Қандастар Ассамблея

Басшыға жарыған екенбіз!

08.12.2012 1645
  "Мені неге қазақша сөйлетпеді?" мақаласына орай "Ең бірінші бақытым — Халқым менің, ... Ал екінші бақытым — Тілім менің, ... Бақытым бар үшінші — Отан деген,... " М.Мақатаев "Ана тілі" газетінің осы жылғы 21-санындағы "Мені неге қазақша сөйлетпеді?" мақаласын оқығанда, жағамызды ұстадық. Мемлекетіміздің 11 әкімінің қарабайыр қылығы біздерді қатты күйзелтті, әрі ашу - ызамызды туғызды. Шынын айтсақ, қазақ тіліне көрсетіліп жатқан мемлекет қамқорлығы қазір мүшкіл халде. Дін мемлекетімізден бөлінген болса,ана тіліміздің жағдайы одан тәуір емес. Дін өлмес. Артымызда құжынаған мұсылман елдері, Сауд Арабиясы, Иран бар, қасиетті Мекке бар. Ана тіліміздің жағдайы дабыл қағарлықтай. Мен өз қаламның мысалына жүгінейін. Жаңаөзенде мемлекеттік тілдің дамуы біздің басқа орысшыл қала Ақтауымызға қарағанда алқам шүкір. Мүмкін бұл қаламыздағы тұрғындардың көпшілігі қазақ ұлты тұратындықтан болар, бірақ негізгі себеп ол да емес. Бірақ ол "шүкірлік" қала әкімінің қолғабысы мен тікелей араласуынан деп түсінсеңіз, қателесесіз. Мен халықаралық "Қазақ тілі" қалалық ұйымына төраға болып сайланғаныма 3 жыл болған екен. Осы 3 жыл ішінде 3 әкім ауысты, жақында 4-әкім қызметті қабылдады. Жаңасының обалын көтермеймін, жаңадан іске кірісіп жатыр, ал бұрынғы үш әкімдердің алқалы топта: - Мемлекеттік тілді неге дамытпаймыз, неге іс қағаздарын өз тілімізде жүргізбейміз , - деп айтқан немесе өз коллегиясында осы тілдің дамуын мәселе етіп қойғанын кездестірмедік. /Мен там-тұмдап көмек беріп, өз сессиясында мемлекеттік тілдің мұқтажын әңгіме тақырыбы еткен бұрынғы Кеңес төрағасы Түсіпов Бисенге рахметімді айтудан жалықпаймын/. Егер қазір осы 3 жыл ішінде таза орысша тәлім-тәрбиемен келген 14 балабақша қазақша оқу-тәрбиеге ауыстырылған болса, егер қазір қала кәсіпорын, мекемелерінің 70-75 пайыздайы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе бастаған болса, ана тіліміздегі салт-дәстүріміздің көріністері өз құлашын кең жая бастаған болса, ол Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы /Сол Ә.Қайдаров, О.Айтбайұлы, т.б./ ұйымдастырған жергілікті жерлердегі "Қазақ тілі" ұйымдарының, тіл жанашырларының, ұлтжанды басшылардың жанқиярлық еңбектерінің нәтижесі. Бұл қызмет қандай төрешілдік, мәңгүрттік кедергілермен аяусыз күрес арқылы іске асқанын айтып жатсақ, бұл мақала емес кішігірім кітапша болып кетер. Бұдан мемлекеттік тіл орыстарды шеттету арқылы іске асып жатыр деген ойдан аулақ болыңыз. Тіпті ұжымында 20-25 пайыз орысы бар кәсіпорын, мекемелерге шейін мемлекеттік тілді қазақ, орыс тілдерінде жүргізу туралы шығарған қаулыларымыз бар. Біздің ойымызша, Конституциямыздың бірінші, екінші бабтарындағы "қазақ тілі-мемлекеттік тіл" деген сөздер ана тіліміздің көсегесін көтерте қояды деу-қате пікір. Тіліміздің басшы, қосшы жанашырлары ол баптарды үлкен шығармашылықпен, өз халқына деген сүйіспеншілікпен дамытуы тиіс. Былайша айтқанда, "Тілдер туралы Заң" мен Ата Заңымыздың үрдісінен шыққымыз келсе, қазақ зиялылары Қазақ елін шын мәнінде тәуелсіз ел ретінде көргісі келсе, тіліміздің мұң-мұқтажына бей-жай қарамауы тиіс. "Қазақ тілі" ұйымдарының қазіргі кезде мүшкіл жағдайға /қаржы мәселесін айтып отырмын/ тап болғанын айтып, "Ана тілі" апталығына дабыл қаққалы біраз айдың жүзі болды. Астана мен облыс, қала орталықтарындағы қаржылы коорпорациялар, "Бутя", "Әлемсистем", "Астана-холдинг", "Сеймар", т.б.тіріле бастаған /оған біз де қуанамыз/ бизнес орталықтарының басшылары неге ештеме демейді? Ал мемлекетіміздің басында Асанбаевтай "ағаларымыз" отырғанда бүгін-ертең "Қазақ тілі" майлы құйрықты сора құяды деуге аузым бармайды. Ал Ерекеңнің әзі қазақша сөйлемей-ақ қойсын /оны күту де әбестік болар/, ұлттық ар-намысымыздың желбіреген көк туындай қастерлі саналатын Халықаралық "Қазақ тілі" ұйымының вице - президентін қазақша сөйлетпеуін қалай түсінуге болады? Егер президенттің өзі, оның орынбасары мемлекеттік тілімізді мансұқ етіп, өздері бас болып қысым жасайтын болса, Конституциямызда жазылған мемлекеттік тіл туралы бап Заң емес, құр далбаса болғаны ма? Жоқ. Тіл бір ғана басшының /қандай ма ол лауазымды болса да /жеке меншігі емес. Ол-ұлт байлығы, ұрпақ аманаты, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Оны ендігі жерде ел болып қорғауымыз керек. Тілді лауазымды әкімдердің де , мәңгүрт мансапқорлардың да қолжаулығы ету жарамас. Шынында да, осы ана тіліміздің дамуына кең жол ашатын қуатты құжат бар ма? Менше, жоқ. Жалпақшешейліктен аса алмай жазылған "Тілдер туралы Заңымыз" анау, Конституциямыз мынау дегендей. Ең кішісі кәсіпорын, мекемелерде, аудармашылық қабылдау, қазақша курс мұғалімдеріне жалақы белгілеу туралы дені дұрыс шешім жоқ. Рас өткен жылдары Терещенко мырзаның көңіл қалмас, көйлек жыртпас, атүсті дерлік аудармашылар туралы Қаулысы бар, бірақ олардың штатқа кіруі туралы жалақыларының мөлшерін анықтайтын нақты құжат болмағандықтан мемлекеттік жүйедегі кәсіпорын басшыларының оны басшылыққа алып жатқаны некен-саяқ. Осыдан келіп, түрлі салалардағы сөздіктердің, есеп-қисап қызметкерлерінің тыңғылықты бланк үлгілерінің т.б.жоқтығы туындап отыр. "Балық басынан шіриді" дегенді халқымыз тегін айтпаған болар. Президент орынбасарының мына мінезін біздің вице-президентіміз Өмірзақ Айтбайұлының жария етуін қазақ жамағаты үшін үлкен жанашырлық дер едім. Ерекеңнің мына қарекетіне қатты таңғалып, "Басшыға жарыған екенбіз" деп, бас шайқағаннан арыға бара алмадық. 13.061994 ж.  

 

"Мені неге қазақша сөйлетпеді?" мақаласына орай

"Ең бірінші бақытым — Халқым менің,

... Ал екінші бақытым — Тілім менің,

... Бақытым бар үшінші — Отан деген,... "

М.Мақатаев

"Ана тілі" газетінің осы жылғы 21-санындағы "Мені неге қазақша сөйлетпеді?" мақаласын оқығанда, жағамызды ұстадық. Мемлекетіміздің 11 әкімінің қарабайыр қылығы біздерді қатты күйзелтті, әрі ашу - ызамызды туғызды.

Шынын айтсақ, қазақ тіліне көрсетіліп жатқан мемлекет қамқорлығы қазір мүшкіл халде. Дін мемлекетімізден бөлінген болса,ана тіліміздің жағдайы одан тәуір емес. Дін өлмес. Артымызда құжынаған мұсылман елдері, Сауд Арабиясы, Иран бар, қасиетті Мекке бар. Ана тіліміздің жағдайы дабыл қағарлықтай.

Мен өз қаламның мысалына жүгінейін. Жаңаөзенде мемлекеттік тілдің дамуы біздің басқа орысшыл қала Ақтауымызға қарағанда алқам шүкір. Мүмкін бұл қаламыздағы тұрғындардың көпшілігі қазақ ұлты тұратындықтан болар, бірақ негізгі себеп ол да емес. Бірақ ол "шүкірлік" қала әкімінің қолғабысы мен тікелей араласуынан деп түсінсеңіз, қателесесіз. Мен халықаралық "Қазақ тілі" қалалық ұйымына төраға болып сайланғаныма 3 жыл болған екен. Осы 3 жыл ішінде 3 әкім ауысты, жақында 4-әкім қызметті қабылдады. Жаңасының обалын көтермеймін, жаңадан іске кірісіп жатыр, ал бұрынғы үш әкімдердің алқалы топта: - Мемлекеттік тілді неге дамытпаймыз, неге іс қағаздарын өз тілімізде жүргізбейміз , - деп айтқан немесе өз коллегиясында осы тілдің дамуын мәселе етіп қойғанын кездестірмедік. /Мен там-тұмдап көмек беріп, өз сессиясында мемлекеттік тілдің мұқтажын әңгіме тақырыбы еткен бұрынғы Кеңес төрағасы Түсіпов Бисенге рахметімді айтудан жалықпаймын/.

Егер қазір осы 3 жыл ішінде таза орысша тәлім-тәрбиемен келген 14 балабақша қазақша оқу-тәрбиеге ауыстырылған болса, егер қазір қала кәсіпорын, мекемелерінің 70-75 пайыздайы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе бастаған болса, ана тіліміздегі салт-дәстүріміздің көріністері өз құлашын кең жая бастаған болса, ол Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы /Сол Ә.Қайдаров, О.Айтбайұлы, т.б./ ұйымдастырған жергілікті жерлердегі "Қазақ тілі" ұйымдарының, тіл жанашырларының, ұлтжанды басшылардың жанқиярлық еңбектерінің нәтижесі. Бұл қызмет қандай төрешілдік, мәңгүрттік кедергілермен аяусыз күрес арқылы іске асқанын айтып жатсақ, бұл мақала емес кішігірім кітапша болып кетер. Бұдан мемлекеттік тіл орыстарды шеттету арқылы іске асып жатыр деген ойдан аулақ болыңыз. Тіпті ұжымында 20-25 пайыз орысы бар кәсіпорын, мекемелерге шейін мемлекеттік тілді қазақ, орыс тілдерінде жүргізу туралы шығарған қаулыларымыз бар.

Біздің ойымызша, Конституциямыздың бірінші, екінші бабтарындағы "қазақ тілі-мемлекеттік тіл" деген сөздер ана тіліміздің көсегесін көтерте қояды деу-қате пікір. Тіліміздің басшы, қосшы жанашырлары ол баптарды үлкен шығармашылықпен, өз халқына деген сүйіспеншілікпен дамытуы тиіс.

Былайша айтқанда, "Тілдер туралы Заң" мен Ата Заңымыздың үрдісінен шыққымыз келсе, қазақ зиялылары Қазақ елін шын мәнінде тәуелсіз ел ретінде көргісі келсе, тіліміздің мұң-мұқтажына бей-жай қарамауы тиіс. "Қазақ тілі" ұйымдарының қазіргі кезде мүшкіл жағдайға /қаржы мәселесін айтып отырмын/ тап болғанын айтып, "Ана тілі" апталығына дабыл қаққалы біраз айдың жүзі болды. Астана мен облыс, қала орталықтарындағы қаржылы коорпорациялар, "Бутя", "Әлемсистем", "Астана-холдинг", "Сеймар", т.б.тіріле бастаған /оған біз де қуанамыз/ бизнес орталықтарының басшылары неге ештеме демейді?

Ал мемлекетіміздің басында Асанбаевтай "ағаларымыз" отырғанда бүгін-ертең "Қазақ тілі" майлы құйрықты сора құяды деуге аузым бармайды. Ал Ерекеңнің әзі қазақша сөйлемей-ақ қойсын /оны күту де әбестік болар/, ұлттық ар-намысымыздың желбіреген көк туындай қастерлі саналатын Халықаралық "Қазақ тілі" ұйымының вице - президентін қазақша сөйлетпеуін қалай түсінуге болады? Егер президенттің өзі, оның орынбасары мемлекеттік тілімізді мансұқ етіп, өздері бас болып қысым жасайтын болса, Конституциямызда жазылған мемлекеттік тіл туралы бап Заң емес, құр далбаса болғаны ма?

Жоқ. Тіл бір ғана басшының /қандай ма ол лауазымды болса да /жеке меншігі емес. Ол-ұлт байлығы, ұрпақ аманаты, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Оны ендігі жерде ел болып қорғауымыз керек. Тілді лауазымды әкімдердің де , мәңгүрт мансапқорлардың да қолжаулығы ету жарамас.

Шынында да, осы ана тіліміздің дамуына кең жол ашатын қуатты құжат бар ма? Менше, жоқ. Жалпақшешейліктен аса алмай жазылған "Тілдер туралы Заңымыз" анау, Конституциямыз мынау дегендей. Ең кішісі кәсіпорын, мекемелерде, аудармашылық қабылдау, қазақша курс мұғалімдеріне жалақы белгілеу туралы дені дұрыс шешім жоқ.

Рас өткен жылдары Терещенко мырзаның көңіл қалмас, көйлек жыртпас, атүсті дерлік аудармашылар туралы Қаулысы бар, бірақ олардың штатқа кіруі туралы жалақыларының мөлшерін анықтайтын нақты құжат болмағандықтан мемлекеттік жүйедегі кәсіпорын басшыларының оны басшылыққа алып жатқаны некен-саяқ. Осыдан келіп, түрлі салалардағы сөздіктердің, есеп-қисап қызметкерлерінің тыңғылықты бланк үлгілерінің т.б.жоқтығы туындап отыр.

"Балық басынан шіриді" дегенді халқымыз тегін айтпаған болар. Президент орынбасарының мына мінезін біздің вице-президентіміз Өмірзақ Айтбайұлының жария етуін қазақ жамағаты үшін үлкен жанашырлық дер едім. Ерекеңнің мына қарекетіне қатты таңғалып, "Басшыға жарыған екенбіз" деп, бас шайқағаннан арыға бара алмадық.

13.061994 ж.