Қандастар Ассамблея

Қазақтан майданғa жігіт алынғанына 10 жыл болды

08.12.2012 1881
  1916 жылғы 25 июнь жарлығына 10 жыл толып қалды деген сөзге есептемей тұрғанда нанғың келмейді. Өйткені Сырдан, Сибирь, Қырымнан Қытайға созылған Сарарқаның даласында, басынан билік, жерінен ерік кеткенін. де елемей, біз кешегі ен жайлап, еркін өскен қазақтың баласымыз, не бар сасатұғын? Құдайға шүкір, ата бағымыздың бір күн де болса, сарқыны қолымызда! Кім біледі әлі де болса, түгелімен қайта айналып бір соқпасын деп қаперсіз маужырап жатқан қалық қазақтың басына құйын соққандай, бір-ақ күнде қиямет орнағаны қай қазақтың есінде емес?! Шашылған дүние, қонысынан ауған ел, көл болған көздің жасы, судай аққан қан — бәрі бүгінгідей кімнің кез алдында елестемейді? Жол бойында, заводта жұмыс іздеп құрттай қайнаған кей елде «өз жерімізде өлеміз!» деп, атын жаратып, сойылын байлаған жігіттер, ол талаптарының бәрі де іске аспай — аяғында қолға түскен бөлтіріктей тағдырға көніп, майданға қойдай шұбырғаны; жолшыбайғы ұйымдарымен ондағы көрген бейнеті, олардың елдегі күйігі — бәрі де кешегідей емес пе, соларға он жыл болды деп кім ойлар? 10 жыл деген көп уақыт болмаса да, есептеп отырсақ, сонан бәрі де көп оқиғалар етті. Бірақ қазақ тарихындағы көлденең, кепке дейін ұмытылмайтын оқиға осы 25-июнь жарлығы деуге болады. Бұл қалды қазақ бұқарасы басымызға келген бір селебе еді ғой деп ескеретін болса, саяси кезбен қарағанда, ол күннің маңызы әлдеқайда зор. Әлдеқайда терең. Сойыл, шоқпар, айбалта, ескі бытыраны қару кергізген далбасалық, топтанып тауға бекінген, аттанып жасақ жиған ашыну сияқтыларды надан елдің надандығынан шыққан ғой десең де, өлуіне кезі жеткен соқ, «өгіздің балтадан таймайды» дегені сияқты өзгені білмесе де, әлегінің білді ғой. Жаралғалы түсіне кірмеген майдан деген сөздің бір сағатта көктен түскендей болуы қазақ сияқты көрбала, жетім елге өлім емей немене? Қазақты патша үкіметі кем ұстамаған болса, сол қалпымен санаспас па еді — тұтқиылдан қойдай шулатып майданның қара жұмысына. алар ма еді? Егер де қазақ патша өкіметіне сенсе «ол бізге қастық ойлаушы ма еді» десе, «әйтеуір бір елім... өз жерімізде өлейік!» деген сөз аузынан шығар ма еді? Сөйтіп, патша өкіметінің қазақтан солдат алмауы бір кемге ұстағандық болса, қаперсіз жатқан елді, бір күнде ұйқы-тұйқы қылғандығы екі кемге ұстағандығы еді. Кемге ұстағандық қана емес, майдан қызметінің саяси мақсаты қазақты елдіктен шығару, құрту болатын. Өйткені қапыл ел бұл оқиғалардан шошынар да ашынар, көтеріліс жасар, сонан кейін қырамыз да, жоғалтармыз деп ойлаған. Соның үшін еттен өтіп, сүйекке жеткен қорлық ашынғанды батыр қылып, қазақтың көп жерінен майдан жұмысы тақырыпты наразылық көтеріліс туғызды. Босқан ел, қырылған ер, күйзелген шаруаның есебі жоқ. Мәселен, сонан ауғаннан Зайсан уезінде былтыр ғана қайтқан елдер бар. Ол оқиғаның, ол көтерілістің асса Қазақстан, қалса бір елдегі тарихын газет бетіне түсіруіміз қиын. Біздің, бүл жердегі қызметіміз он жылдығын ескеріп, сол сияқты тарихи оқиғаға көптің көңілін бүру. Осы он жылдықтың себебімен бұл жөннен тарихшыларымыз қарап қалмай, лайықты материалдарды жинар, майданға шығарар деген сенімдеміз.  

 

1916 жылғы 25 июнь жарлығына 10 жыл толып қалды деген сөзге есептемей тұрғанда нанғың келмейді. Өйткені Сырдан, Сибирь, Қырымнан Қытайға созылған Сарарқаның даласында, басынан билік, жерінен ерік кеткенін. де елемей, біз кешегі ен жайлап, еркін өскен қазақтың баласымыз, не бар сасатұғын? Құдайға шүкір, ата бағымыздың бір күн де болса, сарқыны қолымызда! Кім біледі әлі де болса, түгелімен қайта айналып бір соқпасын деп қаперсіз маужырап жатқан қалық қазақтың басына құйын соққандай, бір-ақ күнде қиямет орнағаны қай қазақтың есінде емес?! Шашылған дүние, қонысынан ауған ел, көл болған көздің жасы, судай аққан қан — бәрі бүгінгідей кімнің кез алдында елестемейді? Жол бойында, заводта жұмыс іздеп құрттай қайнаған кей елде «өз жерімізде өлеміз!» деп, атын жаратып, сойылын байлаған жігіттер, ол талаптарының бәрі де іске аспай — аяғында қолға түскен бөлтіріктей тағдырға көніп, майданға қойдай шұбырғаны; жолшыбайғы ұйымдарымен ондағы көрген бейнеті, олардың елдегі күйігі — бәрі де кешегідей емес пе, соларға он жыл болды деп кім ойлар?

10 жыл деген көп уақыт болмаса да, есептеп отырсақ, сонан бәрі де көп оқиғалар етті. Бірақ қазақ тарихындағы көлденең, кепке дейін ұмытылмайтын оқиға осы 25-июнь жарлығы деуге болады.

Бұл қалды қазақ бұқарасы басымызға келген бір селебе еді ғой деп ескеретін болса, саяси кезбен қарағанда, ол күннің маңызы әлдеқайда зор. Әлдеқайда терең.

Сойыл, шоқпар, айбалта, ескі бытыраны қару кергізген далбасалық, топтанып тауға бекінген, аттанып жасақ жиған ашыну сияқтыларды надан елдің надандығынан шыққан ғой десең де, өлуіне кезі жеткен соқ, «өгіздің балтадан таймайды» дегені сияқты өзгені білмесе де, әлегінің білді ғой. Жаралғалы түсіне кірмеген майдан деген сөздің бір сағатта көктен түскендей болуы қазақ сияқты көрбала, жетім елге өлім емей немене?

Қазақты патша үкіметі кем ұстамаған болса, сол қалпымен санаспас па еді — тұтқиылдан қойдай шулатып майданның қара жұмысына. алар ма еді? Егер де қазақ патша өкіметіне сенсе «ол бізге қастық ойлаушы ма еді» десе, «әйтеуір бір елім... өз жерімізде өлейік!» деген сөз аузынан шығар ма еді?

Сөйтіп, патша өкіметінің қазақтан солдат алмауы бір кемге ұстағандық болса, қаперсіз жатқан елді, бір күнде ұйқы-тұйқы қылғандығы екі кемге ұстағандығы еді. Кемге ұстағандық қана емес, майдан қызметінің саяси мақсаты қазақты елдіктен шығару, құрту болатын. Өйткені қапыл ел бұл оқиғалардан шошынар да ашынар, көтеріліс жасар, сонан кейін қырамыз да, жоғалтармыз деп ойлаған.

Соның үшін еттен өтіп, сүйекке жеткен қорлық ашынғанды батыр қылып, қазақтың көп жерінен майдан жұмысы тақырыпты наразылық көтеріліс туғызды. Босқан ел, қырылған ер, күйзелген шаруаның есебі жоқ. Мәселен, сонан ауғаннан Зайсан уезінде былтыр ғана қайтқан елдер бар.

Ол оқиғаның, ол көтерілістің асса Қазақстан, қалса бір елдегі тарихын газет бетіне түсіруіміз қиын. Біздің, бүл жердегі қызметіміз он жылдығын ескеріп, сол сияқты тарихи оқиғаға көптің көңілін бүру. Осы он жылдықтың себебімен бұл жөннен тарихшыларымыз қарап қалмай, лайықты материалдарды жинар, майданға шығарар деген сенімдеміз.

 

Ұқсас материалдар