Қандастар Ассамблея

Көркемтай (әңгіме)

08.12.2012 15861
Көркемтайдың шын аты — Көркемәлі кішкентай кезінде де балалармен ойнағанда тілі келмеген балалар « Көркемтай» деуші' еді. Шешесі де еркелетіп сүйгенде: «Көкемайым — Көркемтайым» деп әдеттеніп, содан «Көркемтай» атанып кеткен. Үлкен-кіші бәрі де Көркемтай дейді. Кейбіреулер шын аты Көркемәлі екенін де білмейді. Бөтен жұрт түгіл Көркемтайдың өзі де шын аты Көркемәлі екендігін бері келе білген. Оған дәлел: кішкене кезінде «Көркемәлі» деп атын атағанда жатсынып, «Көркемтай» десе, жалт қарайтын. Көркемтайдың әкесі ерте өлген. Оны асырап-тәрбиелеп отырған шешесі, байы өлген соң, баласы үшін бір жақын әмеңгеріне тиіп, орнын күтіп отырып қалып еді. Тиген әмеңгері Ысқақ деген кісі, мейірімсіз қатты адам болғандықтан, тек мен саған бай болдым деп қоқақтағаннан басқа қылар жақсылығы болмады. Жалғыз баласы болған соң, Көркемтайды шешесі жақсы тәрбиелеп қатарынан кем қылмай өсірді. Шешесінің аркасында Көркемтай жетімдіктің не екенін де білген жоқ. Бірақ бері келе бұрынғы малы тапшылана бастады. Тиген байы Ысқақ, мен сені асырап күтіп отырмын деп, азғана малынын, пұшпағынан тартып оған-бұған жұмсаумен құртуға айналды. Тіпті берірек келген соң тайынан мініп Көркемтайдың үйреткен көкбестісі мен бір екі бұзаулы сиыры ғана қалды. Сөйтсе де шешесі Көркемтайды жетімсіретпеді. Ысқақпен ұрысса да, таласса да, әйтеуір баласын жақтап қорғаумен болды. Өзін қазақша оқуға берді. Көркемтайдың өзіне де ақыл кіре бастап, жасы 11-12 ге жеткен кезде, бір түрлі жақсы қалыппен өсті. Қасындағы ағайын көршілерінің балалары Көркемтайдың жақсы жүргендігін күндеп кере алмайтын. Көркемтай үйіне барса, Ысқақтық үйінің ішімен жабыла ұрсып әлденемелер айтып, баланын. тауын шағып жіберетін: — Сен, жалмауыз обыр, әкеңді жұтып, енді қарайған малыңды жұттың. Бүкіл бір үйдің малы сенің киімің мен тамағыңнан артылмайды. Шешен. мен екеуің әкеңнің дүниесін құрттыңдар,— деп балағаттап, Көркемтайды жылатып жіберетін. Оны шешесі есіткенде, Ысқақтың үйімен ұрсып: — Менің жалғызымда нелерің бар!— деп, баласы үшін әлденеше рет таяқ жеп, басы жарылған күндер де болған. Осы хақында тиген әмеңгері Ысқақтың үйімен тіпті араз болды. Бұрынғыдай да емес, араларында қатынастары үзіліп, енді Ысқақтікімен араласулы да қойды. Үстіп жүргенде, бір күні Көркемтай Ысқақтың үйінен тағы да жылап келді. Бұрынғысындай да емес, көрген жәбірлігін айтып жылағанда, шешесі орнында отыра алмады. Баласымен қоса жылады. Баласын алдандырып отырып, шешесі нешетүрлі ойға кетті. — Қарағым!.. Жалғызым!.. Менің арқамда жетімдіктің не екенін білмеуші ең. Әкеңнің тастап кеткен тұяғы ғой деп жанымнан артық көріп, ешкімнің баласынан кем қылғаным жоқ еді, ағайының біздің өстіп отырғанымызды көре алмайды. Жетім бала, жесір қатын болып, ешкімге міндетімізді артқанымыз жоқ, қайдан білейін, қарағым, малдың тұқымы бітіп барады, тек сенің бақытықа мен тірі болсам жарар еді. Қарағым... жаным...жалғызым...— деп сөзінің аяғын бітіре алмай өксіп-өксіп жіберді. Бұрын қандай Ысқақтың үйіне ашуланса да шешесінің мұндай ренішті сөздер айтып жылағанын Көркемтай көрген жоқ еді. Соның үшін де ол өзің бақытты санап жетімдікті білмеуші еді. Нақ осы, сағатта Көркемтайға туғалы білінбеген үлкен қайғының шеті көрініп қалғандай болды. Шешесінің айтқан сөздері оған сондай аянышты көрінді. Келешекте өзіне кездесетін үлкен ауырмалықтарды көтере алмаймын-ау дегендей шешесінің тізесіне басын салып еңкілдеп құлай кетті. * * * Күздікүнгі уақыт. Ел қыстаудың қасына көшіп келіп, азбарлар, қораларын түзеп жатыр. Өткен қыс-жұтқа ұрынып шыққандықтан, шаруаның малдары шағынданған. Биылғы жылы да жылдың ыңғайы тым тәуір емес. Астық тұқымы аз. Тек әр үйдің ауласында үйілген шөптің қарасыны болмаса, егін қарасыны көрінбейді. Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. Маңайында қара-құралар аз болған соң, ауыл бір түрлі көңілсіз. Жым-жырт... Ысқақтық үйі де бүгін ерте тұрып жұмысқа кіріскелі жатыр. Таңертең ертерек қамданыңдар, жұмыс көп деп түнде Ысқақ үй ішінің адамдарына айтып қойған. Сол сөзбен бәрі де күндегіден ерте оянып қыбырласып жатты. Олардың бүгінгі істейтін жұмысы Көркемтайдың азбар қораларының ағашын бұзып үйіне тасып алу еді. Шайларын ішіп, жайланбай-ақ, Ысқақ асықтырып, үйінін ішіндегі жұмысқа жарайтын адамдарын бірін қалдырмай жинап алып, Көркемтайдың ауласына жүре берді. Ысқақтың үйінде биыл түскен келіні Нағима мен төрт-бес балалары ғана қалды. Ысқақтың шешесі жататын керуеттің аяқ жағында ескі-көрпеге оранған, басын бүркеген, домаланып қана біреу жатыр. Онымен ешкімнің жұмысы жоқ. Оны шайға да оятқан жоқ. Ысқақтың келіні Нағима қасына жақындап оятқысы келсе де, Ысқақтардан бата алмай қойып еді. Енді әлгілердің қарасы үзілді-ау деген шамада, Нағима: — Тысқа шығып кел, атамдар кетті,— деп оята бастады. Бала басын көтеріп алды да, әрі-бері қипақтап отырды. Басындағы жаман бешпетін алып қалтасына қолын салып қарау-ақ мұң екен жылап жіберді. Нағима аң-таң қалып, неге жылайсың, Шырақжан, деп сұрап еді, айтпады, жалынып сұраса да айтпады. Онан жаман өксіп-өксіп еңкілдеп жылай берді. Бұл біздің Көркемтай еді. Шешесі өлгелі жылға жақындаған. Сонан бері Ысқақтың қолына кірген соң, жетімдік көріп, балаларынан қаққы жеп, бұрынғы тәрбие, бұрынғы тұрмыстарын өгейсіп шешесін уайымдап жылай беретін еді. Әзін өзі кем тұтып, уайымдаумен өте жүдеп кетті. Күндіз-түні ойлайтыны — шешесі. Бүкіл бір үйлі жанның ішінде Көркемтайдың бауыр басып жақын көретіні жалғыз-ақ Ысқақтың биыл түскен келіні Нағима болды. Тек онда да әлдеқалай шешесін ойынан шығарып жібергенде, анда-санда ғана көңілін жұбатып Нағиманың қасына еріп жүретін. Шешесі ойына түсіп, я бір нәрсеге ренжігенде, ешкімге де көңіл бөлмей күн бойы жылаған күндері болатын. Көркемтайдың Нағимаға бауыр басушылығының себебі Нағиманың өзі біртүрлі жұмсақ жүректі, жылы жүзді, кісіге жақындығы бар әйел еді. Біреудің зорлауымен Ысқақтың баласына тиген. Келгеннен-ақ Көркемтайды өзіне тартып аяушылыққа қалып, еліктіріп алып еді. Оңашада бетінен сүйіп, «жылама, әжеңді көп уайымдай берме, жүдеп кетесің»—деп ақыл айтып қоятын, бүгін де Көркемтайды оятып жұбатып отырғаны сол еді. Бірақ Көркемтайдың қайғысы бүгін бұрынғысының үстіне жамалып, күштірек болған себепті ол жұбанбады. Оның қайғысының күшеюіне үлкен бір себеп бар еді:ң шешесі тірі кезде тайынан мініп үйреткен көкбестісі әлі бар. Сол көкбестісін Ысқақтың үйі жұмысқа жегіп, балаларына мінгізіп дамыл бермей жүдететін болған. Шешесінен қалған, кезіне ыстық көрінген аты болған соң, Көркемтай оны қорғаштап шамасынан келгенше мінгізбеуге тырысып, соңғы кездерде аяғын кісендеп, кілтін өзі қалтасына салып алатын болған. Бүгін өзі ұйқтап жатқанда, қалтасынан кілтін ұрлап алыпты. «Жетім бала кекшіл» деп, өзі бұрын сіркесі су көтермейтін балаға мынау іс тағы да маңдайына соққан таяқтай болып тиген соқ, ықтыярсыз жыламас еркіне болмады. Манағы тұра салысымен қалтасына қолын салып жылағаннан, өзін-өзі тоқтата алмай .отырған себебі де осы еді. Нағима баланы қанша жұбатқысы келсе де, оның қатқан жүрегі жібімеді. Жылап-жылап әбден қаны тасып долданған соң, шыдай алмай киініп далаға шықты. Нағима да артынан ере шығып, шынымен жалынып көзіне жас алып: — Шырақжан-ау, жыламашы,—деп үйге қарай қолынан жетектеп еді, бала көнбеді, онан жаман өршелене берді. Бүкіл денесіндегі мүшелерінің бәрі де қалтырап, дірілдеп, ашуланғандай болып баланың ықтыярын алып кетті. Өзін өзі нендей қалыпта екенін де білмеді. Нақ сол сағатта қораларының, төбесін бұзып жатқан Ысқақ кезіне түсіп, бала не болғанын білмеді. Есалаң, адамша отыра кетті. Нағима шыдай алмай, өте аяғандығынан баланын даусын естімейін деген кісіше кетіп қалды. Әрі-беріден соң бала түрегеліп жан-жағына қарады да, кешегі кісендегі көкбестісі орнында тұрғандай көрініп, қырқаның астындағы шоқ шырпыға қарай жүре берді. Манағы кілтін жоғалтқаны есінен шығып кетті. Барса кісендеген жерінде көкбесті жоқ. Ысқақтың әкеткенін білді. Шырпының арасындағы көдеге баурын төсеп жата қалып тағы жылады. Әбден шаршаған соң, жылауды қойып түрегелді де, ауылдан шақырым жердегі шешесін көмген көк молаға қарай, көзі-басы көкпеңбек болып тәлтіректеп жүріп кетті. Бұдан бұрын да Ысқақтың үйіне ашуланғанда, жылап молаға қарай жүгіретін әдеті еді. Баларақ кезінде мола дегенді бір түрлі қорқынышты нәрсе көріп жүретін Көркемтай, енді басына мынадай іс түскен соң, қорықпақ түгіл тіпті сескенбей, молаға барса алдынан шешесі шыққандай керіп, ентелеп жетіп баратын болды. Бұрын еті үйреніп алған соң, бүл жолы да тоқтамастан кіріп барып, қалық зираттың ішіндегі шешесінің қабірін тауып алып: — Мен мынадай болып келдім! Жетімдік көрдім!— деп, құшақтай жығылды. Көзінің жастары моншақтап домалана берді. Көркемтайдың мұндай бақытсыздыққа ұшырап келгендігін біліп, шешесі қарсы алғандай көрінді. Тірі кезіндегі «қарағым Көркемтай» деген аянышты дауыстары Көркемтайдың құлағына естілгендей болды. Көркемтай құлағын қабірге таяңқырап, не айтар екен, деп тыңдай берді. Көзінің алдында шешесінің келбеті елестеп тұрды. Нақ осы сағатта Көркемтай шешесінің бауырында жатқандай болып, манағы көріп келген қорлығының бәрін де есінен шығарып жіберді. Шешесі барындағы көрген қызықтары, ойнаған ойындары, шешесінің бауырына қысып-қысып сүйгендері Көркемтайдың көзінің алдынан бір-бірлеп өтіп жатты. Көркемтай шешесінің бауырында жатқандағыдай тәтті ұйқыға кетті. Біраз уақыт өткен соң, тұр, қарағым! Ауылға қайта ғой... күн кеш болып кетер дегендей шешесінің даусын есіткен тәрізді болды. Жылы бауырынан суырып әкетіп бара жатқан шешесінің білегін ұстап алғысы келгендей қабірдің, топырағын уыстап алды. Көзін ашса қолында топырақ, өзі қабырдың сыртында. Тұра келгенде, тесігі болса моланың ішіне кіріп кеткендей еді. Жүгіріп зиратты бір айналды. Іштеме жоқ. Тып-тыныш. Тағы қара құн тағы туды. Баяғы бақытсыздық Көркемтайдың жан-жағын тағы қоршап алды. Бір нәрсесін алдырған кісіше аңқиып тұрды-тұрды да, қабірдің қасына тағы отыра кетті. Әрі-бері отырып тағы тұра келді. Бір күйді, бір жанды, ақырында болмас деген оймен сандалақтан зираттың сыртына қарай аяқтады. Тағы да баяғы көкбестісін кісендеген қырқаның астына қарай жүрді. Күн кешке жақын. Біріндеп елге кайтқан малдық арасымен сиырдың соқпағына түсіп келе жатты. Қарсы алдынан бір адам қараң ете қалды. Малдың арасынан еңкейіп қараса, қолында тезек терген қабы бар бір әйел. Көркемтай тұра қалды. Бұл Нағима еді. Көркемтай кешігіп келмеген соң, айдалаға қонып қалып, жазым болар ма екен деген оймен тезек терген болып, кеткен ізімен келе жатыр еді. Баланы көре сала танып қабын тастай жүгірді. Нағиманы таныған Көркемтай да шыдай алмады. Манағы таңертеңгі тілін алмай ренжіп кеткенін есіне алып қарсы жүрді. Нағиманы көрісімен жылап жіберді. Ойына тағы әлденелер түсіп кетті. Нағиманың да көңілі бұзылып: — Жылама, қарағым, көзіңнің жасы ағайынына болсын. Айдалаға сені тентіретіп қойғандығы үшін жазасын тартар,— деп, баланы алдандырып көңілін басып жұбатты. Күн орнына қонып, қара көлеңке түсе бергенде, Көркемтайды қолынан жетектеп таса-таса жермен ауылға алып келді. * * * * Май жұлдызының бас кезі, жердің беті кілемнің түріндей жап-жасыл, таң атып, күн шашырап шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысымен қызарып шығып келе жатқан күннің сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан, жіңішке өзеннің үстінен аппақ көтерілген тұмандар, шықпен буланып маңдайы терлеп темен қарап тұрған талдар, талдың арасынан сылдырап аққан өзеннің суы, анадайдан қарайып көрінген жар-жардың жағасында жағалай елдің қыстауы, кектің жүзі көкпеңбек теңіз секілді. Шөптің басы қимылдарлық жел жоқ. Тып-тыныш. Табиғаттық барлық нәрсеге ықлас кезбен, күліп қарап тұрған күні еді. Тоғайдың арасында созып-созып шақырған көкек құсының мұңды даусы. Шырылдап ұшқан бозторғайлар, кекте жүріп анда-санда тррууу... деп, айқайлаған ұзын сыйрақ тырналар, басқа құстардың да сайрағандары, тоғайдың іші ың-жың... Осының бәрі көлденең қараушыға үлкен ой түсіріп, жаратылыстың көркемдігі әрнәрсеге байлаулы екендігін көрсеткендей еді. Сәске түс болды. Жан-жануардың бәрі орнынан тұрып күндегі қызметтеріне тарай бастады. Қыстан қалған халықтың азғана малы бет-бетімен бытырап әр жерден бөлек-бөлек болып қырға қарай аяқ басты. Жүдеп шыққан көтерем арық-тұрақтар да шұбатылып мал соңынан ере алмаған соң қыстаудың арасынан ұзай алмай жүр. Аузына көк тиген соң, көтеріліп кетермін-ау, деген ойлары бар. Жан-жануар, адамзат — бәрі де жаратылыстық жақсылығына зар. Жалғыз-ақ біреу бар. Ол жаратылысқа разы емес. Жаратылыс оған разы емес. Екеуі бір біріне қырын қарайды. Бірін бірі сүймейді. Жаратылыстың жоғарғы айтылған неше түрлі көркем суреттері бүгінгі таңның жан-жануарға беріп тұрған мейрамы бәрі онан аулақ. Ол мұның бәрінен хабарсыз саңырау. Қара жерді жасартып, қара тасты жібіткен жаратылыстың күші қандай болса да, оның беріш қатқан кепкен жүрегін жібіте алмайды да, жасарта алмайды. Тек оның жаратылыстан алған еншісі кек моланың, бір бұрышы. Оған таңның атқаны, күннің батқаны, бүгінгі таңның әсері оның, ойына да кіріп шыққан жоқ. Оның ендігі күткені келешекте бақытты кісі болам деп өмірінің гүлін көксеу емес. Қандай бақытсыздық қиыншылық болады? Қашан, қай жерде өліп сүйегі қалады? Сол ғана, өлсе де, тірілсе де кек моланы тастағысы келмейді. Бүгін де осы көк молаға қонып шыққан. Ол кім? Ол, осы қыста жүдеп шыққан көтермені бірі Көркемтай еді. Қыбырлаған жанның бәрі жаратылыс деңізіне жүзіп Жүргенде, біздің Көркемтай бүк түсіп көк моланың бір бұрышында жата берді. Оның барып халын біліп, көңілін жұбататын адам жоқ. Ол жалғыз, ол бақытсыз, ол қорғансыз, оған ешкімнің де жаны ашымайды. Аянышпен бе, әлде қуанышпен бе, білмеймін, Көркемтайдың қасында үймелеп жүрген жолдастары да бар еді. Олар мыналар: жауыр аттың аркасын шұқып жарасын қанатып дәндеген, қойдың жабағысын жұлып ұяға салған, моланың ішіндегі қарғалар, құзғындар, әбден ықтыярына көнген соң, маңайынан кетпейді. Анадайдан өткір көзімен қарап құйрығын қимылдатып, аштық жылы аштан өліп қалған адамдардың етін жеп дәндеген байғұтандар отыр. Анда-санда тырқыратып қарға құзғындар бір қуып тастайды. Бұл болып жатқан тойдан мүше дәме еткендей қан төбеде қалықтап қарақұс та жүр. Барлығы Көркемтайдың тойына жиналғандай моланың, бір бұрышы у-шу құзғын қарғалар. Көркемтайдың мұндай халдерге ұшырап жатқандығының ең зор себебі жетімдік. Шешесі өліп Ысқақтікіне кіргеннен бері жан адамға елікпей, көңіліне жақпас бір сөз естісе молаға қарай жүгіретіндігі жоғарыда айтылып өтті. Шешесінің қайғысынан ба? Әлде жеке үйренгендіктен бе біреуін адам екен деп көзге алмады. Енді бері келе, бала мұндай болған соқ, Ысқақтікі тіпті оған жақсылық қылуды қойды. Сынықтан сылтау таба алмай жүрген үйдің іші, Көркемтайдың ерлігін не қылсын? Қайта анаң жаман не болса'ол болсын деп еркіне қоя берді. Жалғыз-ақ Көркемтайдың бауыр басқаны жоғарғы айтылған Нағима еді. Мұның сорына о да болса ол үйде тұра алмады. Ысқақтың баласы жаман, оның, үстіне Ысқақтікі құн көрсетпейтін болған соң, көңілі сүйген біреумен кетіп қалды. Нағима кеткен соқ, баланың халі тіпті жаманға айналды. Ашуланғанда көңілін басып жұбатып алдандыратын еді. Енді ашуланбақ түгіл, отқа түсіп кетсе де оның алдынан шығар жан жоқ. Бүгінгі аянышты халдерінің себебі осы Нағиманың жоқтығы еді. Нағима кеткеннің артынан Көркемтайдың қайғысы бұрынғысының үстіне екі есе болып жамалды, бұрынғыдан да жаман қияли болды. Күн-түн демей беті ауған жаққа кетіп қалған күндері болды. Қыстық қақап тұрған аязды кештерінде талай рет ауыл адамдары далада қаңғып жүргеннен алып келіп үйіне қондырып жіберіп жүрді. Кейде жұмсақ көңілді біреулері Ысқақтың үйіне ұрысып тапсырып кетуші еді. Сондағы Көркемтайдың көз алдынан елестеп шықпайтын — шешесі. Көк моланың іші осындай ауыртпалықтар басынан кешкен соң, осы қыстан Көркемтайдың, күр сүлдесі ғана шықты. Әрі бір жағынан қайғы үстіне қайғы жамалып, екінші жағынан талай суықтарға ұрынғаннан ауруға шалынып, ішінен жеген құрт аурудай күр сүйегі қалған, сондықтан ол езінің жаратылыстың, бір мүшесі екендігін де ұмытып, дүниеден қол көтерген. Бүгінгі атқан май айының ақ таңының оған эсер бермей, табиғаттың, жылы суреттерінің онымен араз болып тұрғаны да осы. Көк моланың бұрышына келіп жатқалы бір күнге жақындап келеді. Артынан іздеп келген жан жоқ. Іші, бауыры қатып, әбден әлі бітіп, қалжыраған соң, бүк түсіп қана жатыр еді. Бүгінгі атқан таң Көркемтайдың ақтық таны екендігін, бүгінгі күн ақтық өмірінің тыянағы екендігін оның қасындағы өлімтігін андып отырған жолдастары дәлелдейді. Әм Көркемтайдың өзі де жақындағы ақтық өмірінің белгісін көзімен көріп, ақырғы дем алысын ғана күтіп жата берді. Көз алдында елестеген өлім, келе ғой, қарағым, деп шақырған шешесінің даусы. «Қош, қарағым Шырақжан», деген Нағима даусы, тағы ағылар — осының бәрі Көркемтайдың көз алдында. Күн түстен ауып, кешке жақындады. Көркемтайдың халі тіптен төмен дәрежеге жетті. Ең ақырғы дем алысқа жақындаған кезде шаршаған нұрсыз көздерінің шарасын ақырын ғана әлсіз түрмен ашып алды да жарыққа бір қарады. Үймелеп маңайында жүрген қарғалар, ана жерде шоқып отырған байғұтан қақ маңдайының, алдында тұрған ай, қызарып батып бара жатқан күн, осының бәрі Көркемтайға қаһарлы көзбен қарап тұрғандай болды. Жер дүниенің бәрі қап-қараңғы болып кетіп, оны жаратпағандай болды. Жаратылыстан көңілі қайтып, Көркемтай басын бұрып, көзін жұма берді. Ернін қыбырлатып: — Сен мені жаратпасаң, мен сенен де бездім,— дегендей болды. Ақтығында жас өмірінің қызығын көре алмай, жаратылыстық қаһарына кәне алмай, жана тұрмыстың гүлін, жемісін ора алмай, қорғансыз, бақытсыз, жоқтаусыз өскен Көркемтай айдаладағы көк моланың бір бұрышында қызарып-батқан күнмен бірге ақтық дем алысын бітіріп қайтпас сапарға кетті. Талайлардың; түбіне жетіп, көкейін кескен рақымсыз уын жас ағаштай тамырланып келе жатқан есіл жасқа да жіберіп, жауыз өлім көңілін тындырды. Қош, арманда кеткен Көркемтай! Кеңес өкіметі тамыр жайып таралып келе жатқанда, енді мұнан былай сен секілді жетімдерге көзін салар. Оларды жоқтаусыз тастамас, жылатпас!

Көркемтайдың шын аты — Көркемәлі кішкентай кезінде де балалармен ойнағанда тілі келмеген балалар « Көркемтай» деуші' еді.

Шешесі де еркелетіп сүйгенде: «Көкемайым — Көркемтайым» деп әдеттеніп, содан «Көркемтай» атанып кеткен. Үлкен-кіші бәрі де Көркемтай дейді. Кейбіреулер шын аты Көркемәлі екенін де білмейді. Бөтен жұрт түгіл Көркемтайдың өзі де шын аты Көркемәлі екендігін бері келе білген. Оған дәлел: кішкене кезінде «Көркемәлі» деп атын атағанда жатсынып, «Көркемтай» десе, жалт қарайтын.

Көркемтайдың әкесі ерте өлген. Оны асырап-тәрбиелеп отырған шешесі, байы өлген соң, баласы үшін бір жақын әмеңгеріне тиіп, орнын күтіп отырып қалып еді. Тиген әмеңгері Ысқақ деген кісі, мейірімсіз қатты адам болғандықтан, тек мен саған бай болдым деп қоқақтағаннан басқа қылар жақсылығы болмады.

Жалғыз баласы болған соң, Көркемтайды шешесі жақсы тәрбиелеп қатарынан кем қылмай өсірді. Шешесінің аркасында Көркемтай жетімдіктің не екенін де білген жоқ. Бірақ бері келе бұрынғы малы тапшылана бастады. Тиген байы Ысқақ, мен сені асырап күтіп отырмын деп, азғана малынын, пұшпағынан тартып оған-бұған жұмсаумен құртуға айналды. Тіпті берірек келген соң тайынан мініп Көркемтайдың үйреткен көкбестісі мен бір екі бұзаулы сиыры ғана қалды. Сөйтсе де шешесі Көркемтайды жетімсіретпеді. Ысқақпен ұрысса да, таласса да, әйтеуір баласын жақтап қорғаумен болды. Өзін қазақша оқуға берді. Көркемтайдың өзіне де ақыл кіре бастап, жасы 11-12 ге жеткен кезде, бір түрлі жақсы қалыппен өсті. Қасындағы ағайын көршілерінің балалары Көркемтайдың жақсы жүргендігін күндеп кере алмайтын. Көркемтай үйіне барса, Ысқақтық үйінің ішімен жабыла ұрсып әлденемелер айтып, баланын. тауын шағып жіберетін:

— Сен, жалмауыз обыр, әкеңді жұтып, енді қарайған малыңды жұттың. Бүкіл бір үйдің малы сенің киімің мен тамағыңнан артылмайды. Шешен. мен екеуің әкеңнің дүниесін құрттыңдар,— деп балағаттап, Көркемтайды жылатып жіберетін. Оны шешесі есіткенде, Ысқақтың үйімен ұрсып:

— Менің жалғызымда нелерің бар!— деп, баласы үшін әлденеше рет таяқ жеп, басы жарылған күндер де болған.

Осы хақында тиген әмеңгері Ысқақтың үйімен тіпті араз болды. Бұрынғыдай да емес, араларында қатынастары үзіліп, енді Ысқақтікімен араласулы да қойды.

Үстіп жүргенде, бір күні Көркемтай Ысқақтың үйінен тағы да жылап келді. Бұрынғысындай да емес, көрген жәбірлігін айтып жылағанда, шешесі орнында отыра алмады. Баласымен қоса жылады. Баласын алдандырып отырып, шешесі нешетүрлі ойға кетті.

— Қарағым!.. Жалғызым!.. Менің арқамда жетімдіктің не екенін білмеуші ең. Әкеңнің тастап кеткен тұяғы ғой деп жанымнан артық көріп, ешкімнің баласынан кем қылғаным жоқ еді, ағайының біздің өстіп отырғанымызды көре алмайды. Жетім бала, жесір қатын болып, ешкімге міндетімізді артқанымыз жоқ, қайдан білейін, қарағым, малдың тұқымы бітіп барады, тек сенің бақытықа мен тірі болсам жарар еді. Қарағым... жаным...жалғызым...— деп сөзінің аяғын бітіре алмай өксіп-өксіп жіберді.

Бұрын қандай Ысқақтың үйіне ашуланса да шешесінің мұндай ренішті сөздер айтып жылағанын Көркемтай көрген жоқ еді. Соның үшін де ол өзің бақытты санап жетімдікті білмеуші еді. Нақ осы, сағатта Көркемтайға туғалы білінбеген үлкен қайғының шеті көрініп қалғандай болды. Шешесінің айтқан сөздері оған сондай аянышты көрінді. Келешекте өзіне кездесетін үлкен ауырмалықтарды көтере алмаймын-ау дегендей шешесінің тізесіне басын салып еңкілдеп құлай кетті.

* * *

Күздікүнгі уақыт. Ел қыстаудың қасына көшіп келіп, азбарлар, қораларын түзеп жатыр. Өткен қыс-жұтқа ұрынып шыққандықтан, шаруаның малдары шағынданған.

Биылғы жылы да жылдың ыңғайы тым тәуір емес. Астық тұқымы аз. Тек әр үйдің ауласында үйілген шөптің қарасыны болмаса, егін қарасыны көрінбейді. Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. Маңайында қара-құралар аз болған соң, ауыл бір түрлі көңілсіз. Жым-жырт...

Ысқақтық үйі де бүгін ерте тұрып жұмысқа кіріскелі жатыр. Таңертең ертерек қамданыңдар, жұмыс көп деп түнде Ысқақ үй ішінің адамдарына айтып қойған. Сол сөзбен бәрі де күндегіден ерте оянып қыбырласып жатты. Олардың бүгінгі істейтін жұмысы Көркемтайдың азбар қораларының ағашын бұзып үйіне тасып алу еді. Шайларын ішіп, жайланбай-ақ, Ысқақ асықтырып, үйінін ішіндегі жұмысқа жарайтын адамдарын бірін қалдырмай жинап алып, Көркемтайдың ауласына жүре берді. Ысқақтың үйінде биыл түскен келіні Нағима мен төрт-бес балалары ғана қалды.

Ысқақтың шешесі жататын керуеттің аяқ жағында ескі-көрпеге оранған, басын бүркеген, домаланып қана біреу жатыр. Онымен ешкімнің жұмысы жоқ. Оны шайға да оятқан жоқ. Ысқақтың келіні Нағима қасына жақындап оятқысы келсе де, Ысқақтардан бата алмай қойып еді. Енді әлгілердің қарасы үзілді-ау деген шамада, Нағима:

— Тысқа шығып кел, атамдар кетті,— деп оята бастады. Бала басын көтеріп алды да, әрі-бері қипақтап отырды. Басындағы жаман бешпетін алып қалтасына қолын салып қарау-ақ мұң екен жылап жіберді. Нағима аң-таң қалып, неге жылайсың, Шырақжан, деп сұрап еді, айтпады, жалынып сұраса да айтпады. Онан жаман өксіп-өксіп еңкілдеп жылай берді.

Бұл біздің Көркемтай еді. Шешесі өлгелі жылға жақындаған. Сонан бері Ысқақтың қолына кірген соң, жетімдік көріп, балаларынан қаққы жеп, бұрынғы тәрбие, бұрынғы тұрмыстарын өгейсіп шешесін уайымдап жылай беретін еді. Әзін өзі кем тұтып, уайымдаумен өте жүдеп кетті. Күндіз-түні ойлайтыны — шешесі.

Бүкіл бір үйлі жанның ішінде Көркемтайдың бауыр басып жақын көретіні жалғыз-ақ Ысқақтың биыл түскен келіні Нағима болды. Тек онда да әлдеқалай шешесін ойынан шығарып жібергенде, анда-санда ғана көңілін жұбатып Нағиманың қасына еріп жүретін. Шешесі ойына түсіп, я бір нәрсеге ренжігенде, ешкімге де көңіл бөлмей күн бойы жылаған күндері болатын.

Көркемтайдың Нағимаға бауыр басушылығының себебі Нағиманың өзі біртүрлі жұмсақ жүректі, жылы жүзді, кісіге жақындығы бар әйел еді. Біреудің зорлауымен Ысқақтың баласына тиген. Келгеннен-ақ Көркемтайды өзіне тартып аяушылыққа қалып, еліктіріп алып еді. Оңашада бетінен сүйіп, «жылама, әжеңді көп уайымдай берме, жүдеп кетесің»—деп ақыл айтып қоятын, бүгін де Көркемтайды оятып жұбатып отырғаны сол еді.

Бірақ Көркемтайдың қайғысы бүгін бұрынғысының үстіне жамалып, күштірек болған себепті ол жұбанбады. Оның қайғысының күшеюіне үлкен бір себеп бар еді:ң шешесі тірі кезде тайынан мініп үйреткен көкбестісі әлі бар. Сол көкбестісін Ысқақтың үйі жұмысқа жегіп, балаларына мінгізіп дамыл бермей жүдететін болған. Шешесінен қалған, кезіне ыстық көрінген аты болған соң, Көркемтай оны қорғаштап шамасынан келгенше мінгізбеуге тырысып, соңғы кездерде аяғын кісендеп, кілтін өзі қалтасына салып алатын болған. Бүгін өзі ұйқтап жатқанда, қалтасынан кілтін ұрлап алыпты. «Жетім бала кекшіл» деп, өзі бұрын сіркесі су көтермейтін балаға мынау іс тағы да маңдайына соққан таяқтай болып тиген соқ, ықтыярсыз жыламас еркіне болмады. Манағы тұра салысымен қалтасына қолын салып жылағаннан, өзін-өзі тоқтата алмай .отырған себебі де осы еді.

Нағима баланы қанша жұбатқысы келсе де, оның қатқан жүрегі жібімеді. Жылап-жылап әбден қаны тасып долданған соң, шыдай алмай киініп далаға шықты. Нағима да артынан ере шығып, шынымен жалынып көзіне жас алып:

— Шырақжан-ау, жыламашы,—деп үйге қарай қолынан жетектеп еді, бала көнбеді, онан жаман өршелене берді. Бүкіл денесіндегі мүшелерінің бәрі де қалтырап, дірілдеп, ашуланғандай болып баланың ықтыярын алып кетті. Өзін өзі нендей қалыпта екенін де білмеді.

Нақ сол сағатта қораларының, төбесін бұзып жатқан Ысқақ кезіне түсіп, бала не болғанын білмеді. Есалаң, адамша отыра кетті.

Нағима шыдай алмай, өте аяғандығынан баланын даусын естімейін деген кісіше кетіп қалды. Әрі-беріден соң бала түрегеліп жан-жағына қарады да, кешегі кісендегі көкбестісі орнында тұрғандай көрініп, қырқаның астындағы шоқ шырпыға қарай жүре берді. Манағы кілтін жоғалтқаны есінен шығып кетті. Барса кісендеген жерінде көкбесті жоқ. Ысқақтың әкеткенін білді. Шырпының арасындағы көдеге баурын төсеп жата қалып тағы жылады.

Әбден шаршаған соң, жылауды қойып түрегелді де, ауылдан шақырым жердегі шешесін көмген көк молаға қарай, көзі-басы көкпеңбек болып тәлтіректеп жүріп кетті.

Бұдан бұрын да Ысқақтың үйіне ашуланғанда, жылап молаға қарай жүгіретін әдеті еді. Баларақ кезінде мола дегенді бір түрлі қорқынышты нәрсе көріп жүретін Көркемтай, енді басына мынадай іс түскен соң, қорықпақ түгіл тіпті сескенбей, молаға барса алдынан шешесі шыққандай керіп, ентелеп жетіп баратын болды. Бұрын еті үйреніп алған соң, бүл жолы да тоқтамастан кіріп барып, қалық зираттың ішіндегі шешесінің қабірін тауып алып:

— Мен мынадай болып келдім! Жетімдік көрдім!— деп, құшақтай жығылды. Көзінің жастары моншақтап домалана берді. Көркемтайдың мұндай бақытсыздыққа ұшырап келгендігін біліп, шешесі қарсы алғандай көрінді. Тірі кезіндегі «қарағым Көркемтай» деген аянышты дауыстары Көркемтайдың құлағына естілгендей болды. Көркемтай құлағын қабірге таяңқырап, не айтар екен, деп тыңдай берді. Көзінің алдында шешесінің келбеті елестеп тұрды. Нақ осы сағатта Көркемтай шешесінің бауырында жатқандай болып, манағы көріп келген қорлығының бәрін де есінен шығарып жіберді.

Шешесі барындағы көрген қызықтары, ойнаған ойындары, шешесінің бауырына қысып-қысып сүйгендері Көркемтайдың көзінің алдынан бір-бірлеп өтіп жатты.

Көркемтай шешесінің бауырында жатқандағыдай тәтті ұйқыға кетті. Біраз уақыт өткен соң, тұр, қарағым! Ауылға қайта ғой... күн кеш болып кетер дегендей шешесінің даусын есіткен тәрізді болды. Жылы бауырынан суырып әкетіп бара жатқан шешесінің білегін ұстап алғысы келгендей қабірдің, топырағын уыстап алды. Көзін ашса қолында топырақ, өзі қабырдың сыртында. Тұра келгенде, тесігі болса моланың ішіне кіріп кеткендей еді. Жүгіріп зиратты бір айналды. Іштеме жоқ. Тып-тыныш.

Тағы қара құн тағы туды. Баяғы бақытсыздық Көркемтайдың жан-жағын тағы қоршап алды. Бір нәрсесін алдырған кісіше аңқиып тұрды-тұрды да, қабірдің қасына тағы отыра кетті. Әрі-бері отырып тағы тұра келді. Бір күйді, бір жанды, ақырында болмас деген оймен сандалақтан зираттың сыртына қарай аяқтады. Тағы да баяғы көкбестісін кісендеген қырқаның астына қарай жүрді.

Күн кешке жақын. Біріндеп елге кайтқан малдық арасымен сиырдың соқпағына түсіп келе жатты.

Қарсы алдынан бір адам қараң ете қалды. Малдың арасынан еңкейіп қараса, қолында тезек терген қабы бар бір әйел. Көркемтай тұра қалды. Бұл Нағима еді.

Көркемтай кешігіп келмеген соң, айдалаға қонып қалып, жазым болар ма екен деген оймен тезек терген болып, кеткен ізімен келе жатыр еді. Баланы көре сала танып қабын тастай жүгірді. Нағиманы таныған Көркемтай да шыдай алмады. Манағы таңертеңгі тілін алмай ренжіп кеткенін есіне алып қарсы жүрді. Нағиманы көрісімен жылап жіберді. Ойына тағы әлденелер түсіп кетті.

Нағиманың да көңілі бұзылып:

— Жылама, қарағым, көзіңнің жасы ағайынына болсын. Айдалаға сені тентіретіп қойғандығы үшін жазасын тартар,— деп, баланы алдандырып көңілін басып жұбатты.

Күн орнына қонып, қара көлеңке түсе бергенде, Көркемтайды қолынан жетектеп таса-таса жермен ауылға алып келді.

* * * *

Май жұлдызының бас кезі, жердің беті кілемнің түріндей жап-жасыл, таң атып, күн шашырап шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысымен қызарып шығып келе жатқан күннің сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан, жіңішке өзеннің үстінен аппақ көтерілген тұмандар, шықпен буланып маңдайы терлеп темен қарап тұрған талдар, талдың арасынан сылдырап аққан өзеннің суы, анадайдан қарайып көрінген жар-жардың жағасында жағалай елдің қыстауы, кектің жүзі көкпеңбек теңіз секілді. Шөптің басы қимылдарлық жел жоқ. Тып-тыныш. Табиғаттық барлық нәрсеге ықлас кезбен, күліп қарап тұрған күні еді. Тоғайдың арасында созып-созып шақырған көкек құсының мұңды даусы. Шырылдап ұшқан бозторғайлар, кекте жүріп анда-санда тррууу... деп, айқайлаған ұзын сыйрақ тырналар, басқа құстардың да сайрағандары, тоғайдың іші ың-жың...

Осының бәрі көлденең қараушыға үлкен ой түсіріп, жаратылыстың көркемдігі әрнәрсеге байлаулы екендігін көрсеткендей еді.

Сәске түс болды. Жан-жануардың бәрі орнынан тұрып күндегі қызметтеріне тарай бастады. Қыстан қалған халықтың азғана малы бет-бетімен бытырап әр жерден бөлек-бөлек болып қырға қарай аяқ басты. Жүдеп шыққан көтерем арық-тұрақтар да шұбатылып мал соңынан ере алмаған соң қыстаудың арасынан ұзай алмай жүр. Аузына көк тиген соң, көтеріліп кетермін-ау, деген ойлары бар. Жан-жануар, адамзат — бәрі де жаратылыстық жақсылығына зар.

Жалғыз-ақ біреу бар. Ол жаратылысқа разы емес. Жаратылыс оған разы емес. Екеуі бір біріне қырын қарайды. Бірін бірі сүймейді. Жаратылыстың жоғарғы айтылған неше түрлі көркем суреттері бүгінгі таңның жан-жануарға беріп тұрған мейрамы бәрі онан аулақ. Ол мұның бәрінен хабарсыз саңырау. Қара жерді жасартып, қара тасты жібіткен жаратылыстың күші қандай болса да, оның беріш қатқан кепкен жүрегін жібіте алмайды да, жасарта алмайды. Тек оның жаратылыстан алған еншісі кек моланың, бір бұрышы. Оған таңның атқаны, күннің батқаны, бүгінгі таңның әсері оның, ойына да кіріп шыққан жоқ.

Оның ендігі күткені келешекте бақытты кісі болам деп өмірінің гүлін көксеу емес. Қандай бақытсыздық қиыншылық болады? Қашан, қай жерде өліп сүйегі қалады? Сол ғана, өлсе де, тірілсе де кек моланы тастағысы келмейді. Бүгін де осы көк молаға қонып шыққан.

Ол кім? Ол, осы қыста жүдеп шыққан көтермені бірі Көркемтай еді.

Қыбырлаған жанның бәрі жаратылыс деңізіне жүзіп Жүргенде, біздің Көркемтай бүк түсіп көк моланың бір бұрышында жата берді. Оның барып халын біліп, көңілін жұбататын адам жоқ. Ол жалғыз, ол бақытсыз, ол қорғансыз, оған ешкімнің де жаны ашымайды. Аянышпен бе, әлде қуанышпен бе, білмеймін, Көркемтайдың қасында үймелеп жүрген жолдастары да бар еді. Олар мыналар: жауыр аттың аркасын шұқып жарасын қанатып дәндеген, қойдың жабағысын жұлып ұяға салған, моланың ішіндегі қарғалар, құзғындар, әбден ықтыярына көнген соң, маңайынан кетпейді. Анадайдан өткір көзімен қарап құйрығын қимылдатып, аштық жылы аштан өліп қалған адамдардың етін жеп дәндеген байғұтандар отыр. Анда-санда тырқыратып қарға құзғындар бір қуып тастайды. Бұл болып жатқан тойдан мүше дәме еткендей қан төбеде қалықтап қарақұс та жүр. Барлығы Көркемтайдың тойына жиналғандай моланың, бір бұрышы у-шу құзғын қарғалар.

Көркемтайдың мұндай халдерге ұшырап жатқандығының ең зор себебі жетімдік. Шешесі өліп Ысқақтікіне кіргеннен бері жан адамға елікпей, көңіліне жақпас бір сөз естісе молаға қарай жүгіретіндігі жоғарыда айтылып өтті. Шешесінің қайғысынан ба? Әлде жеке үйренгендіктен бе біреуін адам екен деп көзге алмады. Енді бері келе, бала мұндай болған соқ, Ысқақтікі тіпті оған жақсылық қылуды қойды. Сынықтан сылтау таба алмай жүрген үйдің іші, Көркемтайдың ерлігін не қылсын? Қайта анаң жаман не болса'ол болсын деп еркіне қоя берді.

Жалғыз-ақ Көркемтайдың бауыр басқаны жоғарғы айтылған Нағима еді. Мұның сорына о да болса ол үйде тұра алмады.

Ысқақтың баласы жаман, оның, үстіне Ысқақтікі құн көрсетпейтін болған соң, көңілі сүйген біреумен кетіп қалды. Нағима кеткен соқ, баланың халі тіпті жаманға айналды. Ашуланғанда көңілін басып жұбатып алдандыратын еді. Енді ашуланбақ түгіл, отқа түсіп кетсе де оның алдынан шығар жан жоқ. Бүгінгі аянышты халдерінің себебі осы Нағиманың жоқтығы еді.

Нағима кеткеннің артынан Көркемтайдың қайғысы бұрынғысының үстіне екі есе болып жамалды, бұрынғыдан да жаман қияли болды. Күн-түн демей беті ауған жаққа кетіп қалған күндері болды. Қыстық қақап тұрған аязды кештерінде талай рет ауыл адамдары далада қаңғып жүргеннен алып келіп үйіне қондырып жіберіп жүрді. Кейде жұмсақ көңілді біреулері Ысқақтың үйіне ұрысып тапсырып кетуші еді.

Сондағы Көркемтайдың көз алдынан елестеп шықпайтын — шешесі. Көк моланың іші осындай ауыртпалықтар басынан кешкен соң, осы қыстан Көркемтайдың, күр сүлдесі ғана шықты. Әрі бір жағынан қайғы үстіне қайғы жамалып, екінші жағынан талай суықтарға ұрынғаннан ауруға шалынып, ішінен жеген құрт аурудай күр сүйегі қалған, сондықтан ол езінің жаратылыстың, бір мүшесі екендігін де ұмытып, дүниеден қол көтерген. Бүгінгі атқан май айының ақ таңының оған эсер бермей, табиғаттың, жылы суреттерінің онымен араз болып тұрғаны да осы.

Көк моланың бұрышына келіп жатқалы бір күнге жақындап келеді. Артынан іздеп келген жан жоқ. Іші, бауыры қатып, әбден әлі бітіп, қалжыраған соң, бүк түсіп қана жатыр еді. Бүгінгі атқан таң Көркемтайдың ақтық таны екендігін, бүгінгі күн ақтық өмірінің тыянағы екендігін оның қасындағы өлімтігін андып отырған жолдастары дәлелдейді. Әм Көркемтайдың өзі де жақындағы ақтық өмірінің белгісін көзімен көріп, ақырғы дем алысын ғана күтіп жата берді. Көз алдында елестеген өлім, келе ғой, қарағым, деп шақырған шешесінің даусы. «Қош, қарағым Шырақжан», деген Нағима даусы, тағы ағылар — осының бәрі Көркемтайдың көз алдында.

Күн түстен ауып, кешке жақындады. Көркемтайдың халі тіптен төмен дәрежеге жетті. Ең ақырғы дем алысқа жақындаған кезде шаршаған нұрсыз көздерінің шарасын ақырын ғана әлсіз түрмен ашып алды да жарыққа бір қарады. Үймелеп маңайында жүрген қарғалар, ана жерде шоқып отырған байғұтан қақ маңдайының, алдында тұрған ай, қызарып батып бара жатқан күн, осының бәрі Көркемтайға қаһарлы көзбен қарап тұрғандай болды. Жер дүниенің бәрі қап-қараңғы болып кетіп, оны жаратпағандай болды. Жаратылыстан көңілі қайтып, Көркемтай басын бұрып, көзін жұма берді. Ернін қыбырлатып:

— Сен мені жаратпасаң, мен сенен де бездім,— дегендей болды. Ақтығында жас өмірінің қызығын көре алмай, жаратылыстық қаһарына кәне алмай, жана тұрмыстың гүлін, жемісін ора алмай, қорғансыз, бақытсыз, жоқтаусыз өскен Көркемтай айдаладағы көк моланың бір бұрышында қызарып-батқан күнмен бірге ақтық дем алысын бітіріп қайтпас сапарға кетті. Талайлардың; түбіне жетіп, көкейін кескен рақымсыз уын жас ағаштай тамырланып келе жатқан есіл жасқа да жіберіп, жауыз өлім көңілін тындырды.

Қош, арманда кеткен Көркемтай!

Кеңес өкіметі тамыр жайып таралып келе жатқанда, енді мұнан былай сен секілді жетімдерге көзін салар. Оларды жоқтаусыз тастамас, жылатпас!

Ұқсас материалдар