Қандастар Ассамблея

Ұйым үрдісі немесе "Тілім-тіршілігім" деген медбикелер

08.12.2012 2719
  Жаңаөзендегі "Қазақ тілі" қалалық ұйымының" игілікті істеріне қала халқы үйреніп болған десе де болады. Тілге байланысты қызметтердің көбін қалалық ұйым бастап жүр. Қалалық ұйым басқа ағымдағы қызметтерді есептемегенде жыл сайын "Тілдер туралы Заңның" шығу құрметіне үлкен дайындықпен көңілді кеш немесе концерт ұйымдастырып, өнерпаздарға сирек кездесетін әдеби кітаптар сыйлауды әдетке айналдырған. "Қалалық ұйым төралқасы биыл да осы үрдістен көрінді - Ол үшін 1 ай бұрын - "Тілдер туралы Заңның" 5 жылдығына арнап, жоспар түзді. Оны қалалық газетке алдын-ала жариялатып, көшіртіп, әр кәсіпорын басшысының қолына бір-бірден ұстатты. Биылғы жоспар бойынша тіл мерейіне орай өнер көрсететін тек қана дәрігерлер мен медучилище студенттері деп шешілді. Сөйтіп жоспар мен хат медбірлестік бастығы мен медучилище директоры Әлқуатов Тимурдың да қолына 20 күндей бұрын тиді. Сөйтіп тіл жанашырлары мен мемлекеттік тілімізді іс қағаздарына енгізуде ерен еңбек етіп жүрген кәсіпорын басшыларына шақыру билеттері таратылды. Концерт қоятын ұжым ретінде медучилище ұжымына 100-ге тарта билет берілді. Сонымен "Қазақ тілі" ұйымының төралқа мүшелері белгіленген күні "Мұнайшы" мәдениет сарайында "Тілдер туралы Заңның" 5 жылдығына арналған салтанатты жиынды ашуға дайындалды. Ұйым төрағасы Ербақыұлы Байбазар салтанатты жиынды өзі ашып, жоғарыда айтып кеткен тіл қамқоршыларын құрметті төралқаға шақырды. Олар: "Қазақ тілі" ұйымының төралқа мүшелері Қарамбетов Тынымбай /зейнеткер/, Қоңқашев Жексен / МГОБ бастауыш "Қазақ тілі" ұйымының төрағасы/, Түйтеев Темірхан /Ұңғыларды күрделі жөндеу басқармасының қызметкері/, Есенғали Бөкембаев /белгілі ақын/, жергілікті ақын Рейімбайұлы Қаржаубай , "Қазақ тілі" қалалық ұйымының демеушілері "Бірлік" АҚ-ның президенті Мәуленбаев Әзірбай, "Энергомұнай" басқармасының бастығы Бекімов Дәрмен, алғашқылардың бірі болып, толық штатпен аудармашы алып, іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілге аударған Шегендеу басқармасының" бастығы Өтебаев Аташ, тілімізге қамқоршылық танытып, кәсіпорын ауласына шейін батырларымыз бен билерімізді майлы бояумен салдырып, әдемі безендіруде ілгері келе жатқан №3 ОТКБ бастығы Базылов Бақтығали және медучилище директоры Әлқуатов Тимур мен әкімнің орынбасары Игібаев Құрман. Б.Ербақыұлының 12 минуттік баяндамасынан кейін жарыссөз болды. Құттықтаулардан кейін төралқадағы тіл қамқоршыларына ұйым төрағасы "Қазақ тілі" қалалық ұйымының Грамотасын, Қашаған жыртабағын және әдеби кітаптар мен Қазақстан Республикасының туы бейнеленген белгі / значок / сыйлады. Міне, осыдан кейін Облыстық медучилище студенттерінің концерті болды.Дәрігер Қапашева Нәсіпжанның "Бір бала" әні, училище қызметкері Жақсыбаева Айшаның "Сен менің сыңарымсың", студенттер Исамбергенова Жәмиланың "Ақ кербез", "Бозбала" Изенова Айманның "Сүгірдің елмен қоштасуы" ән, термелері шебер орындалды. Студент Төрежанова Сәуле мен балғын биші Қосеменова Қарлығаштың билері көрермендерді сүйсіндірді. Ал Сүндетова Айша мен Оңалдықова Тұмардың тіліміздің тазалығына арналған сықақ ойыны жұртты бір күлкіге кенелтті. Концерт соңында Абайдың 150 жылдығына арналған пьеса көрсетілді. Абай, Құнанбай, т.б. рөлдерді шебер орындаған студенттер Өтеулиева Гүлзада, Мұрынова Заман, Шариғатова Раушан мен Жарылғасова Ферузаларға көрермендер қол соқты. Жиналғандар осы қиыншылық кезде 1 сағатқа жуық үлгілі өнер көрсеткен медучилище студенттеріне , оларды ұйымдастырушы - педагогтері Қайсағалиев Ғарифоллаға, Ауланұлы Түгелбайға, студенттердің дайындығына дейін өзі қатысып жүргізген училище директоры Әлқуатов Тимурға шынайы алғыстарын білдірді. Сөз арасында айта кетейік, Тимур осы қызметке жақында келген еді. "Мың қосшыдан, бір басшы" демекші осы жігіт келгелі ана тіліміздің мерейі өсу үстінде екендігін байқап жүргенбіз. Осы қызметтің ұйымдастырушысы - ынталандырушысы "Қазақ тілі" қалалық ұйымының төрағасы Б.Ербақыұлы келесі күні медучилищенің Республика күніне арналған салтанатты жиынында кешегі өнерпаздардың бұдан әрі де өнер шыңына өрлей берулеріне тілектестік білдірді. Осы шарадан түйгеніміз: қазіргідей жұқалтаң кезімізде "Қазақ тілі" қалалық ұйымы сияқты жұртшылық өнерін қолдап, өнер иелерін ел алдына шығарсақ, сөйтіп жас өрендерді қанаттандырсақ, қолдасақ, ел рухын көтерілуіне септігіміз тиер еді деген ой. Баяш Нәдентегі 25.10.94.  

 

Жаңаөзендегі "Қазақ тілі" қалалық ұйымының" игілікті істеріне қала халқы үйреніп болған десе де болады. Тілге байланысты қызметтердің көбін қалалық ұйым бастап жүр.

Қалалық ұйым басқа ағымдағы қызметтерді есептемегенде жыл сайын "Тілдер туралы Заңның" шығу құрметіне үлкен дайындықпен көңілді кеш немесе концерт ұйымдастырып, өнерпаздарға сирек кездесетін әдеби кітаптар сыйлауды әдетке айналдырған.

"Қалалық ұйым төралқасы биыл да осы үрдістен көрінді - Ол үшін 1 ай бұрын - "Тілдер туралы Заңның" 5 жылдығына арнап, жоспар түзді. Оны қалалық газетке алдын-ала жариялатып, көшіртіп, әр кәсіпорын басшысының қолына бір-бірден ұстатты.

Биылғы жоспар бойынша тіл мерейіне орай өнер көрсететін тек қана дәрігерлер мен медучилище студенттері деп шешілді. Сөйтіп жоспар мен хат медбірлестік бастығы мен медучилище директоры Әлқуатов Тимурдың да қолына 20 күндей бұрын тиді.

Сөйтіп тіл жанашырлары мен мемлекеттік тілімізді іс қағаздарына енгізуде ерен еңбек етіп жүрген кәсіпорын басшыларына шақыру билеттері таратылды. Концерт қоятын ұжым ретінде медучилище ұжымына 100-ге тарта билет берілді.

Сонымен "Қазақ тілі" ұйымының төралқа мүшелері белгіленген күні "Мұнайшы" мәдениет сарайында "Тілдер туралы Заңның" 5 жылдығына арналған салтанатты жиынды ашуға дайындалды.

Ұйым төрағасы Ербақыұлы Байбазар салтанатты жиынды өзі ашып, жоғарыда айтып кеткен тіл қамқоршыларын құрметті төралқаға шақырды. Олар: "Қазақ тілі" ұйымының төралқа мүшелері Қарамбетов Тынымбай /зейнеткер/, Қоңқашев Жексен / МГОБ бастауыш "Қазақ тілі" ұйымының төрағасы/, Түйтеев Темірхан /Ұңғыларды күрделі жөндеу басқармасының қызметкері/, Есенғали Бөкембаев /белгілі ақын/, жергілікті ақын Рейімбайұлы Қаржаубай , "Қазақ тілі" қалалық ұйымының демеушілері "Бірлік" АҚ-ның президенті Мәуленбаев Әзірбай, "Энергомұнай" басқармасының бастығы Бекімов Дәрмен, алғашқылардың бірі болып, толық штатпен аудармашы алып, іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілге аударған Шегендеу басқармасының" бастығы Өтебаев Аташ, тілімізге қамқоршылық танытып, кәсіпорын ауласына шейін батырларымыз бен билерімізді майлы бояумен салдырып, әдемі безендіруде ілгері келе жатқан №3 ОТКБ бастығы Базылов Бақтығали және медучилище директоры Әлқуатов Тимур мен әкімнің орынбасары Игібаев Құрман. Б.Ербақыұлының 12 минуттік баяндамасынан кейін жарыссөз болды.

Құттықтаулардан кейін төралқадағы тіл қамқоршыларына ұйым төрағасы "Қазақ тілі" қалалық ұйымының Грамотасын, Қашаған жыртабағын және әдеби кітаптар мен Қазақстан Республикасының туы бейнеленген белгі / значок / сыйлады.

Міне, осыдан кейін Облыстық медучилище студенттерінің концерті болды.Дәрігер Қапашева Нәсіпжанның "Бір бала" әні, училище қызметкері Жақсыбаева Айшаның "Сен менің сыңарымсың", студенттер Исамбергенова Жәмиланың "Ақ кербез", "Бозбала" Изенова Айманның "Сүгірдің елмен қоштасуы" ән, термелері шебер орындалды.

Студент Төрежанова Сәуле мен балғын биші Қосеменова Қарлығаштың билері көрермендерді сүйсіндірді. Ал Сүндетова Айша мен Оңалдықова Тұмардың тіліміздің тазалығына арналған сықақ ойыны жұртты бір күлкіге кенелтті. Концерт соңында Абайдың 150 жылдығына арналған пьеса көрсетілді. Абай, Құнанбай, т.б. рөлдерді шебер орындаған студенттер Өтеулиева Гүлзада, Мұрынова Заман, Шариғатова Раушан мен Жарылғасова Ферузаларға көрермендер қол соқты.

Жиналғандар осы қиыншылық кезде 1 сағатқа жуық үлгілі өнер көрсеткен медучилище студенттеріне , оларды ұйымдастырушы - педагогтері Қайсағалиев Ғарифоллаға, Ауланұлы Түгелбайға, студенттердің дайындығына дейін өзі қатысып жүргізген училище директоры Әлқуатов Тимурға шынайы алғыстарын білдірді. Сөз арасында айта кетейік, Тимур осы қызметке жақында келген еді.

"Мың қосшыдан, бір басшы" демекші осы жігіт келгелі ана тіліміздің мерейі өсу үстінде екендігін байқап жүргенбіз.

Осы қызметтің ұйымдастырушысы - ынталандырушысы "Қазақ тілі" қалалық ұйымының төрағасы Б.Ербақыұлы келесі күні медучилищенің Республика күніне арналған салтанатты жиынында кешегі өнерпаздардың бұдан әрі де өнер шыңына өрлей берулеріне тілектестік білдірді. Осы шарадан түйгеніміз: қазіргідей жұқалтаң кезімізде "Қазақ тілі" қалалық ұйымы сияқты жұртшылық өнерін қолдап, өнер иелерін ел алдына шығарсақ, сөйтіп жас өрендерді қанаттандырсақ, қолдасақ, ел рухын көтерілуіне септігіміз тиер еді деген ой.

Баяш Нәдентегі

25.10.94.

 

Ұқсас материалдар