай баспалар көп болса (қағаздың қымбатшылығына қарамастан), қазақ тілінде әртүрлі бағытта, әр саланы қамтитын кітаптар, журналдар көп болған болар еді. Ал бұл − қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтеді деген сөз. Қазіргі кезде қазақтар өз тіліндегі газет-журналдардан гөрі орыс тіліндегі баспасөзге көбірек жазылады. Ана тіліндегі басылымдардың тиражын көбейтуге арналған істер тек ұлтты намысқа шақырумен шектелмегені жөн.
Алдымен өз сапасын арттырғаны дұрыс. Облыстық газеттерді кейбір мекемелік не аудандық газет есебінен аймақтық дәрежеге көтеру керек деп ойлаймын.
 
Жалпы, қорыта келгенде айтарымыз − халықты қалпына келтіру тек өткенді, әдет-ғұрыпты қалпына келтірумен, сондай-ақ әлгі айтылғандармен шектеліп қалмайды, ол өмірдің сан қилы саласын қамтиды. Бірақ та ең алдымен осыларды жүзеге асыратын − адам, ол адам өзгермейінше, іс түкке де аспайды. Сондықтан Маңғыстау болашақта дамыған экономикалық аймақ бола ма, әлде болашақ Орта Азия, Кавказ (Иран, Әзірбайжан, Дағыстан, Түрікмения) елдеріне жол ашар қазақ қақпасы бола ма немесе туризмнің «Меккесі» бола ма, кім білсін, ол тек біздер өзгергенде ғана іске аспақ.
 
«Маңғыстау» газеті, 1992 жыл, 28 наурыз
 

Ұқсас материалдар