Қандастар Ассамблея

Кекесінді қою керек

08.12.2012 2287
«Қазақ тілінің» 1-санында Ақсудың болысы Хамит Бимырза баласының маған жазған мақаласы басылып шықты. Мен езім Ақсу елінің жайын, әм болысының қандай екенін жақсы білемін. Сөзді басынан қозғайын: Бимырза ұлы газетке хабар қылып, өз еліндегі қолғабыс комитеті ашылғандығын жазады. Әм ол комитеттің бастығы Ш. Өмірбаев еді; мынадай ісінен жеміс берді деп мақтап келіп, Әріптің өзі шекесі шылқыған бай баласы бұдан қандай игілік іс шығады, кезінде көреміз деп сын беріп кетеді. Болыс еке! есінде бар ма? Шәріптің бітірген жұмысы белгілі еді ғой. Айында бір қабат кеңсенің, бетін көретін; сенің мақтайтын да, ақтайтын да орның бар, Ақсу елі екіге бөлініп партия   дерті жабысқанда, сен де шапқылап жүрмеп пе едің? Сонда Өмірбайдың баласы сенін сойылыңды соққан болатын. Баймырзаның баласы Әріпті мен қорғамаймын, езің айтқандай шекесі шылқыған май, өзі бай болса, қызметке қосқан мен емес, «ерте оңбаған кеш оңбас» дегендей Әрібін, де, Шәрібін де бірдейсің. Екінші барымташыл мұғалімге келейік. Бұл сөзінде Ғаббас Әмір ұлын сиырдың мүйізіне іліп кетесің. Оның Ғазизаны алғанын Ақсу түгіл газет оқығандардың бәрі біледі. Біреудің сүттей ұйыған қатыны еді, зәлімдігімен азғырып алып отыр дейсің. Менің, пікірімше сүттей ұйып қатық болатын болса, бұрынғы күйеуі сот алдына барғанда аянып қалды ма? Ғазизаны зорлап тигізген адам жоқ та, өзінің теңі болған соң, тиген болатын. Сүймесіне зорлап беру, ауыздарыңды толтырып заң деген сөздің орнына кодекс деп айтып жүргендерің сыйымды ма екен?! Жә, енді Ғаббастық құлағын шулатайық: Ғаббас діншіл, Ғаббас сопы дейсің. Бірақ осы күнде сәлдесі боқтықта қалды. Өзің кімсің? Ішінде майың жоқ болса да, маңайың Қазанғап емес пе? Ағайының, туғанын солар. Солардың аркасымен болыс болып отырғаныңды Кереку уезінің халқы әбден біледі. Бұрын аузынан алласын тастамаған, басынан сәлдесін қалдырмаған адамдар да, замананың ағымы естерін кіргізген соң, шатасып жүргендерін біліп құранды лақтырып тастап, сәлдесін шұлғау қылғандар да аз емес. Гәп оқығандықта емес, гәп жүректе. Рас, ел ішінде болған соң саясат жағынан қараңғылау шығар. «Өз басыңда сәлдең болмаса, алдаң мығым» шығар. Енді өзіме келейін: менің жазған мақаламды мойнына алып келсең де, «езі сақ құлақ, ашық жүзді, ақ жарқын-ау» — деймін деп кекейсің. Құлағымның кереңдігі, я мүкісі болса, дәрігерге қаратқанымды көрген шығарсың. Я «ақ жарқынмын» деп ақ жүрексінбе?! дейсің, қара жүректігімді тауып бері Байшыл болсам, парашыл болсам, тағы аяма! Қазақ әдебиетінде «қойнына ал» деген сөз әдебиет шартына келімсіз, сөкет болса мен қазақ әдебиетшілерінің неше сездерін мысалға келтірейін: Мәшһүр Көпеевтің «Жасымда қожа бір сүндеттеген...» деген елеңін қара! Екінші Абай елеңдерін алсаң «Күйеу келді ай, жұлдыз қ... қысты» дегенін қара. Мұны сөкет көрсең, шаман келсе, «экспромт» тіліндей, қазаққа да тіл шығар және әдеби тіл болсын, қазақтың жалпақ сөлекет тілдерін түзет, шырағым! Таңданба, шамданба, кекесінді қою керек.  

«Қазақ тілінің» 1-санында Ақсудың болысы Хамит Бимырза баласының маған жазған мақаласы басылып шықты.

Мен езім Ақсу елінің жайын, әм болысының қандай екенін жақсы білемін. Сөзді басынан қозғайын: Бимырза ұлы газетке хабар қылып, өз еліндегі қолғабыс комитеті ашылғандығын жазады. Әм ол комитеттің бастығы Ш. Өмірбаев еді; мынадай ісінен жеміс берді деп мақтап келіп, Әріптің өзі шекесі шылқыған бай баласы бұдан қандай игілік іс шығады, кезінде көреміз деп сын беріп кетеді.

Болыс еке! есінде бар ма? Шәріптің бітірген жұмысы белгілі еді ғой. Айында бір қабат кеңсенің, бетін көретін; сенің мақтайтын да, ақтайтын да орның бар, Ақсу елі екіге бөлініп партия   дерті жабысқанда, сен де шапқылап жүрмеп пе едің? Сонда Өмірбайдың баласы сенін сойылыңды соққан болатын. Баймырзаның баласы Әріпті мен қорғамаймын, езің айтқандай шекесі шылқыған май, өзі бай болса, қызметке қосқан мен емес, «ерте оңбаған кеш оңбас» дегендей Әрібін, де, Шәрібін де бірдейсің.

Екінші барымташыл мұғалімге келейік. Бұл сөзінде Ғаббас Әмір ұлын сиырдың мүйізіне іліп кетесің. Оның Ғазизаны алғанын Ақсу түгіл газет оқығандардың бәрі біледі. Біреудің сүттей ұйыған қатыны еді, зәлімдігімен азғырып алып отыр дейсің. Менің, пікірімше сүттей ұйып қатық болатын болса, бұрынғы күйеуі сот алдына барғанда аянып қалды ма? Ғазизаны зорлап тигізген адам жоқ та, өзінің теңі болған соң, тиген болатын.

Сүймесіне зорлап беру, ауыздарыңды толтырып заң деген сөздің орнына кодекс деп айтып жүргендерің сыйымды ма екен?!

Жә, енді Ғаббастық құлағын шулатайық: Ғаббас діншіл, Ғаббас сопы дейсің. Бірақ осы күнде сәлдесі боқтықта қалды. Өзің кімсің? Ішінде майың жоқ болса да, маңайың Қазанғап емес пе? Ағайының, туғанын солар. Солардың аркасымен болыс болып отырғаныңды Кереку уезінің халқы әбден біледі.

Бұрын аузынан алласын тастамаған, басынан сәлдесін қалдырмаған адамдар да, замананың ағымы естерін кіргізген соң, шатасып жүргендерін біліп құранды лақтырып тастап, сәлдесін шұлғау қылғандар да аз емес. Гәп оқығандықта емес, гәп жүректе. Рас, ел ішінде болған соң саясат жағынан қараңғылау шығар. «Өз басыңда сәлдең болмаса, алдаң мығым» шығар.

Енді өзіме келейін: менің жазған мақаламды мойнына алып келсең де, «езі сақ құлақ, ашық жүзді, ақ жарқын-ау» — деймін деп кекейсің.

Құлағымның кереңдігі, я мүкісі болса, дәрігерге қаратқанымды көрген шығарсың. Я «ақ жарқынмын» деп ақ жүрексінбе?! дейсің, қара жүректігімді тауып бері Байшыл болсам, парашыл болсам, тағы аяма!

Қазақ әдебиетінде «қойнына ал» деген сөз әдебиет шартына келімсіз, сөкет болса мен қазақ әдебиетшілерінің неше сездерін мысалға келтірейін: Мәшһүр Көпеевтің «Жасымда қожа бір сүндеттеген...» деген елеңін қара! Екінші Абай елеңдерін алсаң «Күйеу келді ай, жұлдыз қ... қысты» дегенін қара. Мұны сөкет көрсең, шаман келсе, «экспромт» тіліндей, қазаққа да тіл шығар және әдеби тіл болсын, қазақтың жалпақ сөлекет тілдерін түзет, шырағым! Таңданба, шамданба, кекесінді қою керек.

 

Ұқсас материалдар