Қандастар Ассамблея

ЗАГСке тіркетіп қойса болғаны

08.12.2012 2214
  Оқшау сөз Болыстар Байуақтікінде түстеніп отыр. Осы ауылға келмек деген хабарды естігелі осы күн болған жиылғандар 20-ға тарта болса да, 15 биенің 3 күнгі қымызы жұртты қалжыратайын деді білем. Әлден-ақ көбінің аузынан «алыңдар», «көтеріліңдер» шыға бастады. Аяқшы Қалымбет желбауға сүйеніп тұрып: — Тағы бір рет, қане, мырзалар, жолдастар, сабада әлі екі тегене қымыз бар, мына тегенені орталамай жатып бұларың не? Алып жіберіңдер, — дей бергенде есіктен біреу үйді басына көтере: — Ассалаумағалайкім, — деп кіріп келді. Жұрт жалт қарасты. Кенеп сөмкесі тырсыйған Әмре шабарман екен. — Бай-бай, осының даусы-ай,— деді кровать үстіндегі Байуақ. — О, Әме, ат-көлік аман ба, тура келдің бе? Шешін де қымызға отыр, — деді председатель Шұғабай. Байуақ: — Тұр, әй, Әмекеңнің қиімін іл,—деді, сабаның бір жағында отырған Жұманға. Әмре шешті де, киімін ілді. Әмекең жан-жағынан: — Қашан шықтың? — Қала тыйыш па? — деген сұраулар мен. — Мінеки, мінеки,— деген аяқтар есін шығарып жатыр. Қатшы Сейіт кенеп сөмкені алып ақтарып жатыр: — Тілеуің бергір, осы жолы срочный бұйрық жоқ екен әйтеуір, — деді, істерді қарап болып Шұғабай: — Срочныйдан бір мезгіл шаршамасын ба, қатшы: — Кейде орынсыз жерде срочный деп қоятындары да бар, бірақ түнеукүні мұғалімді жібергендегісі,—Деп аяқтағы қымыздан бір жұтты да, бір газетті алып қарай бастады. Әрі-бері қарағаннан кейін газеттің бір жеріне көзі қадала қалды. Аузы кенет тәмпиіп кетті де, көлбеп барып Шұғабайдың санынан түртіп қалды. Шұғабай жалт қарағанда қолындағы газетін ұстата беріп бір жерін қолымен, көлденең сызып қойды. Шұғабай газетті оқыған сайын көзі ежірейе түсті. Біраздан кейін басын көтеріп жымыйыңқырап Байуаққа бір қарап, газетке парады да: — Бай-еке-ау, газетке түсіп қалыпсыз,— деді. Байуақ шошып кетті ме: — Сорлы, не туралы, — деп газетке қолын соза бастады. Қатшы отырып: — Баяғы жана жеңгей дағы, — деді. Шұғабай газетті берді. Жұртта ең жоқ. Аяқтарын жерге қойған, көздері Байекең жақта. Байуақ керекті жерін тасымалдап, екі қайтара оқып шықты да: — Жаным-ау, бұл кедей ұлы кім екен? — деп басын көтерді. Біреу: — Біләл шығар. Біреулер: — Омар болмасын, — десті. Шұғабай жастыққа шынтақтаған бетімен керіліңкіреп басын сыйпады да: — Өзіміздің елден Байекеңді ешкім жазбайды, түнеугі мұғалімдердің біреуі шығар, мені де өте жұмысына салақ деп газетке жазамыз деп айтады деп еді, өздері бір антұрғандар көрінеді. Бұл солардың қолынан келуге лайық, — деді. Байуақ: — Япырмай, мынау бір пәле екен, олардың менде не ақысы бар еді. Енді мұны қайттік, — деп Шұғабайға жапақ-жапақ етті. Шұғабай: — Ештеңе етпес, бір мәнісі табылар. Осы жұлдыздың 20-да қалаға барам, сонда соттан сұрай келейін,— деді. Шұғабай айтқан күнде қалаға барды. Ортаға жеккені Байуақтың шабдар айғыры. Сотпен қатты үйір. Көріскенде арсалаңдасып қалады. Мекемеге бірер келгенде оңаша болмаған соң, іңірде пәтеріне барды. Темекі тартысты, әңгімелесті, шай да ішті. Қайтарында Байуақтың жәйін айтып, ақыл сұрады. Би көргігенсіп алғашқы кезде жөнді ақыл бермеді. — Байдың шоқпары болайын деген екенсің, — деп Шұғабайды біраз қолға алыңқырап қойды. Шұғабай асығып: — Шын айтамын, дұрыс ақылыңды айт,—дей берген соң, Би-екең былай деп заңды ақылын үйретті: — Газетке жазылған сөздің бәрінен қорқа беруге болмайды. Өйткені, мынаны тығыз қара деген губсотқа прокурордан айрықша бұйрық болмаса, құр газетке басылды екен деп қарай бермейміз. Онан соң бірсыпырадан бері жоғарғы орыннан ондай бұйрық болыңқырамай жүргендігі бар. Әйтсе де «сақтықта қорлық жоқ» деп, үлкен қатынын тастаған болып, болыстық ЗАГС ке тіркетіп қойса болғаны. 1925  

 

Оқшау сөз

Болыстар Байуақтікінде түстеніп отыр. Осы ауылға келмек деген хабарды естігелі осы күн болған жиылғандар 20-ға тарта болса да, 15 биенің 3 күнгі қымызы жұртты қалжыратайын деді білем. Әлден-ақ көбінің аузынан «алыңдар», «көтеріліңдер» шыға бастады. Аяқшы Қалымбет желбауға сүйеніп тұрып:

— Тағы бір рет, қане, мырзалар, жолдастар, сабада әлі екі тегене қымыз бар, мына тегенені орталамай жатып бұларың не? Алып жіберіңдер, — дей бергенде есіктен біреу үйді басына көтере:

— Ассалаумағалайкім, — деп кіріп келді. Жұрт жалт қарасты. Кенеп сөмкесі тырсыйған Әмре шабарман екен.

— Бай-бай, осының даусы-ай,— деді кровать үстіндегі Байуақ.

— О, Әме, ат-көлік аман ба, тура келдің бе? Шешін де қымызға отыр, — деді председатель Шұғабай.

Байуақ:

— Тұр, әй, Әмекеңнің қиімін іл,—деді, сабаның бір жағында отырған Жұманға. Әмре шешті де, киімін ілді. Әмекең жан-жағынан:

— Қашан шықтың?

— Қала тыйыш па? — деген сұраулар мен.

— Мінеки, мінеки,— деген аяқтар есін шығарып жатыр. Қатшы Сейіт кенеп сөмкені алып ақтарып жатыр:

— Тілеуің бергір, осы жолы срочный бұйрық жоқ екен әйтеуір, — деді, істерді қарап болып Шұғабай:

— Срочныйдан бір мезгіл шаршамасын ба, қатшы:

— Кейде орынсыз жерде срочный деп қоятындары да бар, бірақ түнеукүні мұғалімді жібергендегісі,—Деп аяқтағы қымыздан бір жұтты да, бір газетті алып қарай бастады. Әрі-бері қарағаннан кейін газеттің бір жеріне көзі қадала қалды. Аузы кенет тәмпиіп кетті де, көлбеп барып Шұғабайдың санынан түртіп қалды. Шұғабай жалт қарағанда қолындағы газетін ұстата беріп бір жерін қолымен, көлденең сызып қойды. Шұғабай газетті оқыған сайын көзі ежірейе түсті. Біраздан кейін басын көтеріп жымыйыңқырап Байуаққа бір қарап, газетке парады да:

— Бай-еке-ау, газетке түсіп қалыпсыз,— деді. Байуақ шошып кетті ме:

— Сорлы, не туралы, — деп газетке қолын соза бастады. Қатшы отырып:

— Баяғы жана жеңгей дағы, — деді.

Шұғабай газетті берді. Жұртта ең жоқ. Аяқтарын жерге қойған, көздері Байекең жақта. Байуақ керекті жерін тасымалдап, екі қайтара оқып шықты да:

— Жаным-ау, бұл кедей ұлы кім екен? — деп басын көтерді.

Біреу:

— Біләл шығар.

Біреулер:

— Омар болмасын, — десті. Шұғабай жастыққа шынтақтаған бетімен керіліңкіреп басын сыйпады да:

— Өзіміздің елден Байекеңді ешкім жазбайды, түнеугі мұғалімдердің біреуі шығар, мені де өте жұмысына салақ деп газетке жазамыз деп айтады деп еді, өздері бір антұрғандар көрінеді. Бұл солардың қолынан келуге лайық, — деді.

Байуақ:

— Япырмай, мынау бір пәле екен, олардың менде не ақысы бар еді. Енді мұны қайттік, — деп Шұғабайға жапақ-жапақ етті.

Шұғабай:

— Ештеңе етпес, бір мәнісі табылар. Осы жұлдыздың 20-да қалаға барам, сонда соттан сұрай келейін,— деді.

Шұғабай айтқан күнде қалаға барды. Ортаға жеккені Байуақтың шабдар айғыры. Сотпен қатты үйір. Көріскенде арсалаңдасып қалады. Мекемеге бірер келгенде оңаша болмаған соң, іңірде пәтеріне барды. Темекі тартысты, әңгімелесті, шай да ішті. Қайтарында Байуақтың жәйін айтып, ақыл сұрады. Би көргігенсіп алғашқы кезде жөнді ақыл бермеді.

— Байдың шоқпары болайын деген екенсің, — деп Шұғабайды біраз қолға алыңқырап қойды.

Шұғабай асығып:

— Шын айтамын, дұрыс ақылыңды айт,—дей берген соң, Би-екең былай деп заңды ақылын үйретті:

— Газетке жазылған сөздің бәрінен қорқа беруге болмайды. Өйткені, мынаны тығыз қара деген губсотқа прокурордан айрықша бұйрық болмаса, құр газетке басылды екен деп қарай бермейміз. Онан соң бірсыпырадан бері жоғарғы орыннан ондай бұйрық болыңқырамай жүргендігі бар. Әйтсе де «сақтықта қорлық жоқ» деп, үлкен қатынын тастаған болып, болыстық ЗАГС ке тіркетіп қойса болғаны.

1925