Қандастар Ассамблея

Есте болсын!

08.12.2012 1640
  Газет бетіне бірнеше жылдан бері көзі ашық көргіш, тілі өткір шешен адамдарымыз елдің ел болып, жұрт қатарына кірмегіне талай сөз жазды да, жазып та жатыр. Бірақ сол еңбек оқушыға я тыңдаушыға бола айтылмай, басқа біреуге бола жазылған сөзше, «Иә, жөн-ау!» дегеннен артық бәйге алып, татымды жеміс беріп, елге жақсылық жарығын жая алмай тұр. Татымсыз болыстыққа бола таласып, қарындасқа қас сағындыратын, жақынын жат ететін, мал-басына зиян келтіретін, болмаса иманына кір жұққызатын партияның елі мұртын қисайтқан жоқ. Бұл партия — барша ұрлық, өтірік, өсек сықылды жамандықтардың, анасы. Біздің қазақта «Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса —төбедегі келеді» деген мақал әркімге-ақ белгілі. Бұрынғы халықтардың тарихына, бүгінгі жұрттардың тұрмысына, я бір үйдің ішінің ғұмырына қарасақ бәрінің көгеріп - көркеймегенің зор таянышы — береке, бірлік. Бірліксіз өз-өзінен көгеріп, көркіне көз қуанарлық қызықты іс еш жерде болған емес. Міне, мемлекет негізін құратын кеңеске (учредительное собрание) екі жүз мыңнан бір кісі сайлансын деген зор бәйгенің сауыны айтылып та қалды. Бұл той — мемлекеттегі неше түрлі халықтың бағы бәйгеге тігілген той. Сол сан халықтың ішінде біздің Алаш ұранды қазақ та бар. Ал, Алаштың баласы! Сайларында ел сыналатын, сайланған соң ер сыналатын зор жұмысты қалай өткізер екенсіздер? Қай облыс, ел болса да оқымаған адам сайламайды, оқығанды сайлайды — бұған иланамын. Бірақ бүркіттің бөрі түлкі алмайды, сол сықылды оқығандардың, да айырмасы бар. Талай оқығандарымыздың бұрын кімнен туғанын білдірмей де, білмей де жүріп, дәл Николай тақтан түскен күні Алаштан туа қап жүргендері де бар; яки басына келер абырой мен пайданы көздеп, құйрықты жұлдыздың сәулесін тақ екен деп талпынып қап, қанат, құйрығын отқа шалдырған соң, артынан «елім бар еді-ау» деп ескеріп, пайдасын тигізбек түгіл, елдің қалтасын тінтуге салынып кеткендер де бар; жалындаған жас талаппен, кір шалмаған ақ жүрекпен жанның бәрін бауырына балап, еш жаннан көңілі қайтпаған, қабығынан жаңа аршылған жас талапкерлер де бар; бастай алмайтын немесе басшыға еріп қостай алмайтын күншілдер де бар; жасынан жұртым дегенде жанын пида қып, еңбекке еті ауырмай, достығын қастыққа балап қарсы айтып, бетке ұрған елден беті ауырмай, жарың күннің туары жан біткенге жасырын күнде маңдай теріне табылған жарты нанды ауқат қып, мал, мансапқа қызықпай, қараңғыда қайрат қылған ерлер де бар. Бұл сапарда алар олжа да, шығар зиян да бір елге, я бір тапқа тимейді. Барша алаштың тілеуі ортаң сапар болған соң, «қарыс — алыс, сүйем — жуықты» қойып, адал кірісуіміз жөн. Ел ешкімнің алды-артына қарамай, баяғы «алаштың аты озғанша, ауылдастың тайы озсынға» салса, бүгінгі барша жанға түскен жарың сәуледен Құр қалып, жұрт қатарына кіре алмай, құлдықта қалып һәм кейінгі үрім-бұтағымыздың көз жасына қаламыз. «Сарыарқа». 1918. 4 шілде. № 14.

 

Газет бетіне бірнеше жылдан бері көзі ашық көргіш, тілі өткір шешен адамдарымыз елдің ел болып, жұрт қатарына кірмегіне талай сөз жазды да, жазып та жатыр. Бірақ сол еңбек оқушыға я тыңдаушыға бола айтылмай, басқа біреуге бола жазылған сөзше, «Иә, жөн-ау!» дегеннен артық бәйге алып, татымды жеміс беріп, елге жақсылық жарығын жая алмай тұр.

Татымсыз болыстыққа бола таласып, қарындасқа қас сағындыратын, жақынын жат ететін, мал-басына зиян келтіретін, болмаса иманына кір жұққызатын партияның елі мұртын қисайтқан жоқ. Бұл партия — барша ұрлық, өтірік, өсек сықылды жамандықтардың, анасы. Біздің қазақта «Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса —төбедегі келеді» деген мақал әркімге-ақ белгілі.

Бұрынғы халықтардың тарихына, бүгінгі жұрттардың тұрмысына, я бір үйдің ішінің ғұмырына қарасақ бәрінің көгеріп - көркеймегенің зор таянышы — береке, бірлік. Бірліксіз өз-өзінен көгеріп, көркіне көз қуанарлық қызықты іс еш жерде болған емес.

Міне, мемлекет негізін құратын кеңеске (учредительное собрание) екі жүз мыңнан бір кісі сайлансын деген зор бәйгенің сауыны айтылып та қалды. Бұл той — мемлекеттегі неше түрлі халықтың бағы бәйгеге тігілген той. Сол сан халықтың ішінде біздің Алаш ұранды қазақ та бар. Ал, Алаштың баласы! Сайларында ел сыналатын, сайланған соң ер сыналатын зор жұмысты қалай өткізер екенсіздер? Қай облыс, ел болса да оқымаған адам сайламайды, оқығанды сайлайды — бұған иланамын. Бірақ бүркіттің бөрі түлкі алмайды, сол сықылды оқығандардың, да айырмасы бар.

Талай оқығандарымыздың бұрын кімнен туғанын білдірмей де, білмей де жүріп, дәл Николай тақтан түскен күні Алаштан туа қап жүргендері де бар; яки басына келер абырой мен пайданы көздеп, құйрықты жұлдыздың сәулесін тақ екен деп талпынып қап, қанат, құйрығын отқа шалдырған соң, артынан «елім бар еді-ау» деп ескеріп, пайдасын тигізбек түгіл, елдің қалтасын тінтуге салынып кеткендер де бар; жалындаған жас талаппен, кір шалмаған ақ жүрекпен жанның бәрін бауырына балап, еш жаннан көңілі қайтпаған, қабығынан жаңа аршылған жас талапкерлер де бар; бастай алмайтын немесе басшыға еріп қостай алмайтын күншілдер де бар; жасынан жұртым дегенде жанын пида қып, еңбекке еті ауырмай, достығын қастыққа балап қарсы айтып, бетке ұрған елден беті ауырмай, жарың күннің туары жан біткенге жасырын күнде маңдай теріне табылған жарты нанды ауқат қып, мал, мансапқа қызықпай, қараңғыда қайрат қылған ерлер де бар.

Бұл сапарда алар олжа да, шығар зиян да бір елге, я бір тапқа тимейді. Барша алаштың тілеуі ортаң сапар болған соң, «қарыс — алыс, сүйем — жуықты» қойып, адал кірісуіміз жөн. Ел ешкімнің алды-артына қарамай, баяғы «алаштың аты озғанша, ауылдастың тайы озсынға» салса, бүгінгі барша жанға түскен жарың сәуледен Құр қалып, жұрт қатарына кіре алмай, құлдықта қалып һәм кейінгі үрім-бұтағымыздың көз жасына қаламыз.

«Сарыарқа». 1918. 4 шілде. № 14.

Ұқсас материалдар