Қандастар Ассамблея

Қазіргі сатымыз

08.12.2012 2408
Алматыда, облыстық қалаларда, кейбір өндірістер ішінде әдебиет ұйымдары бар. Бұл ұйымдар жүздеген жазушылардың басын қосып отыр. Расын айтқанда, ұйымның жазушыларды басқаруы нашар. Сол нашар басқаруға қарамастан кеңес әдебиетінің бойы өсуде, саны да, сапасы да артуда. Оған жас жазушыларды есептемегенде Одақтық жазушылар ұйымына қазақтан 30 шақты кісі мүше болып өтуі айқын дәлел. 30 кісі Одақтық ұйымға мүше болды деген сөз қазақ кеңес жазушыларынан жалпы одақтық маңызы бар 30 жазушымыз бар деген сөз. Бұл аз табыс емес. Егер қазақ кеңес жазушыларын таптық жағынан көрсетсек мынаны көреміз: 1927 жылға шейін батырақ Қалмақан — бүгін алдыңғы қатардағы пролетариат ақыны. 1927 жылға дейін жетім балалар үйінде тәрбиеленген Әбділда Тәжібайұлы — бүгін алдыңғы қатардағы комсомол ақыны. 1917 жылға дейін жұмыскер боп келген Елжас Бекенұлы — қазір алдыңғы қатардағы жазушы және сыншы. Біреулер — әңгіме шыққан тегінде емес, ісінде.дегенді айтады. Бұған менің дауым жоқ. Бірақ бұл сөзді айтушылар, бірінші жақтан, Коммунистік партия сықылды ардақты партияға мүше болғанда тап жағына қатты қаралатынын да аңғармайды, иә болмаса аңғарғысы келмейді. Екінші жақтан олар мұндай фактіге көңіл бөлмейді. XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің классиктері Грибоедов, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Тургенев, Толстой, тағы басқалар ақсүйек дворяндардан шыққан. Кәтте атақты жазушылар Некрасов, Салтыковтардың тегі - дворян. Егер қазақтың XIX—XX ғасырдағы басты ақын, жазушыларын алсақ Шәңгерей, Нұржан Наушабайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Жүмабайұлы, тағы басқалар — бай балалары. Бұдан көрінетін нәрсе: қай уақытта қай тап үстем болса, содам ақын, жазушы көп шығады, Үйтетін себебі көркем әдебиет тап құралы. Үстем тап өзінін сойылын соқпайтын ақынның өсуіне мүмкіндік бермейді. Бұл жөнінде өте айқын мысал пролетариаттың, атақты жазушысы Максим Горький, Горькийдің ірі жазушы екенін төңкерістен бұрын да жұрт таныған. Бірақ Николай патша Горькийді ғылым академиясына мүше ету туралы ұсынысты қабылдамаған. Онымен қоймай, жазуына бөгет жасап, полицияны соңына салып қойған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жазушылардың өсуі түбірімен өзгерді. Мысалға өткен күз Москвада болып өткен кеңес жазушыларының бірінші съезі делегаттарын алайық. Шыққан тегіне, қызметіне бөлгенде Делегаттардың өткен кеңес жазушыларының бірінші съезі делегаттары жұмыскерлер мен шаруалардан шыққандар. Егер жұмыскер мен еңбекші шаруа үстемдігін орнатпаса, олардың арасынан жоғарғыдай көгі жазушы шықпас еді. Осы жағдайды біз Кеңес Одағының бар пұшпағында, барлық бұрышында көреміз. Бір кезде буржуа табы да мәдениетшіл болды (әрине таптық бағытпен), бірақ Пролетариат төңкерісінің оты жаңа бастаған соң, буржуа ең кертартпа, ең ескішіл тап болды, ғылым мен көркемөнерге өш болды. Бұған 1932 жылы Гитлершіл фашистердің атақты Генрих Гейненің шығармаларын түгел өртеуі дәлел. Гейненің шығармалары көркемөнердегі алтын қор еді, сол қорды фашисттер нас қолын сұғып құртты. Социал-шовинистер, троцкийшілдер бір кезде пролетариат әдебиеті жасалмайды дегенді айтты. Социал-шовинист Карл Кауцкий бір кезде: техника мен экономика жоғары дәрежеге жеткен жерде көркемөнер тіршілік ете алмайды, деп те сандырақтады. Кеңес өкіметінің 17 жылдық социализм құру практикасы бұл пікірдің барып тұрған төңкеріске қарсы пікір екендігін айқын әшкерелеп отыр. Мысалға кеңесті Қазақстанды алайық: шаруа, техниканың өркендеу нәтижесінде қазақ еңбекшілері мыңдаған жылдың табысын 17 жылда тауып отыр. Бұл өркендету, өсу қазақ еңбекшілерінің көркемдік сезімін, көркемөнерін шегеріп отырған жоқ, қайта тарихта болмаған дәрежеге көтеріп, өсіріп отыр. Қазақта төңкерістен бұрын да мейлінше мешеу болса да ұлт мәдениеті болғанына біз таласпаймыз. Бірақ қазақ, халқында төңкерістен бұрын өз мектебі, өз киносы, өз баспасөзі болған емес. Қазақтың көркем әдебиетінің өркендеуіне Кеңес өкіметіндей ешкім жағдай жасаған емес. Бізде қазір мемлекет қаражатымен іс жүргізіп отырған жазушылар ұйымы бар, ол ұйымның қарамағында көркем әдебиет бар, газет, журналы бар, жазушыларға іс істеу үшін толық жағдай жасалып жатыр. Мұндай жағдайлар қазақтың төңкерістен бұрынғы тарихында болған емес. Ендігі айтатын мәселе көркем әдебиетте қаншалық табысымыз, кемшілігіміз барлығы туралы. Төңкерістен бұрынғы әдебиетімізде, әсіресе Сәкен мен Бейімбетте бұқарашылық болғаны рас. Бірақ пролетариат әдебиеті болған емес. Максим Горький, Серафимович сықылды пролетариат көркемөнер шеберлері төңкерістен бұрын қазақ арасында болған емес. Осындай қазақта бұрын жоқ пролетариат әдебиетінің кірпішін алғашқы қалаған ақын Сәкен Сейфоллаұлы. «Бабаларыма» деген сықылды бірнеше қате өлеңдерімен бірге, Сәкен 1917—1919 жылдары «Жұмыскерге», «Жолдастар», «Жас қазақ марсельезасын», тағы сондай нағыз пролетариат поэзиясын берді. Жұмыскер тұрмысы туралы ақын Торайғырұлы Сұлтанмахмұт та жазған. Бірақ Сәкен мен оның жұмыскерді жазуында көп айырма бар. Сұлтанмахмұт жұмыскердің ауыр тұрмысын суреттей келіп, ол қорлықтан оқу оқыса ғана құтылады деген қортынды шығарады. Сәкен ондай қортынды жасамайды. Сәкеннің жасайтын қорытындысы — қанаушы тапты жою үшін жұмыскерді құралды күреске, үстемдік орнатуға шақыру. Міне, бұл оның анық пролетариат ақыны екендігін көрсеткендік. Сәкен шығармаларының ең биік өркешінің бірі, партия комитеті атап кеткен «Советстан». Осы «Советстанды мен бір кезде, жалғыз қазақ поэзиясы ғана емес, жалпы кеңес поэзиясының маңдайына жататын шығармаларға кіреді дегенде біреулер бұл пікірімді қате деп жүрді. Бұл пікірімнің дұрыстығы бүгін көзге көрініп отыр. Кеңес елінің табиғатының, шаруасының, білімінің, жерінің байлығын бұл сықылды толық берген поэма кеңес әдебиетінде сирек. «Советстанның» байлығы мазмұнында ғана емес, түрінде де. Индустриялы дәуіріміздің қызу қарқыны «Советстанда» мазмұнымен ғана емес, түр, ырғақпен де берілген. «Жанзолин», «Жұмсақ вагон» сықылды өлеңдер Сәкен шығармасының ішіндегі қара таңбалар, осыларды көрсететін сыншылардың кейбіреуі қателіктерімен бірге, Сәкен қазақтың пролетариат поэзиясының алғашқы негізін қалаған кісі екенін ұмытады. Қазақ кеңес әдебиетінің ірі жазушысының бірі жолдас Майлыұлы Бейімбет. Кеңес өкіметі Қазақстанға орнаған жылдан бастап, қазақ әдебиетіне Мырқымбай атты кейіпкер берді. Мырқымбай — қазақтың бар кедей атаулысының жақсы-жаман қылықтарын денесіне сыйғызған кейіпкер. Қазақ әдебиетінде, Мырқымбайдан артық халыққа көп танылған кейіпкер жоқ. Біреулер жаппай колхоздану дәуірінде Мырқымбайды Бейімбет жоғалтып алды дейді. Ол қате. Әңгіме кісінің атында емес, ісінде. Кедейден шыққан Зәуренің («Майдан» пьесасы) колхоз құрылысында басшы екеніне кім таласа. алады. Бейімбеттің ізіне түсіп жүрген бір тақырыбы алашорда, алашордашылдардың әр дәуірдегі әртүрлі боялуы. Жақын арада Оқу комиссариаты қабылдаған «16- жыл» деген Бейімбеттің пьесасында, ұлтым деп жүрген жалаптар, патша үкіметіне ұлтын сатады. «Біздің жігіттер» деген пьесада Жақыптар (Керейұлы, Жантайұлы) қолына құрал алып, Қеңес өкіметіне қарсы шығады. «Қазақ қызы» деген романда Жақыптар (Қадырбайұлы) төңкеріске қарсы пікірін алдап өткізу үшін партияға кіреді. Қысқасы, Бейімбетте алашордашылдардың екіжүзділік кейіпкері біраз әшкерелеген. Бейімбеттің стиль өзгешелігі қысқа әңгімелер жазуында. Осы қысқа әңгімелер әрі кәзіргі күннің тақырыбына жазылады. Әрі бірі мен бірі мазмұн жағынан тығыз байланысты болады. Егер Бейімбеттің бір жылда жазған ұсақ әңгімелерін бір кітап қып бастырса, жеке әңгімелер үлкен романның бөлімшелері сықылды болып барлық әңгімелер түр жағынан да, сюжет жағынан да. байланысып тұрар еді. Тіл жағына келгенде, Бейімбетті шала сауатты колхозшылар да жақсы түсінеді. Бейімбеттің тілі — көпшіліктің тілі. Қазақ кеңес поэзиясының көрнекті ақынының бірі — Ілияс Жансүгірұлы «Жетісу суреттері», Гималай», «Күй», «Күйші», «Дала», «Жақа туған», «Колхоз тойы» деген оның поэмалары бағалы еңбектер. Төңкерістің бас кезінде Ілияс ұлтшылдардың ықпалына біраз түсті де, артынан ол қатесін түзеді. Менімше, жетістіктермен қатар Ілияста мынадай кемшіліктер бар: ең алдымен 20 жылдай әдебиетке қызмет ете отыра, ол әлі үлкен сюжетті, ірі кейіпкерлі шығарма бере алған жоқ. Сюжет жағынан тереңге малтымайды. Бұл ретінде көзге көрінеді ау дейтіндері «Кек», «Турксиб» деген пьесалар ғана, олар да толық емес. Екіншіден, төңкерістен бұрынғы тақырыпқа жалғандары, төңкеріс тақырыбынан көп күшті шығады. «Гималайдан» «Колхоз тойы», «Күйден» «Жаңа туған көркемдік жағынан осал. Ілиястың ауыз толарлықтай дейтін бір шығармасы — «Дала». «Даланың» мазмұны негізінде саяси жақтан дұрыс, бір-ақ ақын аз ғана поэмада 300-400 жылдық қазақ тарихын шоламын деп көп жерін созып, әлсіретіп алған. Белгілі кейіпкер жоққа тандық болғандықтан, көп жері көкейге қонбайды. Үшіншіден, Ілияс, көп шығармаларында тарихты бір кәрі шал қып, сонымен кеңесіп, тұрмысқа көзқарасын шалға дәттетеді («Күй», «Күйші», «Дала» т. б.). Тарихпен кеңесу, тарихты жазу дұрыс. Бірақ бізден бұрын жасалған тарихтан басқа біздің өз қолымыздан жасалып жатқан тарих бар емес пе. Осы жаңа өзіміз жасап жатқан тарих Ілиястың шығармаларында ескі тарихты суреттеуден көп нашар шығады. Ілияс сөзден кедей ақын емес, тілі бай. Осы бай тілді ескі өмірге келгенде төгіп отырып, жаңа өмірге шабандап қалатындығын Ілияс жолдасқа ескерту керек. Мүсірепұлы Ғабит, Тоқмағамбетұлы Асқар, Тәжібайұлы Әбділда, Жароқұлы Тайыр, Әбдіқадырұлы Қалмақан, Орманұлы Ғали, Тұрманжанұлы Өтебай, Сыздықұлы Жақан, Малдыбайұлы Ғалым, Айсарыұлы Әбдірақман, т. б. қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті жазушылары туралы жеке баға берудің қажеті жоқ. Солай Исаұлының: біздің кеңес жазушылары байшылдарды мазмұнмен ғана емес, көркемдік жағынан да басып озды деген өте маңызды тезисін толықтыру. Үйткені сыңар жақ сыншылар кеңес жазушыларын «түрің кем» деп ылғи тұқыртып, өсуіне бөгет сала беретін еді. Ораздың бұл тезисі әрі өсуге көмек ететін, әрі шындыққа сүйенген тезис. Сол шындықтарды мына мысалдармен дәлелдеуге болады: 1) Алашордашыл ақын, жазушылар табиғаттың мылқау күшінің құлы. Олар — құдіретшіл тағдырға бағынғыш (Ахметтің «Мысалдары», Мержақыптың «Бақытсыз Жамалы», Мағжан өлеңдері, т. б.) Біз мылқау табиғатпен күрескіш, жеңгіш, бағындырғышпыз. Қалмақан Әбдіқадырұлының «Бұрғы» деген 20 жолдық өлеңінің мазмұн байлығын, сөзінің екпінін, сенімінің күштілігін, уақиғасының нығыздығын, пікірінің материалисттігін алсақ, алашордашылдардың барлық поэзиясы садағасына тұрмайды. «Бұрғыдағыдай» адамның табиғатпен белсене күресуін алашорда әдебиетінен таба алмайсың. 2)         Алашорда жазушылары байлар табының сақшысы бола тұра, біз жалпы қазақшылмыз деп, саяси бетін жасырады. Біз тап күресіне алдамай, бетті бүркемей ашық шығамыз. Байлар бізге дұшпан, сондықтан оны жоямыз деген сөзді біз ашық айтамыз. Міне, бұл біздің адамгершілігіміздің күшін көрсетеді.   3)         Сүйенген табы — байлардың табаны бүрсіз, буыны бос, әлсірегендіктен, алашордашыл ақындардың әлсіздігі мазмұн түгіл стилінде айқын көрінеді. Жел толқып, тұман минут сайын өлім елестеткен қорқыныш, шатасу, қараңғы түн, жолсыз, елсіз дала, шаршау, жылау, сарнау, елім — міне байшыл ақындардың шығармаларында көп ұшырасатын сөздер. Кеңес жазушыларының шығармаларының сарыны күрес, жеңумен келеді, әр жолда, әр сөзде күш кернеп тұрады. 4)         Алашордашылдар ғылымға, техникаға қарсы. Қарағанды темір жолы салынғанда Мағжан «пәле келді» деп зар жылады. Турксиб туралы Ғалидің, Әбділданың, Ілиястың,. Қалмақанның т. б. өлеңдерінде шаттық қуаныш. Алашордашылдарға темір жол.қайғы, бізге бақыт. 5)         Алашордашылдар дін үгітшісі, біз дінді халықты улататын апиын дейміз. 6)         Олар ескі ақсақал аулының, мәдениетсіз ауылдың ғұрпын жақтағыш, біз жаңа социалистік мәдениетті тұрмысты жақтаймыз. 7)         Олар әйел теңдігін төсекке байланыстырады. Біз өндірісте, үкімет жұмысында әйелдің ермен бірдей жүруіне байланыстырамыз. 8)         Олар жеке меншікті шаруашыл, капиталшыл, біз колхозшыл, социализмшілміз; олар аздың жоқшысы, біз көптікі. Олардың «адамгершілігі»— өтірік... Тап тартысы арқылы шын адамгершілікті қуаттайтын біз. Олардың табы өледі. Сондықтан тіршілігі қысқа. Біздің тап өлмейді, сондықтан біз де өлмейміз. Егер саясатта, экономикада, мәдениетте алашордашылдар бізбен теңесе алмаса, көркем Әдебиетте де маңайлай алмайды. Дулатовтардан кешегі батырақ, Қалмақандар бүгін көркемдік жағынан да көп жоғары. «Оян қазақтың» (Мержақыптікі) мазмұны былай тұрсын, түр жағынан да түкке тұрмайды. Мұндай нашар өлеңді Қалмақандар ешуақытта жазған емес. Бұл айтылғандардан бізде кемшілік жоқ деген сөз шықпайды. Біздің ұлт табысымыз өткен дәуірмен салыстырғанда зор, Бірақ біздің тап тарихта болмаған тамашаларды жасап жатыр. Бізде мәдениет тарихта болмаған сатыға шығып отыр. Сондықтан біздің көркемөнеріміз де тарихта болмаған биік дәрежеге көтерілуге тиісті. Мәдениеті өскен Отанымыздағы жұмыскер, шаруаларға не болса соны ұсына беруге болмайды. Оларға мазмұны бай, түрі сұлу шығармалар керек. Осы үмітті біздің жазушылар әлі де толық ақтай алып отырған жоқ. Мысалға «Социалистік Қазақстан» газетінің челюскиншілер туралы жариялаған бәйгесіне түскен 27 поэманы алайық. Сан жағы көп болғанымен сапа жағынан бұлардың көбі қарын ашырып отыр. Алдынғы қатарда деген кейбір басты жазушыларымыздың фантазиясының кедейлігі, шығармасының мазмұнсыздығы, көзбен көргенін, көкірекпен билей алмайтындығы, әдебиет, саясат мәселелерінде сауатсыздығы көрініп отыр. Аты бар ақындарымыздың бәйгеге қосқан шығармаларының ілікпеуі жазушылар ұйымына да, ақын жазушыларымызға да үлкен сабақ. Соңғы мәселе — кадр туралы. Жоғарыда біз қаншалық әдебиет кадры барын айттық. Бірақ мәдениеті өскен Отанымызға бұл жетпейді, әдебиеті армиясын алдағы күнде жасасатын орынның ең күрделісінің біреуі — біздің бастауыш, орта, жоғары мектептеріміз. Расын айтқанда мектептер бұл жөнінде бізге көңілдегідей көмек көрсетпеді. Буған кінәлі Оқу комиссариаты мен жазушылар ұйымы. Осы күнге дейін ешбір қазақ мектебінде қазақ әдебиет сабағының программасы жоқ. ҚазПИ сықылды оқытушылар ғана даярлайтын жоғарғы дәрежелі оқу орындарымызда әдебиет теориясы өткен емес. Әдебиет теориясы, тарихы туралы оқу кітабы жоғын былай қойғанда 3-4 жылдан бері мектептеріміз қазақ тілінің грамматикасын көрген емес. Тіл мамандарымыз «үлкен» теориялармен шұғылданып, бұған көңіл бөлмейді. Осындай жағдайларды шыдарлық деуге бола ма? Әдебиет, тіл жүйелерін жақсылап өтпеген соң, келешекте сауатты кадрларды біз қайдан аламыз? Сауатсыз болғасын құрғақ талант іске аспайды. Абай талант жағынан Гетеден кем болмауы мүмкін. Бірақ Гетемен мәдениеті, білімі бірдей болмағандықтан ол «Фаустдай» шығарма жаза алған жоқ.

Алматыда, облыстық қалаларда, кейбір өндірістер ішінде әдебиет ұйымдары бар. Бұл ұйымдар жүздеген жазушылардың басын қосып отыр. Расын айтқанда, ұйымның жазушыларды басқаруы нашар. Сол нашар басқаруға қарамастан кеңес әдебиетінің бойы өсуде, саны да, сапасы да артуда. Оған жас жазушыларды есептемегенде Одақтық жазушылар ұйымына қазақтан 30 шақты кісі мүше болып өтуі айқын дәлел. 30 кісі Одақтық ұйымға мүше болды деген сөз қазақ кеңес жазушыларынан жалпы одақтық маңызы бар 30 жазушымыз бар деген сөз. Бұл аз табыс емес.

Егер қазақ кеңес жазушыларын таптық жағынан көрсетсек мынаны көреміз: 1927 жылға шейін батырақ Қалмақан — бүгін алдыңғы қатардағы пролетариат ақыны. 1927 жылға дейін жетім балалар үйінде тәрбиеленген Әбділда Тәжібайұлы — бүгін алдыңғы қатардағы комсомол ақыны. 1917 жылға дейін жұмыскер боп келген Елжас Бекенұлы — қазір алдыңғы қатардағы жазушы және сыншы.

Біреулер — әңгіме шыққан тегінде емес, ісінде.дегенді айтады. Бұған менің дауым жоқ. Бірақ бұл сөзді айтушылар, бірінші жақтан, Коммунистік партия сықылды ардақты партияға мүше болғанда тап жағына қатты қаралатынын да аңғармайды, иә болмаса аңғарғысы келмейді. Екінші жақтан олар мұндай фактіге көңіл бөлмейді. XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің классиктері Грибоедов, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Тургенев, Толстой, тағы басқалар ақсүйек дворяндардан шыққан. Кәтте атақты жазушылар Некрасов, Салтыковтардың тегі - дворян. Егер қазақтың XIX—XX ғасырдағы басты ақын, жазушыларын алсақ Шәңгерей, Нұржан Наушабайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Жүмабайұлы, тағы басқалар — бай балалары. Бұдан көрінетін нәрсе: қай уақытта қай тап үстем болса, содам ақын, жазушы көп шығады, Үйтетін себебі көркем әдебиет тап құралы. Үстем тап өзінін сойылын соқпайтын ақынның өсуіне мүмкіндік бермейді.

Бұл жөнінде өте айқын мысал пролетариаттың, атақты жазушысы Максим Горький, Горькийдің ірі жазушы екенін төңкерістен бұрын да жұрт таныған. Бірақ Николай патша Горькийді ғылым академиясына мүше ету туралы ұсынысты қабылдамаған. Онымен қоймай, жазуына бөгет жасап, полицияны соңына салып қойған.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жазушылардың өсуі түбірімен өзгерді. Мысалға өткен күз Москвада болып өткен кеңес жазушыларының бірінші съезі делегаттарын алайық. Шыққан тегіне, қызметіне бөлгенде Делегаттардың өткен кеңес жазушыларының бірінші съезі делегаттары жұмыскерлер мен шаруалардан шыққандар. Егер жұмыскер мен еңбекші шаруа үстемдігін орнатпаса, олардың арасынан жоғарғыдай көгі жазушы шықпас еді. Осы жағдайды біз Кеңес Одағының бар пұшпағында, барлық бұрышында көреміз.

Бір кезде буржуа табы да мәдениетшіл болды (әрине таптық бағытпен), бірақ Пролетариат төңкерісінің оты жаңа бастаған соң, буржуа ең кертартпа, ең ескішіл тап болды, ғылым мен көркемөнерге өш болды. Бұған 1932 жылы Гитлершіл фашистердің атақты Генрих Гейненің шығармаларын түгел өртеуі дәлел. Гейненің шығармалары көркемөнердегі алтын қор еді, сол қорды фашисттер нас қолын сұғып құртты.

Социал-шовинистер, троцкийшілдер бір кезде пролетариат әдебиеті жасалмайды дегенді айтты. Социал-шовинист Карл Кауцкий бір кезде: техника мен экономика жоғары дәрежеге жеткен жерде көркемөнер тіршілік ете алмайды, деп те сандырақтады.

Кеңес өкіметінің 17 жылдық социализм құру практикасы бұл пікірдің барып тұрған төңкеріске қарсы пікір екендігін айқын әшкерелеп отыр. Мысалға кеңесті Қазақстанды алайық: шаруа, техниканың өркендеу нәтижесінде қазақ еңбекшілері мыңдаған жылдың табысын 17 жылда тауып отыр. Бұл өркендету, өсу қазақ еңбекшілерінің көркемдік сезімін, көркемөнерін шегеріп отырған жоқ, қайта тарихта болмаған дәрежеге көтеріп, өсіріп отыр. Қазақта төңкерістен бұрын да мейлінше мешеу болса да ұлт мәдениеті болғанына біз таласпаймыз. Бірақ қазақ, халқында төңкерістен бұрын өз мектебі, өз киносы, өз баспасөзі болған емес. Қазақтың көркем әдебиетінің өркендеуіне Кеңес өкіметіндей ешкім жағдай жасаған емес. Бізде қазір мемлекет қаражатымен іс жүргізіп отырған жазушылар ұйымы бар, ол ұйымның қарамағында көркем әдебиет бар, газет, журналы бар, жазушыларға іс істеу үшін толық жағдай жасалып жатыр. Мұндай жағдайлар қазақтың төңкерістен бұрынғы тарихында болған емес.

Ендігі айтатын мәселе көркем әдебиетте қаншалық табысымыз, кемшілігіміз барлығы туралы. Төңкерістен бұрынғы әдебиетімізде, әсіресе Сәкен мен Бейімбетте бұқарашылық болғаны рас. Бірақ пролетариат әдебиеті болған емес. Максим Горький, Серафимович сықылды пролетариат көркемөнер шеберлері төңкерістен бұрын қазақ арасында болған емес.

Осындай қазақта бұрын жоқ пролетариат әдебиетінің кірпішін алғашқы қалаған ақын Сәкен Сейфоллаұлы. «Бабаларыма» деген сықылды бірнеше қате өлеңдерімен бірге, Сәкен 1917—1919 жылдары «Жұмыскерге», «Жолдастар», «Жас қазақ марсельезасын», тағы сондай нағыз пролетариат поэзиясын берді. Жұмыскер тұрмысы туралы ақын Торайғырұлы Сұлтанмахмұт та жазған. Бірақ Сәкен мен оның жұмыскерді жазуында көп айырма бар. Сұлтанмахмұт жұмыскердің ауыр тұрмысын суреттей келіп, ол қорлықтан оқу оқыса ғана құтылады деген қортынды шығарады. Сәкен ондай қортынды жасамайды. Сәкеннің жасайтын қорытындысы — қанаушы тапты жою үшін жұмыскерді құралды күреске, үстемдік орнатуға шақыру. Міне, бұл оның анық пролетариат ақыны екендігін көрсеткендік.

Сәкен шығармаларының ең биік өркешінің бірі, партия комитеті атап кеткен «Советстан». Осы «Советстанды мен бір кезде, жалғыз қазақ поэзиясы ғана емес, жалпы кеңес поэзиясының маңдайына жататын шығармаларға кіреді дегенде біреулер бұл пікірімді қате деп жүрді. Бұл пікірімнің дұрыстығы бүгін көзге көрініп отыр. Кеңес елінің табиғатының, шаруасының, білімінің, жерінің байлығын бұл сықылды толық берген поэма кеңес әдебиетінде сирек. «Советстанның» байлығы мазмұнында ғана емес, түрінде де. Индустриялы дәуіріміздің қызу қарқыны «Советстанда» мазмұнымен ғана емес, түр, ырғақпен де берілген. «Жанзолин», «Жұмсақ вагон» сықылды өлеңдер Сәкен шығармасының ішіндегі қара таңбалар, осыларды көрсететін сыншылардың кейбіреуі қателіктерімен бірге, Сәкен қазақтың пролетариат поэзиясының алғашқы негізін қалаған кісі екенін ұмытады.

Қазақ кеңес әдебиетінің ірі жазушысының бірі жолдас Майлыұлы Бейімбет. Кеңес өкіметі Қазақстанға орнаған жылдан бастап, қазақ әдебиетіне Мырқымбай атты кейіпкер берді. Мырқымбай — қазақтың бар кедей атаулысының жақсы-жаман қылықтарын денесіне сыйғызған кейіпкер. Қазақ әдебиетінде, Мырқымбайдан артық халыққа көп танылған кейіпкер жоқ. Біреулер жаппай колхоздану дәуірінде Мырқымбайды Бейімбет жоғалтып алды дейді. Ол қате. Әңгіме кісінің атында емес, ісінде. Кедейден шыққан Зәуренің («Майдан» пьесасы) колхоз құрылысында басшы екеніне кім таласа. алады.

Бейімбеттің ізіне түсіп жүрген бір тақырыбы алашорда, алашордашылдардың әр дәуірдегі әртүрлі боялуы. Жақын арада Оқу комиссариаты қабылдаған «16- жыл» деген Бейімбеттің пьесасында, ұлтым деп жүрген жалаптар, патша үкіметіне ұлтын сатады. «Біздің жігіттер» деген пьесада Жақыптар (Керейұлы, Жантайұлы) қолына құрал алып, Қеңес өкіметіне қарсы шығады. «Қазақ қызы» деген романда Жақыптар (Қадырбайұлы) төңкеріске қарсы пікірін алдап өткізу үшін партияға кіреді. Қысқасы, Бейімбетте алашордашылдардың екіжүзділік кейіпкері біраз әшкерелеген.

Бейімбеттің стиль өзгешелігі қысқа әңгімелер жазуында. Осы қысқа әңгімелер әрі кәзіргі күннің тақырыбына жазылады. Әрі бірі мен бірі мазмұн жағынан тығыз байланысты болады. Егер Бейімбеттің бір жылда жазған ұсақ әңгімелерін бір кітап қып бастырса, жеке әңгімелер үлкен романның бөлімшелері сықылды болып барлық әңгімелер түр жағынан да, сюжет жағынан да. байланысып тұрар еді. Тіл жағына келгенде, Бейімбетті шала сауатты колхозшылар да жақсы түсінеді. Бейімбеттің тілі — көпшіліктің тілі.

Қазақ кеңес поэзиясының көрнекті ақынының бірі — Ілияс Жансүгірұлы «Жетісу суреттері», Гималай», «Күй», «Күйші», «Дала», «Жақа туған», «Колхоз тойы» деген оның поэмалары бағалы еңбектер. Төңкерістің бас кезінде Ілияс ұлтшылдардың ықпалына біраз түсті де, артынан ол қатесін түзеді. Менімше, жетістіктермен қатар Ілияста мынадай кемшіліктер бар: ең алдымен 20 жылдай әдебиетке қызмет ете отыра, ол әлі үлкен сюжетті, ірі кейіпкерлі шығарма бере алған жоқ. Сюжет жағынан тереңге малтымайды. Бұл ретінде көзге көрінеді ау дейтіндері «Кек», «Турксиб» деген пьесалар ғана, олар да толық емес. Екіншіден, төңкерістен бұрынғы тақырыпқа жалғандары, төңкеріс тақырыбынан көп күшті шығады. «Гималайдан» «Колхоз тойы», «Күйден» «Жаңа туған көркемдік жағынан осал. Ілиястың ауыз толарлықтай дейтін бір шығармасы — «Дала». «Даланың» мазмұны негізінде саяси жақтан дұрыс, бір-ақ ақын аз ғана поэмада 300-400 жылдық қазақ тарихын шоламын деп көп жерін созып, әлсіретіп алған. Белгілі кейіпкер жоққа тандық болғандықтан, көп жері көкейге қонбайды. Үшіншіден, Ілияс, көп шығармаларында тарихты бір кәрі шал қып, сонымен кеңесіп, тұрмысқа көзқарасын шалға дәттетеді («Күй», «Күйші», «Дала» т. б.). Тарихпен кеңесу, тарихты жазу дұрыс. Бірақ бізден бұрын жасалған тарихтан басқа біздің өз қолымыздан жасалып жатқан тарих бар емес пе. Осы жаңа өзіміз жасап жатқан тарих Ілиястың шығармаларында ескі тарихты суреттеуден көп нашар шығады. Ілияс сөзден кедей ақын емес, тілі бай. Осы бай тілді ескі өмірге келгенде төгіп отырып, жаңа өмірге шабандап қалатындығын Ілияс жолдасқа ескерту керек.

Мүсірепұлы Ғабит, Тоқмағамбетұлы Асқар, Тәжібайұлы Әбділда, Жароқұлы Тайыр, Әбдіқадырұлы Қалмақан, Орманұлы Ғали, Тұрманжанұлы Өтебай, Сыздықұлы Жақан, Малдыбайұлы Ғалым, Айсарыұлы Әбдірақман, т. б. қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті жазушылары туралы жеке баға берудің қажеті жоқ. Солай Исаұлының: біздің кеңес жазушылары байшылдарды мазмұнмен ғана емес, көркемдік жағынан да басып озды деген өте маңызды тезисін толықтыру. Үйткені сыңар жақ сыншылар кеңес жазушыларын «түрің кем» деп ылғи тұқыртып, өсуіне бөгет сала беретін еді. Ораздың бұл тезисі әрі өсуге көмек ететін, әрі шындыққа сүйенген тезис. Сол шындықтарды мына мысалдармен дәлелдеуге болады:

1) Алашордашыл ақын, жазушылар табиғаттың мылқау күшінің құлы. Олар — құдіретшіл тағдырға бағынғыш (Ахметтің «Мысалдары», Мержақыптың «Бақытсыз Жамалы», Мағжан өлеңдері, т. б.) Біз мылқау табиғатпен күрескіш, жеңгіш, бағындырғышпыз. Қалмақан Әбдіқадырұлының «Бұрғы» деген 20 жолдық өлеңінің мазмұн байлығын, сөзінің екпінін, сенімінің күштілігін, уақиғасының нығыздығын, пікірінің материалисттігін алсақ, алашордашылдардың барлық поэзиясы садағасына тұрмайды. «Бұрғыдағыдай» адамның табиғатпен белсене күресуін алашорда әдебиетінен таба алмайсың.

2)         Алашорда жазушылары байлар табының сақшысы бола тұра, біз жалпы қазақшылмыз деп, саяси бетін жасырады. Біз тап күресіне алдамай, бетті бүркемей ашық шығамыз. Байлар бізге дұшпан, сондықтан оны жоямыз деген сөзді біз ашық айтамыз. Міне, бұл біздің адамгершілігіміздің күшін көрсетеді.

 

3)         Сүйенген табы — байлардың табаны бүрсіз, буыны бос, әлсірегендіктен, алашордашыл ақындардың әлсіздігі мазмұн түгіл стилінде айқын көрінеді. Жел толқып, тұман минут сайын өлім елестеткен қорқыныш, шатасу, қараңғы түн, жолсыз, елсіз дала, шаршау, жылау, сарнау, елім — міне байшыл ақындардың шығармаларында көп ұшырасатын сөздер. Кеңес жазушыларының шығармаларының сарыны күрес, жеңумен келеді, әр жолда, әр сөзде күш кернеп тұрады.

4)         Алашордашылдар ғылымға, техникаға қарсы. Қарағанды темір жолы салынғанда Мағжан «пәле келді» деп зар жылады. Турксиб туралы Ғалидің, Әбділданың, Ілиястың,. Қалмақанның т. б. өлеңдерінде шаттық қуаныш. Алашордашылдарға темір жол.қайғы, бізге бақыт.

5)         Алашордашылдар дін үгітшісі, біз дінді халықты улататын апиын дейміз.

6)         Олар ескі ақсақал аулының, мәдениетсіз ауылдың ғұрпын жақтағыш, біз жаңа социалистік мәдениетті тұрмысты жақтаймыз.

7)         Олар әйел теңдігін төсекке байланыстырады. Біз өндірісте, үкімет жұмысында әйелдің ермен бірдей жүруіне байланыстырамыз.

8)         Олар жеке меншікті шаруашыл, капиталшыл, біз колхозшыл, социализмшілміз; олар аздың жоқшысы, біз көптікі. Олардың «адамгершілігі»— өтірік... Тап тартысы арқылы шын адамгершілікті қуаттайтын біз. Олардың табы өледі. Сондықтан тіршілігі қысқа. Біздің тап өлмейді, сондықтан біз де өлмейміз. Егер саясатта, экономикада, мәдениетте алашордашылдар бізбен теңесе алмаса, көркем Әдебиетте де маңайлай алмайды. Дулатовтардан кешегі батырақ, Қалмақандар бүгін көркемдік жағынан да көп жоғары. «Оян қазақтың» (Мержақыптікі) мазмұны былай тұрсын, түр жағынан да түкке тұрмайды. Мұндай нашар өлеңді Қалмақандар ешуақытта жазған емес.

Бұл айтылғандардан бізде кемшілік жоқ деген сөз шықпайды. Біздің ұлт табысымыз өткен дәуірмен салыстырғанда зор, Бірақ біздің тап тарихта болмаған тамашаларды жасап жатыр. Бізде мәдениет тарихта болмаған сатыға шығып отыр. Сондықтан біздің көркемөнеріміз де тарихта болмаған биік дәрежеге көтерілуге тиісті. Мәдениеті өскен Отанымыздағы жұмыскер, шаруаларға не болса соны ұсына беруге болмайды. Оларға мазмұны бай, түрі сұлу шығармалар керек. Осы үмітті біздің жазушылар әлі де толық ақтай алып отырған жоқ.

Мысалға «Социалистік Қазақстан» газетінің челюскиншілер туралы жариялаған бәйгесіне түскен 27 поэманы алайық. Сан жағы көп болғанымен сапа жағынан бұлардың көбі қарын ашырып отыр. Алдынғы қатарда деген кейбір басты жазушыларымыздың фантазиясының кедейлігі, шығармасының мазмұнсыздығы, көзбен көргенін, көкірекпен билей алмайтындығы, әдебиет, саясат мәселелерінде сауатсыздығы көрініп отыр. Аты бар ақындарымыздың бәйгеге қосқан шығармаларының ілікпеуі жазушылар ұйымына да, ақын жазушыларымызға да үлкен сабақ.

Соңғы мәселе — кадр туралы. Жоғарыда біз қаншалық әдебиет кадры барын айттық. Бірақ мәдениеті өскен Отанымызға бұл жетпейді, әдебиеті армиясын алдағы күнде жасасатын орынның ең күрделісінің біреуі — біздің бастауыш, орта, жоғары мектептеріміз. Расын айтқанда мектептер бұл жөнінде бізге көңілдегідей көмек көрсетпеді. Буған кінәлі Оқу комиссариаты мен жазушылар ұйымы.

Осы күнге дейін ешбір қазақ мектебінде қазақ әдебиет сабағының программасы жоқ. ҚазПИ сықылды оқытушылар ғана даярлайтын жоғарғы дәрежелі оқу орындарымызда әдебиет теориясы өткен емес. Әдебиет теориясы, тарихы туралы оқу кітабы жоғын былай қойғанда 3-4 жылдан бері мектептеріміз қазақ тілінің грамматикасын көрген емес. Тіл мамандарымыз «үлкен» теориялармен шұғылданып, бұған көңіл бөлмейді. Осындай жағдайларды шыдарлық деуге бола ма? Әдебиет, тіл жүйелерін жақсылап өтпеген соң, келешекте сауатты кадрларды біз қайдан аламыз? Сауатсыз болғасын құрғақ талант іске аспайды. Абай талант жағынан Гетеден кем болмауы мүмкін. Бірақ Гетемен мәдениеті, білімі бірдей болмағандықтан ол «Фаустдай» шығарма жаза алған жоқ.

Ұқсас материалдар