Қандастар Ассамблея

Адами қамқорлық жүдемесін... немесе Жаңаөзендегі кәсіпорын басшылары өз жұмысшыларының қам-қарекеті

08.12.2012 2802
  Еліміз егемендікке ие болып, өз алдына шаңырақ көтеріп, басқалармен терезесі теңелгелі әрқайсымыздың жүрегімізде шексіз қуаныш, азаматтық парасат орныға бастаған сияқты. Біз де күннен - күнге терең тарихы мен ескі мәдениеті әріден бастау алатын арлы да ақкөңіл, батыр да батагөй халық екенімізді дәлелдей түсудеміз. Бұндай арынды абыройымыздың қалтарысында отарлық кенжелік пен нарықтың күш ала алмауынан туындап жатқан орасан күдік пен қауіп білдірер қиыншылықтарымыз баршылық. Соның бірі, бірегейі - ұжым мүшелері арасындағы рухани бетімен кетушілік пен иесіздік. Өздеріңіз айтыңызшы, жүздеген кәсіпорын, мекемелердегі жұмысшыларды жалдаушылар тарапынан олардың 7 сағаттық күшін пайдаланып, жалақысын бергеннен басқа /оны да кезінде бере алса/, оларға қандай адами қамқорлықтар жасалып жатыр? Басқаша айтқанда: -Кәсіпорын қарамағындағы зейнеткер, мүгедек, жалғызілікті ана, көпбалалы отбасы, созылмалы аурулы жұмысшы, т.б. туралы нақты тізім жасалып, басшылар олардың мұқтаждықтарына жүйелі көмек беріп тұра ма? -Адам өгіз емес жұмысқа жегіліп жүре беретін. Олардың осы күйкілеу кездегі көңілдерін бір мезет басқаға, яғни кейде бір желпініп, киініп-таранып келіп, ән тыңдайтын, шаршағанша би билейтін, ата дәстүрі мен әдебиеті туралы дәріс тыңдайтын шаралар ұйымдастырып тұра ма? -Бес саусақ бірдей емес. Оның үстіне қазіргі өлара кезде әрбір жастың шалыс басқан аяғын түзеп отыратын үлкендер ұйымы бара ма? Әлде тиісті құжаттарын дайындап, оларды заң орындарына тапсырып құтыламыз ба? Немесе кешегі ішіп бүлдірген жас бүгін белгілі болып, оларды жаңағы үлкендер арасында ұялтып жатыр ма? Жоқ,күл болмаса", бүл бол деп, істен қуып, жұмыссыздар санын көбейтіп жатыр ма. Бұндай сансыз сұрақтарға "ия" деп еш басшы да жауап бермесіне сенімдемін. Көмек берер, мүмкін тоқсанына, жылына не үлкен мерекелерге бағыштап, онда да көңіл қалмас, көйлек жыртпас мөлшерде. Ал мәдени шаралар тек атаулы күндерде Наурыз, 8 наурыз мерекелері , т.б.күндері ғана өткізіледі . Ал демалыс күндері, жұмыстан кейін жыршы, күйші не дәріскер әкеліп, демалыс сағаттарын өткізейік дейтін "Қазақ тілі" ұйымы сияқтыларға арқаларын көрсетеді, азғантай тиын-тебенін қимайды. Осындай қызметтер болмаған соң, /үйде де балаңа "тәйт" демесе" сабасына түсе ме? / кәсіпорын басшылары: - Неге менің жұмысшыларым айықтырғышқа көп түседі, неге көше тәртібін бұзып, апаттарға тап болады, неге жас отбасыларымның ішінде айырылысу көп, неге олар ашушаң да дөрекі, зейнеткерлеріміз неге өкпелі, деп таңданбаулары тиіс. Менің қолымда тұрғындардың құқық бұзушылығы мен материалдық жағынан ең нашар қорғалғандары жайлы деректер бар. Мәселен, Жаңаөзен бойынша құқық бұзушылықтың барлық түрі 1992 жылмен салыстырғанда не бұрынғы көрсеткішін сақтаған, не өсе түскен.                                                                                             1992 1993 Адам өлтіру 4 10 Дене мүшесін қатты жарақаттау 13 20 Мемлекеттік мүлікті ұрлау 59 95 Автокөлікті айдап кету 6 13 Бұзақылық 59 67 Есірткі пайдалану 9 10 Айықтырғышқа түсу 92 149 Барлық түрінен 242 364   Сонымен тәртіп жайы былтырдан биыл жақсару орнына өршіп, 1993 жыл қорытындысында алдағы жылдан 122-сі өскен. Ал 1994 жылдың 1 тоқсанында қала көлемінде 154 түрлі құқық бұзушылық орын алып, оның 53-і айықтырғышқа түсу арқылы тіркелген. Әдетте біз тәртіп туралы сөз етсек, бірден милиция мен заң орындарына бас саламыз. Жоғарыдағы көрсеткіштер, әсіресе өткен жылғы арақ ішіп айықтырғышқа түскен 149 адам, биылғы 53 адам кәсіпорын ұжымындағы басшылардың ұйымдастырушылық қабілетін дәлелдеп тұрған жоқ па? Неге біз басшы ретіндегі талант-дарынын есептегенде, жоғарыдағы көрсеткіштерді есепке алмай, мұнай тоннасы мен құрылыс нәтижелерін ғана көреміз! Қазіргі дәуірде тұрғындар арасынан ақшасын күнделікті жейтін нанына жеткізе алмай отырғандардың баршылық екені жасырын емес. Менде қала бойынша айлық зейнетақысы 82 теңге мен 155 теңгенің арасындағы 68 адамның тізімі бар. Олар —11, 111 топтардағы мүгедектер мен» жасы жетіп зейнетке шыққандар.Олардың көбі "Өзен" АҚ-нан, "Тұрғын үй коммуналдық кеңсесінен", Жұмысшыларды азық-түлікпен жабдықтау бөлімі мен "Мұнай-газ өндіру басқармасынан" зейнетке шыққандар екен. Осы айына 80, 100 теңге алып отырған зейнеткерлер мен мүгедектеріне олардың жұмыстан қашан шыққанына қарамастан, оларды мереке күндерінде ғана азын-аулақ нәрсемен "алдамай", ай сайын материалдық, көмек берулері тиіс. Осы тізімде 17 зейнеткер басқа жақтан көшіп келген екен, яғни олардың жұмыс істеген ұжымы бұл жерде жоқ деген сөз. Олар қала әкімшілігінің қамқорлығында болуы тиіс, бюджеттен отбасын асырайтындай көмек алып тұруы керек деп есептейміз. Жоғарыдағы ойымызды жинақтай келе айтарымыз: қала бойынша тәртіп болсын, тарығушылар болмасын десек, осы қызметтермен айналысатын ұжымдар жанынан бастауыш ұйымдар құру қажет. Мүмкін бұл коммунистік өктемдік тәжірибелерін қайталар. Бірақ еліміз тойынып, демократиялық үрдістер күш алғанша, жұмысшылардың рухани, мәдени, материалдық қажеттерімен айналысатын ұйымдар керек екенін өмір дәлелдеп отыр. Ал қала әкімшілігіндегі ішкі саясат бөлімі мен жастар комитеті кәсіпорындар өміріне кірісіп, нақты, жанды істермен айналысулары тиіс. Біздің ойымызша, әрбір қызмет нәтижесі кәсіпорындар ұжымындағы қам-қарекет нәтижелерімен бағаланғаны абзал. Тағы бір айтарымыз: коммунистік империя кезінде айырылып қалған құндылығымыздың бірі-дініміз. Ұрпағымыздың толыққанды өсіп - жетіліп, кетілмес қуаты мен сындарлы сенімі болуы үшін, оларды адамгершілік негізі имандылыққа тәрбиелеу міндетіміз. Құқық бұзушылық пен түрлі қылмыстарға барушылықтың, жалпы біздің рухани азғындауымыздың негізінде осы мұсылмандығымыздан ада болғандығымыз жатқан жоқ па екен? Олай болса әр мекеме, ұйымдарда қадірменді қарттарымыз бен имам, қариялармен,- жаңадан діни білім алып келіп жатқан жастармен кездесулер өткізуді де жоспарлау қажет. Жаңаөзенде мешіт құрылысының іргетасы қаланғанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Нарық қиындығына желеу етіп, әлі сөзбұйдаға салудамыз. Әкімшіліктің осы мәселені жақын арада шешкені абзал. Жаңадан сайланған қала мәслихатына да осы тілегімізді айтар едік. Осы орайда "Қазақ тілі" қалалық ұйымының жасап жатқан игі қызметін айтпай кетуге болмас. Ұйым басқармасы еткен жылы қала кәсіпорындарымен келісе отырып, Шымкент араб тілі институтына 7 бала жіберген еді. Жақында олар каникулға келіп, қала мектептерінде араб тілі, намаз оқу сабақтарын өткізді. Басқарманың имандылық қызметін бұдан әрі де қолдап отыру ойларыңда бар. Жалпы "Қазақ тілі" ұйымы жұмысшылар арасында дәрістер оқып, концерттер қойып, "Қазақ тілі" сауат ашу курстарын, ағылшын тілі, институтқа түсушілерді дайындау курстарын да жүргізуге мүмкіндігі бар. Бірақ бұндай аз-мұз ақымен істелетін қызметті басшылар жаратпайды. Өткен жылы қала бойынша үш кәсіпорынға ғана /Шегендеу басқармасы.Өтебаев А.,"Шапағат" АҚ-Қанатбаев Б., Қосалқы өндірістік комбинаты - Күнтуаров С./ осындай қызмет көрсетілді: Олар жұмыстан кейін жыршының толғауларын тыңдап, әдебиет пен тарихымыз туралы дәріске құлақ қойды. Бірақ бұл мәселені қозғағандағы айтайын дегеніміз: адами рухани дүниелерді ұжым басшыларының өздерінің өз ішінде ұйымдастыруы туралы еді. Етегіміз жабылып, демократиямыз әлденген жылдар өтер. Бірақ сол кезге шейін өзіңнің арық-тұрағыңды қамқорлыққа алып, телі - тентегіңді тезге салмасаң, өз ішіндегі жанар таудай бұғып жатқан өнерпаздарды оята алмаса", жабырқағаныңды жұбата білмесең, білгір басшы болмағаның, мәңгүрттікке жол бергенің. Міне негізгі қауіп қайдан? - деген сауалға мен: Рухани құлдыраудан, - деп жауап берер едім. 10.04. 1994 ж.    

 

Еліміз егемендікке ие болып, өз алдына шаңырақ көтеріп, басқалармен терезесі теңелгелі әрқайсымыздың жүрегімізде шексіз қуаныш, азаматтық парасат орныға бастаған сияқты. Біз де күннен - күнге терең тарихы мен ескі мәдениеті әріден бастау алатын арлы да ақкөңіл, батыр да батагөй халық екенімізді дәлелдей түсудеміз. Бұндай арынды абыройымыздың қалтарысында отарлық кенжелік пен нарықтың күш ала алмауынан туындап жатқан орасан күдік пен қауіп білдірер қиыншылықтарымыз баршылық.

Соның бірі, бірегейі - ұжым мүшелері арасындағы рухани бетімен кетушілік пен иесіздік. Өздеріңіз айтыңызшы, жүздеген кәсіпорын, мекемелердегі жұмысшыларды жалдаушылар тарапынан олардың 7 сағаттық күшін пайдаланып, жалақысын бергеннен басқа /оны да кезінде бере алса/, оларға қандай адами қамқорлықтар жасалып жатыр? Басқаша айтқанда:

-Кәсіпорын қарамағындағы зейнеткер, мүгедек, жалғызілікті ана, көпбалалы отбасы, созылмалы аурулы жұмысшы, т.б. туралы нақты тізім жасалып, басшылар олардың мұқтаждықтарына жүйелі көмек беріп тұра ма?

-Адам өгіз емес жұмысқа жегіліп жүре беретін. Олардың осы күйкілеу кездегі көңілдерін бір мезет басқаға, яғни кейде бір желпініп, киініп-таранып келіп, ән тыңдайтын, шаршағанша би билейтін, ата дәстүрі мен әдебиеті туралы дәріс тыңдайтын шаралар ұйымдастырып тұра ма?

-Бес саусақ бірдей емес. Оның үстіне қазіргі өлара кезде әрбір жастың шалыс басқан аяғын түзеп отыратын үлкендер ұйымы бара ма?

Әлде тиісті құжаттарын дайындап, оларды заң орындарына тапсырып құтыламыз ба? Немесе кешегі ішіп бүлдірген жас бүгін белгілі болып, оларды жаңағы үлкендер арасында ұялтып жатыр ма? Жоқ,күл болмаса", бүл бол деп, істен қуып, жұмыссыздар санын көбейтіп жатыр ма. Бұндай сансыз сұрақтарға "ия" деп еш басшы да жауап бермесіне сенімдемін. Көмек берер, мүмкін тоқсанына, жылына не үлкен мерекелерге бағыштап, онда да көңіл қалмас, көйлек жыртпас мөлшерде. Ал мәдени шаралар тек атаулы күндерде Наурыз, 8 наурыз мерекелері , т.б.күндері ғана өткізіледі . Ал демалыс күндері, жұмыстан кейін жыршы, күйші не дәріскер әкеліп, демалыс сағаттарын өткізейік дейтін "Қазақ тілі" ұйымы сияқтыларға арқаларын көрсетеді, азғантай тиын-тебенін қимайды. Осындай қызметтер болмаған соң, /үйде де балаңа "тәйт" демесе" сабасына түсе ме? / кәсіпорын басшылары:

- Неге менің жұмысшыларым айықтырғышқа көп түседі, неге көше тәртібін бұзып, апаттарға тап болады, неге жас отбасыларымның ішінде айырылысу көп, неге олар ашушаң да дөрекі, зейнеткерлеріміз неге өкпелі, деп таңданбаулары тиіс. Менің қолымда тұрғындардың құқық бұзушылығы мен материалдық жағынан ең нашар қорғалғандары жайлы деректер бар.

Мәселен, Жаңаөзен бойынша құқық бұзушылықтың барлық түрі 1992 жылмен салыстырғанда не бұрынғы көрсеткішін сақтаған, не өсе түскен.

                                                                             

           

 

1992

1993

Адам өлтіру

4

10

Дене мүшесін қатты жарақаттау

13

20

Мемлекеттік мүлікті ұрлау

59

95

Автокөлікті айдап кету

6

13

Бұзақылық

59

67

Есірткі пайдалану

9

10

Айықтырғышқа түсу

92

149

Барлық түрінен

242

364

 

Сонымен тәртіп жайы былтырдан биыл жақсару орнына өршіп, 1993 жыл қорытындысында алдағы жылдан 122-сі өскен.

Ал 1994 жылдың 1 тоқсанында қала көлемінде 154 түрлі құқық бұзушылық орын алып, оның 53-і айықтырғышқа түсу арқылы тіркелген.

Әдетте біз тәртіп туралы сөз етсек, бірден милиция мен заң орындарына бас саламыз. Жоғарыдағы көрсеткіштер, әсіресе өткен жылғы арақ ішіп айықтырғышқа түскен 149 адам, биылғы 53 адам кәсіпорын ұжымындағы басшылардың ұйымдастырушылық қабілетін дәлелдеп тұрған жоқ па? Неге біз басшы ретіндегі талант-дарынын есептегенде, жоғарыдағы көрсеткіштерді есепке алмай, мұнай тоннасы мен құрылыс нәтижелерін ғана көреміз!

Қазіргі дәуірде тұрғындар арасынан ақшасын күнделікті жейтін нанына жеткізе алмай отырғандардың баршылық екені жасырын емес. Менде қала бойынша айлық зейнетақысы 82 теңге мен 155 теңгенің арасындағы 68 адамның тізімі бар. Олар —11, 111 топтардағы мүгедектер мен» жасы жетіп зейнетке шыққандар.Олардың көбі "Өзен" АҚ-нан, "Тұрғын үй коммуналдық кеңсесінен", Жұмысшыларды азық-түлікпен жабдықтау бөлімі мен "Мұнай-газ өндіру басқармасынан" зейнетке шыққандар екен. Осы айына 80, 100 теңге алып отырған зейнеткерлер мен мүгедектеріне олардың жұмыстан қашан шыққанына қарамастан, оларды мереке күндерінде ғана азын-аулақ нәрсемен "алдамай", ай сайын материалдық, көмек берулері тиіс.

Осы тізімде 17 зейнеткер басқа жақтан көшіп келген екен, яғни олардың жұмыс істеген ұжымы бұл жерде жоқ деген сөз.

Олар қала әкімшілігінің қамқорлығында болуы тиіс, бюджеттен отбасын асырайтындай көмек алып тұруы керек деп есептейміз.

Жоғарыдағы ойымызды жинақтай келе айтарымыз: қала бойынша тәртіп болсын, тарығушылар болмасын десек, осы қызметтермен айналысатын ұжымдар жанынан бастауыш ұйымдар құру қажет. Мүмкін бұл коммунистік өктемдік тәжірибелерін қайталар. Бірақ еліміз тойынып, демократиялық үрдістер күш алғанша, жұмысшылардың рухани, мәдени, материалдық қажеттерімен айналысатын ұйымдар керек екенін өмір дәлелдеп отыр. Ал қала әкімшілігіндегі ішкі саясат бөлімі мен жастар комитеті кәсіпорындар өміріне кірісіп, нақты, жанды істермен айналысулары тиіс. Біздің ойымызша, әрбір қызмет нәтижесі кәсіпорындар ұжымындағы қам-қарекет нәтижелерімен бағаланғаны абзал. Тағы бір айтарымыз: коммунистік империя кезінде айырылып қалған құндылығымыздың бірі-дініміз. Ұрпағымыздың толыққанды өсіп - жетіліп, кетілмес қуаты мен сындарлы сенімі болуы үшін, оларды адамгершілік негізі имандылыққа тәрбиелеу міндетіміз. Құқық бұзушылық пен түрлі қылмыстарға барушылықтың, жалпы біздің рухани азғындауымыздың негізінде осы мұсылмандығымыздан ада болғандығымыз жатқан жоқ па екен? Олай болса әр мекеме, ұйымдарда қадірменді қарттарымыз бен имам, қариялармен,- жаңадан діни білім алып келіп жатқан жастармен кездесулер өткізуді де жоспарлау қажет. Жаңаөзенде мешіт құрылысының іргетасы қаланғанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Нарық қиындығына желеу етіп, әлі сөзбұйдаға салудамыз.

Әкімшіліктің осы мәселені жақын арада шешкені абзал. Жаңадан сайланған қала мәслихатына да осы тілегімізді айтар едік. Осы орайда "Қазақ тілі" қалалық ұйымының жасап жатқан игі қызметін айтпай кетуге болмас. Ұйым басқармасы еткен жылы қала кәсіпорындарымен келісе отырып, Шымкент араб тілі институтына 7 бала жіберген еді. Жақында олар каникулға келіп, қала мектептерінде араб тілі, намаз оқу сабақтарын өткізді.

Басқарманың имандылық қызметін бұдан әрі де қолдап отыру ойларыңда бар. Жалпы "Қазақ тілі" ұйымы жұмысшылар арасында дәрістер оқып, концерттер қойып, "Қазақ тілі" сауат ашу курстарын, ағылшын тілі, институтқа түсушілерді дайындау курстарын да жүргізуге мүмкіндігі бар. Бірақ бұндай аз-мұз ақымен істелетін қызметті басшылар жаратпайды. Өткен жылы қала бойынша үш кәсіпорынға ғана /Шегендеу басқармасы.Өтебаев А.,"Шапағат" АҚ-Қанатбаев Б., Қосалқы өндірістік комбинаты - Күнтуаров С./ осындай қызмет көрсетілді: Олар жұмыстан кейін жыршының толғауларын тыңдап, әдебиет пен тарихымыз туралы дәріске құлақ қойды.

Бірақ бұл мәселені қозғағандағы айтайын дегеніміз: адами рухани дүниелерді ұжым басшыларының өздерінің өз ішінде ұйымдастыруы туралы еді. Етегіміз жабылып, демократиямыз әлденген жылдар өтер. Бірақ сол кезге шейін өзіңнің арық-тұрағыңды қамқорлыққа алып, телі - тентегіңді тезге салмасаң, өз ішіндегі жанар таудай бұғып жатқан өнерпаздарды оята алмаса", жабырқағаныңды жұбата білмесең, білгір басшы болмағаның, мәңгүрттікке жол бергенің.

Міне негізгі қауіп қайдан? - деген сауалға мен: Рухани құлдыраудан, - деп жауап берер едім.

10.04. 1994 ж.

 

 

Ұқсас материалдар