Қандастар Ассамблея

Жан немене?

08.12.2012 2412
  Мен жанды былай түсінемін: біз дененің түп негізін тексергендей жанның да түбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Дене негізін тексерушілердің сила вещества (қуатты дене) дегендегі қуат осы жан. Сол жан денеден шито өсіп - өршиді. Ғылым жолында әлденеше түрленіп өзгерсе де . дененің, еш нәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да еш нәрсесі жоғалмайды. Бірақ дененің толықтығы, нашарлығының кезегіне қарай жанның да толық нашар уақыты болады. Мәселен, жаңа біткен баланың, жұмыртқаның, сентябрьде ұрық көміп өлген шегірткенің ұрығының жандарын ойлаңыз. Хайуандардан еркі аздығы болмаса, өсімдіктердің де жаны осылар сияқты. Мәселен, бидай, тары, шөптің тамыры, жемістің ұрығын ойласаңыз, бұл 20 жүз жылдың адамдары, білгіштері адамның ақылы таңданарлық қасиеттерді тауып пайдаланып отыр. Қайдан алып? Осы соқыр, ессіз деп жүрген жаратылыстан шыққан қасиеттерден алып. Әйтпесе сол соқыр, ессіз деген жаратылыстың бір шыбынын, не бір тозаңын адам жарата алмайды. Әрине, соның жаратқан, өршіткен нәрселерінен жұмыртқа да жасар, ет те істер, бірақ соның бірі құс болып ұшып, бірі хайуан болып жүгіріп кете алмас. Тіпті былай да айталық: мұнан былай ғылым зорайып, әлгі айтқан жұмыртқа мен етке табиғат шығарған жаннан жан да алып салар, бірақ соңында түп жаратушысы сол кісі деп сау ақыл айта алмас. Дене жаннан қалайша әсер алады? Денелердің жаннан тез әсер алатыны да бар, жайырақ әсер алатыны да бар. Мәселен, тас, қу сүйек хайуандар мен түйе, піл сияқтылардың буаздылығын ойлаңыз. Піл 20 ай бойы бала көтереді, қол қояны бір-ақ ай игереді. Және дене жаннан әсер алмастай болып өліп қалғандай Он лады. Мәселен, тас, қу сүйек, құм, күл сияқтылар, олар не жанып, не шіріп қалғандар. Бірақ менің, ойымша, тіпті заманынан тип олар да жанмен қосылып, сезімденуге жараса керек. Дәлелім: тас пен құм сүйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр? Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа, су жылылығы сияқты себептер қосылып, қына шығарып отыр. Бұл былай тұрсын, ғылым жолына барлық планета нәрселерінің бәрі қайтадан газ болғанда, тас қалпында қалмайтыны анық. Менің бұл ойым дұрыс болса, қына мен газ отқа жаққанмен, шіріген денелер де көп уақыттан кейін жанмен бірігіп, сезіп өршуге жарайды екен. Сөз кезегі келген соң жану, шіру туралы біраз айталық. Ғылым жолында жану мен шірудің түбі бір. Екеуі де әр нәрсенің құрауларын шешіп таратуға себеп болады. Бірақ от жылдам шешеді. Бұл екеуінің де жалынынан шыққан угольная кислота деген улы газ ауаға араласып кетіп, аяғында хайуан, өсімдіктерге пайдалы азық болып шығады. Сөйтіп, жанған, шіріген денелерден шыққан иіс, жалындар да біржола жоғалмай, қайта айналып осы барлықтың ішінде бар болып жүреді. Енді жанға қайта келейік. Жан, менің айтқанымдай, баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса, бір түрге түсіп, барлығын ішінде бар болып жүреді. Мен бұл араға шейін жанның бірінен-бірі артылатын қасиеттерін анықтап бөліп айтпай, бәрін де жан деп келдім. Жан әр түрге түседі. Мәселен, инстинкт — сезімді жан, сознание — аңғарлық жан, мысль — ойлайтын жан, ум — ақылды жан дегендей әр түрлі қасиеттері болады. Бұлай әр түрлі болуы, менің ойымша, дене бітіміне, себептеріне қарай туындайды. Дене әр түрге түскен сияқты, жан да өсіп, өніп, жоғарылайды. Өсімдіктегі жандар сезімді ғана. Мәселен, жылылықты сезіп — өніп, үсіп, суықтықты сезіп — тамырына қашқаны сияқты. Бірақ оның ішінде бір-бірінен сезімдірегі бар сияқты. Өсімдік жайын жазған кітапта бір шөп бар. Ол ортасындағы балына қонған шыбынды тарауларының ұшындағы ине-тікендерімен шаншып, дәнін сорып, құр қабығын қалдырады дейді. Бұл былай болғанда, бұл өзгерістерінен гөрі аңғарарлық болғаны емес пе? Аңғару, ойлау ерікті хайуанның бәрінде бар. Бірақ олардың да бірінен-бірі есті, бірінен-бірі шебер, оны теріп жазбасаң та әркімге белгілі. Адамның күйі сол хайуандардан есті болмаса да, толық, терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес. Жан туралы тағы бір ой бар. Ол су — суға, топырақ топыраққа қосылып кеткендей, жан - жандарға қосылып, араласып, әбден былжыр сияқтанған соң ол жан өзге жандардан қайтып айырылып шыға алады. Мен мұны саяз ойлағандық деймін. Себебі жанның бар екеніне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне ешбір дәлелім жоқ. Ол денеге қосылмаса керек. Және қосылады десек бөлінуі оңай. Мәселен, жаратушысы соқыр сезімсіз табиғат болсын мейлі біліп жаратушы тәңірі болсын, қайсысы жаратса да, жаралыс жолында денелерді бір-біріне қосып, неше түрге түсіріп, ол құрауларды қайта шешіп, негіздерді бөліп, онан неше түрлі қасиеттерді шығарып отырған жоқ па? ІІІақпақ темір мен шақпақ тастан шыққан оттан бастап, электрия, радио құралына шейін ойлаңыз. Және су әншейін қарағанда бір-aқ нәрсе. Оның қаншасы водород, қаншасы кислород екенін біліп, соны айырып алып, керегіне жаратып, керек болса қайта қосып, су қылып отырған кім? Соқыр табиғат жаратқан адам. Басында газ қылып, онан coң сұйық, онан coң қатты дене қылып, ол денеден өлшеу, сипаттауға келмейтін нәрселср, қасиеттер шығарып отырған соқыр, саңырау табиғат не біліп жаратушы тәңірі болсын, ол мынаны былай қылмайды деп қандай ақыл айта алады? Менің ойымша, жанның жоғарыда айтылған қасиеттерінің бірде-бірі дене істеріне, дене қасиеттеріне тіпті ұқсамайтынына қарағанда, денеше бір бұзылып, бір түзелмей, бірте-бірте жоғарылауына қарағанда, келесі айналыста мұнан да жоғарылап, зор қасиетке ие болуы байқалады. Жоғарғы Дольн, Камил Фламмарион, Герберт Спенсер, Стуармель, профессор Фонтель сөзіндей сөзді тесе тексермей өте шығу жеңілдік болар.

 

Мен жанды былай түсінемін: біз дененің түп негізін тексергендей жанның да түбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Дене негізін тексерушілердің сила вещества (қуатты дене) дегендегі қуат осы жан. Сол жан денеден шито өсіп - өршиді. Ғылым жолында әлденеше түрленіп өзгерсе де . дененің, еш нәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да еш нәрсесі жоғалмайды. Бірақ дененің толықтығы, нашарлығының кезегіне қарай жанның да толық нашар уақыты болады. Мәселен, жаңа біткен баланың, жұмыртқаның, сентябрьде ұрық көміп өлген шегірткенің ұрығының жандарын ойлаңыз. Хайуандардан еркі аздығы болмаса, өсімдіктердің де жаны осылар сияқты. Мәселен, бидай, тары, шөптің тамыры, жемістің ұрығын ойласаңыз, бұл 20 жүз жылдың адамдары, білгіштері адамның ақылы таңданарлық қасиеттерді тауып пайдаланып отыр. Қайдан алып? Осы соқыр, ессіз деп жүрген жаратылыстан шыққан қасиеттерден алып. Әйтпесе сол соқыр, ессіз деген жаратылыстың бір шыбынын, не бір тозаңын адам жарата алмайды. Әрине, соның жаратқан, өршіткен нәрселерінен жұмыртқа да жасар, ет те істер, бірақ соның бірі құс болып ұшып, бірі хайуан болып жүгіріп кете алмас.

Тіпті былай да айталық: мұнан былай ғылым зорайып, әлгі айтқан жұмыртқа мен етке табиғат шығарған жаннан жан да алып салар, бірақ соңында түп жаратушысы сол кісі деп сау ақыл айта алмас. Дене жаннан қалайша әсер алады? Денелердің жаннан тез әсер алатыны да бар, жайырақ әсер алатыны да бар. Мәселен, тас, қу сүйек хайуандар мен түйе, піл сияқтылардың буаздылығын ойлаңыз. Піл 20 ай бойы бала көтереді, қол қояны бір-ақ ай игереді. Және дене жаннан әсер алмастай болып өліп қалғандай Он лады. Мәселен, тас, қу сүйек, құм, күл сияқтылар, олар не жанып, не шіріп қалғандар. Бірақ менің, ойымша, тіпті заманынан тип олар да жанмен қосылып, сезімденуге жараса керек. Дәлелім: тас пен құм сүйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр? Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа, су жылылығы сияқты себептер қосылып, қына шығарып отыр. Бұл былай тұрсын, ғылым жолына барлық планета нәрселерінің бәрі қайтадан газ болғанда, тас қалпында қалмайтыны анық. Менің бұл ойым дұрыс болса, қына мен газ отқа жаққанмен, шіріген денелер де көп уақыттан кейін жанмен бірігіп, сезіп өршуге жарайды екен. Сөз кезегі келген соң жану, шіру туралы біраз айталық.

Ғылым жолында жану мен шірудің түбі бір. Екеуі де әр нәрсенің құрауларын шешіп таратуға себеп болады. Бірақ от жылдам шешеді. Бұл екеуінің де жалынынан шыққан угольная кислота деген улы газ ауаға араласып кетіп, аяғында хайуан, өсімдіктерге пайдалы азық болып шығады. Сөйтіп, жанған, шіріген денелерден шыққан иіс, жалындар да біржола жоғалмай, қайта айналып осы барлықтың ішінде бар болып жүреді.

Енді жанға қайта келейік. Жан, менің айтқанымдай, баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса, бір түрге түсіп, барлығын ішінде бар болып жүреді. Мен бұл араға шейін жанның бірінен-бірі артылатын қасиеттерін анықтап бөліп айтпай, бәрін де жан деп келдім. Жан әр түрге түседі. Мәселен, инстинкт — сезімді жан, сознание — аңғарлық жан, мысль — ойлайтын жан, ум — ақылды жан дегендей әр түрлі қасиеттері болады. Бұлай әр түрлі болуы, менің ойымша, дене бітіміне, себептеріне қарай туындайды. Дене әр түрге түскен сияқты, жан да өсіп, өніп, жоғарылайды. Өсімдіктегі жандар сезімді ғана. Мәселен, жылылықты сезіп — өніп, үсіп, суықтықты сезіп — тамырына қашқаны сияқты. Бірақ оның ішінде бір-бірінен сезімдірегі бар сияқты. Өсімдік жайын жазған кітапта бір шөп бар. Ол ортасындағы балына қонған шыбынды тарауларының ұшындағы ине-тікендерімен шаншып, дәнін сорып, құр қабығын қалдырады дейді. Бұл былай болғанда, бұл өзгерістерінен гөрі аңғарарлық болғаны емес пе? Аңғару, ойлау ерікті хайуанның бәрінде бар. Бірақ олардың да бірінен-бірі есті, бірінен-бірі шебер, оны теріп жазбасаң та әркімге белгілі. Адамның күйі сол хайуандардан есті болмаса да, толық, терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес.

Жан туралы тағы бір ой бар. Ол су — суға, топырақ топыраққа қосылып кеткендей, жан - жандарға қосылып, араласып, әбден былжыр сияқтанған соң ол жан өзге жандардан қайтып айырылып шыға алады. Мен мұны саяз ойлағандық деймін. Себебі жанның бар екеніне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне ешбір дәлелім жоқ. Ол денеге қосылмаса керек. Және қосылады десек бөлінуі оңай. Мәселен, жаратушысы соқыр сезімсіз табиғат болсын мейлі біліп жаратушы тәңірі болсын, қайсысы жаратса да, жаралыс жолында денелерді бір-біріне қосып, неше түрге түсіріп, ол құрауларды қайта шешіп, негіздерді бөліп, онан неше түрлі қасиеттерді шығарып отырған жоқ па?

ІІІақпақ темір мен шақпақ тастан шыққан оттан бастап, электрия, радио құралына шейін ойлаңыз. Және су әншейін қарағанда бір-aқ нәрсе. Оның қаншасы водород, қаншасы кислород екенін біліп, соны айырып алып, керегіне жаратып, керек болса қайта қосып, су қылып отырған кім? Соқыр табиғат жаратқан адам. Басында газ қылып, онан coң сұйық, онан coң қатты дене қылып, ол денеден өлшеу, сипаттауға келмейтін нәрселср, қасиеттер шығарып отырған соқыр, саңырау табиғат не біліп жаратушы тәңірі болсын, ол мынаны былай қылмайды деп қандай ақыл айта алады? Менің ойымша, жанның жоғарыда айтылған қасиеттерінің бірде-бірі дене істеріне, дене қасиеттеріне тіпті ұқсамайтынына қарағанда, денеше бір бұзылып, бір түзелмей, бірте-бірте жоғарылауына қарағанда, келесі айналыста мұнан да жоғарылап, зор қасиетке ие болуы байқалады. Жоғарғы Дольн, Камил Фламмарион, Герберт Спенсер, Стуармель, профессор Фонтель сөзіндей сөзді тесе тексермей өте шығу жеңілдік болар.

Ұқсас материалдар