Қандастар Ассамблея

Киікотын көксеу

08.12.2012 9176
                                                                        Киікотын көксеу                                         Жазушы Мархабат Байғұттың бір әңгімесінен туған толғау Тәңіртаудың «Талас Алатауы» деп картаға жазылып кеткен батыс жағы әйгілі Ақсу-Жабағылымен жалғасып, Өгем тауы, Шымған курорты болып барып, Ташкентке орын қалдырайын дегендей, шұғыл түстікке бұрылып, Алай тауына ұласып, Памирге сүйенеді. Ғылым тілінде «флора» деп аталатын өсімдік әлемінің жұмақпейіші, міне, осы аймақта. Басқа жерлерде тұқымы үзіліп кеткен, яки сиреп қалған, құрып кетуге бет алған неше алуан өсімдіктердің не өзі, не сұлбасы осы аталған өлкеде. Оның ішінде Ақсу-Жабағылыда. Оның ішінде Түлкібас өңірінде. Сол сирек өсімдіктердің бірі, а бәлкім, бірегейі — киікоты деп аталады. Оны кейбіреулер, әсіресе «жаңа қазақтар» түсінбейді. От деген сөздің мәнін біржақты ұғады. Ол үшін лаулап жанып тұрса — сол от. Ал мал қоректенетін өсімдікті де от дейді қазақ. Сірә, от — өсімдіктің бәрі емес. Нәрлісі, шипалысы, оттай қуаттысы, оттай қасиеттісі. Оны тау киігі жейді. Сондықтан да киік еті дәрі. Сондықтан да адамдар киік етіне өте құмар. Сондықтан да киік азайып кетті. Ерекше қамқорлыққа алмаса, немесе Құдай адамдарға әлдеқалай нысап бермесе, сол киік жер бетінен мүлдем жойылып та кететін шығар. Енді киікоты да азайды. Жазушы Мархабат Байғұттың жазғанындай: «Киікоты сиреп, төменнен үркіп, тауға шығып кетіпті». Төменнен, яғни адамдардан үркіп, тау басына еріксіз шығып кеткен аң да, күс та бар. Мысалы, біздің республикамыздың символы болып жарияланған Теңбіл Барыс. Арқарлар мен таутеке, тауешкілер. Киігіміз сол. Құстан: ұлар, кекілік... Енді жан-жануарларды қойып, өсімдік те тауға қарай қашатын болыпты. Киікотының шипалы қасиетін біліп алған келімсектер оны баудай түсіріп, отап жатыр екен. Бүл катастрофа! Былай қарасаң, асып-тасып бара жатқан дәнеңе жоқ. Бәлкім, селсоқ «әуесқой» оқырман оны сыдыртып өте шығар да. Бас-аяғы жинақы, қысқа ғана әңгіме. (Мархабат Байғұт. «Қорғансыз жүрек» кітабы. «Киікоты» әңгімесі. 29-45 б.б.) Бірақ байқаған, зерделеген кісіге мәселе табылады. Бұл жазушыда жаратушы өзі бұйыртқан уыз тіл бар. Біздің ауылда бір ақсақал биесі құлындаған соң бір айға дейін әлгі биені байламай, қымыз аңсағандардың «бол - болыңа» қарамай, құлынымен бірге өріске жібереді. «Оның не?»—десең: «Құлынға обал. Уызына жарымаған құлын жаман-жәутік, жабағы болып қалады», — дейді. Қазір жазушымын деп шіренгендердің көбінің тілінде уыз кемшін. Уызға жарымай, Көкбазардан көк шалап ішкендер. Бүл жазушыда Құдай өзі берген көз бар. Көз, әрине бар. Ол кімде жоқ, адамдардың бәрінде дерлік бар. Шын жазушының көзі көкірегінде. Ол маңдайға біткен екі көзден басқа – а - а. Жазушы сонысымен суреткер. «Ай жарығы Күннің қызғылт нұрынан қалған сарқытты сімірер кез» («Киікоты»). . Күннің батқан сәтін талайымыз суреттеп көрдік. Біріміздікі сәтті, біріміздікі сәтсіз дегендей. Ал мына сурет тосын. Сәл кідіріп, зерделесең, сол сурет көз алдыңа келеді. Отырып туған Айдың күн батқанда аспаннан бозарып, өңі қуқылданып, мұңайып көрінетіні болады. Ауырып қалған сияқты. Шексіз кеңістікте жүзсе де қапас - қамақта қалған сияқты. Дәруге зәру сияқты. Күннің нұры Айға да шипа. Сонда сол күннің сәулесіне жерік болған Ай кешқұрым соңғы қызғылт шапақтың сарқытын ашқарақтана сімірмей қайтсін? Айдың Күнге ынтызарлығы. Мұны ұлы ақын Гейне баяғыда ғажайып лирикалық - философиялық өлеңінде жазып кеткен. Күн мен Ай бір-біріне шексіз ғашық. Сансыз жұлдыздар сол екеуінің теңдессіз махаббатымен жаратылған. Аспан әлемінде де бұлардың бақытын күндеп, көре алмайтын қызғаншақтар бар. Солар Ай мен Күннің арасына өсек өртін тастап, ажыратып жіберген. Содан бері Ай Күнді соңынан қуады да отырады. Күн жеткізбейді. Ай: «Токта!» — деп жалынады. Күн тоқтамайды. Өсектің өрті жама – а - ан. Ал Мархабат Байғұт болса Айға Күн сәулесінің сарқытының өзін тәбәрік етіп қойған. Сәулелі сурет. Ормантай деген жігіт ағасы бір кезде қаладан алыс жатқан ауылда туып - өскен. Туған ауылы таудың бір түкпірінде бұйығып қана жататын. Өйткені ауыл айналасында киікоты қаптап өсер еді. Киікотының ғажайып жұпар иісіне сол ауыл рақаттанып, масаң ғұмыр кешетін сияқты еді. Ормантайдың әкесі кезінде осы ауылдың бастығы болды. Колхоздың жоқ-жітік, кем-кетігіне жәрдемдесіп, малға азық - шөбіне дейін түсіріп беруші еді-ау. Сондай жандардың бірі Ормантайдың жан жолдасы, сыныптасы Қасымбек деген бала еді... Ормантайдың әкесі қызметі жоғарылап, ауданның орталығына көшті. Ормантай сол орталықта өсті. Бірақ оны кейін облыс орталығына қызметке шақырып, орталықтан үй береміз деп, уәдені үйіп - төгіп, жанын қоймады. Уәде беру оңай, орындау қиын. Жылдар бойы пәтер жалдап, жаны қиналған Ормантай ақыры ауру тапты. Ауру адам көбінесе масыл болады. Оны кім ұнатады. Құдай қосқан қатынына дейін ұрысқақ, тырысқақ болып кетті. ұрысып, ұрысып, уыс-уыс дәрі береді. Ал Ормантай уыс-уыс дәріден гөрі біздің таудың бір тал киікоты болар ма еді деп армандайды. Тәңіртаудың бір қуысында бұйығып жатқан ауданына бара алмайды. Әйтеуір, қу тіршілік. Әне-міне деп айлар, жылдар өтіп жатыр. Жете алмайды. Дәл Мұқағали айтқандай: өз еркімен өзін - өзі қаланың тас қамалына қамап қойған қу маңдай. Әсіресе кенже ұлы Қисадан ұят болды. Сені ауылға алып барамын. О, ауыл қандай! Шіркін, қызықтың бәрі сонда. Адамдар қандай! — деп жас баланы қызықтырып, ынтықтырып қойып, бірақ Құдайдың құдіреті, қу тіршіліктің күйбеңінен шыға алмайды. Ауылға, жан жолдасы, титтейден өскен сыныптасы Қасымбекке хат жазды. Бір уыс киікоты болса беріп жібер деп. Ақыры, сол арманына да жетті - ау. Қасымбек, обалы не керек, аңсаған шөбін алып келді. Содан бойы жеңілдеп, ауруынан айыққандай болды. Осы шап-шағын әңгімеде Мархабат мырза мына заманның кейіпсіздеу келбетін әр қырынан инемен шанышқандай шабақтап, істіктің бетін қайтармақ. Жазушы әу баста өз алдына ондай мақсат қоймаған да шығар. Бірақ киелі қалам ез иесін ақылды, заты бөлек, текті жылқы сияқты ауылға адастырмай өзі алып келетіні болады. Сонымен жадырап жаз шықты. Ормантай кенже ұлы Қисаны ілестіріп, дорбаларын арқалап, ақыры ауылға тартты - ау. Әрең жетті. Ауылдың шетіне кіре бергенде алдарынан ақ «Нива» мінген баяғы Қасымбек жолыға кетті. Асығыс екен, ауданға шұғыл шаруамен шыққан екен. Өткен жолы бір уыс киікоты шөбін әкеліп берген де өзі болатын: «Ауылға неге келмейсіңдер? Келсеңдер көкіректеріңнен кім итереді сендерді! — деп күңкілдеген. — Ешкім итермейді сендерді көкіректеріңнен!» Сөйткен Қасымбекті қара басты. Тым болмаса: «Үйім анау, бара беріңдер, мен кайтып келем», — де демеді. Содан Ормантай Қисаны жетектеп, бір үйдің алдына жақындай бергенде үйден бір жаулығы кір-кір, шашы қобыраған сары кемпір шығып: — Кім керек? — дейді. — Апа, мен Ормантаймын ғой, — дейді жолаушы. Кемпір Ормантай дегенді білмейді. Осы ауылға демалыс сайын келіп, таза ауасын жұтып, таза суын ішіп, киікоты дейтін шөбін жұлып, аунап - қунап қайтатын қаланың коп қуларының бірі екен деп қалды. Ормантайды танымады. Ормантайдың марқұм әкесі емес пе еді бір кезде осы ауылды басқарған. Сол емес пе еді мына кемпірге де арпа-бидай, шоп түсіріп берген. Ормантай сасып қалды. «Оу, мен бәленшенің баласымын ғой», — деп айтуға да жарамады. Оның қасында кішкентай Қиса ақылды екен, былай шыға бере: «Айтпайсың ба кім екеніңді, фамилияңды», — деп әкесін күстаналады - ау. Сөйтіп, өзі туған ауылынан ат басын тірер, бас сұғар үй таппай, ауыл сыртына барып, тобылғы түбін паналады. Адамдардың үйлерінен гөрі тобылғы түбі көп рақымды. Тобылғы түбін торғай да паналайды. Тобылғының қадірін торғай біледі. Ал адамдар тобылғыны да тоздырып барады. Демалыс сайын машинасы барлар қаладан қаптап келіп, қазір баяғыдай қамшы ұстамаса да қамшы сап деп сындырып кетеді. Сонымен, Ормантай мен Қиса елге келіп, далада қалды. Елім деп, туған жерін қанша зарығып, сағынып еді. Ой, оңбағыр Қасымбек... «Е, келіндер, көкіректеріңнен ешкім итере қоймас», — деп, осы бір жаттанды жалғыз ауыз сөзін қайталай берген. Ендігісі мынау. Бұл не? Бұл нышан. Қайран дархан көңілдің қазынасы — қазақ ауылы! Сен де баяғы Абылайдың түсіндегідей бақа - шаяндап, құрт - құмырсқалап бара жатырсың - ау. Қазақтың қақырамас үштаған ошағы, қара қазаны, қара шаңырағы, құт - берекесі, түпқазығы, ағаш бесігі осы ауыл емес пе еді? Не боп кеткенсің, есіл ауыл?! Өзіңнен туған жас бала сақалы шығып жат болғаны ма. Танымай қалғаның қалай? Ауылды мұндай халге жеткізген қандай зұлмат? Қазіргі ауыл туралы, оның зары мен жыры туралы құлаш-құлаш мақала жазып, мінбелерден ауызымыз көпіргенше ұзақ-ұзақ соз сөйлеп жатырмыз. Ешкім шыбын шаққан құрлы көрмейді. Министрлер бас шұлғып қойып отыра береді. Сынаған сайын өсе береді. Ал мынау... Кішкентай әңгіме. Әлгі толып жатқан мақалалардан, сөздерден тері осы әлдеқайда әсерлі. Әттең, мұны министрлер оқымайды. Оқыса — ойланар ма еді. Көркем әдебиеттің құдіреті сонда. Ойланар еді, оқымайды. Әрі десе таралым жоқ. Жетпейді. Ал енді әкесінің ауыл туралы әңгімелерінен әсерленіп, ауылды қиялында ертегілер еліндей елестетіп, бір көруге асыққан Қисаға не бетімізді айттық? Өлімнен ұят күшті. Ұят болды-ау! Иә, егер ұят қалса... Адамның айуаннан ең басты айырмашылығы ұятында еді. Ұяттан айырылған соң, адамда айуаннан айырмашылық не қалды? Не қалды? Қазан-қазан ет асылып, ит басына іркіт төгіліп жатады деген ауылдан Қисаның қарыны ашып кайтты. Ауыл бір шәйнек шәй беруге жарамады. Бұған әкесі қысылды. Өйткені ауылды ең бір таза періште, ең мейірімді, бауырмал деп, өмір бойы Қисаның құлағына құйып келген өзі ғой. Жол - жөнекей жұпыны ғана көпшілік асханаға кіріп, екеуі тамақ ішті. Сорпаның ішінде аздаған сүйек-саяғы бар екен. Қиса оны қасқырша жұлмалап жегені - ай. Аумаған қасқыр. Мұнда тұрған не бар? Баланың аты бала ғой, қарыны әбден ашқан да. Мұнда тұрғаны сол, өткен Жаңа жыл қарсанында мектептегі мұғалім апай жаңа жылдық елкада балалардың ойынын көрсетіп, бір көңілді кеш өткізбекші болды. Қисаға қасқырдың ролін берді. Қиса қасқыр болғысы келмеді - ақ. Оған тіпті де бейімі жоқ. Өйткені мұнда түк қасқыр мінез жоқ. Жұп-жуас. Оған қойдың рөлін берсе болар еді... Бұл арада педагогиканың, дәлірек айтқанда педагогтың ағаттығы аңғарылады. Қисаға қасқыр рөлі ыңғайлы емес екен дегендерге: «Е, ол тым момын, оны шындап, шынықтыру керек», — дейді педагог апай. Яғни момыннан қасқыр тәрбиелеу керек. Ал аржағы не болады, қандай нәтиже береді, — онымен шаруасы жоқ. Ал енді, міне, мына таудың бір түкпіріндегі ауылдан қайтып келе жатып, Қиса кенет қасқырға айналды да кетті. Мұғалім апайдың мақсаты орындалайын деді. Дәл осы жерде біраз ойланып көрелік. Қазіргі ауылда (әрине, әсіресе қалада) адам қасқырлары көбейді. Бұрын біреудің тауығы жоғалыпты дегенді естімеген ауылда енді күнде жоңғар шапқыншылығы болады да жатады. Малды құйрығынан ұстап отырсаң да ұрлап кетеді. Сондай сұмдық шықты. Ол ұрлықты істеуге мәжбүр болған қарыны ашқан Қисалар!!! Ормантайдың Қисасы, Құдай сақтасын, ұры емес. Одан пәк, одан адал бала жоқ. Ал бірақ, мына бүгінгідей қарны аша - а - а берсе, аша – а - а берсе, сөз жоқ, қасқырға айналады. Бүл әңгімеде автордың мұндай әлеуметтік астарлы ой айтайын деген ниеті де жоқ шығар. Бірақ көркемдік құдіреті, логика бойынша, амалсыз осындай түйінге әкеліп тірейді. Автор дәл осы асханадағы ашқарақ көріністі әжуаға, ойнақы бір болмашы оқиғаға балағысы келеді. Бірақ бұл маска. Масканы алып тастасаң, аржағынан азынаған азап дүниесін танисың. Әрине, зерделеп тани білесің. Әйтпесе, елеусіз, алаңсыз сырғытып өте шығуыңда мүмкін. Сонымен, не керек, адамдардың. ашқарақтығынан аң - құс тауға қарай қашты. Оларды қойып, өсімдік екеш өсімдік те таулардың шындарында ғана қалмақ. Ал халық ше? Ауыл халқы қалаға қашып жатыр. Ауылға қамқорлық жасауға тиісті көсемдер ауылды қолдан қиратты. — Бізге мал өсіру зиян! — деді бір көсем. — Иә, мүлдем тиімді емес! — деді бір көсем. — Мал өнімдерін: сүтті, майды, етті шетелден сатып алған тиімді! — деді бір көсем. Сондай желеумен миллиондаған мал басы ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетті. Әсіресе ірі көсемдер, орташа Сонымен, Ормантай мен Қиса елге келіп, далада қалды. Елім деп, туған жерін қанша зарығып, сағынып еді. Ой, оңбағыр Қасымбек... «Е, келіндер, көкіректеріңнен ешкім итере қоймас», — деп, осы бір жаттанды жалғыз ауыз сөзін қайталай берген. Ендігісі мынау. Бұл не? Бұл нышан. Қайран дархан көңілдің қазынасы — казак ауылы! Сен де баяғы Абылайдың түсіндегідей бақа - шаяндап, құрт - құмырсқалап бара жатырсың - ау. Қазақтың қақырамас ұштаған ошағы, қара қазаны, қара шаңырағы, құт - берекесі, түпқазығы, ағаш бесігі осы ауыл емес пе еді? Не боп кеткенсің, есіл ауыл?! Өзіңнен туған жас бала сақалы шығып жат болғаны ма. Танымай қалғаның қалай? Ауылды мұндай халге жеткізген қандай зұлмат? Казіргі ауыл туралы, оның зары мен жыры туралы құлаш-құлаш мақала жазып, мінбелерден ауызымыз көпіргенше ұзақ-ұзақ соз сөйлеп жатырмыз. Ешкім шыбын шаққан құрлы көрмейді. Министрлер бас шұлғып қойып отыра береді. Сынаған сайын өсе береді. Ал мынау... Кішкентай әңгіме. Әлгі толып жатқан мақалалардан, сөздерден төрі осы әлдеқайда әсерлі. Әттең, мұны министрлер оқымайды. Оқыса — ойланар ма еді. Көркем әдебиеттің құдіреті сонда. Ойланар еді, оқымайды. Әрі десе таралым жоқ. Жетпейді. Ал енді әкесінің ауыл туралы әңгімелерінен әсерленіп, ауылды қиялында ертегілер еліңдей елестетіп, бір көруге асыққан Қисаға не бетімізді айттық? Өлімнен ұят күшті. Ұят болды-ау! Иә, егер ұят қалса... Адамның айуаннан ең басты айырмашылығы ұятында еді. Ұяттан айырылған соң, адамда айуаннан айырмашылық не қалды? Не қалды? Қазан-қазан ет асылып, ит басына іркіт төгіліп жатады деген ауылдан Қисаның қарыны ашып кайтты. Ауыл бір шәйнек шәй беруге жарамады. Бұған әкесі қысылды. Өйткені ауылды ең бір таза періште, ең мейірімді, бауырмал деп, өмір бойы Қисаның құлағына құйып келген өзі ғой. Жол-жөнекей жұпыны ғана көпшілік асханаға кіріп, екеуі тамақ ішті. Сорпаның ішінде аздаған сүйек-саяғы бар екен. Қиса оны қасқырша жұлмалап жегені - ай. Аумаған қасқыр. Мұнда тұрған не бар? Баланың аты бала ғой, қарыны әбден ашқан да. Мұнда тұрғаны сол, өткен Жана жыл қарсаңында мектептегі мұғалім апай жаңа жылдық елкада балалардың ойынын көрсетіп, бір көңілді кеш өткізбекші болды. Қисаға қасқырдың ролін берді. Қиса қасқыр болғысы келмеді - ақ. Оған тіпті де бейімі жоқ. Өйткені мұнда түк қасқыр мінез жоқ. Жұп-жуас. Оған қойдың рөлін берсе болар еді... Бұл арада педагогиканың, дәлірек айтқанда педагогтың ағаттығы аңғарылады. Қисаға қасқыр рөлі ыңғайлы емес екен дегендерге: «Е, ол тым момын, оны шындап, шынықтыру керек», — дейді педагог апай. Яғни момыннан қасқыр тәрбиелеу керек. Ал аржағы не болады, қандай нәтиже береді, — онымен шаруасы жоқ. Ал енді, міне, мына таудың бір түкпіріндегі ауылдан қайтып келе жатып, Қиса кенет қасқырға айналды да кетті. Мұғалім апайдың мақсаты орындалайын деді. Дәл осы жерде біраз ойланып көрелік. Қазіргі ауылда (әрине, әсіресе қалада) адам қасқырлары көбейді. Бұрын біреудің тауығы жоғалыпты дегенді естімеген ауылда енді күнде жоңғар шапқыншылығы болады да жатады. Малды құйрығынан ұстап отырсаң да ұрлап кетеді. Сондай сұмдық шықты. Ол ұрлықты істеуге мәжбүр болған қарыны ашқан Қисалар!!! Ормантайдың Қисасы, Құдай сақтасын, ұры емес. Одан пәк, одан адал бала жоқ. Ал бірақ, мына бүгінгідей қарны аша – а - а берсе, аша – а - а берсе, сөз жоқ, қасқырға айналады. Бүл әңгімеде автордың мұндай әлеуметтік астарлы ой айтайын деген ниеті де жоқ шығар. Бірақ көркемдік құдіреті, логика бойынша, амалсыз осындай түйінге әкеліп тірейді. Автор дәл осы асханадағы ашқарақ көріністі әжуаға, ойнақы бір болмашы оқиғаға балағысы келеді. Бірақ бүл маска. Масканы алып тастасаң, аржағынан азынаған азап дүниесін танисың. әрине, зерделеп тани білесің. Әйтпесе, елеусіз, алаңсыз сырғытып өте шығуыңда мүмкін. Сонымен, не керек, адамдардың ашқарақтығынан аң - кұс тауға қарай қашты. Оларды қойып, өсімдік екеш өсімдік те таулардың шындарында ғана қалмақ. Ал халық ше? Ауыл халқы қалаға қашып жатыр. Ауылға қамқорлық жасауға тиісті көсемдер ауылды қолдан қиратты. — Бізге мал өсіру зиян! — деді бір көсем. Иә, мүлдем тиімді емес! — деді бір көсем. Мал өнімдерін: сүтті, майды, етті шетелден сатып алған тиімді! — деді бір көсем. Сондай желеумен миллиондаған мал басы ұстағанның қолында тістегеннің ауызында кетті. Әсіресе ірі көсемдер, орташа көсемдер, ауылдағы көсемдер қарындарын да, қалталарын да қампайтты. Ал қарапайым аңқаулар ауыздары аңқайды да қалды. Аңқайған ауызға желден басқа ештеңе енбейді. Аспаннан тоқаш жаумайды. Аңқайып әлі күнге дейін аң-таң. Қалаға қашып жатыр. Біршама ертеректе әйгілі ақын: қазақтар қалаға көшпей көзі ашылмайды. Әйтпесе қараңғы болып қалады деген теория ашты. Ал, көшті. Ал, қаптай көшті. Көзі ашылғаны қайда? Мүйіздері қарағайдай болғаны қайда? Кәне шыққан мүйізі?! Қазақтың түп қазығы ауылда. Ауыл азса, ұлт тозады. Ауылды қалаға жетелей бермей, қайта қаланы ауылға қарай жетеле. Ауылға мәдениет, өркениет жеткіз. Жаңа ғасыр келіп қалды. Ауылдағы мектепте компьютер тұрмақ, домалақ - домалақ ағаш есепшот та жоқ... Құрысын, «Киікотына» оралайық. Жазушы Мархабат Байғұт облыста тұрады. Астанадан да, Алматыдан да алшақ. «Киікоты» оның жазғандарының бір тамшысы ғана. Талай-талай құнды көркем кітаптардың авторы. Амал нешік, атағы жоқ, атаққа шатағы да жоқ. «Мен!», «Мен!» деп кеудесін де қақпайды. Ондай жазушымен өлі сүйек сыншылардың да шаруасы жоқ. Заман пысықайлардікі. Нахалдардікі. Меніңде сыншылығым шамалы. Сыншы да емеспін. Әңгіме эсер етті. Толғандырды. Толғанысымды қағазға түсірдім. Ал мен бірдеңе білсем, КИІКОТЬІ мүлде шоп емес! КИІКОТЫ — ол адамдар. Азайып, азып-тозып, тоналып бара жатқандар. Шіркін, КИІКОТЫ. Қандай қасиетті, қандай асыл еді. Шынымен сол қасиет жоғала ма?.. 1-мамыр 1999 ж.  

                                                                        Киікотын көксеу

                                        Жазушы Мархабат Байғұттың бір әңгімесінен туған толғау

Тәңіртаудың «Талас Алатауы» деп картаға жазылып кеткен батыс жағы әйгілі Ақсу-Жабағылымен жалғасып, Өгем тауы, Шымған курорты болып барып, Ташкентке орын қалдырайын дегендей, шұғыл түстікке бұрылып, Алай тауына ұласып, Памирге сүйенеді.

Ғылым тілінде «флора» деп аталатын өсімдік әлемінің жұмақпейіші, міне, осы аймақта.

Басқа жерлерде тұқымы үзіліп кеткен, яки сиреп қалған, құрып кетуге бет алған неше алуан өсімдіктердің не өзі, не сұлбасы осы аталған өлкеде. Оның ішінде Ақсу-Жабағылыда. Оның ішінде Түлкібас өңірінде.

Сол сирек өсімдіктердің бірі, а бәлкім, бірегейі — киікоты деп аталады.

Оны кейбіреулер, әсіресе «жаңа қазақтар» түсінбейді. От деген сөздің мәнін біржақты ұғады. Ол үшін лаулап жанып тұрса — сол от.

Ал мал қоректенетін өсімдікті де от дейді қазақ. Сірә, от — өсімдіктің бәрі емес. Нәрлісі, шипалысы, оттай қуаттысы, оттай қасиеттісі. Оны тау киігі жейді. Сондықтан да киік еті дәрі. Сондықтан да адамдар киік етіне өте құмар.

Сондықтан да киік азайып кетті. Ерекше қамқорлыққа алмаса, немесе Құдай адамдарға әлдеқалай нысап бермесе, сол киік жер бетінен мүлдем жойылып та кететін шығар.

Енді киікоты да азайды. Жазушы Мархабат Байғұттың жазғанындай: «Киікоты сиреп, төменнен үркіп, тауға шығып кетіпті».

Төменнен, яғни адамдардан үркіп, тау басына еріксіз шығып кеткен аң да, күс та бар. Мысалы, біздің республикамыздың символы болып жарияланған Теңбіл Барыс.

Арқарлар мен таутеке, тауешкілер. Киігіміз сол. Құстан: ұлар, кекілік...

Енді жан-жануарларды қойып, өсімдік те тауға қарай қашатын болыпты. Киікотының шипалы қасиетін біліп алған келімсектер оны баудай түсіріп, отап жатыр екен.

Бүл катастрофа!

Былай қарасаң, асып-тасып бара жатқан дәнеңе жоқ. Бәлкім, селсоқ «әуесқой» оқырман оны сыдыртып өте шығар да. Бас-аяғы жинақы, қысқа ғана әңгіме. (Мархабат Байғұт. «Қорғансыз жүрек» кітабы. «Киікоты» әңгімесі. 29-45 б.б.)

Бірақ байқаған, зерделеген кісіге мәселе табылады.

Бұл жазушыда жаратушы өзі бұйыртқан уыз тіл бар. Біздің ауылда бір ақсақал биесі құлындаған соң бір айға дейін әлгі биені байламай, қымыз аңсағандардың «бол - болыңа» қарамай, құлынымен бірге өріске жібереді. «Оның не?»—десең: «Құлынға обал. Уызына жарымаған құлын жаман-жәутік, жабағы болып қалады», — дейді.

Қазір жазушымын деп шіренгендердің көбінің тілінде уыз кемшін. Уызға жарымай, Көкбазардан көк шалап ішкендер.

Бүл жазушыда Құдай өзі берген көз бар. Көз, әрине бар. Ол кімде жоқ, адамдардың бәрінде дерлік бар. Шын жазушының көзі көкірегінде. Ол маңдайға біткен екі көзден басқа – а - а. Жазушы сонысымен суреткер.

«Ай жарығы Күннің қызғылт нұрынан қалған сарқытты сімірер кез» («Киікоты»). .

Күннің батқан сәтін талайымыз суреттеп көрдік. Біріміздікі сәтті, біріміздікі сәтсіз дегендей. Ал мына сурет тосын. Сәл кідіріп, зерделесең, сол сурет көз алдыңа келеді. Отырып туған Айдың күн батқанда аспаннан бозарып, өңі қуқылданып, мұңайып көрінетіні болады. Ауырып қалған сияқты. Шексіз кеңістікте жүзсе де қапас - қамақта қалған сияқты. Дәруге зәру сияқты. Күннің нұры Айға да шипа. Сонда сол күннің сәулесіне жерік болған Ай кешқұрым соңғы қызғылт шапақтың сарқытын ашқарақтана сімірмей қайтсін?

Айдың Күнге ынтызарлығы. Мұны ұлы ақын Гейне баяғыда ғажайып лирикалық - философиялық өлеңінде жазып кеткен. Күн мен Ай бір-біріне шексіз ғашық. Сансыз жұлдыздар сол екеуінің теңдессіз махаббатымен жаратылған. Аспан әлемінде де бұлардың бақытын күндеп, көре алмайтын қызғаншақтар бар. Солар

Ай мен Күннің арасына өсек өртін тастап, ажыратып жіберген. Содан бері Ай Күнді соңынан қуады да отырады. Күн жеткізбейді. Ай: «Токта!» — деп жалынады. Күн тоқтамайды. Өсектің өрті жама – а - ан.

Ал Мархабат Байғұт болса Айға Күн сәулесінің сарқытының өзін тәбәрік етіп қойған. Сәулелі сурет.

Ормантай деген жігіт ағасы бір кезде қаладан алыс жатқан ауылда туып - өскен. Туған ауылы таудың бір түкпірінде бұйығып қана жататын. Өйткені ауыл айналасында киікоты қаптап өсер еді. Киікотының ғажайып жұпар иісіне сол ауыл рақаттанып, масаң ғұмыр кешетін сияқты еді.

Ормантайдың әкесі кезінде осы ауылдың бастығы болды. Колхоздың жоқ-жітік, кем-кетігіне жәрдемдесіп, малға азық - шөбіне дейін түсіріп беруші еді-ау. Сондай жандардың бірі Ормантайдың жан жолдасы, сыныптасы Қасымбек деген бала еді...

Ормантайдың әкесі қызметі жоғарылап, ауданның орталығына көшті. Ормантай сол орталықта өсті.

Бірақ оны кейін облыс орталығына қызметке шақырып, орталықтан үй береміз деп, уәдені үйіп - төгіп, жанын қоймады.

Уәде беру оңай, орындау қиын. Жылдар бойы пәтер жалдап, жаны қиналған Ормантай ақыры ауру тапты. Ауру адам көбінесе масыл болады. Оны кім ұнатады. Құдай қосқан қатынына дейін ұрысқақ, тырысқақ болып кетті. ұрысып, ұрысып, уыс-уыс дәрі береді. Ал Ормантай уыс-уыс дәріден гөрі біздің таудың бір тал киікоты болар ма еді деп армандайды.

Тәңіртаудың бір қуысында бұйығып жатқан ауданына бара алмайды. Әйтеуір, қу тіршілік. Әне-міне деп айлар, жылдар өтіп жатыр. Жете алмайды. Дәл Мұқағали айтқандай: өз еркімен өзін - өзі қаланың тас қамалына қамап қойған қу маңдай.

Әсіресе кенже ұлы Қисадан ұят болды. Сені ауылға алып барамын. О, ауыл қандай! Шіркін, қызықтың бәрі сонда. Адамдар қандай! — деп жас баланы қызықтырып, ынтықтырып қойып, бірақ Құдайдың құдіреті, қу тіршіліктің күйбеңінен шыға алмайды.

Ауылға, жан жолдасы, титтейден өскен сыныптасы Қасымбекке хат жазды. Бір уыс киікоты болса беріп жібер деп. Ақыры, сол арманына да жетті - ау. Қасымбек, обалы не керек, аңсаған шөбін алып келді. Содан бойы жеңілдеп, ауруынан айыққандай болды.

Осы шап-шағын әңгімеде Мархабат мырза мына заманның кейіпсіздеу келбетін әр қырынан инемен шанышқандай шабақтап, істіктің бетін қайтармақ.

Жазушы әу баста өз алдына ондай мақсат қоймаған да шығар. Бірақ киелі қалам ез иесін ақылды, заты бөлек, текті жылқы сияқты ауылға адастырмай өзі алып келетіні болады.

Сонымен жадырап жаз шықты. Ормантай кенже ұлы Қисаны ілестіріп, дорбаларын арқалап, ақыры ауылға тартты - ау.

Әрең жетті. Ауылдың шетіне кіре бергенде алдарынан ақ «Нива» мінген баяғы Қасымбек жолыға кетті. Асығыс екен, ауданға шұғыл шаруамен шыққан екен. Өткен жолы бір уыс киікоты шөбін әкеліп берген де өзі болатын: «Ауылға неге келмейсіңдер? Келсеңдер көкіректеріңнен кім итереді сендерді! — деп күңкілдеген. — Ешкім итермейді сендерді көкіректеріңнен!»

Сөйткен Қасымбекті қара басты. Тым болмаса: «Үйім анау, бара беріңдер, мен кайтып келем», — де демеді.

Содан Ормантай Қисаны жетектеп, бір үйдің алдына жақындай бергенде үйден бір жаулығы кір-кір, шашы қобыраған сары кемпір шығып:

— Кім керек? — дейді.

— Апа, мен Ормантаймын ғой, — дейді жолаушы.

Кемпір Ормантай дегенді білмейді. Осы ауылға демалыс сайын келіп, таза ауасын жұтып, таза суын ішіп, киікоты дейтін шөбін жұлып, аунап - қунап қайтатын қаланың коп қуларының бірі екен деп қалды.

Ормантайды танымады. Ормантайдың марқұм әкесі емес пе еді бір кезде осы ауылды басқарған. Сол емес пе еді мына кемпірге де арпа-бидай, шоп түсіріп берген. Ормантай сасып қалды. «Оу, мен бәленшенің баласымын ғой», — деп айтуға да жарамады. Оның қасында кішкентай Қиса ақылды екен, былай шыға бере: «Айтпайсың ба кім екеніңді, фамилияңды», — деп әкесін күстаналады - ау.

Сөйтіп, өзі туған ауылынан ат басын тірер, бас сұғар үй таппай, ауыл сыртына барып, тобылғы түбін паналады. Адамдардың үйлерінен гөрі тобылғы түбі көп рақымды. Тобылғы түбін торғай да паналайды. Тобылғының қадірін торғай біледі. Ал адамдар тобылғыны да тоздырып барады. Демалыс сайын машинасы барлар қаладан қаптап келіп, қазір баяғыдай қамшы ұстамаса да қамшы сап деп сындырып кетеді.

Сонымен, Ормантай мен Қиса елге келіп, далада қалды. Елім деп, туған жерін қанша зарығып, сағынып еді. Ой, оңбағыр Қасымбек... «Е, келіндер, көкіректеріңнен ешкім итере қоймас», — деп, осы бір жаттанды жалғыз ауыз сөзін қайталай берген.

Ендігісі мынау. Бұл не? Бұл нышан. Қайран дархан көңілдің қазынасы — қазақ ауылы! Сен де баяғы Абылайдың түсіндегідей бақа - шаяндап, құрт - құмырсқалап бара жатырсың - ау. Қазақтың қақырамас үштаған ошағы, қара қазаны, қара шаңырағы, құт - берекесі, түпқазығы, ағаш бесігі осы ауыл емес пе еді? Не боп кеткенсің, есіл ауыл?! Өзіңнен туған жас бала сақалы шығып жат болғаны ма. Танымай қалғаның қалай?

Ауылды мұндай халге жеткізген қандай зұлмат? Қазіргі ауыл туралы, оның зары мен жыры туралы құлаш-құлаш мақала жазып, мінбелерден ауызымыз көпіргенше ұзақ-ұзақ соз сөйлеп жатырмыз. Ешкім шыбын шаққан құрлы көрмейді. Министрлер бас шұлғып қойып отыра береді. Сынаған сайын өсе береді.

Ал мынау... Кішкентай әңгіме. Әлгі толып жатқан мақалалардан, сөздерден тері осы әлдеқайда әсерлі. Әттең, мұны министрлер оқымайды. Оқыса — ойланар ма еді. Көркем әдебиеттің құдіреті сонда. Ойланар еді, оқымайды. Әрі десе таралым жоқ. Жетпейді.

Ал енді әкесінің ауыл туралы әңгімелерінен әсерленіп, ауылды қиялында ертегілер еліндей елестетіп, бір көруге асыққан Қисаға не бетімізді айттық? Өлімнен ұят күшті. Ұят болды-ау!

Иә, егер ұят қалса... Адамның айуаннан ең басты айырмашылығы ұятында еді. Ұяттан айырылған соң, адамда айуаннан айырмашылық не қалды? Не қалды?

Қазан-қазан ет асылып, ит басына іркіт төгіліп жатады деген ауылдан Қисаның қарыны ашып кайтты. Ауыл бір шәйнек шәй беруге жарамады. Бұған әкесі қысылды. Өйткені ауылды ең бір таза періште, ең мейірімді, бауырмал деп, өмір бойы Қисаның құлағына құйып келген өзі ғой.

Жол - жөнекей жұпыны ғана көпшілік асханаға кіріп, екеуі тамақ ішті. Сорпаның ішінде аздаған сүйек-саяғы бар екен. Қиса оны қасқырша жұлмалап жегені - ай. Аумаған қасқыр. Мұнда тұрған не бар? Баланың аты бала ғой, қарыны әбден ашқан да.

Мұнда тұрғаны сол, өткен Жаңа жыл қарсанында мектептегі мұғалім апай жаңа жылдық елкада балалардың ойынын көрсетіп, бір көңілді кеш өткізбекші болды. Қисаға қасқырдың ролін берді.

Қиса қасқыр болғысы келмеді - ақ. Оған тіпті де бейімі жоқ. Өйткені мұнда түк қасқыр мінез жоқ. Жұп-жуас. Оған қойдың рөлін берсе болар еді...

Бұл арада педагогиканың, дәлірек айтқанда педагогтың ағаттығы аңғарылады. Қисаға қасқыр рөлі ыңғайлы емес екен дегендерге: «Е, ол тым момын, оны шындап, шынықтыру керек», — дейді педагог апай. Яғни момыннан қасқыр тәрбиелеу керек. Ал аржағы не болады, қандай нәтиже береді, — онымен шаруасы жоқ.

Ал енді, міне, мына таудың бір түкпіріндегі ауылдан қайтып келе жатып, Қиса кенет қасқырға айналды да кетті. Мұғалім апайдың мақсаты орындалайын деді.

Дәл осы жерде біраз ойланып көрелік. Қазіргі ауылда (әрине, әсіресе қалада) адам қасқырлары көбейді. Бұрын біреудің тауығы жоғалыпты дегенді естімеген ауылда енді күнде жоңғар шапқыншылығы болады да жатады. Малды құйрығынан ұстап отырсаң да ұрлап кетеді. Сондай сұмдық шықты.

Ол ұрлықты істеуге мәжбүр болған қарыны ашқан Қисалар!!!

Ормантайдың Қисасы, Құдай сақтасын, ұры емес. Одан пәк, одан адал бала жоқ. Ал бірақ, мына бүгінгідей қарны аша - а - а берсе, аша – а - а берсе, сөз жоқ, қасқырға айналады.

Бүл әңгімеде автордың мұндай әлеуметтік астарлы ой айтайын деген ниеті де жоқ шығар. Бірақ көркемдік құдіреті, логика бойынша, амалсыз осындай түйінге әкеліп тірейді.

Автор дәл осы асханадағы ашқарақ көріністі әжуаға, ойнақы бір болмашы оқиғаға балағысы келеді. Бірақ бұл маска. Масканы алып тастасаң, аржағынан азынаған азап дүниесін танисың. Әрине, зерделеп тани білесің. Әйтпесе, елеусіз, алаңсыз сырғытып өте шығуыңда мүмкін.

Сонымен, не керек, адамдардың. ашқарақтығынан аң - құс тауға қарай қашты. Оларды қойып, өсімдік екеш өсімдік те таулардың шындарында ғана қалмақ.

Ал халық ше? Ауыл халқы қалаға қашып жатыр. Ауылға қамқорлық жасауға тиісті көсемдер ауылды қолдан қиратты.

— Бізге мал өсіру зиян! — деді бір көсем.

— Иә, мүлдем тиімді емес! — деді бір көсем.

— Мал өнімдерін: сүтті, майды, етті шетелден сатып алған тиімді! — деді бір көсем.

Сондай желеумен миллиондаған мал басы ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетті. Әсіресе ірі көсемдер, орташа

Сонымен, Ормантай мен Қиса елге келіп, далада қалды. Елім деп, туған жерін қанша зарығып, сағынып еді. Ой, оңбағыр Қасымбек... «Е, келіндер, көкіректеріңнен ешкім итере қоймас», — деп, осы бір жаттанды жалғыз ауыз сөзін қайталай берген.

Ендігісі мынау. Бұл не? Бұл нышан. Қайран дархан көңілдің қазынасы — казак ауылы! Сен де баяғы Абылайдың түсіндегідей бақа - шаяндап, құрт - құмырсқалап бара жатырсың - ау. Қазақтың қақырамас ұштаған ошағы, қара қазаны, қара шаңырағы, құт - берекесі, түпқазығы, ағаш бесігі осы ауыл емес пе еді? Не боп кеткенсің, есіл ауыл?! Өзіңнен туған жас бала сақалы шығып жат болғаны ма. Танымай қалғаның қалай?

Ауылды мұндай халге жеткізген қандай зұлмат? Казіргі ауыл туралы, оның зары мен жыры туралы құлаш-құлаш мақала жазып, мінбелерден ауызымыз көпіргенше ұзақ-ұзақ соз сөйлеп жатырмыз. Ешкім шыбын шаққан құрлы көрмейді. Министрлер бас шұлғып қойып отыра береді. Сынаған сайын өсе береді.

Ал мынау... Кішкентай әңгіме. Әлгі толып жатқан мақалалардан, сөздерден төрі осы әлдеқайда әсерлі. Әттең, мұны министрлер оқымайды. Оқыса — ойланар ма еді. Көркем әдебиеттің құдіреті сонда. Ойланар еді, оқымайды. Әрі десе таралым жоқ. Жетпейді.

Ал енді әкесінің ауыл туралы әңгімелерінен әсерленіп, ауылды қиялында ертегілер еліңдей елестетіп, бір көруге асыққан Қисаға не бетімізді айттық? Өлімнен ұят күшті. Ұят болды-ау!

Иә, егер ұят қалса... Адамның айуаннан ең басты айырмашылығы ұятында еді. Ұяттан айырылған соң, адамда айуаннан айырмашылық не қалды? Не қалды?

Қазан-қазан ет асылып, ит басына іркіт төгіліп жатады деген ауылдан Қисаның қарыны ашып кайтты. Ауыл бір шәйнек шәй беруге жарамады. Бұған әкесі қысылды. Өйткені ауылды ең бір таза періште, ең мейірімді, бауырмал деп, өмір бойы Қисаның құлағына құйып келген өзі ғой.

Жол-жөнекей жұпыны ғана көпшілік асханаға кіріп, екеуі тамақ ішті. Сорпаның ішінде аздаған сүйек-саяғы бар екен. Қиса оны қасқырша жұлмалап жегені - ай. Аумаған қасқыр. Мұнда тұрған не бар? Баланың аты бала ғой, қарыны әбден ашқан да.

Мұнда тұрғаны сол, өткен Жана жыл қарсаңында мектептегі мұғалім апай жаңа жылдық елкада балалардың ойынын көрсетіп, бір көңілді кеш өткізбекші болды. Қисаға қасқырдың ролін берді.

Қиса қасқыр болғысы келмеді - ақ. Оған тіпті де бейімі жоқ. Өйткені мұнда түк қасқыр мінез жоқ. Жұп-жуас. Оған қойдың рөлін берсе болар еді...

Бұл арада педагогиканың, дәлірек айтқанда педагогтың ағаттығы аңғарылады. Қисаға қасқыр рөлі ыңғайлы емес екен дегендерге: «Е, ол тым момын, оны шындап, шынықтыру керек», — дейді педагог апай. Яғни момыннан қасқыр тәрбиелеу керек. Ал аржағы не болады, қандай нәтиже береді, — онымен шаруасы жоқ.

Ал енді, міне, мына таудың бір түкпіріндегі ауылдан қайтып келе жатып, Қиса кенет қасқырға айналды да кетті. Мұғалім апайдың мақсаты орындалайын деді.

Дәл осы жерде біраз ойланып көрелік. Қазіргі ауылда (әрине, әсіресе қалада) адам қасқырлары көбейді. Бұрын біреудің тауығы жоғалыпты дегенді естімеген ауылда енді күнде жоңғар шапқыншылығы болады да жатады. Малды құйрығынан ұстап отырсаң да ұрлап кетеді. Сондай сұмдық шықты.

Ол ұрлықты істеуге мәжбүр болған қарыны ашқан Қисалар!!!

Ормантайдың Қисасы, Құдай сақтасын, ұры емес. Одан пәк, одан адал бала жоқ. Ал бірақ, мына бүгінгідей қарны аша – а - а берсе, аша – а - а берсе, сөз жоқ, қасқырға айналады.

Бүл әңгімеде автордың мұндай әлеуметтік астарлы ой айтайын деген ниеті де жоқ шығар. Бірақ көркемдік құдіреті, логика бойынша, амалсыз осындай түйінге әкеліп тірейді.

Автор дәл осы асханадағы ашқарақ көріністі әжуаға, ойнақы бір болмашы оқиғаға балағысы келеді. Бірақ бүл маска. Масканы алып тастасаң, аржағынан азынаған азап дүниесін танисың. әрине, зерделеп тани білесің. Әйтпесе, елеусіз, алаңсыз сырғытып өте шығуыңда мүмкін.

Сонымен, не керек, адамдардың ашқарақтығынан аң - кұс тауға қарай қашты. Оларды қойып, өсімдік екеш өсімдік те таулардың шындарында ғана қалмақ.

Ал халық ше? Ауыл халқы қалаға қашып жатыр. Ауылға қамқорлық жасауға тиісті көсемдер ауылды қолдан қиратты.

— Бізге мал өсіру зиян! — деді бір көсем.

Иә, мүлдем тиімді емес! — деді бір көсем.

Мал өнімдерін: сүтті, майды, етті шетелден сатып алған тиімді! — деді бір көсем.

Сондай желеумен миллиондаған мал басы ұстағанның қолында тістегеннің ауызында кетті. Әсіресе ірі көсемдер, орташа көсемдер, ауылдағы көсемдер қарындарын да, қалталарын да қампайтты. Ал қарапайым аңқаулар ауыздары аңқайды да қалды. Аңқайған ауызға желден басқа ештеңе енбейді. Аспаннан тоқаш жаумайды. Аңқайып әлі күнге дейін аң-таң.

Қалаға қашып жатыр. Біршама ертеректе әйгілі ақын: қазақтар қалаға көшпей көзі ашылмайды. Әйтпесе қараңғы болып қалады деген теория ашты. Ал, көшті. Ал, қаптай көшті. Көзі ашылғаны қайда? Мүйіздері қарағайдай болғаны қайда? Кәне шыққан мүйізі?!

Қазақтың түп қазығы ауылда. Ауыл азса, ұлт тозады. Ауылды қалаға жетелей бермей, қайта қаланы ауылға қарай жетеле. Ауылға мәдениет, өркениет жеткіз. Жаңа ғасыр келіп қалды. Ауылдағы мектепте компьютер тұрмақ, домалақ - домалақ ағаш есепшот та жоқ...

Құрысын, «Киікотына» оралайық.

Жазушы Мархабат Байғұт облыста тұрады. Астанадан да, Алматыдан да алшақ. «Киікоты» оның жазғандарының бір тамшысы ғана. Талай-талай құнды көркем кітаптардың авторы. Амал нешік, атағы жоқ, атаққа шатағы да жоқ. «Мен!», «Мен!» деп кеудесін де қақпайды. Ондай жазушымен өлі сүйек сыншылардың да шаруасы жоқ. Заман пысықайлардікі. Нахалдардікі.

Меніңде сыншылығым шамалы. Сыншы да емеспін. Әңгіме эсер етті. Толғандырды. Толғанысымды қағазға түсірдім.

Ал мен бірдеңе білсем, КИІКОТЬІ мүлде шоп емес! КИІКОТЫ — ол адамдар. Азайып, азып-тозып, тоналып бара жатқандар.

Шіркін, КИІКОТЫ. Қандай қасиетті, қандай асыл еді.

Шынымен сол қасиет жоғала ма?..

1-мамыр 1999 ж.

 

Ұқсас материалдар