Қандастар Ассамблея

Қазақ күйлері жиналсын

08.12.2012 28486
  Елде не көп, ән көп, әдебиет көп, күй көп. Бірақ біз ел әдебиетінің, ел өнерінің бәрін де жинап жеткізе алмай жатырмыз. Ел өнері — бізде әлі ақтарусыз жатқан қазына. Ел өнерінің бір түрі — ән-күйді жинауға жаңадан аяқ салдық. Оның алғашқы адымы — Затаевич. Затаевич қолында ана басылған «1000 әннен» басқа бірнеше жүздеген ән жинағы, күй жинағы бар көрінеді. Затаевичтің қолына түскен ән, күй — үлкен қазынадан өнген қазына. Затаевичтің бұл еңбегі арқылы біз жоғалып бара жатқан ел әндерін, күйлерін қолға түсіріп отырмыз. Затаевичтің еңбегімен барлық кеңес қолтығындағы жұрттар, тіпті шет жұрттар, дүние жүзі қазақпен, қазақтың өнері, ән-күйімен танысып отыр. Затаевичтің бұл еңбегін бұлдап, атақты журналист Сасновский көптің көңілін қазаққа, қазақ өнеріне аударып отыр (өткен жылғы маусымның 20-сындағы «Правда» газетінде). Затаевич жинаған әндерін, күйлерін өңдеп, мелодия, гармония ырғағымен өнерлі музыканың үлгілі буынның жүйесіне түсіріп отыр. Ол қазақ күйлерін, әндерін «квартет-домбырасына» салғанда үлгіленген, өңделген, үнделген қазақы күйді тыңдайсың. Сол Затаевич биыл өткен жазда Семей арқылы Қарқаралыға барып, әндермен бірге мынау күйлерді алып қайтқан: «Қосбасар», «Абылайдың қара жорғасы», «Боз айғыр», «Аққу», «Ақборан», «Асанқайғы», «Бес төре», «Сарыөзен», «Шал-кемпір», «Терісқақпай», «Кенесарының көк балағы», «Қалмақ қара жорға», «Тәттімбет былқылдағы», басқалар. Жоғарыда елде күй көп деген едік. Расында, күй көбеюде емес, күй күннен-күнге азаюда, елде сауық-сайран азайған сайын, ел домбыра тартып, күй күйлеуден көрі, жан бағу амалына айналып, шаруадар болған сайын домбырашы да, күй де, ән де бұлдырап азаюда. Домбыра, қобыз, ән-күйге әуестік азайып барады. Елдегі ескі күйші шалдар өлген сайын күйлеріміз көрге көмілуде. Біздің елде ертеректе Тойған деген бір шал 40 күй тартады екен. Ол күйлердің бұл күнде біреуін де ешкім білмейді. Тек күй аттарын айтып, аңыз қылысады. Сүйтіп, Тойтан өлімі 40 күйді ала кетіп отыр. Жалғыз Тойтан емес, толып жатқан домбырашылар, күйшілер күйімен бірге зым-зия жоғалып жатыр. Елде жастан домбырашы шығу, жаңадан күй шығу өте сирек. Енді күйді жинау керек, оның жыл құсы — Затаевич. Қалайда Затаевич сықылды ынталы мамандарды кезінде пайдаланып қалған олжа. Газет-журналдарымыздың бетінде жер-жердегі күйлердің аттары, мазмұндары, күйшілердің аты-жөні жазылуы, тіпті мұны жазатын елдегі, қаладағы білетін адамдар, елдегі газет тілшілері мен өзім жазып алған күй аттарын төменде атаймын. Бірақ газет беті күйлердің мазмұнын жазуға тарлық қылады. Олар: 1)         Жетісудың Талдықорған үйезінде Ақсу болысындағы домбырашылардың (Нұрсапа, Егеубай, Молықбай, басқалар) тартатын күйлері мыналар: «Ақкөбек», «Қаракөбек», «Қазан қаласын шапқандағы күй», «Мәдіген Шора», әрине «Барақ», «Ала байрақ», «Қара жорға», «Шынырау», «Тепек көк», «Құдіреттің құсы», «Дүлдүлдің жүрісі», «Ала айғыр», «Қалипан патшасының әскері мен жүрісі», «Абай қоңыр», «Жұмағыл», Ақсаққұлан», «Жошы хан», «Бестөре», «Ақмеди күйі», «Сылқылдақ», «Құлақ күйі», «Саркідір», «Ақсақ қойдың маңырағаны», «Әуре-сарсаң сандал көк», «Түрікпен», «Ноғай-қазақтың айырылғаны». «Қорамжан жалғыз», «Әрине-ау», «Борлы қыз», «Қос келіншек», «Қос мерген», «Ақсаққой», «Аққу», «Түйек қалды», «Қарқара-ау», «Терісқақпай», «Қорқыт», «Шыңғысбай қоңыры». 2)         Қарқаралының арғыннан, Қотанбұлақ деген жердегі Манас-Мандар руынан Алматыға өткен жылда оқу іздеп келген Ержанұлы Манарбек домбырашы бала (осы күнде Алматыда Бейісұлы Айтбектің қолында) мына күйлерді тартады: «Үш қожаның қырға таласқаны» (бұл өзі үш күй), «Тәттімбеттің сылқылдағы», «Көкейкесті», «Боз айғыр», «Қара жорға», «Сары өзен», «Бес төре», «Көрұғлы» (қор ұлы), «Қосбасар» (үш түрлі), «Айрауықтың ащы күйі», «Түйе қас», «Бозінген», «Молы қыз», «Желмая», «Түйе киік», «Аққу», «Терісқақпай», «Қорқыттың күйі», «Біржанның күйі», «Сарбұлақтың күйі», «Асанқайғы», «Өрелі шабдар», «Қалқам тұр», «Терісқақпай», «Ақыметшенің күйі», «Тақиям қалды», «Сара қыздың күйі», «Шашубай күйі», «Бұлбұл күйі», «Жасымбектің күйі». Мұның білетіні — 30 күй. Бұл айтылғандар елдегі көп күйдің бірі — бір азғанасы. Жер мөлшерімен айтқанда Балқаштың екі жағынан түйісетін Тобықты мен Матайдың ғана күйлері. Осы екі елдің күйін салыстырғанда, көбінесе ат жағынан жалпы, ортақ күй, бірақ тартылуда, домбырада өзгеше болатындары толып жатыр. Өзге елдің, өзге жалпақ қазақтың күйі де әзіргі атаусыз жатқан, ақтарусыз жатқан қазына. Қалайда күй жиналсын. 1921 жыл.  

 

Елде не көп, ән көп, әдебиет көп, күй көп. Бірақ біз ел әдебиетінің, ел өнерінің бәрін де жинап жеткізе алмай жатырмыз. Ел өнері — бізде әлі ақтарусыз жатқан қазына.

Ел өнерінің бір түрі — ән-күйді жинауға жаңадан аяқ салдық. Оның алғашқы адымы — Затаевич. Затаевич қолында ана басылған «1000 әннен» басқа бірнеше жүздеген ән жинағы, күй жинағы бар көрінеді. Затаевичтің қолына түскен ән, күй — үлкен қазынадан өнген қазына.

Затаевичтің бұл еңбегі арқылы біз жоғалып бара жатқан ел әндерін, күйлерін қолға түсіріп отырмыз. Затаевичтің еңбегімен барлық кеңес қолтығындағы жұрттар, тіпті шет жұрттар, дүние жүзі қазақпен, қазақтың өнері, ән-күйімен танысып отыр. Затаевичтің бұл еңбегін бұлдап, атақты журналист Сасновский көптің көңілін қазаққа, қазақ өнеріне аударып отыр (өткен жылғы маусымның 20-сындағы «Правда» газетінде).

Затаевич жинаған әндерін, күйлерін өңдеп, мелодия, гармония ырғағымен өнерлі музыканың үлгілі буынның жүйесіне түсіріп отыр.

Ол қазақ күйлерін, әндерін «квартет-домбырасына» салғанда үлгіленген, өңделген, үнделген қазақы күйді тыңдайсың.

Сол Затаевич биыл өткен жазда Семей арқылы Қарқаралыға барып, әндермен бірге мынау күйлерді алып қайтқан: «Қосбасар», «Абылайдың қара жорғасы», «Боз айғыр», «Аққу», «Ақборан», «Асанқайғы», «Бес төре», «Сарыөзен», «Шал-кемпір», «Терісқақпай», «Кенесарының көк балағы», «Қалмақ қара жорға», «Тәттімбет былқылдағы», басқалар.

Жоғарыда елде күй көп деген едік. Расында, күй көбеюде емес, күй күннен-күнге азаюда, елде сауық-сайран азайған сайын, ел домбыра тартып, күй күйлеуден көрі, жан бағу амалына айналып, шаруадар болған сайын домбырашы да, күй де, ән де бұлдырап азаюда. Домбыра, қобыз, ән-күйге әуестік азайып барады. Елдегі ескі күйші шалдар өлген сайын күйлеріміз көрге көмілуде. Біздің елде ертеректе Тойған деген бір шал 40 күй тартады екен. Ол күйлердің бұл күнде біреуін де ешкім білмейді. Тек күй аттарын айтып, аңыз қылысады. Сүйтіп, Тойтан өлімі 40 күйді ала кетіп отыр. Жалғыз Тойтан емес, толып жатқан домбырашылар, күйшілер күйімен бірге зым-зия жоғалып жатыр. Елде жастан домбырашы шығу, жаңадан күй шығу өте сирек.

Енді күйді жинау керек, оның жыл құсы — Затаевич. Қалайда Затаевич сықылды ынталы мамандарды кезінде пайдаланып қалған олжа. Газет-журналдарымыздың бетінде жер-жердегі күйлердің аттары, мазмұндары, күйшілердің аты-жөні жазылуы, тіпті мұны жазатын елдегі, қаладағы білетін адамдар, елдегі газет тілшілері мен өзім жазып алған күй аттарын төменде атаймын. Бірақ газет беті күйлердің мазмұнын жазуға тарлық қылады. Олар:

1)         Жетісудың Талдықорған үйезінде Ақсу болысындағы домбырашылардың (Нұрсапа, Егеубай, Молықбай, басқалар) тартатын күйлері мыналар: «Ақкөбек», «Қаракөбек», «Қазан қаласын шапқандағы күй», «Мәдіген Шора», әрине «Барақ», «Ала байрақ», «Қара жорға», «Шынырау», «Тепек көк», «Құдіреттің құсы», «Дүлдүлдің жүрісі», «Ала айғыр», «Қалипан патшасының әскері мен жүрісі», «Абай қоңыр», «Жұмағыл», Ақсаққұлан», «Жошы хан», «Бестөре», «Ақмеди күйі», «Сылқылдақ», «Құлақ күйі», «Саркідір», «Ақсақ қойдың маңырағаны», «Әуре-сарсаң сандал көк», «Түрікпен», «Ноғай-қазақтың айырылғаны». «Қорамжан жалғыз», «Әрине-ау», «Борлы қыз», «Қос келіншек», «Қос мерген», «Ақсаққой», «Аққу», «Түйек қалды», «Қарқара-ау», «Терісқақпай», «Қорқыт», «Шыңғысбай қоңыры».

2)         Қарқаралының арғыннан, Қотанбұлақ деген жердегі Манас-Мандар руынан Алматыға өткен жылда оқу іздеп келген Ержанұлы Манарбек домбырашы бала (осы күнде Алматыда Бейісұлы Айтбектің қолында) мына күйлерді тартады: «Үш қожаның қырға таласқаны» (бұл өзі үш күй), «Тәттімбеттің сылқылдағы», «Көкейкесті», «Боз айғыр», «Қара жорға», «Сары өзен», «Бес төре», «Көрұғлы» (қор ұлы), «Қосбасар» (үш түрлі), «Айрауықтың ащы күйі», «Түйе қас», «Бозінген», «Молы қыз», «Желмая», «Түйе киік», «Аққу», «Терісқақпай», «Қорқыттың күйі», «Біржанның күйі», «Сарбұлақтың күйі», «Асанқайғы», «Өрелі шабдар», «Қалқам тұр», «Терісқақпай», «Ақыметшенің күйі», «Тақиям қалды», «Сара қыздың күйі», «Шашубай күйі», «Бұлбұл күйі», «Жасымбектің күйі». Мұның білетіні — 30 күй.

Бұл айтылғандар елдегі көп күйдің бірі — бір азғанасы. Жер мөлшерімен айтқанда Балқаштың екі жағынан түйісетін Тобықты мен Матайдың ғана күйлері. Осы екі елдің күйін салыстырғанда, көбінесе ат жағынан жалпы, ортақ күй, бірақ тартылуда, домбырада өзгеше болатындары толып жатыр. Өзге елдің, өзге жалпақ қазақтың күйі де әзіргі атаусыз жатқан, ақтарусыз жатқан қазына.

Қалайда күй жиналсын.

1921 жыл.

 

Ұқсас материалдар