Қандастар Ассамблея

Қолғабыс комитеті

08.12.2012 2261
Осы күні қолғабыс комитеті қазақ болыстарының бір - сыпыраларында ашылғандығы болса да, әлі жөндеп іске кіріскені бар деп айтуға келмейді. Өйткені қыр қазағының кебі ол комитеттің атын болмаса, затының жұмысының не екендігінде хабары да жоқ. Сайлау кезінде «оның өзі де әжептәуір шен дейді, қолында қазынасы болады дейді; қалың малды да сот соған түсіреді дейді, елде болған игі ғой, өзіміздің жақтан сайлау керек!» дегеннен басқа, сайлау болғанда. жиылып барғаннан әм сол жиылғанда кімді сайлау әдісін ойлағаннан басқа, ол комитет не істейді? Кімге қолғабыс қылады? Ол туралы ойлана қоятын кісі елде некен саяқ болмаса, табылмайды деуге болады. Сайланған кісілерде бағына, беделіне сүйсінгендей мұртынан күліп «қайырлы болсындарға», «айтысыңнан» басқа бітіретіндері шамалы болады. Жалғыз қолғабыс комитеті туралы емес, басқа қызметтің бәріне сондай көзбен қарар еді, әттең еркіне жіберсе! Бұл ауру, бұл әдет бұрынғы болыстардан мұра болып, әлі соны жұрттың көбі тастай алмай келеді. Оның себебі де сайлаудың көбінде байлар, яки байдың көлеңкелері іс басына отыратындықтан. Бұл жөнмен қолғабыс комитетінін басына да бай сайланатын болса, өзге жұмыстан көрі, жоғарғы мекемелердің сұрағына жауап үшін болмаса, қағазы жылына бір қабат ақтарылмас та еді. Қолғабыс комитеті кім үшін керек? Оның қызметкерлері тамағы тоқ, туғалы мұқтаждық көрмеген байдан сайланса, біреудің мұқтаждық көріп жүргені оған қанша білінеді? Әрбір қызметке кірген адамдардың кедейден кіру керек, кедейдің жоғын жоқтап, халін қайғыратын қорғансыз, кедейлердің жанына не батса, оның жанына да сол бататындай болу керек деп, қанша қақсалып келсе, қолғабыс комитетіне келгенде ол қақсау он есе, жүз есе артылса да артығы жоқ. Қолғабыс комитеті көзге көрініп іс қылу керек. Істейтін іс, жинайтын қазына, жәрдем тигізетін орын — бәрі де ел ішінде. Сайланған кісілер, қызмет қылуға көңілім соқпайды, атына ие боп қана жүргім келеді демесе, білмегендігімнен басқара алмай отырмын, деуіне орын жоқ. Білмегенді білуге болмай ма екен? Жоғарғы орыннан жоба, нұсқау, жол сұрап қайсыларының еңсесі құрып отыр? Өтірік жұбатумен елді алдамаса, жоғарғы мекемелерді алдай бере алмайды. Енді салақтықты қойып, ол жұмысты мойнына алған адамдар істі тәртіпке салуға міндетті. Халықтан міндетті, міндетсіз салық жинап, комитеттің қазына қорын нығайту; егіні апатқа, қорасы өртке ұшырап бишара болған шаруаларға жәрдемін тигізу, қолдағы барын қандай ретпен сақтап, қалайша өркендетіп ұстауға керектілігінен, белгілі бір тәртіп қолданып, ел ішінде кәдімгі мекемелердің ісіндей, үздіксіз істеп отыру ауылдық болыстық қолғабыс комитеттерінің жауапты міндеттері. Істі қалай жүргізу керектігіне жол-жобаны жоғары мекемелер берген. Соны қарастырып қолдана білу керек. Өз қолдарынан келмеген жәрдемді жоғарғы орыннан сұрап отыру керек. Мәселен ағаш әм егін саймандары секілді. Кедейлерді ұйымдастырып, көмектесіп істелуіне басшылық ету, кооператив ұйымдарын аштыруға себепкер болу; онан басқа да толып жатқан игілік іске қысқа аяқты нашарлардың қолын жеткізіп, жаңа тұрмыс орнату, байға танттыруды жою, қолғабыс комитетінің нысанасы әм түпкі мақсаттары. Сол нысана, сол мақсаттарды орындау жөнінде істелген іс — кірген кіріс, шыққан шығын секілділердің толық есебі болып отыру лайық. Есеп тәртіпке қойылмаса, ол комитеттің ісі өркендемек емес. Қысқасы қолғабыс комитетінің істеймін дегенде қолынан келетін ісі көп. Ол комитеттің кімге қандай керектігін байқаған кісіге атынан-ақ көрініп тұр, елде қолғабыс керек болмай тұратын жан аз. Осылай болса, қолғабыс керек кісіге комитет керектігі айдан жарық. Мұны кедейлер есте тұтып сайлау уақытында пәленше-екен бола салсын! деп қымызға сатылғанды қойып, ертең сорлаған күні толық жәрдем тигізуге себепші болатын өздерінің шын қамқорын сайлау керек.  

Осы күні қолғабыс комитеті қазақ болыстарының бір - сыпыраларында ашылғандығы болса да, әлі жөндеп іске кіріскені бар деп айтуға келмейді.

Өйткені қыр қазағының кебі ол комитеттің атын болмаса, затының жұмысының не екендігінде хабары да жоқ.

Сайлау кезінде «оның өзі де әжептәуір шен дейді, қолында қазынасы болады дейді; қалың малды да сот соған түсіреді дейді, елде болған игі ғой, өзіміздің жақтан сайлау керек!» дегеннен басқа, сайлау болғанда. жиылып барғаннан әм сол жиылғанда кімді сайлау әдісін ойлағаннан басқа, ол комитет не істейді? Кімге қолғабыс қылады? Ол туралы ойлана қоятын кісі елде некен саяқ болмаса, табылмайды деуге болады.

Сайланған кісілерде бағына, беделіне сүйсінгендей мұртынан күліп «қайырлы болсындарға», «айтысыңнан» басқа бітіретіндері шамалы болады.

Жалғыз қолғабыс комитеті туралы емес, басқа қызметтің бәріне сондай көзбен қарар еді, әттең еркіне жіберсе!

Бұл ауру, бұл әдет бұрынғы болыстардан мұра болып, әлі соны жұрттың көбі тастай алмай келеді.

Оның себебі де сайлаудың көбінде байлар, яки байдың көлеңкелері іс басына отыратындықтан.

Бұл жөнмен қолғабыс комитетінін басына да бай сайланатын болса, өзге жұмыстан көрі, жоғарғы мекемелердің сұрағына жауап үшін болмаса, қағазы жылына бір қабат ақтарылмас та еді.

Қолғабыс комитеті кім үшін керек?

Оның қызметкерлері тамағы тоқ, туғалы мұқтаждық көрмеген байдан сайланса, біреудің мұқтаждық көріп жүргені оған қанша білінеді?

Әрбір қызметке кірген адамдардың кедейден кіру керек, кедейдің жоғын жоқтап, халін қайғыратын қорғансыз, кедейлердің жанына не батса, оның жанына да сол бататындай болу керек деп, қанша қақсалып келсе, қолғабыс комитетіне келгенде ол қақсау он есе, жүз есе артылса да артығы жоқ.

Қолғабыс комитеті көзге көрініп іс қылу керек. Істейтін іс, жинайтын қазына, жәрдем тигізетін орын — бәрі де ел ішінде.

Сайланған кісілер, қызмет қылуға көңілім соқпайды, атына ие боп қана жүргім келеді демесе, білмегендігімнен басқара алмай отырмын, деуіне орын жоқ. Білмегенді білуге болмай ма екен? Жоғарғы орыннан жоба, нұсқау, жол сұрап қайсыларының еңсесі құрып отыр?

Өтірік жұбатумен елді алдамаса, жоғарғы мекемелерді алдай бере алмайды.

Енді салақтықты қойып, ол жұмысты мойнына алған адамдар істі тәртіпке салуға міндетті.

Халықтан міндетті, міндетсіз салық жинап, комитеттің қазына қорын нығайту; егіні апатқа, қорасы өртке ұшырап бишара болған шаруаларға жәрдемін тигізу, қолдағы барын қандай ретпен сақтап, қалайша өркендетіп ұстауға керектілігінен, белгілі бір тәртіп қолданып, ел ішінде кәдімгі мекемелердің ісіндей, үздіксіз істеп отыру ауылдық болыстық қолғабыс комитеттерінің жауапты міндеттері.

Істі қалай жүргізу керектігіне жол-жобаны жоғары мекемелер берген. Соны қарастырып қолдана білу керек.

Өз қолдарынан келмеген жәрдемді жоғарғы орыннан сұрап отыру керек. Мәселен ағаш әм егін саймандары секілді.

Кедейлерді ұйымдастырып, көмектесіп істелуіне басшылық ету, кооператив ұйымдарын аштыруға себепкер болу; онан басқа да толып жатқан игілік іске қысқа аяқты нашарлардың қолын жеткізіп, жаңа тұрмыс орнату, байға танттыруды жою, қолғабыс комитетінің нысанасы әм түпкі мақсаттары.

Сол нысана, сол мақсаттарды орындау жөнінде істелген іс — кірген кіріс, шыққан шығын секілділердің толық есебі болып отыру лайық. Есеп тәртіпке қойылмаса, ол комитеттің ісі өркендемек емес.

Қысқасы қолғабыс комитетінің істеймін дегенде қолынан келетін ісі көп. Ол комитеттің кімге қандай керектігін байқаған кісіге атынан-ақ көрініп тұр, елде қолғабыс керек болмай тұратын жан аз. Осылай болса, қолғабыс керек кісіге комитет керектігі айдан жарық.

Мұны кедейлер есте тұтып сайлау уақытында пәленше-екен бола салсын! деп қымызға сатылғанды қойып, ертең сорлаған күні толық жәрдем тигізуге себепші болатын өздерінің шын қамқорын сайлау керек.