Қандастар Ассамблея

Бақыттың ұшқын ойнап көздерінде

08.12.2012 2589
    Жаңаөзенде өткен балабақша аралық "Кішкене ару - 94" байқауынан алған әсеріміз. - Күні бүгінгі балғындар мен жастар тәрбиесіндегі ең маңызды нәрсе не? - деп сұраса, мен: -Ұлттық өнер арқылы өркениетке тәрбиелеу, - дер едім. Себебі өркениеттің мағынасының өзі - ұлттық әдет - ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді кемелдендіру арқылы басқа елдердің өнері мен мәдениетінің озық үлгілерін меңгеру. "Бұлақ көрсең, көзін аш" дегендей, жақында Жаңаөзен қаласында өткен "Кішкене ару -94" байқауы жоғарыдағы діттеген ойдан шыққандай. Залды кернеген әсем ұлттық саздың қостауымен сахна төріндегі баспалдақтан 11 бүлдіршін түсіп келеді. Саусақ ұштарымен демеген өздеріндей "сері" құрбыларының көмегімен олар сахна алдына тізіліп тұра қалды. Көздерінде бақыт ұшқыны ойнаған балғындарды көрермендер ду қол шапалақтап, қарсы алды. Байқауға 4-6 жастар аралығындағы "Мұнай-газ өндіру басқармасының" 15 балабақшасынан 11 шәкірт қатысты. Олар: Белшікеева Самал, Кұрмешова Жазира, Мендіқұлова Айсұлу, Допаева Регина, Әлиева Радха, Әбуғалиева Нұргүл, Ұлықпанова Аққу, Аманиязова Гүлзира, Стуаниева Әйгерім, Қалниязова Зибагүл, Қосеменова Қарлығаш. Сайыскерлер 6 түрлі сынақтан өтті. Олар: І.Таныстыру, 2. Білгенге маржан, З.Мен үлкен болғанда, 4.Спорт пен сұлулық, 5.Өнер сайысы, 6. Сымбат жүріс, әсем киім. Әрбір балабақша байқауға құпия дайындалған, яғни осы аталған жарыс мазмұнын түрлендіруге күш салған. Бізді риза еткені бүлдіршіндердің сахнаға шығу, кету мәдениетінің үйретілгені, шәкірттердің батылдығы мен еркін қимылдары, балғын зердеге дер кезінде құйылған өнер өркендері, балғындардың әні мен биі, спорт жаттығуларымен ширай, түлей түскендей. Жазираның "Аққу биі", Айсұлудың Түрік сазы жазылған фонограммасы. Бұл—үлкен еңбек. Қала балабақшаларындағы тәрбиешілердің жан - жақты білімді де өнерлі екеніне "Тіл мерекесіне" өткен жылы "Қазақ тілі" ұйымы ұйымдастырған балабақша қызметкерлерінің өнер сайысында да кезіміз жеткен еді. Онда: әннен басқа, би де, акробатика да, интермедия да, "Тамаша" нөмірлері де, күлкілі скетчтер де көрсетілген еді. Бұл жолы сол мамандардан тәлім алған балғындар өнеріне таңдай қақтық. Байқау соңында "Кішкене ару - 94" бас жүлдесін "Ақбөбек" балабақшасының бүлдіршіні Мендіқұлова Айсұлу жеңіп алып, басына "алтын" тәж кигізілді. Одан кейінгілер: "Сымбатты ару" атағы "Самал" балабақшасының түлегі Әлиева Радхаға берілді, "Тапқыр ару" - "Ақбұлақ" балабақшасының бүлдіршіні Допаева Регинаға /құмық қызы/, "Нәзік ару"- "Шынар" балабақшасындағы Әбуғалиева Нұргүлге, "Көрермендер көз айымы" жүлдесі "Құлыншақ" балабақшасындағы Ұлықпанова Аққуға телінді. Жеңімпаздарға қозы аю, күшік, т.б. жұмсақ ойыншықтар сыйланды. Ал байқауды өз өнерлерімен көтермелеген, бұдан бұрын неше рет додаға түсті, "тіс қаққан", Облыстық "Әнші балапан" байқауының жеңімпаздары мен лауреаттары Игібаева Айнұр, Құлшынбаева Нұргүл, Нұрқасова Шолпан, Демегенова Марал, Дариева Лауралар ән шырқап, билер билеп берді. Қаладағы әрбір өнер,спорт шаралары бұдан бұрын да азамат басшылардың қолдауынсыз етпейтін. Бұл жолы да солай болды. № 2, 3, технологиялық көліктер /Машқұлов, Базылов Бақтығали, Айтуов, Оразов, Үйлестіру /Серсенов/, Бұрғылау / Серікбаев, Беркешев/, - басқармаларынан, Тұрғын-үй коммуналдық кеңсесінен /Кешкінбаев, Сағынбаев/, "Ер Қосай" шағын кәсіпорнынан /Бабақұлов/ келген ағалары бүлдіршіндерге тарту-таралғылар үлестірді. Мынандай тар заманда ұрпақтарын жаутаңкөз етпей, маңдайларынан сыйпап, сыйлықтарын беріп жатқанда, шынымен риза болғанымызды жасырмаймыз. Бәрін айт та бірін айт дегендей, өзінен бұрын 13 балабақшаны ұлттық тәрбиеге аударған апасы Қашаубаева Маңдайлының /қазір Ақтаудағы педколледж мұғалімі / игі қызметін үлкен ізденіспен жалғастырып келе жатқан Мұнай-газ өндіру басқармасы балабақша нұсқаушысы Исаева Айсұлудың еңбегін ерекше атаймыз. Ол қызметті жоспарлап, оның жоғарғы деңгейде өтуін ұйымдастырды. Осы шараның мазмұнды, назды да сазды шығуына "Мұнайшы" мәдениет сарайының әдіскері Қиялбаева Раяның көп тер төккені көрініп тұр. Әрі сценарийін жазып, әрі басынан аяғына шейін дайындап, жүргізген Рая апасының бейнесі әр бүлдіршіннің есінде қалған болар. Қысқасы, байқау нәтижесінде өздері мақсат етіп қойған "Бүлдіршіндерді өнерге, тапқырлыққа, инабаттылыққа, спортқа, сұлулыққа баулу" бағдары орындалған сияқты. Сөз соңында айтарымыз: өнерлілердің өнегесі ұрпағымызға олжа бола бергей деп тілейік. 28.06.94.  

 

 

Жаңаөзенде өткен балабақша аралық "Кішкене ару - 94"

байқауынан алған әсеріміз.

- Күні бүгінгі балғындар мен жастар тәрбиесіндегі ең маңызды нәрсе не? - деп сұраса, мен:

-Ұлттық өнер арқылы өркениетке тәрбиелеу, - дер едім.

Себебі өркениеттің мағынасының өзі - ұлттық әдет - ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді кемелдендіру арқылы басқа елдердің өнері мен мәдениетінің озық үлгілерін меңгеру.

"Бұлақ көрсең, көзін аш" дегендей, жақында Жаңаөзен қаласында өткен "Кішкене ару -94" байқауы жоғарыдағы діттеген ойдан шыққандай.

Залды кернеген әсем ұлттық саздың қостауымен сахна төріндегі баспалдақтан 11 бүлдіршін түсіп келеді. Саусақ ұштарымен демеген өздеріндей "сері" құрбыларының көмегімен олар сахна алдына тізіліп тұра қалды. Көздерінде бақыт ұшқыны ойнаған балғындарды көрермендер ду қол шапалақтап, қарсы алды.

Байқауға 4-6 жастар аралығындағы "Мұнай-газ өндіру басқармасының" 15 балабақшасынан 11 шәкірт қатысты. Олар: Белшікеева Самал, Кұрмешова Жазира, Мендіқұлова Айсұлу, Допаева Регина, Әлиева Радха, Әбуғалиева Нұргүл, Ұлықпанова Аққу, Аманиязова Гүлзира, Стуаниева Әйгерім, Қалниязова Зибагүл, Қосеменова Қарлығаш. Сайыскерлер 6 түрлі сынақтан өтті. Олар: І.Таныстыру, 2. Білгенге маржан, З.Мен үлкен болғанда, 4.Спорт пен сұлулық, 5.Өнер сайысы, 6. Сымбат жүріс, әсем киім.

Әрбір балабақша байқауға құпия дайындалған, яғни осы аталған жарыс мазмұнын түрлендіруге күш салған. Бізді риза еткені бүлдіршіндердің сахнаға шығу, кету мәдениетінің үйретілгені, шәкірттердің батылдығы мен еркін қимылдары, балғын зердеге дер кезінде құйылған өнер өркендері, балғындардың әні мен биі, спорт жаттығуларымен ширай, түлей түскендей. Жазираның "Аққу биі", Айсұлудың Түрік сазы жазылған фонограммасы. Бұл—үлкен еңбек. Қала балабақшаларындағы тәрбиешілердің жан - жақты білімді де өнерлі екеніне "Тіл мерекесіне" өткен жылы "Қазақ тілі" ұйымы ұйымдастырған балабақша қызметкерлерінің өнер сайысында да кезіміз жеткен еді. Онда: әннен басқа, би де, акробатика да, интермедия да, "Тамаша" нөмірлері де, күлкілі скетчтер де көрсетілген еді. Бұл жолы сол мамандардан тәлім алған балғындар өнеріне таңдай қақтық. Байқау соңында "Кішкене ару - 94" бас жүлдесін "Ақбөбек" балабақшасының бүлдіршіні Мендіқұлова Айсұлу жеңіп алып, басына "алтын" тәж кигізілді. Одан кейінгілер:

"Сымбатты ару" атағы "Самал" балабақшасының түлегі Әлиева Радхаға берілді, "Тапқыр ару" - "Ақбұлақ" балабақшасының бүлдіршіні Допаева Регинаға /құмық қызы/, "Нәзік ару"- "Шынар" балабақшасындағы Әбуғалиева Нұргүлге, "Көрермендер көз айымы" жүлдесі "Құлыншақ" балабақшасындағы Ұлықпанова Аққуға телінді. Жеңімпаздарға қозы аю, күшік, т.б. жұмсақ ойыншықтар сыйланды. Ал байқауды өз өнерлерімен көтермелеген, бұдан бұрын неше рет додаға түсті, "тіс қаққан", Облыстық "Әнші балапан" байқауының жеңімпаздары мен лауреаттары Игібаева Айнұр, Құлшынбаева Нұргүл, Нұрқасова Шолпан, Демегенова Марал, Дариева Лауралар ән шырқап, билер билеп берді.

Қаладағы әрбір өнер,спорт шаралары бұдан бұрын да азамат басшылардың қолдауынсыз етпейтін. Бұл жолы да солай болды.

№ 2, 3, технологиялық көліктер /Машқұлов, Базылов Бақтығали, Айтуов, Оразов, Үйлестіру /Серсенов/, Бұрғылау / Серікбаев, Беркешев/, - басқармаларынан, Тұрғын-үй коммуналдық кеңсесінен /Кешкінбаев, Сағынбаев/, "Ер Қосай" шағын кәсіпорнынан /Бабақұлов/ келген ағалары бүлдіршіндерге тарту-таралғылар үлестірді. Мынандай тар заманда ұрпақтарын жаутаңкөз етпей, маңдайларынан сыйпап, сыйлықтарын беріп жатқанда, шынымен риза болғанымызды жасырмаймыз.

Бәрін айт та бірін айт дегендей, өзінен бұрын 13 балабақшаны ұлттық тәрбиеге аударған апасы Қашаубаева Маңдайлының /қазір Ақтаудағы педколледж мұғалімі / игі қызметін үлкен ізденіспен жалғастырып келе жатқан Мұнай-газ өндіру басқармасы балабақша нұсқаушысы Исаева Айсұлудың еңбегін ерекше атаймыз. Ол қызметті жоспарлап, оның жоғарғы деңгейде өтуін ұйымдастырды.

Осы шараның мазмұнды, назды да сазды шығуына "Мұнайшы" мәдениет сарайының әдіскері Қиялбаева Раяның көп тер төккені көрініп тұр. Әрі сценарийін жазып, әрі басынан аяғына шейін дайындап, жүргізген Рая апасының бейнесі әр бүлдіршіннің есінде қалған болар.

Қысқасы, байқау нәтижесінде өздері мақсат етіп қойған "Бүлдіршіндерді өнерге, тапқырлыққа, инабаттылыққа, спортқа, сұлулыққа баулу" бағдары орындалған сияқты.

Сөз соңында айтарымыз: өнерлілердің өнегесі ұрпағымызға олжа бола бергей деп тілейік.

28.06.94.