Қандастар Ассамблея

Қазақ совет әдебиетінің тұңғышы

08.12.2012 4657
Сонет халқы бүгін Сәкен Сейфуллиннің әдебиет қызметіне араласқанына жиырма жыл болғанын тойлап отыр. Өндірістерден, колхоздардан, мәдениет орындарынан жеке адамдардан алған хаттарға, телеграммаларға қарағанда, бұл тойды барлық, қазақ еңбекшілері, Қазақстандағы барлық ұсақ ұлттар еңбекшілері, көрші республикалардың еңбекшілері шын ықыласымен қуанып қарсы алғанын көреміз. Бұл неліктен? Соған жауап берейік. Бір сезбен айтқанда, оның себебі: Сәкен Сейфуллин шын мәнінде қазақ совет әдебиетінің ағасы болып саналады. Бұл даусыз шындық. Сәкеннің қазақ совет әдебиетіне қалай аға болғанын толығырақ түрде дәлелдеуден бұрын ескере кететін бір сөз, оның революциядан бұрынғы шығармалары туралы. Өмір тарихына қарағанда, Сәкен 1913 жылдан бастап жазған. Оның алғашқы басылып шыққан еңбегі 1915 жылғы «Өткен күндер», «Өткен күндерде» басылған бірнеше өлең 1922 жылы басылатын «Асау тұлпарға» кірген. Сол өлеңдерге қарап, кейбір сыншылар Сәкенді ұлтшылдардың қатарына, асса алашордашылардың қатарына қосуға тырыспақ болады. «Қазақстанның XV жылдығы» деген жинақта «Қазақ әдебиеті» деген мақаланың авторы «Сәкен 1917 жылы төңкеріске қарсы алашордадан айырылды» дейді. Бұл сөзді біз түбірімен қате дейміз. Революциядан бұрын саяси сезімі оянған азғана қазақ оқығандарының біразы ұлтшыл болды. Россия патшасының отаршылдық уысында тұншыққан қазақ елінің тағдырына саналымын деген оқығаннан қайғырмаған адам аз. Бірақ ұлтшылдықтың ұлтшылдығы бар. Байлар базардан үйреніп қайтатын бір ұлтшылдық бар. Үйткені, әр ұлттың, «жас байына» негізгі мәселе базар. Оның мақсаты басқа ұлттың байларымен базар таласында жеңіп шығып, өз товарын өткізу. Осыдан барып оның «өзінің туған» базарын жасау тілегі шығады. Екінші жүйедегілер ұлтшылдар бұқара тілегіне жақындар, «қазағым», «елім» деген сөзді айтқанмен олар қазақтың өзін жіктеп, бай, кедейге айырады. Отаршыл Россия патшасының қазақ елін жаншуын айтуымен бірге, қазақтың өз байларының қазақ кедейіне істейтін қиянатын көрмей отыра алмайды. Сәкен төңкерістен бұрын ұлтшылдықтың осы жүйесіне еліктеген адам. Оған дәлел — «Бірлік». Бөкейхановтың кадеттік бағытын қолдаушылар — патша үкіметінің негізіне тимей, кейбір жетіспеген жерін жамайық деушілер. «Бірліктің» бұл бұтағы, 1917 жылы алашорда ұйымына айналып кеткен. Екіншісі, патша үкіметін құлатпай жақсылық жоқ деушілер, патша құлаған күнде орыстың еңбекші бұқарасының етегінен ұстаймыз дегенді айтушылар «Бірлікте» Сәкен екінші жүйеге жатқан. Бұл жүйе 1917 жылы большевиктердің артынан ерген. Сондықтан 1917 жылғы алашорда түгіл, одан бұрынғы ұлтшылдарға Сәкенді қосақтауға болмайды. Ұлтшылдыққа еліктеген күннің өзінде де Сәкеннің бұқарашылдығы басым екендігіне, кедейді сүйетіндігіне, оның ауыр халін қайғыратындығына, байдың кедейге істейтін қиянатына қарсы екеніме «Тар жол, тайғақ кешудің» бас жағы куә. 1916 жылы қазақ еліне түскен ауыртпалықты айта кеп, Сәкен былай дейді: «Ел шабуылда. Ұлықтан ынсап кеткен. Кім ақшаны көп берсе, соның баласын қалдырады. Жұрт малдан шығып кеткен. Байға білінетін емес. Кедей сыпырылып жатыр. Осындай ауыр халге түскен елдің кедейі «Жалпақ теңіздей» қозғалды. Тұңғиық қара теңізге қара дауыл соқтықты. Теңіз шайқалып күңіренді». Осы толқыған теңіздің бетін онға бұруға Сәкеннің ниеті сол кезде кетеді. Бірақ санасы піспеген, саяси беті ашылмаған кез. Қалай бастауды білмейді. Сәкеннің саяси бетін ашқан 1917 жылғы революция. Еңбек дүниесі мен қанаушы тап бетпе-бет кеп майдандасқан күндерде, барлық ұлттың байлары мен еңбекшілері екі жікке бөлініп, бірі мен бірі жауласқан күнде «ұлтшылмын» дейтіндердің бірсыпырасы көптің тілегіне ашады. Кімнің кімдік екендігі айқын көрінеді. Міне, осы қайшы кеп, қазақтың азшылығы — байларының сойылын соғып кетеді. Ұлтшылдардың бет пердесін революция кезінде Сәкен де бетін бүркемей, ашық, айқын пролетариат жағына шығады. Сәкен «таза» ғана әдебиетшіл адам емес. Ол әлеуметшіл, саясатшыл адам. Октябрь революциясын ол жаудан қаламмен ғана қорғаған жоқ, найзамен де қорғады. Ол қазақ ауылында бірінші Советті құрды, бірінші партия ұясын, бірінші партизан боп жазылды, Совет үкіметін қорғау бірінші рет жаумен майдандасты, бірінші рет алашорда мен Колчак бандыларының айуандық азабын тартты, қалам мен найзаны жауға бірдей сілтеп, қан майданда жауды жеңісіп, еңбекші бұқараға мәңгілік бостандық әперушінің біреуі болды. Сәкенді бүгінгі күні еңбекші елдің ардақтайтын, сыйлайтын, әдебиетке істеген жиырма жылдық еңбегін тойлайтын себебі сол. Ол, аты ақын ғана емес, революционер, большевик ақын. Ол еңбекші бұқараның ақыны ғана емес, Октябрь майданында жауын жеңіскен батыры.   Сәкен азамат соғысында Әрбір ұлтта еңбекші және еңбекті қанаушы екі тап болатынын, еңбекші бұқараның кеудесіндегі зары әлсіз түрде болса да әдебиетке түспей қоймайтынын, осыдан әдебиетте бұқарашылдық тегі болатынын марксизммен таныс кісілер жақсы біледі. Торайғыровқа дейін қазақта бұқарашыл әдебиет болған жоқ дейтін сыншылар бар. Егер ол пікірге қол қойсақ, қазақта Торайғыровқа дейін еңбекші бұқара жоқ деген пікірге қол қойған болар ек. Ондай пікірге марксизмді жақсы ұғатын адам, әрине, бара алмайды. Қазақ әдебиетінде бұқарашыл бағыт Сұлтанмахмұтқа дейін де болды. Ондай бағытты біз жазба әдебиет түгіл ауыз әдебиеттің өзінен де байқаймыз. Рас, Торайғыров «Кедей» деген поэмасында еңбекші бұқараның байлардан көретін қысымын бұрынғы ақындардан ашығырақ жазды. Ол қазақта кедей былай тұрсын, пролетариат табы барын айқын көрсетті. Бірақ онымен Торайғыров пролетариат ақыны, пролетариат идеологы бола алғам жоқ. Пролетариаттың, кедейдің тұрмысының ауырлығын көрсетумен ғана пролетариат ақыны бола алмайды. Пролетариат ақыны болу үшін, пролетариатқа қиын хәлден қайткенде құтылудың жолын көрсету керек. Ол жол пролетариат диктатурасын орнату. Қанаушы таптың үстемдігін құлатпай, үкіметті колға алмай, пролетариат ешуақытта азат болмайды. Сұлтанмахмұт пролетариаттың ауыр халін көрсеткенмен, сол кездегі тұрмысты түбірімен өзгертуге аяқ баспаған ақын. Қазақ әдебиетінде пролетариат үстемдігін бірінші рет жырлаған, бірінші рет капитал дүниесін тамырымен қопаруға шақырған ақын Сәкен. Сәкеннің қымбаттылығы, ардақтылығы осында. Еңбекші бұқараның оны сүйетін себебі осы. Ендеше Сәкенді қазақ совет әдебиетінің ағасы дейтін себебіміз осы. Сәкен — пролетариат ақыны. Қазақтың пролетариат әдебиетінің бірінші кірпішін қалаған Сәкен. Оған ешкім таласа алмайды. Таласам дегенмен тарих таластырмайды. Сәкеннің осындай пролетариат ақыны болуының бір себебі ілгергі кезге жатады. Алашордашылдардың қазақта тап жоқ деген пікірді айтқандағы бір «дәлелі»—«қазақта капиталист жоқ, сондықтан онда жұмыскер жоқ» деген сандырақ болатын. Революциядан әлденеше жыл бұрын қазақ даласына орнаған: Риддер, Екібастұз, Ақжал, Қоңырат, Спасскі, Қарсақпай, Ембі сықылды кәсіп орындарын, бір ұлттан жұмыскер табы құралу үшін, сол ұлттың өзінен капиталистер шығуының міндетті емес екенін олар көрсе де көрмейтін. Көргісі келмейтін. Бұл өндіріс орындарындағы қазақ жұмыскерлері революциядан бұрын таптық, мақсатын орыс пролетариатындай дәрежеге қоюға жеткен жоқ. Саяси санасы өскен жоқ. Бірақ одан, қазақ жұмыскерлері құлдық қамытын өгізше сүйрей берді деуге болмайды. Талай жерде қазақ жұмыскерлері стачкалар, ереуілдер жасаған. Солардың ішінде көзге ерекше көрінетін біреуі, 1905 жылы Успенскі заводында декабрьде болған ереуіл. Уақыт жағынан бұл ереуіл, Москва жұмыскерлерінің құралды көтерілісімен бір мезгілде келген. «Европаны шолған коммунизм сәулесі» (Маркс) қазақтың қиыр даласындағы заводқа да жарығын түсірген. Қазақ жұмыскерлері «Бүкіл жер жүзінің пролетариатқа, бірігіңдер!» деген ұранға үн қосты. Міне, осындай тарихи маңызы зор оқиғаны завод мектебінде орысша оқып жүрген жас Сәкен көзімен көрген. Жұмыскердің ауыр тұрмысымен. Сәкен жас кезінде танысқан. Сол ауыр тұрмыстың құрсауынан шығам деп бұлқынған жұмыскерлердің қозғалысы болашақ пролетариат ақынына қатты әсер еткен. Мұны ол өз өмірбаянында айтады. Бірақ сол күннен бастап пролетариат бағытымен жазуға Сәкенге басшы болмаған. Өзі бастауға жасы да, білімі де жетпеген. Завод мектебінен кеткесін ол ұлтшылдардың ортасына түсіп, солардың ықпалында революцияға дейін болып, революция тұсында шыныққан большевиктерге кездесіп, саяси бетін содан кейін айқындаған. 1929 жылғы болатын Крайкомның алтыншы пленумында Голощекин: «қазақ совет әдебиеті, меніңше, 25-жылдан басталды» деді. Әрине, ол кісі ол сөзді қазақ әдебиетін оқып барып айтып отырған жоқ, оған «солай» деп түсіндірушілер болған. Сын мәселесінде марксшіл мін дейтін кейбіреулер ол кезде тіпті Голощекиннен әрі кетіп «қазақтың пролетариат әдебиеті әлі жоқ, ол алдағы нысана ғана» дейтін. «Пролетариат әдебиеті қазақта болған жоқ және келешекте де болмайды» дейтін ешбір негізсіз алашорда сынына біз бұл арада тоқтамаймыз. Жоғарыда айтылған сыншылардың қате пікірлері пролетариат әдебиетінің не екеніне түсінбегендіктен шыққан. Марксшілмін дейтін кейбір сыншылар.бір кезде «завод, фабрикті жазбаған кісі пролетариат жазушысы емес» деп те жүрді. Сол сыншылар Сәкеннің 1917—1919 жылдары азамат соғысы туралы жазған шығармаларын «завод, фабрикті суреттеген шығарма емес» деп, пролетариат әдебиетінің үйіріне қосқысы келмеді. Қайталап айтқанда, азамат соғысында пролетариаттың үстемдігін мұрат қыла жырлап, байлардың үстемдігін талқандауға шақырған жазушының пролетариат жазушысы екенін ұқпады. Пролетариат ақын, жазушыларының алдына қате міндет қойды. Мәселе алған тақырыпта еместігін, сол тақырыпты пролетариат мүддесіне сай жазуда екендігін түсінбеді. Сәкен революцияның бастапқы күндерінен-ақ пролетариат бағытымен жырлаған адам. «Асығып тез аттандық» деген өлеңінде (революцияның бас кезінде жазылған):   Тәуекел қып аттанып, Атқа қамшы бастық біз, Неше қатар жерлерден Аман-есен астық біз, Зеңгер тауға кеп жетіп, Биігіне өрледік, Тұлпарларды орғытып, Көкке құлаш сермедік, Шың басына кеп шықтық, Көк аспанмен тілдескен, Биікке кеп таласып, Бұлттарменен күндескен... Кешікпей-ақ қызыл күн Шыға келді жарқырап, Тұлпарлар да шаттанып, Тұра қалды арқырап, — дейді. Ақынның мұндағы шыққан шыңы — революция. Шыққан күні Октябрь. Бірақ бұл күнді бүркейтіндер барын ақын түсінеді де, тауға шығып тамашалап қарап тұрмай, жанындағы жігіттеріне «Аттан!» салады.   Кел жігіттер, Болыңдар, ел, Жүйткіт, орғыт тұлпарды! — дейді ол. Ақынның «болыңдар ед»,дегені баяғы ұлтшылдықтың сарыны деп ойлап қалатындар болуы мүмкін. Олай емес.   Залымдық пен Әділдіктің Алысқанын айтайық, Жер жүзіңде Бай мен кедей Шабысқанын айтайық! — дейді ол.   Бай мен кедейдің шабысқан қызығына қарап және тұрмайды Сәкен. Ол шабысқан екі жақтың кедейіне болысып:   Салып ұран, Кедей құрал! Кедейден топ жасайық! дейді.   Революцияның бастапқы күндерінде-ақ Сәкеннің бет алысы осылай.   Сәкеннің сол кезде жазған «Бабаларыма» деген өлеңіне қарап біреулер оның революционер ақын екендігіне шектенеді.   Сұм заман басқа салды мұндай шақты, Қайтейін медеу қылдым жалғыз хақты, Ұрпағын өсіп-өнген рулы ел боп, Дейтін ед, бабам Тоқа аруақты! —   — Міне,— дейді ақылдымсып әлгі күдіктенушілер,— «көрдің бе, революционерінің кімге жалбарынып отырғанын! Аруаққа, құдайға сыйынған кісі революционер бола ма екен!» Мұндай сыншылдар адам дегеннің жан жүйесінде болатын қиын кезеңді, адамға механика көзімен қарайтындар. Бір минутте большевик бола қоймағанын, бірнеше сын, толғану елегінен өтіп барып большевик жолын түсіне Сәкенің өзі де жасырмай «Тар жол, тайғақ кешуде» айтады. Сүтпен кірген діншілдік сүйектен тез арыла қою оңай жұмыс емес. Сәкеннің аруаққа сиынуынан, әрине марксизмге піспегендігі. Бірақ марксизмді жақсы біліп болмаған кісі революционер емес деуге болмайды. Оған дәлел азамат соғысының атақты батырының біреуі Чапаев. Интернационалдық ме екенін білмеген Чапаевты интернационалист емес деп кім айтады. Сәкенді революционерлікке ешкім қаға алмайды. Үйткені сол «Бабаларымның» өзінде Сәкен:   Ел жеген жауыздарға қарсы тұрдым. Нашармен қол ұстасып бірге жүрдім, Бай, болыс, би, төренің малдарына Сатылмай әділшілік жолын құрдым — дейді.   Ақын ру басына сиына отыра, сол рудың ішінде кімнің сойылын соғатындығын ашық айтады.   «Тар жол, тайғақ, кешуді» оқыған кісіге, Сәкенді Колчак пен алашорда абақтыға салып ауыр азап көрсеткені белгілі. Егер Сәкеннің табанында бүр болмаса, пролетариаттың таптық тұғырына берік орнықпаса, ол абақтыдан қашып шыққаннан кейін «я, аруақ өзің сақта» деп жатар еді. Ауыр азап тартқаннан кейін саяси бетін түбірімен өзгерткен адамды біз тарихта аз кездестірмейміз. Мәселен, орыстың атақты жазушысы Достоевский.   Өлім жазасынан, Колчактың қамауынан қашып шығып тұрған минуттің өзінде Сәкен:   Уһ, жүрейін, жүрейін, Осы арадан кетейін. Бостандық, теңдік, бақытқа, І Күн-түн қатып жетейін!   деп жігерленеді.   Қашып жүрген кезінде ол: Үйде сапы, карабин, Белдеуде найза шашақты!..   дейді.   Революцияның бастапқы жылдарында Сәкеннің идеологиясына революционерлік практикасы жетекші болғанын байқаймыз. Абақтыға түсіп, ауыр азап шеккенде аруақ пен құдайға сиынған Сәкен, біраздан кейін ол ойдан алыстайды. «Жолдастар» деген өлеңінде ол:   Жалбарынып, жалынып сұрағанда Байың, патшаң, тәңірің беріп пе еді! —   дейді. Онымен қоймай:   Қайраттанар кез келді уақыттарың Өз қолыңмен жасалар бақыттарың! —   деп, бақыттың тізгіні тәңіріде емес, пролетариаттың өзінде екенін айқын ұғады. Сондықтан:   Неше мың жыл құлданған бай мен патша; Талқан қылып жояйық тақыттарын! — деп, пролетариат диктатурасын бұрынғыдан да ашық қояды. Азамат соғысы қазақ әдебиетінде Сәкеннен басқа жазушының шығармасында жөнді көрінген жоқ. Оған себеп өзге жазушылардың азамат соғысына аз араласқандығы, аз білетіндігі болуға тиіс. Сәкеннің азамат соғысын көп жазғаны және біліп жазғаны — өзі сол соғыста мылтық асынып бірге жүріп, барлық жағдайын жақсы білгендігінен. Азамат соғысын әдебиетте көрсету жөнінен Сәкен Қазақстан түгіл жалпы Совет Одағының әдебиетінде сыйлы орын алады. Ол тақырыпқа Сәкеннен көп жазған және Сәкеннен артық біліп жазған жазушы Одақ көлемінде де аз. Біз жоғарыда мысалға Сәкеннің «Асау тұлпар» деген жинағындағы өлендерін ғана келтірдік. Оның азамат соғысының тақырыбына жазған «Асау тұлпардан» басқа екі шығармасы бар. Олар: «Қызыл сұңқарлар», «Тар жол, тайғақ кешу». Бұл екеуі де өте үлкен тарихи документ. «Тар жол, тайғақ, кешу» бір жағынан, тарих, екінші жағынан саяси оқулық, үшінші жағынан оқушыны өзіне еріксіз тартып отыратын өте көркем шығарма. «Сәкеннің прозасы нашар болады» деген сөздің қателігіне «Тар жол» айқын дәлел. «Қазақ әдебиеті» газетінің Сәкеннің 20 жылдығына арналған санында «Тар жолдың» үзінділері.оларды оқыған кісі Сәкеннің прозасы да өте сұлу жазылатынын, адамды толғандыратынын, сезіміне қатты әсер ететінін көреді. «Тар жол, тайғақ кешу» сюжетті шығарма. Оның ішіндегі геройлар — күрескен екі тап өте шебер келген. Адамды оқығанда жалықтырмайды. «Енді не болар екен» деп, аяқтап шыққанша адам құмартады. Кей жері күлдіреді, кей жері қайғыртады. Кітапта бас герой екеу: біреуі пролетариат, біреуі буржуа. Кітапты бітіргеннен кейін пролетариатты оқушы (әрине, біздің оқушылар) сүйеді, буржуаға өшігеді. «Қызыл сұңқарлар» қазақ драматургиясының тарихында саяси тақырыпқа бірінші рет жазылған пьеса. Мұнда жазушы семья тұрмысын суреттеу дәстүрінен шығып, әлеуметтік жағына баса зер салған. Жеке адамның тілегі бұл пьесада әлеуметтік тілекке орын берген. «Тар жолдың» да, «Қызыл сұңқарлардың» да өте бір ерекше жері интернационалдық тәрбие жағы. Бұлардан бұрын жазылған «Иван мен Мырзабек» деген өлеңінде   Жолдасым серік, Иваным, Болса түзік иманың... Сен бауырымсың туысқан —   деп Иванды Мырзабектен кем көрмейтіндігін айтқан. Ұлы орысшылдығын көрсетсе Иванға, ұлтшылдығын көрсетсе жау екендігін жасырмаған. «Қызыл сұңқарлар» «Тар жолда» бұл интернационалдық ерекше орын алады, Октябрь төңкерісінің интернационалдық ақын айқын түсінеді. «Қызыл сұңқарларға» Нестеров, Лозовойларды ақын Еркебұлан мен Жұмаштан кем көрмейді. «Тар жолдағы» Катченко, Ананченко, Кременской, тағы басқаларды Сәкен жанындай жақсы көреді. Сәкен ұлтшылдық емес, тапшылдық бағыт ұстайды. Барлық ұлттың еңбекшілерін бауыр көреді, барлық ұлттың буржуйларын жау көреді. Бұл бағыт Сәкеннің барлық дәуірдегі шығармаларының ешбірінде әлсіреген емес. Қысқасы, Сәкен қазақ әдебиетінде бірінші интернационалист. Оның ең қымбат жерінің біреуі осында. Сәкеннің азамат соғысы кезіндегі шығармаларына көбірек тоқтаған себебіміз, сол жылдарда да қазақтың пролетариат әдебиеті 25-жылдан туды деген пікірдің қателігін, Октябрьмен бірге туған қазақ пролетариат әдебиетінің ағасы Сәкен екенін дәлелдеу.   Сәкен НЭП кезінде Сәкен «Азия», «Совет баласы» тағы сол сықылды бірнеше қате шығармалар жазады. Азия туралы жазған бір мақаласында Сәкен: ол кезде Европада зорлық күшейген еді, империалистік соғыстың артынан Европада күштілер әлсіздерді аңша талап жеген еді, «Азия» өлеңі де сол рақымсыз қара күшке білдірген қарсылығым еді дейді. Біз, әрине, Сәкеннің сөзіне сенеміз, оның ақ, ниетіне күдік жасамаймыз. Бірақ, ақын тұрмыс шындығын қате түсінген уақытта оның, ниеті мен қорытындысының арасында қайшылық туады. «Азияда» Сәкен Европаға «Сен түгел жауызсың» дегенді айтады. Азияның «әділдігін» Европаның «жауыздығына» қарсы қояды. Тұрмыстың шындығы солай ма? Әрине, жоқ, Европаның жауызы — буржуалары. Европаның жұмыскер табы мен еңбекші бұқарасы Сәкен айтқандай «ақиқатқа қарсы» емес. Қақиқатты шын мағынасында орнататын құрал пролетариат революциясы. Пролетариат революциясын тудырушы Европа пролетариаты, орыс пролетариаты. Шығыстан Европаға жібердім деген: Айса, Мұса, Шыңғыстармен Сәкен Марксты қатар қояды. Шығысты әділдіктің ордасы деп түсіндіреді. Шығыста да құлданушы, күл болушы екі тап барын айтпайды. Шығыс елінің біреуі, қазақтың ішінде екі тап бар деп жырлаған өлеңдеріне Сәкен «Азияда» қайшы келеді. «Азияның» аяғында Сәкен:   Қой бауырым, әлде болса тас болма, Бүліншілік жауыздыққа бас болма —   дегенімен өлеңінің саяси қателігі кемімейді. «Азиядағы» қателігін Сәкен сол жылы жазылған «Алтай», «Германия жұмыскеріне» деген өлеңдерінде түзейді. Европа елінің біреуі — Германиядағы жұмыскер тапқа Локарна шартының ауыртпалығы түскеніне Сәкеннің іші ашиды.   Құтырған байлар мас болып, Пуанкаре бас болып, Именбей басты кеудеңді, Барлық, әлем керіп тұр.   Арам тамақ өрмекші, Қаныңды сора бермекші. Қара пәле албасты, Жиналып бәрі жалғасты. Қарусыз сорлы жұмыскер Қойнына қолын сұғып тұр — дейді ол. Германия жұмыскеріне туысқандық жаны ашыған Сәкен!   Бауырлар-ау, тұрсайшы, Пәлені ұрсайшы. Ақырып қайрат қылсайшы, Жігерің неғып жасып тұр!   Алыстан сенен көз алмай, Сенек бір сертті сөз алмай, Бұл жақта бау.ырын телміріп, Жүрегі қайнап ашып тұр! — деп пролетариатты майданға шақырады. Россия пролетариаты капитал тырнағынан қан майдан арқылы босанғанын көзімен көріп, ішінде бірге болған ақын, Россия жұмыскерінің практикасын Германия жұмыскерлеріне ұсынады. Міне, бұл - нағыз лениншіл, большевик ақынның сөзі.   «Алтай» атты өлеңінде Сәкен Азия мен Европа елдерін тапқа бөледі де: Төмен тап Европада майдан ашса, Майданға сертпен шығып туын жазса, Алтайдан жәрдем күтіп жаудан қайтпай Не өлмек, не жеңбек боп ұрандасса. Алысқан бауырларға көзді салсақ. Ерлерін Азияның жинап алсақ, Жаңғыртып жер дүниені жау қайдалап. Лек лек боп зор майданға біз де барсақ, Жауды езіп Европадан өтсек аттап. Дүниені ұрандатып алсақ қаптап, Орнатып жер жүзіне тегіс теңдік. Жоқ қылсақ жуандарды жерге таптап! — деп «Бүкіл дүние жүзінің пролетариаты, бірігіңдер!» деген ұранды мұрат қыла жырлайды. «Азиядағы» қате пікір «Алтайда» атымен сезілмейді. «Азиядағы» Сәкеннің қателігімен пайдаланып, оны аяғынан шалғысы келетін садуақасовшылардың боянған әр түрлері, алашордашылдар Сәкенді Мағжан қатарына апарғысы келеді. Мағжан «Күн шығысты» жазса, Сәкен «Азияны» жазды, екеуінің арасында қанша айырма бар дегенді айтады. «Азияның» саяси қате шығарма екенін жоғарыда айттық. Бірақ онымен қатар, сол жылдары Сәкен «Германия жұмыскері» мен «Алтайды» жазғанын сынар жақ сыншылар көргісі келмейді. Төңкеріске қарсы Мағжаннан «Алтай», «Германия жұмыскеріне» сықылды өлең ешуақытта шықпайтынын, «Күншығыста» айтқан пікірді Мағжандар принцип қып қоятынын, Сәкеннің «Азиясы» оның негізгі көзқарасынан емес, мәселеге үстірт қарап, қатеден сүрінгендік екенін олар айтпайды. «Азия» мен «Совет баласына» қарап Сәкенді партия жолына қарсы көрсетуге тырысатындар, сол кездерде оның Ленин туралы, ленинизм туралы жазған шығармаларын көрмейді. Мысалға оның 1923 жылы жазған «Ленин» атты өлеңін алайық:   Ғылым, тарих қағидасы — өзі. Бақыт, жоба, ұйық басы, — тезі... Адамзаттың бақытына, сәті, Аят, қидас уақытына — аты... Саясаттың мыс қазаны — Ленин! Бостандықтың таң азаны — Ленин!   Бұл өлеңді түгел оқып шыққан адам Сәкеннің шығармасында Ленин образы өзге образдарының қасында, басынан адам аса алмайтын асқар тау сияқты көрінеді Ленин атын айтқанда ақын. Лениннің өлуіне арнаған осы жинақтағы екі өлеңінде Сәкен қабырғасы қайыса қайғыруымен бірге:   Кек, қайрат көкірекке қайнап толған, Тайдырмас үлкен аға салған жолдан. Лениннің тігіп кеткен қызыл туын Ешбір жау құлата алмас біздің қолдан! —   дейді. Қысқасы Ленин жолында оның табаны берік. Ол шын мағынасындағы лениншіл. 1922 жылы жазылатын «Совет баласы» деген өлеңінде Сәкен НЭП-тің саяси-шаруашылық маңызын толық түсінбейді.   Мынау қу НЭП, Қойды ғой жеп, Шіркін Совдеп Келер ме еді айналып.   Сәкеннің ойынша кедейдің НЭП-ты бағалауы осылай. Сәкен кедейлердің ол бағасына өз қолын да көтеріп, өз даусын да қосады.   Дейді кедей: Қайтсын демей, Тірі жемей, Қояр емес байлардың —   дейді Сәкен НЭП байының шаруашылық ықпалы ғана бар деп ойламайды. Оның ойынша:   Бай Нардомда, Исполкомда, Мұнда, онда, Байлар тағы торлады. Байлар қуаң! Кейбір суан, Емес жуан Еппен сені қорғады!   Сәкеннің НЭП-ті әрине, қате. Рас, шаруашылық ретінен дұрыс басқара алмаған күнде НЭП-тің қаупі барында дау жоқ. Ленин «Кімді кім?» деген ұранды сондықтан айтқан. Бірақ НЭП саясатын дұрыс түсінген кісі, бұл жөнінде партияның беті ашық екенін бұл шара белгілі жоспармен істелгенін көреді. Партияның НЭП саясатының мақсаты — бір адым шегініп, бойға күш жинап, екі адым ілгері аттау. НЭП Совет елінің шаруасын өз ықпалына алып кетуге мүмкін емес, өйткені жоспарлап отырған, Сәкен айтқандай байлар емес. Наркомда, исполкомда, онда-мұнда, байлар тағы торлады» деген Сәкеннің сөзі қате. Үкімет басына, партия жолбасшылығына байлар бізде ешуақытта отырған жоқ. НЭП Совет үкіметін басқарған жоқ. Совет өкіметі НЭП-ті басқарды. НЭП-тің тізгіні Совет үкіметінде болғандықтан, «Кімді кім?» майданында НЭП жеңілді. Совет Одағының шаруасында капиталистік бағыт күн санап әлсіреп, социалистік бағыт күшейді. Отанымыз НЭП-ті дұрыс пайдаланудың арқасында социалистік шаруаны нығайтып алды. НЭП туралы Сәкеннің қате пікірі өзге шығармаларында да біразға дейін көрініп жүрді. «Жұмсақ вагон» поэмасында саудагер өзбектің қызыл партизанды поездан құлатып кетуі осы қате пікірден шыққан. «Жұмсақ вагон» «Совет баласының» жалғасы, екеуінің пікірі бір. Екеуінде де Сәкеннің НЭП-ті ұқпауы көрініп тұрады. Сәкеннің жазушылық өмірінде бір жақсы жері, қателескенмен, тұрмыстың шындығына тез оралады, тез көрінеді. Біреулер Сәкен НЭП-ке қарсы бетін өзгерткен жоқ дейді. Ол, әрине, қате. Сәкеннің «Советстан» деген поэмасы 1925 жылы жазылды. Осы поэмада Сәкен кімді кім жеңіп шыққанын айқын көреді. НЭП саясаты Совет отанын күшейтуге себеп болғанын, партия бұл саясатты өте данышпандықпен ойлап тапқанын, Совет елі жер жүзінде күшті ел болғанын ақын шалқып жырлайды. Ақын НЭП саясатының ірі табыстарын айтады:   Бұрын атам тұлпар еді бәйге көк, Міне, енді поезд болды, тұлпар жоқ. Ұзақ жолға, Тұлпар қол ма,— Мейлі жорға!— Тұлпар міну Сарыарқада жүрсең тек, — дейді ақын.— «Поезд», «Қарайғыр», «Отарба», «Экспресс» деген сықылды өлеңдер Сәкенде ертеден кездеседі. Бұл өлеңдердегі Сәкеннің поезы, бір жақтан, Совет Одағындағы ірі өнеркәсіптің символы болса, екінші жақтан, революцияның символы. 1921 жылы жазылған «Қарайғыр» деген өлеңінде ол поездің жүрісін сипаттай келіп: Алып қара бұл айғыр, Ерлер күшпен жаратқан. Патшаларды құлатып, Екпін күшке қаратқан. Дүниені орап жаңғыртып, Күңіреніп ұран таратқан. Керемет күштер жасаушы, Жалшылар енді азаттан! — дейді. Бұндағы ақынның алдына қойған мақсаты, поезды суреттеу арқылы жұмыскер таптың құдыретті күшінің қандай екенін көрсету. Әлемнің тәңірісі еңбек екенін айту.   1922 жылы жазылған «Біздің тұрмыс экспресс» деген өлеңіндегі поез тұп-тура революцияның бейнесі. Жарым артта қаларын, Маржандай жасы тамарын. Білсем де маған қарарын Поезға міндім таласып, —   дейді ақын. Бұл өлеңінде Сәкен тап ісін қара басының ісінен қымбат көріп жары мен революция қатар тұрғанда, қимаса да жарын тастап, революциямен кеткенін айтады. Өлеңді Сәкен былай аяқтайды: Зырла экспресс, ұш, зырла! Жұлдыздай ақ құлдыра! Құйындай құтыр,- бұлдырла! Аямай жүгір барыңды. Ерлер мінсе шыдасын, Қорқақтар мейлі жыласын, Шыдамаса құласын, Аямай сілте барыңды! Революцияға белін бекем буған ақынның сөзі осылай келеді. 1925 жылдарда да революцияға ерген Сәкеннің сол жолда табаны әлі де мықты екенін көреміз.   Міне заулап отарбада келеміз, Кейде жүйткіп, кейде бүлк-бүлк желеміз.— Жолы құрыш, Жолы өріс, Аумай бұрыс Қарақшыға апарады сенеміз!   НЭП-тің революцияға бөгет болуға әлі келмейтінін көрген Сәкен:   Поезд өсті зауам қайнап құбылмақ, Әлсіз сорлы сәкі астына тығылмақ. Біреу жетпек, Біреу кетпек, Мінгендер тек, Біртін-біртін ырғытылып жығылмақ, — дейді Сәкен. Поезға тегін мінетіндер, әрине, буржуа. Совет заманында олардың сәкі астына тығылатыны рас. Бірақ тығылғанмен, біртіндеп ырғытылып жығылатынында жоқ. Сәкі астында (НЭП-ті жамылып) тығылған буржуйлардың азайып келе жатқанын Сәкен көтереді.   Жауыз бидік заманында жауыздар, Толған еді, арамтамақ ауыздар. Қуды бәрін Жуды нарын, Бұққандарын, Бірте-бірте, кондукторлар, қауыздар.   Бұл өлеңнен аңғарылатын нәрсе: Сәкен «Совет баласы» деген өлеңінде айтқанындай, билікте (исполкомда) буржуйлар отыр демейді. Тізгін кондукторда екенін, олар революцияның, (поездың) нарына жұққан кірді (капитализм тегін) жуып тазартып жатқанын айтады. Бұл арадағы кондуктор — Совет үкіметі, Советтің әкімшілігі. Жас арыстан күшейесің айына, Қылыш қайрап дүниенің байына, «Шешен мырза» «Көсем құлжа» «Енді риза» «Сасық» деген табанының майына, —   деп шалқиды Сәкен. Совет елінің бұлай жас арыстан боп, дұшпанын бұқтыру себебі жалғыз ғана НЭП саясатын жүргізе білуде емес. Атпен жүрсе алты айлық жол жерің бар, Советстан сан рулы елің бар. Сан рулы, Заң құрулы, Бір-ақ тулы Бір-біріне туысқандық сенім бар — дейді Сәкен. Бұдан ұғылатын мағына: Ленин партиясы шаруаны ғана социалистік бағытпен өсіріп отырған жоқ, бүкіл адам атаулыны социалистік бағытпен өсіріп, сан рулы елді бір тудың астында бірге туғандай рухпен тәрбиелеп отыр. Совет елінде жаңа шаруамен бірге жаңа адам жасалып жатыр. Міне, мұның бәрінен көрінетін нәрсе, 1922 жылдары НЭП билеп кетеді деп қорыққан Сәкен, «Кімді кім?» ұранында капиталистік бағытты социалистік бағыт жеңетініне күдіктенген Сәкен, 1925 жылы ол пікірінің қате екенін, партия саясатының дұрыс екенін, НЭП саясатын партия дұрыс жүргізу арқылы Совет Одағы дүние жүзіне айбынды ел болғанын көреді. Көріп қана қоймайды, шалқып, шаттанып жырлайды. Табысты шаттанып жырлаумен бірге Сәкен «вулкан» барлығын, «сақ болудың» қажеттігін, әлі де «жол ұзақ» екенін ұмытпайды. Бірақ ақын «Маркс-Лениннің қоспақ темірден салған құрыш жолы, поезды аудармайтынына» сенеді.   Айда отарба, тынбай зулап айдап бақ, Дөңгелегің зырылдасын тақ-тақ-тақ, Шанқан жарық, Шамға қарық, Болсын халық, Электр жоқ, тынбай айда жол ұзақ, — дейді Сәкен халық жарығына қарық болсын деген Сәкеннің шамы — бір жағынан, Лениннің елімізді электрлендіру жоспарын жырлағандық, екінші жағынан,        коммунизмді электр жарығына ұқсатқандық. «Советстан» — жалпы совет поэзиясының ен, биік өркешінің біреуі. Бұл поэманы мазмұн жағынан да, түр жағынан да бүкіл Одақтағы совет поэзиясының маңдай алдындағысының қатарына қосуға болады. Ақын мұнда ұлы қарқынмен ілгері зырлап бара жатқан социализм дәуірінің бейнесін мазмұнмен ғана емес, түрмен де береді. Сөздердің құралуы, дыбыс үндестігі, ырғақ, үйлес жақтары қызу қарқынға өте дәлденіп жасалған. Оқыған уақытта поэма экспресстей адамды ілгері алып ұшып отырады. Қазақ ақындарының, әсіресе жастардың көбі «Советстанға» еліктейтіні осы. Түрі мен мазмұны бірдей түскен бұл сықылды сұлу поэзияны қазақ поэзиясын бұрын шықпаған жоғары сатыға көтерді. Қорыта айтқанда, Сәкен НЭП тұсында кері кетті деген пікір атымен қате. Кейбір кемшіліктері, қателіктерімен бірге ол партия жолынан, Ленин жолынан табанын аударған жоқ.   Сәкен социалистік қайта құрылыста Пролетариат революциясының негізгі мақсаты — жекеменшікті, жекеменшіктегі байлықты жойып, қоғам меншігін, қоғам байлығын жасау. Мұндай байлықты жасау үшін өндірісте де, ауыл шаруасында да ірі өнеркәсіптің күші араласу керек. Ірі индустриясыз ірі техника жасауға болмайды, ірі техникасыз ірі социалистік шаруа жасауға болмайды. — Бұл — марксизм-ленинизмнің «әліп» пен «биі». Марксизмнің осындай негізін түсініп қазақ әдебиетінде ірі индустрияны, ірі техниканы мақсат қыла бірінші рет жырлаған ақын Сәкен. Сәкеннің шығармасында аэроплан да поездан кем орын алмайды. «Аспанға ұш» деген өлеңінде (1923 жылы жазылған):   Орынбордан таңертең шықсаң ұшып. Ақмолада дем алып, түсте түсіп, Семей барып, қонаға съезде боп, Ертеңіне қайтарсың қымыз ішіп,-   дейді. Аэроплан Сәкеннің ұғымында жалғыз саяхаттап ұшудың ғана құралы емес.   Керек болса бұлттарды қомша бағып, Пұшпағынан жипарсың арқан тағып. Жауын керек жерлерге жаудырарсың, Дүрсілдетіп сабаумен төмен қағып,   «Самұрық» деген өлеңінде Сәкен ерте заманда адам баласының қиялы ғана ұшқанын айта кеп:   «Қазіргі шын самұрық аэроплан, Күңірентіп жер мен көкке салып ұран, Еркіндік оған мінген азаматы Большевик ер жүректі батыр ұлан. Сән емес, аэроплан күшті көлік, Арымас өзі жүйрік, мінсе берік. Адамзат көркем тұрмыс бақытына, Сенімді жеткізетін ол бір керік», — дейді. Бұл өлеңнен біз Сәкеннің ірі өнеркәсіпті өркендету саясатын айқын ұққанын көреміз. Алашорда сыншылары, садуақасовшылардың боянған әртүрлілері білгішсініп, ерте кезден Сәкенді сөгіп: «қазақ даласында поез бен аэроплан жоқ, Сәкен жоқты суреттейтін қиялшыл ақын» деген сандырақты айтты. Сәкен поез бен аэропланды ең алғаш қазақ әдебиетінде жырлаған кезде қазақ, даласында темір жол мен аэроплан азы рас. Бірақ алашордашылар мен садуақасовшылдар, меніңше, екі мәселеге түсінбейді, түсінсе де түсінгісі келмейді. Оның біреуі — Сәкен коммунист, интернационалист ақын. Сондықтан барлық Совет Одағындағы поезд бен аэроплан оның өз мүлкі. Совет Одағындағы барлық табысқа өз табысым деп Сәкеннің қуанатынын біз «Советстан» поэмасында айқын көреміз. Екінші — большевиктің өзгелерден өзгеше бір жері болашағына мықты сенеді, пролетариаттың қолынан неше түрлі керемет табыстар туатынына күдіктенбейді. Большевик ақын Сәкен — революцияның бастапқы жылдарында ақ келешекте салынғалы тұрған Турксибті, Қарағанды жолын Ақмола — Магнитагорск жолын айқын көреді. Бұлардың салынатынына күдік жасамайды. Үйткені ол жолдар салынуға толық жағдай бар. Олар пролетариат диктатурасына қарсы, пролетариаттың саяси шаруашылық мәдениет істеріндегі қолданып отырған шараларына қарсы. Сәкен — пролетариат жыршысы. Сәкеннің қаламы пролетариаттың жетістігін серпе жырлаумен бірге, алашорда сықылды тап дұшпандарына найзадай түйреледі. Сондықтан алашордашылардың Сәкен дегенде, Сәкеннің шығармасына дегенде жаны түршігетін себебі осы. Алашордашылдар Сәкенді Колчак кезінде атаман Анненковтың қанды уысына беріп те тұншықтыра алмаған. Совет өкіметі орнағасын әрине, олардың тұншықтыруға әлі келмейді. Келмегенін біз іс жүзінде көрдік. Бірақ тап жауы айлакер, ол заманына қарай амал жасай біледі, әдіс қолдана біледі. Бертін келе алашордашылардың жолы тарылып, тауы шағылып, ауыздықталып еді, оның орнына партия ішіндегі агенттері партия тонын жамылын, «советшіл» болып, партия жолын жақтаған болып Сәкенге алашордадан кем шабуыл жасаған жоқ. Сәкеннің маңдай алды шығармасы деген «Советстанды» Смағұл Садуақасов редактор боп тұрғанда баспай да қойған. Голощекин жолбасшылығы ауыл шаруашылығы мәселесінде Ленин партиясының ұлт саясатын теріс бұрып асыра сілтесе, осы асыра сілтеудің салдары қазақтың түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетіне де тимей қойған жоқ. Ескі жолбасшылықтың кезінде қазақтың ұлт мәдениетіне, оның кадрларына тиісті көңіл бөлінген жоқ. Сондай елеусіз болғанның біреуі Сәкен. Голощекин жолбасшылығы Сәкенге алашордадан кем шабуыл жасамады. Бұл жөнінде көзге оғаш көрінгендер «Еңбекші қазақ» газетінің маңайындағы Голощекиннің оң көздері. Олардың ұстаған әдісі Сәкеннің бірыңғай қателіктерін теріп, жұрт көзіне жаман көрсетіп, жақсы жағын бүркеу болды. Революцияның жаршысы болған ақынды бағаламады, кемшілігін атаумен бірге дұрыс бағытқа жетектеуді білмеді. Сын жұмысын тұншықтыру мақсатына айналдырды. Сәкенге газет бетінен орын бермеді. Берсе сөздеріне орынсыз байланысып, артына күнәлі құйрық жалғап отырды. Бірақ большевик Сәкен оған қажыған жоқ. Алған бетінен тайған жоқ. Пролетариаттың табыстарын шалқып жырлауын бәсеңдеткен жоқ. Бұған оның соңғы жылдарда жазған «Альбатросы» мен «Социалстаны» куә. Голощекин жолбасшылығының ауыл шаруашылығында Ленин ұлт саясатын бұрмалағанын қазақ әдебиетінде ең алғаш большевикше көре білген ақын Сәкен. Бұл жөнінде кейбір жеке кемшіліктермен қатар қазақ әдебиетіндегі үлкен тарихи документ «Қызыл ат», «Қызыл атта» Сәкен асыра сілтеушілік партия жолы емес екенін айтады.   Үкімет малды ешкімге құрт демейді, Күйзелсін еңбек қылған жұрт демейді, Советтің мақсаты істі жемісті ету, Еңбекті еңбекші елге тең істету, Колхозды, өндірісті өркендетіп, Қызықты коммуншылдық күнге жету.   Партия басшылығы дұрыс жүргізілген жерде өркендеп отырған колхоздарды көрсетеді.   Қызықты талай жердің колхозды елі, Аттары ортекедей ескен телі, Гүлденген шаруасы іс жүзінде Жылтылдап малдарының майлы шелі. Асыра сілтеушілікті туғызған жағдайды да Сәкен дұрыс түсінеді. Асыра сілтеушілік жасауға себеп болған Голощекин жолбасшылығының партия саясатын теріс айналдыру болса, екінші жақтан, тап жауынын сол бұрмалауды пайдалануында екенін айтады. Партия нұсқауын большевикке іске асырған күнде асыра сілтеу болмайтындығын көрсетеді. Бұл асыра сілтеушілікті партияның тез уақытта түзей алатындығына еңбекші халықты сендіреді. Еңбекші бұқараны Сәкен осы күшті ұранды орындауға шақырады. Партияны сүйетін еңбекші көпшілік дұрыс саясат жүре бастағасын, жұмыла іске кіріседі. Көптің көмегімен асыра сілтеу салдары тез жойылады. Қазақ әдебиетінде, қазақ совет әдебиетінде Сәкеннің «Қызыл аты» сықылды елге көп тараған шығарма болған емес. Қазақстанның қай түкпірін алсақ та «Қызыл атты» оқымаған кісіні аз кездестіреміз. Көп жерде оны жаттап алған. Бұлай болатын себебі Сәкен «Қызыл атта» еңбекші бұқараның сенген Коммунистік партияға шын жүректен жарып шыққан мұңын айтқан. Асыра сілтеу салдарын партияның тез түзей алатындығына еңбекші бұқараның сенетіндігін білдірген. Сонымен қатар еңбекші бұқараға Сәкен партияның дұрыс жолын түсіндірген. Қысқасы, «Қызыл атта» Сәкен еңбекші бұқара мен партияның тығыз байланысты екенін, біріне бірінің сенетіндігін жырлайды. Осы сенімге бөгет болғысы келген сұмдардың дұшпандық пердесін ашады. Бұл сенім, бұл бірлік уақытша емес, мәңгілік. Сондықтан «Қызыл ат» та мәңгілік шығарма.   Қорытынды Түрі ұлттық, мазмұны социалистік қазақ совет әдебиеті Октябрь революциясының жемісі, одан бұрын әдебиетімізде бұқарашылдықтың тегі ғана болмаса, социалистік әдебиет туған жоқ. Қазақтың осы Октябрьден кейін туған совет әдебиетінің бірінші кірпішін қалаушы Сәкен. Соңғы үш-төрт жылдың ішіндег

Сонет халқы бүгін Сәкен Сейфуллиннің әдебиет қызметіне араласқанына жиырма жыл болғанын тойлап отыр. Өндірістерден, колхоздардан, мәдениет орындарынан жеке адамдардан алған хаттарға, телеграммаларға қарағанда, бұл тойды барлық, қазақ еңбекшілері, Қазақстандағы барлық ұсақ ұлттар еңбекшілері, көрші республикалардың еңбекшілері шын ықыласымен қуанып қарсы алғанын көреміз.

Бұл неліктен? Соған жауап берейік. Бір сезбен айтқанда, оның себебі: Сәкен Сейфуллин шын мәнінде қазақ совет әдебиетінің ағасы болып саналады. Бұл даусыз шындық.

Сәкеннің қазақ совет әдебиетіне қалай аға болғанын толығырақ түрде дәлелдеуден бұрын ескере кететін бір сөз, оның революциядан бұрынғы шығармалары туралы.

Өмір тарихына қарағанда, Сәкен 1913 жылдан бастап жазған. Оның алғашқы басылып шыққан еңбегі 1915 жылғы «Өткен күндер», «Өткен күндерде» басылған бірнеше өлең 1922 жылы басылатын «Асау тұлпарға» кірген. Сол өлеңдерге қарап, кейбір сыншылар Сәкенді ұлтшылдардың қатарына, асса алашордашылардың қатарына қосуға тырыспақ болады. «Қазақстанның XV жылдығы» деген жинақта «Қазақ әдебиеті» деген мақаланың авторы «Сәкен 1917 жылы төңкеріске қарсы алашордадан айырылды» дейді. Бұл сөзді біз түбірімен қате дейміз.

Революциядан бұрын саяси сезімі оянған азғана қазақ оқығандарының біразы ұлтшыл болды. Россия патшасының отаршылдық уысында тұншыққан қазақ елінің тағдырына саналымын деген оқығаннан қайғырмаған адам аз. Бірақ ұлтшылдықтың ұлтшылдығы бар. Байлар базардан үйреніп қайтатын бір ұлтшылдық бар. Үйткені, әр ұлттың, «жас байына» негізгі мәселе базар. Оның мақсаты басқа ұлттың байларымен базар таласында жеңіп шығып, өз товарын өткізу. Осыдан барып оның «өзінің туған» базарын жасау тілегі шығады.

Екінші жүйедегілер ұлтшылдар бұқара тілегіне жақындар, «қазағым», «елім» деген сөзді айтқанмен олар қазақтың өзін жіктеп, бай, кедейге айырады. Отаршыл Россия патшасының қазақ елін жаншуын айтуымен бірге, қазақтың өз байларының қазақ кедейіне істейтін қиянатын көрмей отыра алмайды. Сәкен төңкерістен бұрын ұлтшылдықтың осы жүйесіне еліктеген адам. Оған дәлел — «Бірлік». Бөкейхановтың кадеттік бағытын қолдаушылар — патша үкіметінің негізіне тимей, кейбір жетіспеген жерін жамайық деушілер. «Бірліктің» бұл бұтағы, 1917 жылы алашорда ұйымына айналып кеткен. Екіншісі, патша үкіметін құлатпай жақсылық жоқ деушілер, патша құлаған күнде орыстың еңбекші бұқарасының етегінен ұстаймыз дегенді айтушылар «Бірлікте» Сәкен екінші жүйеге жатқан. Бұл жүйе 1917 жылы большевиктердің артынан ерген. Сондықтан 1917 жылғы алашорда түгіл, одан бұрынғы ұлтшылдарға Сәкенді қосақтауға болмайды.

Ұлтшылдыққа еліктеген күннің өзінде де Сәкеннің бұқарашылдығы басым екендігіне, кедейді сүйетіндігіне, оның ауыр халін қайғыратындығына, байдың кедейге істейтін қиянатына қарсы екеніме «Тар жол, тайғақ кешудің» бас жағы куә. 1916 жылы қазақ еліне түскен ауыртпалықты айта кеп, Сәкен былай дейді: «Ел шабуылда. Ұлықтан ынсап кеткен. Кім ақшаны көп берсе, соның баласын қалдырады. Жұрт малдан шығып кеткен. Байға білінетін емес. Кедей сыпырылып жатыр. Осындай ауыр халге түскен елдің кедейі «Жалпақ теңіздей» қозғалды. Тұңғиық қара теңізге қара дауыл соқтықты. Теңіз шайқалып күңіренді». Осы толқыған теңіздің бетін онға бұруға Сәкеннің ниеті сол кезде кетеді. Бірақ санасы піспеген, саяси беті ашылмаған кез. Қалай бастауды білмейді.

Сәкеннің саяси бетін ашқан 1917 жылғы революция. Еңбек дүниесі мен қанаушы тап бетпе-бет кеп майдандасқан күндерде, барлық ұлттың байлары мен еңбекшілері екі жікке бөлініп, бірі мен бірі жауласқан күнде «ұлтшылмын» дейтіндердің бірсыпырасы көптің тілегіне ашады. Кімнің кімдік екендігі айқын көрінеді. Міне, осы қайшы кеп, қазақтың азшылығы — байларының сойылын соғып кетеді. Ұлтшылдардың бет пердесін революция кезінде Сәкен де бетін бүркемей, ашық, айқын пролетариат жағына шығады.

Сәкен «таза» ғана әдебиетшіл адам емес. Ол әлеуметшіл, саясатшыл адам. Октябрь революциясын ол жаудан қаламмен ғана қорғаған жоқ, найзамен де қорғады. Ол қазақ ауылында бірінші Советті құрды, бірінші партия ұясын, бірінші партизан боп жазылды, Совет үкіметін қорғау бірінші рет жаумен майдандасты, бірінші рет алашорда мен Колчак бандыларының айуандық азабын тартты, қалам мен найзаны жауға бірдей сілтеп, қан майданда жауды жеңісіп, еңбекші бұқараға мәңгілік бостандық әперушінің біреуі болды. Сәкенді бүгінгі күні еңбекші елдің ардақтайтын, сыйлайтын, әдебиетке істеген жиырма жылдық еңбегін тойлайтын себебі сол. Ол, аты ақын ғана емес, революционер, большевик ақын. Ол еңбекші бұқараның ақыны ғана емес, Октябрь майданында жауын жеңіскен батыры.

 

Сәкен азамат соғысында

Әрбір ұлтта еңбекші және еңбекті қанаушы екі тап болатынын, еңбекші бұқараның кеудесіндегі зары әлсіз түрде болса да әдебиетке түспей қоймайтынын, осыдан әдебиетте бұқарашылдық тегі болатынын марксизммен таныс кісілер жақсы біледі. Торайғыровқа дейін қазақта бұқарашыл әдебиет болған жоқ дейтін сыншылар бар. Егер ол пікірге қол қойсақ, қазақта Торайғыровқа дейін еңбекші бұқара жоқ деген пікірге қол қойған болар ек. Ондай пікірге марксизмді жақсы ұғатын адам, әрине, бара алмайды. Қазақ әдебиетінде бұқарашыл бағыт Сұлтанмахмұтқа дейін де болды. Ондай бағытты біз жазба әдебиет түгіл ауыз әдебиеттің өзінен де байқаймыз. Рас, Торайғыров «Кедей» деген поэмасында еңбекші бұқараның байлардан көретін қысымын бұрынғы ақындардан ашығырақ жазды. Ол қазақта кедей былай тұрсын, пролетариат табы барын айқын көрсетті. Бірақ онымен Торайғыров пролетариат ақыны, пролетариат идеологы бола алғам жоқ.

Пролетариаттың, кедейдің тұрмысының ауырлығын көрсетумен ғана пролетариат ақыны бола алмайды. Пролетариат ақыны болу үшін, пролетариатқа қиын хәлден қайткенде құтылудың жолын көрсету керек. Ол жол пролетариат диктатурасын орнату. Қанаушы таптың үстемдігін құлатпай, үкіметті колға алмай, пролетариат ешуақытта азат болмайды. Сұлтанмахмұт пролетариаттың ауыр халін көрсеткенмен, сол кездегі тұрмысты түбірімен өзгертуге аяқ баспаған ақын.

Қазақ әдебиетінде пролетариат үстемдігін бірінші рет жырлаған, бірінші рет капитал дүниесін тамырымен қопаруға шақырған ақын Сәкен. Сәкеннің қымбаттылығы, ардақтылығы осында. Еңбекші бұқараның оны сүйетін себебі осы. Ендеше Сәкенді қазақ совет әдебиетінің ағасы дейтін себебіміз осы.

Сәкен — пролетариат ақыны. Қазақтың пролетариат әдебиетінің бірінші кірпішін қалаған Сәкен. Оған ешкім таласа алмайды. Таласам дегенмен тарих таластырмайды. Сәкеннің осындай пролетариат ақыны болуының бір себебі ілгергі кезге жатады.

Алашордашылдардың қазақта тап жоқ деген пікірді айтқандағы бір «дәлелі»—«қазақта капиталист жоқ, сондықтан онда жұмыскер жоқ» деген сандырақ болатын. Революциядан әлденеше жыл бұрын қазақ даласына орнаған: Риддер, Екібастұз, Ақжал, Қоңырат, Спасскі, Қарсақпай, Ембі сықылды кәсіп орындарын, бір ұлттан жұмыскер табы құралу үшін, сол ұлттың өзінен капиталистер шығуының міндетті емес екенін олар көрсе де көрмейтін. Көргісі келмейтін. Бұл өндіріс орындарындағы қазақ жұмыскерлері революциядан бұрын таптық, мақсатын орыс пролетариатындай дәрежеге қоюға жеткен жоқ. Саяси санасы өскен жоқ. Бірақ одан, қазақ жұмыскерлері құлдық қамытын өгізше сүйрей берді деуге болмайды. Талай жерде қазақ жұмыскерлері стачкалар, ереуілдер жасаған. Солардың ішінде көзге ерекше көрінетін біреуі, 1905 жылы Успенскі заводында декабрьде болған ереуіл. Уақыт жағынан бұл ереуіл, Москва жұмыскерлерінің құралды көтерілісімен бір мезгілде келген. «Европаны шолған коммунизм сәулесі» (Маркс) қазақтың қиыр даласындағы заводқа да жарығын түсірген. Қазақ жұмыскерлері «Бүкіл жер жүзінің пролетариатқа, бірігіңдер!» деген ұранға үн қосты.

Міне, осындай тарихи маңызы зор оқиғаны завод мектебінде орысша оқып жүрген жас Сәкен көзімен көрген. Жұмыскердің ауыр тұрмысымен. Сәкен жас кезінде танысқан. Сол ауыр тұрмыстың құрсауынан шығам деп бұлқынған жұмыскерлердің қозғалысы болашақ пролетариат ақынына қатты әсер еткен. Мұны ол өз өмірбаянында айтады.

Бірақ сол күннен бастап пролетариат бағытымен жазуға Сәкенге басшы болмаған. Өзі бастауға жасы да, білімі де жетпеген. Завод мектебінен кеткесін ол ұлтшылдардың ортасына түсіп, солардың ықпалында революцияға дейін болып, революция тұсында шыныққан большевиктерге кездесіп, саяси бетін содан кейін айқындаған.

1929 жылғы болатын Крайкомның алтыншы пленумында Голощекин: «қазақ совет әдебиеті, меніңше, 25-жылдан басталды» деді. Әрине, ол кісі ол сөзді қазақ әдебиетін оқып барып айтып отырған жоқ, оған «солай» деп түсіндірушілер болған. Сын мәселесінде марксшіл мін дейтін кейбіреулер ол кезде тіпті Голощекиннен әрі кетіп «қазақтың пролетариат әдебиеті әлі жоқ, ол алдағы

Ұқсас материалдар