Қандастар Ассамблея

Қазақ әйелдері туралы

08.12.2012 8430
  Дүниеде жұқанағы бар нәрсе, тәрбиесі болса, жасамақ, ұлғаймақ, тәрбие болмағанда нашарламақ, жоғалмақ. Адамда екі түрлі қуат бар: біреуі — ақыл қуаты. Ақыл қуатының тәрбиесі — ғылым, тәжрибе. Екінші — дене қуатының тәрбиесі — жүру-тұру, іске айналу (гимнастика). Осы екі тәрбиенің қапысыз болып орнына келуіне бір-ақ шарт бар, ол — еркіндік (свобода). Адам баласы екі түрлі заттан құралған да (біреуі еркек, біреуі әйел болып), туысы бірдей болғанымен, тұрмысы бірдей бола алмай, өмір қатарында әйелден еркек әлдеқайда үздік жүр. Мұның себебі: әлгі еркіндік дегеніміздің еркектерде күшті болып, әйел затында аз, яки болмауынан. Оған тұрмыс бір кінәлі болса, жаратылыс (табиғат) екі кінәлі. Мысалы, тұрмыстың кінәлі екендігі әркімге белгілі, әйелдің үй шаруасына айналып, соны тәрбиелеп тұруға міндеттілігі. Табиғаттың кінәлі болатын реті: ешбір шаруаға айналмай, еркімен жүрген әйелді алсаң да буаз болу, бала табу ықтиярсыз оның еркіндігіне тұсау болады. Сондықтан қай жұрттың, қандай еркін әйелін алсақ та, еркек қатарына жете қоймайды. Сонда да еркектегі ерік (табиғат тұсауынан басқа) әйел басында да болса, көбінің қалыспайтыны шексіз. Ал, қазақ әйелінде еркіндік бар ма? Өміріне риза ма? Өз арасында қандай әйелге теріс көзбен қарайды? Бұл сұрауларға жауапты төмендегі тұрмысынан шығаруға болады. Қазақ бұрын еркек балаларын оқытып, әйел балаларын оқытпай жүргендегі дәлелі әйел балаға оқу не керек, намаз сабағын білсе болады да, дәріс етіп молла болып отыр ма, кеп оқытса, бұзылып кетеді болатұғын. Бұл сөз «неге оқытпайсың?» дегенге дәлел үшін ғана айтылғаны болмаса, әйел балаларды оқытпағандағы нағыз себебі ол болмайтұғын. Адамның көбінде бір міне.і бар: бір Істі тұрмыстың қолайсыздығынан істей алмай тұрса, нағыз өз себебін көрсетпей, басқа бір дәлелмен құтылғысы келіп тұрады. Соның секілді әйел балаларды оқытпауға көлденең себеп, айтатын дәлелдерінен көрі, тұрмысының ыңғайсыздығы болатын. Сол тұрмыстық ыңғайсыздығының өзі де, әйел түгіл, еркек балаларды оқытуға ынтасыз надандығынан шығатын. Өйткенмен жұрт оқуға бет қойғаннан бері әлі күнге еркек баланың қамында. Сезге келгенде, рас, әйел баланың да оқығаны жақсы ғой дегені болмаса, еркек баламен қатар ұстап оқуға берген қазақ жоқ. Мысалы, еркек баласын қандай алыс жерге жіберіп оқытқан кісі әйел баласын ана ауылдағы мектепке жіберіп те оқытпайды. Ондағы айтатыны — әйел бала бөтен ауылға барып оқып жүре ала ма! Мұнын, мағынасы: баяғы «әйелге оқу не керектен» ұзамай жүргендікті білдіреді. Бұдан көрінеді: әйел баланы еркек баламен бірдей көрмеушілік. Сөйтіп тағдыры күштеп үйден шықпай, әйелдің еркек қатарынан қалуының бесмелласы осы. Ал әйел бала ер жетіп күйеуге баратын мезгілі келді: қарап тұрайық, кімге барар екен? Кімге барушы еді? Құдай кімге жазса, соған барады. Құдайдың жазған кісісі кім екен? Кім болушы еді? Әкесі кімге берсе, сол да. Әкесі қандай кісіге береді екен? Қандай кісі дерің бар ма? Кімді көңілі сүйсе, соған дағы. Көңілі сүйетін кісі қандай? Дүниеде жақсы кісі жоқ па? Беделді, біреу атақты; кейбіреудің көп берерлік малы бар «мал адамның бауыр еті», кейбіреудің сүйенерлік панасы бар, солардың біреуіне береді дағы. Зауда күйеу көңіліне ұнамай қалып, қыздың бармаймын деген қалпы білінсе, асса аймақтың атқамінерлері болып, қалса әке-шеше, аға-інілері болып, үнін өшіреді. Дәуірлеп бара жатса, байлап салып береді. Бірақ мұндай мінез жүз қыздың" бір қызынан ғана шығады. Қалған тоқсан тоғызы кеудесінде жаны, бетінде ары болса, ананы көріп тұрып, өздері де бүлк етпейді. Рас, бірен-саран қыздар үйде, не барғаннан кейін көңілі сүйген біреумен кетіп қалатыны да болады. Өйткенімен қолдан келсе, (қудалап жүріп жігіттен айырып алса) оған атар таң, шығар күн жоқ. Қолдан келмесе, өмірлік қағанатқа душар болып бұзылған арсыз атанып кете барғаны. Бұған батырлық ететін қыз қазақтан жүзден түгіл, мыңнан шықса қалай! Мұны керген қыздардың көпшілігі жағасын ұстап құдайына жалынады: «құдай-ай, пәлендей қыла көрме!» деп. Ол тілегі сондай рәсуа қылма деген тілек болса да, жоқ, соның ниетіндей ниет ойлата көрме деген тілек қылса да, әйтеуір ананың халін ұнатпаған тілек екенінде шүбә жоқ. Міне қазақ қызының күйеуге тиюінің жайы осы! Ал, енді қазақтың қатындары қандай халде болады, оны қарайық. Үй-ішінің барлық шаруасы қатынның мойнында: байының үсті кірлей ме, баласының үсті жыртыла ма, қайсысының қарны ашып қалады, неменеге көңілдері соғады? Солардың бәрін орындастыруға қатын міндетті. Қатын байына мынау қисық деуге правосы жоқ, не айтса, соны «құп» деуге борышты, не бұйырса, соны істеуге өлімді. Байы басын жарып, көзін шығарса да, кек тұтпайды. Қатын шет жерге шықпайды, үйден ұзап шығуға мұршасы да, билігі де жоқ. Қатын малға да ие емес, сезге де ие емес, «қатын қайраттанса, қазан пісіреді» дегендей, тек өзінің істейтін нәрсесін жинап ұстап, ұқсатып беруге ғана ие. Азырақ еркімен жүріп, еркін сөйлеңкіреген әйел болса, «ер қатынсып, байын билегенсіп, байсыз қатынға ұсап, айтқан жерден жырақ «Көрмеген көлге берсін!» деп қатын біткен жамандап өңір қылады. Қысқасы, қазақ әйелдері өздерін еркектің пайдасы үшін ғана жаратылған бір хайуан есебінде ұғады. Сондықтан өздерінде осы тұрмыстарына наразылық жоқ. Жалғыз-ақ олардың шырқын күндестік қана бұзады. Сөйтіп, олардың жігері тұрмыстың табанында езілген, мақсаты — «көйлегім көк, тамағым тоқ болса екен» ғана. Хат танитын әйел қазақ арасында жоққа есеп. Газет оқыған, заманның жайынан хабары бар әйелді қазақ арасында көзің де көрмейді. Бірақ соншама күн болып сезілсе де, соншама қараңғы надан болса да, басқа түрік әйелдеріне қарағанда артықшылық жерлері де жоқ емес. Мысалы, аса бір үлкен ақсақалды, яки бөтен бір кісі болмаса, жасырынып, қашқақ тұрмайды. Сөзге ашық, әзілге ұсталық, әдепті жайдарылық олардың, ілгері басуына ыңғайлылығын көрсетеді. Бостандық болғаннан бері әр жерде пәленнің қызы қашып кетіпті, түгеннің қатыны қашып кетіпті дегенді құлақ жиірек естеді. Бұл қазақ әйелдерінің бостандыққа қандай сусағандығын көрсетеді, жүрегінде сезімнің барлығын білдіреді. Мұнысы бостандыққа өздері ұмтылуда алғашқы адымы болғандығынан үлкен үміт туғызарлық іс. Бірақ адам қатарына жалғыз қашумен ғана жетпек емес. Егер де оларға осы бастан ғылым, білім, тәрбие кіргізіп көзін ашпаса, ылғи қашудың да аяғының неге соғарын құдай білсін! Біз әйелге тәрбие бергенде тұрмысқа, шежіреге сүйеніп бере аламыз. Және солардың ішіндегі татымды, тан,- даулысын өрнек қылып ұстауымыз керек болады. Бізге Европа еркекпен тең еркіндігінен, өнерлі-ғылымдығынан басқа жағы өрнек болуға жарамайды. Себебі әдеті, ғұрпы басқа — бір, тұрмысы үйлеспейді — екі. Діндес, қандас деп басқа түріктен алуымызға келмейді. Оның себебі оларда әрқайсысы әртүрлі тұрмыста және шариғатқа жала жауып әлі күнге жасырынбақ пердеден құтыла алмай келеді. Енді былай болғанда ғылым туралы ернекті кімде ғылым болса, сонан алып, тұрмыс жайында өзіміздегіні ендеп, еркіндікті мол кіргізуге құлаш ұруымыз керек. Бұл туралы өрнекті тұрмысы үйлесетін жұрттың еркін елінен алуға болады. Оның үшін өзіміз секілді көшпелі халыққа әм өзіміздің шеліреге көз салсақ, әйелдердің еркекпен қатар іске кірісіп отырғандығын жиі кереміз. Мысалы, түрікпенді аламысың бурятті аламысың қалмақты аламысың, ең аяғы шұбырып жүрген сығанды аламысың — солардың әрқайсыларының әйелдері еркектері не қылса, соны қылып араласып жүр. Қазақтық шежіресінде де, бабаларың өміріне көз салсаң жаугершілік заманда еркектің серігіне жарап батырлық көрсеткен әйел аз емес. Біз кереміз шежіре жүзінде де, тұрмыс жүзінде де еркін әйелден елеулі кісілердің шығуға мүмкін екендігін. Біз көреміз дін көзілдірігіменен қарағанда да, исламның нағыз аузынан жалыны шығып тұрған күндегі әйелдегі еріктің қандай екендігін. Бірақ берірек келген соң кәдімгі пайғамбардың мирасхорлары анау тарихтан да көз жұмды, мынау исламды да белшалғыға бұрды. Бұған себеп: әммә халифаларынан бастап ислам күшінің Иран қолына көшкендегі кейбір қара жүрек өмір әлмүминдердің өздерінін жауыз нәпістерінің қызығы үшін харам сарайы деп ат қойып ыңғай сұлуды үйірлеп оңаша бөлең ұстауларына исламды құрал қылғандықтарынан. Ислам әйелінің қорлыққа қалғаны туралы жүректің түкпірінен шығып, анықты айнадай көрсететін бір Иранның сөзі бар: суық сұрапылдық астында еркіндік ажалы күншығыстың желкілдеген жапырағын аспанға ұшырды. һималая тауының қош иісті гүлі, Шииранның байшешегі құрыйды, кебеді, онымен бірге мұсылманның әйелдері — ардақты қыршынның аналары олар да сондай қуарды. Сонан бері иесіз қораға қаптаған алабота, түйе қарындай құлдықпен азықтанып, қараңғы перденің астында барлық мұсылманның өмірі қалды деген. Осыған қарағанда мына көз алдымыздағы әйелді жазалы кісідей абақтыға жауып, сырға ыстағандай бет-аузын бүркеп қойып отырған халықтардың бүл әдетті қайдан алып-отырғандығы беп-белгілі. Осы әдет күншығыс мұсылмандарының (әсіресе шәһәрлі          жердегісінің) көбінде бар. Сондықтан шәһәрлі жер, мәдениетті халық деп тұрмысқа үлгіні қала әйелінен алудың керегі жоқ, өйткені олардың оқығандары болмаса, оқымағандарының көбінің хұлқы дала әйелдерінен темен келеді, оған себеп надандығының үстіне кейбіреулерінің қамауда өсіп, ішінен бықсуы. Кейбіреулерінің еліктеп, көрсе қызарланып модаға өршігіштігі. Бұлардың мұндай болатындығы, әрине, жаралуда жамандығынан емес, тұрмыстың жаман шарттарынан пайда болып тұрғандығы айдан жарық. Әйел неғұрлым еркін болса (әйел түгіл, еркегінің өзі де) солғұрлым хұлқы түзу болмақ. Қазақ осы күнде бұрынғы тұрмыстың әрқайсысынан бірте-бірте айрылып келеді. Мысалы: бұрынғыдай айт пен той, ойын-сауық жоқ жерлерінде тіпті жоқ та, бар жерінде сүлдері ғана бар. Бұрынғы уақытта бұлардың қайсысында болса да әйел аралас болатұғын: құда. түскенде болсын, қыз ұзатқанда болсын, қазақ қатыңдарының күндіктері шағаладай болып, қаз-қатар отырып алып, құдалармен салғыласып жатқанын көретін едің. Шілдехана, қынаменделерде қыз-бозбалалар қарама-қарсы өлең айтысатын еді. Айттарда атқа мініп күйеулер қалыңдықтарын қуатын әдеттері бар еді. Ал бұ күнде бұлардың еркек-әйелден бірдей қалып отырған жеріне сөз де жоқ. Оған тұрмыс пенен заман кінәлі-ақ болсын, түгел қала қоймаған жерінде әйелдің араласуы бұрынғыдай емес. Оған себеп бұрынғылар надандығынан істеген. Шәһәрлі жердің әйелі еркекпен салғыласып, сөйлеспек түгіл көзіне көрінбей, көрінсе де маңайына жуымай қырындап, анадайдан «сіз, біз» деп тұрады. Біз дағы әйелдерімізді солардай әдепті, хұлықты, таза қылып ұстаймыз деп еліктейміз. Бұл еліктеу — дәнеңеге көзі жетпей соқыр еліктеу. Әдепті, көргенді болу ісі «біз» деген созбен ғана болмақ емес, хұлықты таза болуға көрінбей яки анадайдан ойқастап жүру шарт емес. Осы күнгі әйелді бұрынғы әйелдерден мінез-хұлқы тазарып асып кетті деп айта алмаймыз, қайта төмендеп кеміді десек дерміз. Адам баласы неғұрлым сырттан қысымшылық керсе, соғұрлым пейілі бұзылып, жүрегі қарая бермек. Бұл мінез адам баласы түгіл, ақылсыз айуанда да бар. Мысалы, кісіге ұмтылатын бура менен қабаған итті байлап отырсаң, бұрынғысынан жаман ызасы күшейіп, кісі алатын болып кетеді. Тегінде кімге болсын тәрбие бергенде кеңшілікпен берілмесе, еркіндігіне қарсы тұрып, қыспақпен жақсы мінезді қылып шығару мүмкін емес. Сөйтіп, біздің жоғарыдағы сөйлеп келе жатқан сөздерімізден не шықты? Үлгіні шежіреден алайық, басқа әйелі еркін жұрттан алайық, әйтеуір еркекте қандай еркіндік болса, әйелде де сондай еркіндіктің болуы — парыздығы. Еркек баланы қандай оқытып тәрбие беріп, түзеуге құмар болсақ, әйел бала туралы да сондай ұмтылуымыздың міндет екендігі. Егер де бұл жұмыс кеңескенде ғана ұнап, майданға шығуға сараңдығын қоймаса, ел боламыз деп кеңірдегімізді созуымыз бекер. Бір аяқ бір қолында жан жоқ кісінің батырлығы құрып қалсын!..  

 

Дүниеде жұқанағы бар нәрсе, тәрбиесі болса, жасамақ, ұлғаймақ, тәрбие болмағанда нашарламақ, жоғалмақ. Адамда екі түрлі қуат бар: біреуі — ақыл қуаты. Ақыл қуатының тәрбиесі — ғылым, тәжрибе. Екінші — дене қуатының тәрбиесі — жүру-тұру, іске айналу (гимнастика). Осы екі тәрбиенің қапысыз болып орнына келуіне бір-ақ шарт бар, ол — еркіндік (свобода).

Адам баласы екі түрлі заттан құралған да (біреуі еркек, біреуі әйел болып), туысы бірдей болғанымен, тұрмысы бірдей бола алмай, өмір қатарында әйелден еркек әлдеқайда үздік жүр. Мұның себебі: әлгі еркіндік дегеніміздің еркектерде күшті болып, әйел затында аз, яки болмауынан. Оған тұрмыс бір кінәлі болса, жаратылыс (табиғат) екі кінәлі. Мысалы, тұрмыстың кінәлі екендігі әркімге белгілі, әйелдің үй шаруасына айналып, соны тәрбиелеп тұруға міндеттілігі. Табиғаттың кінәлі болатын реті: ешбір шаруаға айналмай, еркімен жүрген әйелді алсаң да буаз болу, бала табу ықтиярсыз оның еркіндігіне тұсау болады. Сондықтан қай жұрттың, қандай еркін әйелін алсақ та, еркек қатарына жете қоймайды. Сонда да еркектегі ерік (табиғат тұсауынан басқа) әйел басында да болса, көбінің қалыспайтыны шексіз. Ал, қазақ әйелінде еркіндік бар ма? Өміріне риза ма? Өз арасында қандай әйелге теріс көзбен қарайды? Бұл сұрауларға жауапты төмендегі тұрмысынан шығаруға болады. Қазақ бұрын еркек балаларын оқытып, әйел балаларын оқытпай жүргендегі дәлелі әйел балаға оқу не керек, намаз сабағын білсе болады да, дәріс етіп молла болып отыр ма, кеп оқытса, бұзылып кетеді болатұғын. Бұл сөз «неге оқытпайсың?» дегенге дәлел үшін ғана айтылғаны болмаса, әйел балаларды оқытпағандағы нағыз себебі ол болмайтұғын. Адамның көбінде бір міне.і бар: бір Істі тұрмыстың қолайсыздығынан істей алмай тұрса, нағыз өз себебін көрсетпей, басқа бір дәлелмен құтылғысы келіп тұрады. Соның секілді әйел балаларды оқытпауға көлденең себеп, айтатын дәлелдерінен көрі, тұрмысының ыңғайсыздығы болатын. Сол тұрмыстық ыңғайсыздығының өзі де, әйел түгіл, еркек балаларды оқытуға ынтасыз надандығынан шығатын. Өйткенмен жұрт оқуға бет қойғаннан бері әлі күнге еркек баланың қамында. Сезге келгенде, рас, әйел баланың да оқығаны жақсы ғой дегені болмаса, еркек баламен қатар ұстап оқуға берген қазақ жоқ. Мысалы, еркек баласын қандай алыс жерге жіберіп оқытқан кісі әйел баласын ана ауылдағы мектепке жіберіп те оқытпайды. Ондағы айтатыны — әйел бала бөтен ауылға барып оқып жүре ала ма! Мұнын, мағынасы: баяғы «әйелге оқу не керектен» ұзамай жүргендікті білдіреді. Бұдан көрінеді: әйел баланы еркек баламен бірдей көрмеушілік. Сөйтіп тағдыры күштеп үйден шықпай, әйелдің еркек қатарынан қалуының бесмелласы осы. Ал әйел бала ер жетіп күйеуге баратын мезгілі келді: қарап тұрайық, кімге барар екен? Кімге барушы еді? Құдай кімге жазса, соған барады. Құдайдың жазған кісісі кім екен? Кім болушы еді? Әкесі кімге берсе, сол да. Әкесі қандай кісіге береді екен? Қандай кісі дерің бар ма? Кімді көңілі сүйсе, соған дағы.

Көңілі сүйетін кісі қандай? Дүниеде жақсы кісі жоқ па? Беделді, біреу атақты; кейбіреудің көп берерлік малы бар «мал адамның бауыр еті», кейбіреудің сүйенерлік панасы бар, солардың біреуіне береді дағы.

Зауда күйеу көңіліне ұнамай қалып, қыздың бармаймын деген қалпы білінсе, асса аймақтың атқамінерлері болып, қалса әке-шеше, аға-інілері болып, үнін өшіреді. Дәуірлеп бара жатса, байлап салып береді. Бірақ мұндай мінез жүз қыздың" бір қызынан ғана шығады. Қалған тоқсан тоғызы кеудесінде жаны, бетінде ары болса, ананы көріп тұрып, өздері де бүлк етпейді. Рас, бірен-саран қыздар үйде, не барғаннан кейін көңілі сүйген біреумен кетіп қалатыны да болады. Өйткенімен қолдан келсе, (қудалап жүріп жігіттен айырып алса) оған атар таң, шығар күн жоқ. Қолдан келмесе, өмірлік қағанатқа душар болып бұзылған арсыз атанып кете барғаны.

Бұған батырлық ететін қыз қазақтан жүзден түгіл, мыңнан шықса қалай! Мұны керген қыздардың көпшілігі жағасын ұстап құдайына жалынады: «құдай-ай, пәлендей қыла көрме!» деп. Ол тілегі сондай рәсуа қылма деген тілек болса да, жоқ, соның ниетіндей ниет ойлата көрме деген тілек қылса да, әйтеуір ананың халін ұнатпаған тілек екенінде шүбә жоқ. Міне қазақ қызының күйеуге тиюінің жайы осы!

Ал, енді қазақтың қатындары қандай халде болады, оны қарайық. Үй-ішінің барлық шаруасы қатынның мойнында: байының үсті кірлей ме, баласының үсті жыртыла ма, қайсысының қарны ашып қалады, неменеге көңілдері соғады?

Солардың бәрін орындастыруға қатын міндетті. Қатын байына мынау қисық деуге правосы жоқ, не айтса, соны «құп» деуге борышты, не бұйырса, соны істеуге өлімді. Байы басын жарып, көзін шығарса да, кек тұтпайды. Қатын шет жерге шықпайды, үйден ұзап шығуға мұршасы да, билігі де жоқ. Қатын малға да ие емес, сезге де ие емес, «қатын қайраттанса, қазан пісіреді» дегендей, тек өзінің істейтін нәрсесін жинап ұстап, ұқсатып беруге ғана ие.

Азырақ еркімен жүріп, еркін сөйлеңкіреген әйел болса, «ер қатынсып, байын билегенсіп, байсыз қатынға ұсап, айтқан жерден жырақ «Көрмеген көлге берсін!» деп қатын біткен жамандап өңір қылады. Қысқасы, қазақ әйелдері өздерін еркектің пайдасы үшін ғана жаратылған бір хайуан есебінде ұғады. Сондықтан өздерінде осы тұрмыстарына наразылық жоқ. Жалғыз-ақ олардың шырқын күндестік қана бұзады.

Сөйтіп, олардың жігері тұрмыстың табанында езілген, мақсаты — «көйлегім көк, тамағым тоқ болса екен» ғана. Хат танитын әйел қазақ арасында жоққа есеп. Газет оқыған, заманның жайынан хабары бар әйелді қазақ арасында көзің де көрмейді. Бірақ соншама күн болып сезілсе де, соншама қараңғы надан болса да, басқа түрік әйелдеріне қарағанда артықшылық жерлері де жоқ емес. Мысалы, аса бір үлкен ақсақалды, яки бөтен бір кісі болмаса, жасырынып, қашқақ тұрмайды. Сөзге ашық, әзілге ұсталық, әдепті жайдарылық олардың, ілгері басуына ыңғайлылығын көрсетеді.

Бостандық болғаннан бері әр жерде пәленнің қызы қашып кетіпті, түгеннің қатыны қашып кетіпті дегенді құлақ жиірек естеді. Бұл қазақ әйелдерінің бостандыққа қандай сусағандығын көрсетеді, жүрегінде сезімнің барлығын білдіреді. Мұнысы бостандыққа өздері ұмтылуда алғашқы адымы болғандығынан үлкен үміт туғызарлық іс. Бірақ адам қатарына жалғыз қашумен ғана жетпек емес. Егер де оларға осы бастан ғылым, білім, тәрбие кіргізіп көзін ашпаса, ылғи қашудың да аяғының неге соғарын құдай білсін!

Біз әйелге тәрбие бергенде тұрмысқа, шежіреге сүйеніп бере аламыз. Және солардың ішіндегі татымды, тан,- даулысын өрнек қылып ұстауымыз керек болады. Бізге Европа еркекпен тең еркіндігінен, өнерлі-ғылымдығынан басқа жағы өрнек болуға жарамайды. Себебі әдеті, ғұрпы басқа — бір, тұрмысы үйлеспейді — екі. Діндес, қандас деп басқа түріктен алуымызға келмейді. Оның себебі оларда әрқайсысы әртүрлі тұрмыста және шариғатқа жала жауып әлі күнге жасырынбақ пердеден құтыла алмай келеді. Енді былай болғанда ғылым туралы ернекті кімде ғылым болса, сонан алып, тұрмыс жайында өзіміздегіні ендеп, еркіндікті мол кіргізуге құлаш ұруымыз керек.

Бұл туралы өрнекті тұрмысы үйлесетін жұрттың еркін елінен алуға болады. Оның үшін өзіміз секілді көшпелі халыққа әм өзіміздің шеліреге көз салсақ, әйелдердің еркекпен қатар іске кірісіп отырғандығын жиі кереміз. Мысалы, түрікпенді аламысың бурятті аламысың қалмақты аламысың, ең аяғы шұбырып жүрген сығанды аламысың — солардың әрқайсыларының әйелдері еркектері не қылса, соны қылып араласып жүр. Қазақтық шежіресінде де, бабаларың өміріне көз салсаң жаугершілік заманда еркектің серігіне жарап батырлық көрсеткен әйел аз емес.

Біз кереміз шежіре жүзінде де, тұрмыс жүзінде де еркін әйелден елеулі кісілердің шығуға мүмкін екендігін. Біз көреміз дін көзілдірігіменен қарағанда да, исламның нағыз аузынан жалыны шығып тұрған күндегі әйелдегі еріктің қандай екендігін. Бірақ берірек келген соң кәдімгі пайғамбардың мирасхорлары анау тарихтан да көз жұмды, мынау исламды да белшалғыға бұрды. Бұған себеп: әммә халифаларынан бастап ислам күшінің Иран қолына көшкендегі кейбір қара жүрек өмір әлмүминдердің өздерінін жауыз нәпістерінің қызығы үшін харам сарайы деп ат қойып ыңғай сұлуды үйірлеп оңаша бөлең ұстауларына исламды құрал қылғандықтарынан.

Ислам әйелінің қорлыққа қалғаны туралы жүректің түкпірінен шығып, анықты айнадай көрсететін бір Иранның сөзі бар: суық сұрапылдық астында еркіндік ажалы күншығыстың желкілдеген жапырағын аспанға ұшырды. һималая тауының қош иісті гүлі, Шииранның байшешегі құрыйды, кебеді, онымен бірге мұсылманның әйелдері — ардақты қыршынның аналары олар да сондай қуарды. Сонан бері иесіз қораға қаптаған алабота, түйе қарындай құлдықпен азықтанып, қараңғы перденің астында барлық мұсылманның өмірі қалды деген.

Осыған қарағанда мына көз алдымыздағы әйелді жазалы кісідей абақтыға жауып, сырға ыстағандай бет-аузын бүркеп қойып отырған халықтардың бүл әдетті қайдан алып-отырғандығы беп-белгілі. Осы әдет күншығыс мұсылмандарының (әсіресе шәһәрлі          жердегісінің) көбінде бар. Сондықтан шәһәрлі жер, мәдениетті халық деп тұрмысқа үлгіні қала әйелінен алудың керегі жоқ, өйткені олардың оқығандары болмаса, оқымағандарының көбінің хұлқы дала әйелдерінен темен келеді, оған себеп надандығының үстіне кейбіреулерінің қамауда өсіп, ішінен бықсуы. Кейбіреулерінің еліктеп, көрсе қызарланып модаға өршігіштігі. Бұлардың мұндай болатындығы, әрине, жаралуда жамандығынан емес, тұрмыстың жаман шарттарынан пайда болып тұрғандығы айдан жарық.

Әйел неғұрлым еркін болса (әйел түгіл, еркегінің өзі де) солғұрлым хұлқы түзу болмақ.

Қазақ осы күнде бұрынғы тұрмыстың әрқайсысынан бірте-бірте айрылып келеді. Мысалы: бұрынғыдай айт пен той, ойын-сауық жоқ жерлерінде тіпті жоқ та, бар жерінде сүлдері ғана бар. Бұрынғы уақытта бұлардың қайсысында болса да әйел аралас болатұғын: құда. түскенде болсын, қыз ұзатқанда болсын, қазақ қатыңдарының күндіктері шағаладай болып, қаз-қатар отырып алып, құдалармен салғыласып жатқанын көретін едің. Шілдехана, қынаменделерде қыз-бозбалалар қарама-қарсы өлең айтысатын еді. Айттарда атқа мініп күйеулер қалыңдықтарын қуатын әдеттері бар еді.

Ал бұ күнде бұлардың еркек-әйелден бірдей қалып отырған жеріне сөз де жоқ. Оған тұрмыс пенен заман кінәлі-ақ болсын, түгел қала қоймаған жерінде әйелдің араласуы бұрынғыдай емес. Оған себеп бұрынғылар надандығынан істеген. Шәһәрлі жердің әйелі еркекпен салғыласып, сөйлеспек түгіл көзіне көрінбей, көрінсе де маңайына жуымай қырындап, анадайдан «сіз, біз» деп тұрады. Біз дағы әйелдерімізді солардай әдепті, хұлықты, таза қылып ұстаймыз деп еліктейміз. Бұл еліктеу — дәнеңеге көзі жетпей соқыр еліктеу. Әдепті, көргенді болу ісі «біз» деген созбен ғана болмақ емес, хұлықты таза болуға көрінбей яки анадайдан ойқастап жүру шарт емес.

Осы күнгі әйелді бұрынғы әйелдерден мінез-хұлқы тазарып асып кетті деп айта алмаймыз, қайта төмендеп кеміді десек дерміз. Адам баласы неғұрлым сырттан қысымшылық керсе, соғұрлым пейілі бұзылып, жүрегі қарая бермек. Бұл мінез адам баласы түгіл, ақылсыз айуанда да бар. Мысалы, кісіге ұмтылатын бура менен қабаған итті байлап отырсаң, бұрынғысынан жаман ызасы күшейіп, кісі алатын болып кетеді.

Тегінде кімге болсын тәрбие бергенде кеңшілікпен берілмесе, еркіндігіне қарсы тұрып, қыспақпен жақсы мінезді қылып шығару мүмкін емес. Сөйтіп, біздің жоғарыдағы сөйлеп келе жатқан сөздерімізден не шықты? Үлгіні шежіреден алайық, басқа әйелі еркін жұрттан алайық, әйтеуір еркекте қандай еркіндік болса, әйелде де сондай еркіндіктің болуы — парыздығы. Еркек баланы қандай оқытып тәрбие беріп, түзеуге құмар болсақ, әйел бала туралы да сондай ұмтылуымыздың міндет екендігі.

Егер де бұл жұмыс кеңескенде ғана ұнап, майданға шығуға сараңдығын қоймаса, ел боламыз деп кеңірдегімізді созуымыз бекер. Бір аяқ бір қолында жан жоқ кісінің батырлығы құрып қалсын!..

 

Ұқсас материалдар