Қандастар Ассамблея

ҚазАПП алтыға толды

08.12.2012 4012
1931 жылдың июнь айының 16 күні Қазақстан пролетариат жазушылар ұйымы алты жасқа толып, жетіге аяқ басып отыр. Айтуға аз сықылды болғанмен, біздің басымыздан кешіп отырған ұлы төңкеріс дәуірінде алты жыл аз емес. Машинадай зымыраған өміріміз алты жылда әлдеқайда алға кетті. Бұдан алты жыл бұрын жасаған саяси, шаруашылық және мәдениет істерімен салыстырғанда бүгінгі күні, жұмыскер табы мен еңбекші шаруа көзі көрмеген, құлағы естімеген талай жаңалықтарды өз қолымен ұстап отыр. Бұдан алты жыл бұрын соғыс әлегімен бүлінген кәсіпорындары бүгін ірі өнеркәсіп орындарына айналды. Бұдан алты жыл бұрынғы бытыраңқы мешеу ауыл шаруашылығы қазір бірігіп, жер байлығын меңгеру көптің, колхоздың қолына көшті. Бұдан алты жыл бұрын НЭП арқылы пролетариат диктатурасынан құтыламын деп дәмеленген бай-кулактар қазір жойылды. Бұдан алты жыл бұрын өнер-білімге кедей, тұрмысы мәдениетсіз еңбекші тап мәдениет төңкерісінің елегінен өтіп, еркін қанып болмағанмен, әлдеқайда ілгері кетті. Еңбекші таптың бұл сықылды бет алысы жалпы идеология, оның ішінде көркем әдебиетке әсерін тигізбей қойғам жоқ. Тигізбей қоюға мүмкін де емес. Өйткені марксизм қағидасы бойынша, шаруашылық негізінің өзгеруімен қатар кейде шабанырақ, кейде тез сол шаруаның салдарынан туған қондырмалар да өзгереді. Бұл өзгерісте заң да, саясат та, дін де, көркем әдебиет те, философия да, қысқасы барлық идеология да кіреді. Көркем әдебиет шаруашылықпен, белгілі бір таппен байланысты болса, қазақтың пролетариат әдебиеті, оның жетекшісі ҚазАПП еріккен бір ер адамның басынан шыққан нәрсе деп ойлауға болмайды. Бұл белгілі шаруа жағдайының, белгілі таптың тілегінен туған бағыт, ұйым. Мұның жағдайы — социалистік шаруада, табы еңбекші. Бірсыпыра кемшіліктерін былай қойғанда, ҚазАПП алты жылдық өмірінде өз табына аз еңбек атқарған жоқ. Бұдан алты жыл бұрын Совет өкіметіне қарсы шығармаларын еркін бастырып жүрген алашорданың арам сирақтары, бүгінгі күні баспасөзден сырылғанда, негізінде осы ҚазАПП-тың күшімен сырылды. ҚазАПП партияның жол басшылығы арқылы тап дұшпанымен күресте жеңіп отыр. Байшыл-алашордашыларды біз баспасөзден қуғанда, жұдырық күшімен ғана емес, қалам күшімен де қуып отырмыз. Мағжан, Жүсіпбек сияқты төңкеріске қарсылар жазбаса, қазақ әдебиеті адыра қалады деп жылаған оңшылдардың көзіне ҚазАПП құм құйды. Байшылдарды әдебиет майданынан қуумен бірге, пролетариат жазушылары толық болмағанмен еңбекші тапқа рухани азық беруге жарай алды. Пролетариат әдебиетінің бұл сықылды жетістіктерін не тап дұшпаны көрмейді, не көзіне шел біткен оңшылдар көрмейді. Бұл жетістіктермен қатар ҚазАПП-та үлкен кемшіліктер бар. Оларды айтудан бұрын біз бұл мақалада ҚазАПП-тың неден туғанын, қалай өркендегенін, міндеті нелер екенін аздап сөз қыла кетеміз.   ҚазАПП неден туды? ҚазАПП ең алғаш 1925 жылы, июнь айының 10-күні Қызылорда қаласында ашылды. Сол күні Өлкелік Партия Комитетінің ҚазАПП ашылсын деген қаулысы алынды. Ешбір ұйым, ешуақытта себепсіз ашылмайды. Ұйым ашылу үшін, сол ұйымға берік ірге керек. ҚазАПП көркем әдебиет майданында басқарушылық істеуге тырысқан ұйым болса ұйым ашылмастан бұрын, оның басқаруына жарайтын жағдайлар, себептер, құралдар болу керек. Дәнеңе жоқ боп келіп, табан аузында жарқ ете түсетін нәрсе өмірде жоқ. Мұндай кереметті діншілдік болмаса диалектика заңын білетін марксшілдер танымайды. ҚазАПП себепсіз, жағдайсыз ашылған жоқ. ҚазАПП жағдайды туғызған жоқ, жағдай ҚазАПП-ты туғызды. ҚазАПП-ты туғызған жағдай, 1925 жылға дейін жасала бастаған қазақтың жас пролетариат әдебиеті еді. Біреулер бұған қарсы болуы мүмкін. Мүмкін емес, кейбір жолдастар 1925 жылға дейін қазақта пролетариат әдебиетінен ырым болған жоқ. Мұнда әдебиет содан бері туа бастады десіп жүр. Бұл, әрине, не диалектика заңына шалағайлық та, не көрнеу көзін жұмғандық. Диалектика заңы бойынша, тұрмыстың бар жүйесінде де құралың тиянақталған бір затқа, сол затты келешекте жоятын екінші зат жасала бастайды. Қазақта XIX ғасырдың аяғына дейін басым келген феодал әдебиетін, XX ғасырдың басында туған байшыл әдебиет тықсыра бастады. Революция кезіне жақындағанда байлар әдебиеті марқайып өсіп қалды. Сонымен бірге осы ескен байлар әдебиетіне қарсы бағыт та туа бастаған еді. Осы қарсылық бүгінгі өркендеп келе жатқан пролетариат әдебиетінің ұшқыны еді. Бұған айқын дәлел етіп Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кедей» деген поэмасын алуға болады. Сұлтанмахмұт бұл өлеңді әлдеқалай жаза салған жоқ. Оған мұны жаздырған сол кездегі қазақ кедейі мен қазақ жұмысшыларының қиыншылық халі. Сұлтанмахмұт маңында болып жатқан әлеуметтік құбылысты қарамай қоя алмады. Осындай өлеңдер ол кезде Сәкен мен Бейімбеттерде көп ұшырасты. Октябрь революциясының алғашқы күндерінен-ақ, Сәкен бұл сарынды үдетіп әкеті. Әдебиетте тапшылдық бары 1916 жылдың оқиғасында да көрінді. Ол жылы бұрынғы ұлтшыл ақындар байлар жағына шыққанмен, ауыл арасындағы кедей, батырақтар ғана майданға кетіп, байдың баласы елде қалуға наразылық есебінде талай өлеңдер шығарды. Оның талайын өзіміз естідік. Бірақ, соларды жинай алмай отырмыз. Міне, осылардың бәрі пролетариат әдебиетінің алғашқы ұшқындары еді. Октябрь туып, қазақ еңбекшілері Совет республикасына ие бола бастаған шақта, жаңағы ұшқындар молырақ қызып: Ал, қазақ кедейі, Ұйымдас жалшымен, Байларды, молданы Қойдай қу қамшымен, Бұл заман сенікі, Теңдікті алып қал, Қызыл ту қолында, Таптың түс жолына-ай.— деген ұран шықты. 1921 жылы Ғабдолла Асылбекұлының «Біздің де күніміз туды» деген әңгімесі басылды. Әңгіме батырақ, кедейлердің Октябрь революциясын қалай қарсы алғанын сипаттады. «Кедей баласы» деген атпен жазатын Қасен Нұрмұхамбетұлы, Совдеп пен алашорданың тартысын, большевиктерді алашорданың атқанын әңгіме, өлең етіп жазды, олары «Қызыл Қазақстан» журналына басылып жүрді. Сәкеннің: Түсің суық, тәнін. шойын жалаңаш, Кепкен нан мен қара суды қылып ас, Тұрмыс лажын жер астынан іздеген, Күні-түні алысқаның көмір тас — деген жұмысшыларға арналған өлеңі сол кезде шықты. Бұл шығармалардың саяси кемшілігі, түр кемшілігі, құрылыс кемшілігі бар. Бар емес-ау, көп. Сонымен қатар, бұл шығармаларда үлкен қасиет бар. Ол қасиет— еңбекші таптың не екенін танығаны, күресті танығаны, жауын танығаны. Пролетариат әдебиетінің басталуы, тұтынуы деп осыны айтады. 1925 жылға дейін пролетариат әдебиеті ержете алмаса, көзге көріне алмаса, ол бір басқа мәселе. Туу мен ержету екі басқа нәрсе. Қазақтың пролетариат әдебиеті 1917 жылдан бастап-ақ туды, бірақ 1925 жылға дейін бой жаза алмады. 1925 жылдардың кезінде еңбекші жазушылар буынын бекіте бастады, таптық программасын айқындай бастады. Пролетариат жазушылары көзге көріне бастады, еңбекші таптың тұрмысын айқынырақ сипаттай бастады. Сонымен қатар, бұрын ұлтшылдық бағытта болған жазушылардың ішінен, пролетариат тілегіне біразы ауыса бастағандар болды. Мәселен, Бейімбет Майлин. Осындай лаулап өсіп келе жатқан пролетариат әдебиетіне Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, Мержақып, Қошке сықылды алашордашылар жан-тәнімен қарсы болды. Олардың бұл қарсылығы таптың қарсылығы еді. Пролетариат әдебиеті өркендесе, өздеріне саяси ажал жақындайтынын олар жақсы білді. Жаңа басын көтеріп келе жатқан пролетариат ақындарын олар өсірмеуге тырысты. «Ақжол» «Шолпан», «Темір қазық» сықылды совет ақшасына шығатын баспасөздерді пролетариат әдебиетін тұқыртуға құрал қып ұстады. Оларға Смағүл Садуақасов пен Сұлтанбек Қожанов сықылдылар көмек берді. Жас пролетариат жазушылары бұған мұқалған жоқ, жаспын деген жоқ, күресті. Әдебиетте көп жылдан бері тәжірибесі бар, есейген байшылдарды жеңу қиын болды. Байшылдарды жеңу үшін, өз қатарын өсіру үшін жас пролетариат жазушыларына ұйымдасу керек болды. 1925 жылы ҚазАПП ұйымын тудырған жағдай осы.   ҚазАПП қалай өркендеді? Қай.ұйым болса да ашыла салысымен бірден жөнделіп кетпейді. Қай ұйымда болса да алғашқы адымда кемшіліктер болады. Осы кемшілік ҚазАПП-та да болды. ҚазАПП Москвадағы Россия пролетариат.жазушылар ұйымының бөлімшесі болып ашылды. Соның платформасын қабылдады. Бірақ, бұл платформа ҚазАПП-тың ол кездегі бойына кеңірек еді. Өйткені, Россия жағдайына пролетариат жазушылары өскен жазушылар, сондықтан, олар шаруа жазушыларынан, сондайлардан жекеленіп ұйымдаса алады. Біздің қазақ әдебиетінде мұндай жағдай болмады, сондықтан РАПП-тың платформасы, ҚазАПП-тың жас пролетариат жазушыларына толық нұсқаушы бола алған жоқ. Бұл — бір. Екіншіден, ҚазАПП-тың ұйымдастыру бюросы келешекке адам даярлау, мүше тарту, тәрбиелеу істерін жақсылап қолға ала алмады. Ұйымның нұсқаулары жеке адамның бірен-сараң мақаласы арқылы ғана болып отырды. Ұйым боп, әдебиет майданына толық басшылық қыла алған жоқ. ҚазАПП осы бетімен 1927 жылға келді. 1927 жылы — ҚазАПП-тың өміріндегі тарихи жыл. Олай дейтініміз— ең алдымен, сол кездерде атақты байшыл ақын Мағжан Жұмабайұлының басқаруымен байшылдар «Алқа» деген әдебиет ұйымын ашты. «Алқаның» бас мақсаты пролетариат әдебиетіне қарсы шабуыл оның ісін бөгеу болды. Байшылдар жетекшісі «Алқамен» ғана қойған жоқ, күштерін әр майданға бөлді. Үстемдіктен айрылған таптың үстем боп тұрған тапқа шабуыл жасау үшін әртүрлі әдіс қолданатыны мәлім. Осы әдістің біреуі байшылардың ішінен Қошке, Жүсіпбек сықылдылардың «бұқарашыл» тон киіп, пролетариатқа бейімделгенсіп алдауы еді. Бұл сықылды айлакер, тәсілді байшылдар ҚазАПП-тың орнына «Бұқарашыл кеңес» деген ұйым ашайық деген ұсыныс жасады. Соңғы бағыт өте қауіпті еді. Бұл бағытқа Қеңес өкіметінде жүрген бірнеше жолбике жазушылар еріп кету қаупі туды. Егер ерсе, ықпалына түсуі ғажап емес. Коммунистеріміздің кейбірі бұл «бұлаң құйрыққа» түсінбей бұқарашылдармен» қосылуды қажет деп білді. Мәселен Ғаббас Тоғжанұлы Қошкелердің ұсынысын қолдады. Бұл қақпанға түспеу үшін, ҚазАПП-қа бағытын айқындап алу керек болды. ҚазАПП-тың алдына не азғана пролетариат бағытындағылар боп жеке қалу, не еңбекші шаруа жазушыларымен қосылып, оларды «Бұқарашыл кеңес» ықпалына бермеу мәселесі туды. Осы мәселе, 1927 жылдың октябрінде ҚазАПП-тың жиналысында талқыланып, бұрынғы «Қазақ пролетариат жазушылар ұйымы» енді «Қазақ пролетариат және шаруа жазушылар ұйымы» болсын деген қаулы алынды. Сол жиылыста жаңа атқа сәйкестендірілген жеке платформа алынды. Платформаға 22 кісі қол қойды. Бұл жөнінде біраз айтыстар боп, ақырында Өлкелік Партия Комитеті ҚазАПП-тың жаңағы өзгерісін мақұлдады. Сонымен, ҚазАПП «бұқарашылдардың» алдау тұзағынан еңбекші шаруа жазушыларын аман алып шықты. Бұл кезде әдебиет майданында ҚазАПП үлкен табысқа жетті. Ең басты мәселе баспасөзге күш жұмсау болды. Сол мақсатпен 1927 жылы, Қызылорда қаласында «Жыл құсы» атты көркем әдебиет жинағын шығарды. Онымен қоймай, жас пролетариат және еңбекші шаруа жазушыларының шығармаларын кітап етіп бастыра бастады. Октябрьдің он жылдық мерекесіне арнап жинақ шығарды. Осы қызу істің аяғы 1927 жылы болатын шабындық, егістік жерді бөлуді, 1928 жылы ірі байларды конфискелеуді жырлауға соқты. Бұл кезде пролетариат әдебиетінде Жақан, Асқар, Қалмақан, Ғалым, Әбділда сықылды көрнекті жас ақын-жазушылар шығып қалды. 1929 жылдардан бастап ҚазАПП өсуінде аздаған кідіріс сезілді. Оған себеп — шаруаның тұрақталу дәуірі аяқталып, социалистік қайта құрылыстың басталуы еді. Өркендеуіміздің бұл сатысын қисын жағынан да меңгеріп кету ақын-жазушыларымызға оңай болған жоқ. Бұған дейін Маркс, Ленин біліміне толық суарылып жетпеген қазақ жазушылары, адам баласынын, тарихында, ешуақытта кездеспеген жаңа қарқынды, бір жағынан, қисындай алмаса, екінші жағынан тәжірибесін жырлауға шеберлігі жетпеді. Бұған тағы бір себеп — Қазақтың пролетариат жазушыларының шаруа ортасынан шыққандығы, пролетариат қазанында еркін қайнамағандығы еді. Осы кідіріс 1930 жылдың ортасына дейін созылды. Қазақстанның пролетариаттық әдебиетінде, сол бір кезеңде социалистік қайта құрылысты көркем көрсететін көрнекті жазушылар аздығы осыдан болды. 1930 жылдың орта шенінен бастап ҚазАПП-тың ісінде тағы да қарқын басталды. Жікшілдік, торығушылық, адасушылық сықылды істерге ҚазАПП шабуыл жасап, пролетариат әдебиетін социалистік құрылысқа жәрдемшілікке шақырды. Мәселе біраз талқыға түсіп, өзара сын арқылы ҚазАПП мүшелерінің кемшілігіне балта шабылды да, жалпы ісін жандандыра бастағасын, ҚазАПП-тың алдына екінші түрлі мәселе туды. Ол — социалистік қайта құрылысқа ұйымның өзін сәйкестендіру. Жұмысшылар мен шаруаның одағы мәңгі күшінде сақталатын нәрсе. Бірақ, құрылысымыздың барысында түрлі тарихи кезеңдерге сәйкес жұмысшы мен шаруаның арасындағы байланыс та жаңа түрге көшеді. Жұмысшылар табы тұрақтану дәуірінде, кулактарға салық саясатын ғана қолданса, кәзір тап ретінде жойып жатыр; тұрақталу дәуірінде орташа, кедей, батырақтардың жеке шаруасын көркейтсе, кәзір колхозданған шаруаға айналуына үндеп, басқарып отыр. Бұл жағдайда ҚазАПП-тың бұрынғы пролетариат шаруа жазушылар ұйымы деген аты өзінен-өзі ескіреді. Осы мәселені ескере келе және бүгінгі міндеттерді есіне ұстап, ҚазАПП 1931 жылы атын Пролетариат-колхоз жазушылар ұйымы» деп қойып отыр. Осыған сәйкестендіріп платформа жасап, устав жасап, екеуін де жариялап отыр. Жалпы алғанда, ҚазАПП-тың жұмысында соңғы кезде, әсіресе, 1930 жылдың күзінен бері үлкен алға басқандық болды. Пролетариат әдебиетінің мұндай жетістігі ертерек аты шыққан бармақпен ғана санайтын азғана жазушылардың ғана жемісі емес. Соғыс коммунизмі кезінде: Сәкен, Бейімбет, Елжас, тағы сондайлар көрінсе, тұрақталу дәуірінде пролетариат әдебиетінде Асқар, Жақан, Қалмақан, Өтебай, Ғабит сияқты жазушылардың аты көрінді. Қайта құрылыс кезінде Ілияс Жансүгіров және бірнеше бұрын толқымада жүрген қазақ жазушылары пролетариат жазушыларының қатарына қосылды. Қайта құрылыс дәуірінде Ғалым, Әбділда, Ғали Орманов, Қажым, Есмағамбет, Жұмағали, Шахмет, тағы сол сияқты ондаған жас пролетариат жазушылары шықты. Пролетариат әдебиет атағында кейбір жолдастардың аузына Бейімбет, Ілияс, Сәбит, Сәкендер ғана түседі. Кейінгі пролетариат жазушыларын айтпайды. Бұл жас пролетариат жазушыларының шығармаларын аз оқығандықтан болу керек, не елемегендік болу керек. Әйтпесе, жас пролетариат жазушыларының ішінде «үлкендерді аттап» бара жатқаны бар, мысалға соңғы екі жылдың ішінде ғана аты көрінген Әбділда Тәжібаевты алсақ, кәзір қатардағы пролетариат жазушыларының бірі болды. Әбділда кей шығармасында «үлкендердің» кейбіреуінен асып түсіп жүр. Жастардан осындайлар толып жатыр. Бұларды көрмей ескіге телміре беру, алтын түседі деп Мағжан, Жүсіпбектердің артына үңіле беру барып тұрған оңшылдық. Мұндай мінез кейбір «тәуірмін» дейтін коммунистерде де бар. Рас, мазмұнмен қатар түрде де шеберлену мәселесінде, құрылысқа еру мәселесінде бізде толып жатқан кемшілік бар. Біз социалистік ұлы қарқынға толық ере алмай отырмыз. Бұл кемшілікті жойып, ҚазАПП-тың бүгінгі өмірге белсенді араласуы керек. Бірақ, мұнымен қатар бар жетістіктерді көрмеумен де күресу керек.   ҚазАПП-тың міндеттері ҚазАПП-тың міндеттерін айтардың алдында Петропавл округіндегі «Шағала» совхозының жұмысшысы Қанапия Мұстафаұлының Петропавлдағы ҚазАПП бөлімі туралы жазған хабарынан біраз сөздерін алайық: «Петропавлдағы ҚазАПП-тың секциясының осы жылғы 21 мартта жиналысы болды. Бірінші мәселе туралы баяндама жасаған Елжас Бекенұлы жолдас, ҚазАПП жұмысының ақсап жатқанын айтты. Жиналыста ҚазАПП жаңа талап жас жазушыларға дұрыс жолбасшылық етсін деді. Расында, ҚазАПП ұйымының ісін бұдан былай жөндемесе, жаңа талап жас қаламды социалистік құрылысқа жетектей алмас деп қауіптенемін. Октябрь революциясының 14 жылдығында ҚазАПП-тың мынадай ақсауы дұрыс емес қой». Бұл сөздердің мазмұны еңбекші бұқараның ҚазАПП-тан не күтетінін көрсетіп отыр. Бұдан ең алдымен көрініп отырған нәрсе ҚазАПП-тың алты жылдық ісінің далаға кетпегендігі, жұмысшылар бұқарасына өзін таныта алғандығы, өзіне жұмысшыларды сыншы, ақылшы қыла алғандығы. Қанапия Мұстафаұлы жалғыз емес. Завод, фабрикаларда, колхоз, совхоздарда талай Қанапиялар бар. ҚазАПП-тың міндеті мүшелеріне әдебиетте солардың жарқын бейнелерін жасау. ҚазАПП-тың ұйымдастыру жағының ісінде кемшілік бар. Ол осы күнге дейін бөлімшелерін көбінесе округтік газеттер қасынан құрып келді. Округтік газеттердің көпшілігі өндіріс негізіне құрылған газет емес, жалпылама газет болды ғой (Қазақстан жағдайында), сондықтан ҚазАПП жұмысшылар мен колхозшылардың арасында көпшілік ұйым боп кете алған жоқ. Бізде әлі де ұйым құру мәселесінде ескі әдісті тастамаушылық бар. Бұл әдіспен қоштасып, ҚазАПП-ты завод, фабрика, колхоз, совхозға, мектепке апару, бөлімшесін сол араларда ашу керек. Бұл біздің кезекті міндетіміз. ҚазАПП-ты өндіріске осылай жақындастыру арқылы ғана біз жұмысшы, колхозшы бұқарасынан ҚазАПП-қа мүше тарта аламыз, кадрлар даярлай аламыз. Бұл — бір. Екіншіден, ҚазАПП-тың басқарушылық, нұсқаушылық ісі оңды емес, секцияларымызға кезінде не істейтіндігі туралы айтылып тұрмайды. Бұған негізгі себептің біреуі— ҚазАПП-тың басқармасында нақты іспен шұғылданатын тиянақты кісінің жоғы, ол кісіні ұстайтын қаражат жоқтығы, тиісті орындардың ҚазАПП-ты ескермеуі, бұлардың бәріне қосымша ҚазАПП-тың өлкелік бюросының салақтығы. Алдағы күнде бұл кемшілікті жойып, басқарушылық ісін күшейту керек. Басқарушылық ісі әкімшілік жағынан ғана емес, пікір жағын жөндеу болу керек, әрбір саяси, шаруашылық істердің бәрі көркем шығармада айқын көлеңкесін түсіріп отыруы керек. ҚазАПП өзінің барлық жұмысын осы жолға түсіру керек. Үшіншіден, жолбикенің тәуір жағын өзімізге тарта отырып, алашордашылардың толып жатқан әдіс-айлаларына қырағы болу керек. Оларға, олардың шығармаларына ымырашылдық істеушілерге қарсы күрес ашу керек. ҚазАПП-тың басты міндеттерін санай берсе толып жатыр. Оның бәріне бірдей бұл мақалада орын жоқ. Мақала онсыз да ұзағырақ жазылды. Әйткенмен де, ҚазАПП-тың алты жылдық ісін айтуға бұл мақала аздық істеуінде сөз жоқ. ҚазАПП-тың кемшіліктері көп. Әйткенмен, ҚазАПП алты жылдық өмірінде досына да, қасына да өзінің кім екенін танытты. Кемшіліксіз іс болмайды. Кемшілік айып емес, кемшілікті түзей білмеу айып. ҚазАПП-тың ендігі міндеті—өзін халыққа танытумен ғана коймай, адам баласының бақытты өмірі үшін жасалып жатқан социалистік құрылысқа лайық шығарма жаздыру болу керек. ҚазАПП-тың жеке мүшелері де, бөлімшелері де ,үйірмелері де бұл міндетін есінен шығармау керек. Мақаланы аяқтарда айта кететін бір нәрсе—Қазақстанның жергілікті совет, әлеуметтік, партия ұйымдарының ҚазАПП-қа көмегінің аздығы. Ұйымның ұйым болуының бір жағы қаражатқа байланысты. Көрнекті жазушыларды совет қызметінен босату, олардың тұрмысын өңдеу, жазушыларды оқуға жіберу, жиналыстарын, мәжілістерін шақыру, арнаулы баспасөзін бөлу, тағы сондайлардың бәрі қаражатқа байланысты. Көршілес республикаларда мұндай істерге жоғарғы атаған орындар жәрдем бергенін көреміз. ҚазАПП-тың алты жылдық өмірінде не бір съезд, не бір конференция шақырылған емес. Жылда ойланып, жылда қаражат жоқтықтан тоқтап қалады. Алдағы күнде бұл кемшілік жойылып, тиісті орындар ҚазАПП-ты жәрдем беріп көтермелеуі жөн. Өйткені, ҚазАПП еріккен «өлеңшілердің» ұйымы емес, бұл — социалистік құрылыстың, идеология майданының әдебиеттегі жауынгер штабы.

1931 жылдың июнь айының 16 күні Қазақстан пролетариат жазушылар ұйымы алты жасқа толып, жетіге аяқ басып отыр. Айтуға аз сықылды болғанмен, біздің басымыздан кешіп отырған ұлы төңкеріс дәуірінде алты жыл аз емес. Машинадай зымыраған өміріміз алты жылда әлдеқайда алға кетті. Бұдан алты жыл бұрын жасаған саяси, шаруашылық және мәдениет істерімен салыстырғанда бүгінгі күні, жұмыскер табы мен еңбекші шаруа көзі көрмеген, құлағы естімеген талай жаңалықтарды өз қолымен ұстап отыр. Бұдан алты жыл бұрын соғыс әлегімен бүлінген кәсіпорындары бүгін ірі өнеркәсіп орындарына айналды. Бұдан алты жыл бұрынғы бытыраңқы мешеу ауыл шаруашылығы қазір бірігіп, жер байлығын меңгеру көптің, колхоздың қолына көшті. Бұдан алты жыл бұрын НЭП арқылы пролетариат диктатурасынан құтыламын деп дәмеленген бай-кулактар қазір жойылды. Бұдан алты жыл бұрын өнер-білімге кедей, тұрмысы мәдениетсіз еңбекші тап мәдениет төңкерісінің елегінен өтіп, еркін қанып болмағанмен, әлдеқайда ілгері кетті.

Еңбекші таптың бұл сықылды бет алысы жалпы идеология, оның ішінде көркем әдебиетке әсерін тигізбей қойғам жоқ. Тигізбей қоюға мүмкін де емес. Өйткені марксизм қағидасы бойынша, шаруашылық негізінің өзгеруімен қатар кейде шабанырақ, кейде тез сол шаруаның салдарынан туған қондырмалар да өзгереді. Бұл өзгерісте заң да, саясат та, дін де, көркем әдебиет те, философия да, қысқасы барлық идеология да кіреді.

Көркем әдебиет шаруашылықпен, белгілі бір таппен байланысты болса, қазақтың пролетариат әдебиеті, оның жетекшісі ҚазАПП еріккен бір ер адамның басынан шыққан нәрсе деп ойлауға болмайды. Бұл белгілі шаруа жағдайының, белгілі таптың тілегінен туған бағыт, ұйым. Мұның жағдайы — социалистік шаруада, табы еңбекші.

Бірсыпыра кемшіліктерін былай қойғанда, ҚазАПП алты жылдық өмірінде өз табына аз еңбек атқарған жоқ. Бұдан алты жыл бұрын Совет өкіметіне қарсы шығармаларын еркін бастырып жүрген алашорданың арам сирақтары, бүгінгі күні баспасөзден сырылғанда, негізінде осы ҚазАПП-тың күшімен сырылды. ҚазАПП партияның жол басшылығы арқылы тап дұшпанымен күресте жеңіп отыр.

Байшыл-алашордашыларды біз баспасөзден қуғанда, жұдырық күшімен ғана емес, қалам күшімен де қуып отырмыз. Мағжан, Жүсіпбек сияқты төңкеріске қарсылар жазбаса, қазақ әдебиеті адыра қалады деп жылаған оңшылдардың көзіне ҚазАПП құм құйды. Байшылдарды әдебиет майданынан қуумен бірге, пролетариат жазушылары толық болмағанмен еңбекші тапқа рухани азық беруге жарай алды. Пролетариат әдебиетінің бұл сықылды жетістіктерін не тап дұшпаны көрмейді, не көзіне шел біткен оңшылдар көрмейді.

Бұл жетістіктермен қатар ҚазАПП-та үлкен кемшіліктер бар. Оларды айтудан бұрын біз бұл мақалада ҚазАПП-тың неден туғанын, қалай өркендегенін, міндеті нелер екенін аздап сөз қыла кетеміз.

 

ҚазАПП неден туды?

ҚазАПП ең алғаш 1925 жылы, июнь айының 10-күні Қызылорда қаласында ашылды. Сол күні Өлкелік Партия Комитетінің ҚазАПП ашылсын деген қаулысы алынды.

Ешбір ұйым, ешуақытта себепсіз ашылмайды. Ұйым ашылу үшін, сол ұйымға берік ірге керек. ҚазАПП көркем әдебиет майданында басқарушылық істеуге тырысқан ұйым болса ұйым ашылмастан бұрын, оның басқаруына жарайтын жағдайлар, себептер, құралдар болу керек. Дәнеңе жоқ боп келіп, табан аузында жарқ ете түсетін нәрсе өмірде жоқ. Мұндай кереметті діншілдік болмаса диалектика заңын білетін марксшілдер танымайды.

ҚазАПП себепсіз, жағдайсыз ашылған жоқ. ҚазАПП жағдайды туғызған жоқ, жағдай ҚазАПП-ты туғызды. ҚазАПП-ты туғызған жағдай, 1925 жылға дейін жасала бастаған қазақтың жас пролетариат әдебиеті еді. Біреулер бұған қарсы болуы мүмкін. Мүмкін емес, кейбір жолдастар 1925 жылға дейін қазақта пролетариат әдебиетінен ырым болған жоқ. Мұнда әдебиет содан бері туа бастады десіп жүр. Бұл, әрине, не диалектика заңына шалағайлық та, не көрнеу көзін жұмғандық.

Диалектика заңы бойынша, тұрмыстың бар жүйесінде де құралың тиянақталған бір затқа, сол затты келешекте жоятын екінші зат жасала бастайды. Қазақта XIX ғасырдың аяғына дейін басым келген феодал әдебиетін, XX ғасырдың басында туған байшыл әдебиет тықсыра бастады. Революция кезіне жақындағанда байлар әдебиеті марқайып өсіп қалды. Сонымен бірге осы ескен байлар әдебиетіне қарсы бағыт та туа бастаған еді. Осы қарсылық бүгінгі өркендеп келе жатқан пролетариат әдебиетінің ұшқыны еді. Бұған айқын дәлел етіп Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кедей» деген поэмасын алуға болады.

Сұлтанмахмұт бұл өлеңді әлдеқалай жаза салған жоқ. Оған мұны жаздырған сол кездегі қазақ кедейі мен қазақ жұмысшыларының қиыншылық халі. Сұлтанмахмұт маңында болып жатқан әлеуметтік құбылысты қарамай қоя алмады. Осындай өлеңдер ол кезде Сәкен мен Бейімбеттерде көп ұшырасты. Октябрь революциясының алғашқы күндерінен-ақ, Сәкен бұл сарынды үдетіп әкеті.

Әдебиетте тапшылдық бары 1916 жылдың оқиғасында да көрінді. Ол жылы бұрынғы ұлтшыл ақындар байлар жағына шыққанмен, ауыл арасындағы кедей, батырақтар ғана майданға кетіп, байдың баласы елде қалуға наразылық есебінде талай өлеңдер шығарды. Оның талайын өзіміз естідік. Бірақ, соларды жинай алмай отырмыз. Міне, осылардың бәрі пролетариат әдебиетінің алғашқы ұшқындары еді.

Октябрь туып, қазақ еңбекшілері Совет республикасына ие бола бастаған шақта, жаңағы ұшқындар молырақ қызып:

Ал, қазақ кедейі,

Ұйымдас жалшымен,

Байларды, молданы

Қойдай қу қамшымен,

Бұл заман сенікі,

Теңдікті алып қал,

Қызыл ту қолында,

Таптың түс жолына-ай.—

деген ұран шықты. 1921 жылы Ғабдолла Асылбекұлының «Біздің де күніміз туды» деген әңгімесі басылды. Әңгіме батырақ, кедейлердің Октябрь революциясын қалай қарсы алғанын сипаттады. «Кедей баласы» деген атпен жазатын Қасен Нұрмұхамбетұлы, Совдеп пен алашорданың тартысын, большевиктерді алашорданың атқанын әңгіме, өлең етіп жазды, олары «Қызыл Қазақстан» журналына басылып жүрді. Сәкеннің:

Түсің суық, тәнін. шойын жалаңаш,

Кепкен нан мен қара суды қылып ас,

Тұрмыс лажын жер астынан іздеген,

Күні-түні алысқаның көмір тас —

деген жұмысшыларға арналған өлеңі сол кезде шықты. Бұл шығармалардың саяси кемшілігі, түр кемшілігі, құрылыс кемшілігі бар. Бар емес-ау, көп. Сонымен қатар, бұл шығармаларда үлкен қасиет бар. Ол қасиет— еңбекші таптың не екенін танығаны, күресті танығаны, жауын танығаны. Пролетариат әдебиетінің басталуы, тұтынуы деп осыны айтады.

1925 жылға дейін пролетариат әдебиеті ержете алмаса, көзге көріне алмаса, ол бір басқа мәселе. Туу мен ержету екі басқа нәрсе. Қазақтың пролетариат әдебиеті 1917 жылдан бастап-ақ туды, бірақ 1925 жылға дейін бой жаза алмады.

1925 жылдардың кезінде еңбекші жазушылар буынын бекіте бастады, таптық программасын айқындай бастады. Пролетариат жазушылары көзге көріне бастады, еңбекші таптың тұрмысын айқынырақ сипаттай бастады. Сонымен қатар, бұрын ұлтшылдық бағытта болған жазушылардың ішінен, пролетариат тілегіне біразы ауыса бастағандар болды. Мәселен, Бейімбет Майлин. Осындай лаулап өсіп келе жатқан пролетариат әдебиетіне Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, Мержақып, Қошке сықылды алашордашылар жан-тәнімен қарсы болды. Олардың бұл қарсылығы таптың қарсылығы еді. Пролетариат әдебиеті өркендесе, өздеріне саяси ажал жақындайтынын олар жақсы білді. Жаңа басын көтеріп келе жатқан пролетариат ақындарын олар өсірмеуге тырысты. «Ақжол» «Шолпан», «Темір қазық» сықылды совет ақшасына шығатын баспасөздерді пролетариат әдебиетін тұқыртуға құрал қып ұстады. Оларға Смағүл Садуақасов пен Сұлтанбек Қожанов сықылдылар көмек берді. Жас пролетариат жазушылары бұған мұқалған жоқ, жаспын деген жоқ, күресті. Әдебиетте көп жылдан бері тәжірибесі бар, есейген байшылдарды жеңу қиын болды. Байшылдарды жеңу үшін, өз қатарын өсіру үшін жас пролетариат жазушыларына ұйымдасу керек болды. 1925 жылы ҚазАПП ұйымын тудырған жағдай осы.

 

ҚазАПП қалай өркендеді?

Қай.ұйым болса да ашыла салысымен бірден жөнделіп кетпейді. Қай ұйымда болса да алғашқы адымда кемшіліктер болады. Осы кемшілік ҚазАПП-та да болды.

ҚазАПП Москвадағы Россия пролетариат.жазушылар ұйымының бөлімшесі болып ашылды. Соның платформасын қабылдады. Бірақ, бұл платформа ҚазАПП-тың ол кездегі бойына кеңірек еді. Өйткені, Россия жағдайына пролетариат жазушылары өскен жазушылар, сондықтан, олар шаруа жазушыларынан, сондайлардан жекеленіп ұйымдаса алады. Біздің қазақ әдебиетінде мұндай жағдай болмады, сондықтан РАПП-тың платформасы, ҚазАПП-тың жас пролетариат жазушыларына толық нұсқаушы бола алған жоқ. Бұл — бір.

Екіншіден, ҚазАПП-тың ұйымдастыру бюросы келешекке адам даярлау, мүше тарту, тәрбиелеу істерін жақсылап қолға ала алмады. Ұйымның нұсқаулары жеке адамның бірен-сараң мақаласы арқылы ғана болып отырды. Ұйым боп, әдебиет майданына толық басшылық қыла алған жоқ. ҚазАПП осы бетімен 1927 жылға келді.

1927 жылы — ҚазАПП-тың өміріндегі тарихи жыл. Олай дейтініміз— ең алдымен, сол кездерде атақты байшыл ақын Мағжан Жұмабайұлының басқаруымен байшылдар «Алқа» деген әдебиет ұйымын ашты. «Алқаның» бас мақсаты пролетариат әдебиетіне қарсы шабуыл оның ісін бөгеу болды. Байшылдар жетекшісі «Алқамен» ғана қойған жоқ, күштерін әр майданға бөлді. Үстемдіктен айрылған таптың үстем боп тұрған тапқа шабуыл жасау үшін әртүрлі әдіс қолданатыны мәлім. Осы әдістің біреуі байшылардың ішінен Қошке, Жүсіпбек сықылдылардың «бұқарашыл» тон киіп, пролетариатқа бейімделгенсіп алдауы еді. Бұл сықылды айлакер, тәсілді байшылдар ҚазАПП-тың орнына «Бұқарашыл кеңес» деген ұйым ашайық деген ұсыныс жасады. Соңғы бағыт өте қауіпті еді. Бұл бағытқа Қеңес өкіметінде жүрген бірнеше жолбике жазушылар еріп кету қаупі туды. Егер ерсе, ықпалына түсуі ғажап емес. Коммунистеріміздің кейбірі бұл «бұлаң құйрыққа» түсінбей бұқарашылдармен» қосылуды қажет деп білді. Мәселен Ғаббас Тоғжанұлы Қошкелердің ұсынысын қолдады.

Бұл қақпанға түспеу үшін, ҚазАПП-қа бағытын айқындап алу керек болды. ҚазАПП-тың алдына не азғана пролетариат бағытындағылар боп жеке қалу, не еңбекші шаруа жазушыларымен қосылып, оларды «Бұқарашыл кеңес» ықпалына бермеу мәселесі туды. Осы мәселе, 1927 жылдың октябрінде ҚазАПП-тың жиналысында талқыланып, бұрынғы «Қазақ пролетариат жазушылар ұйымы» енді «Қазақ пролетариат және шаруа жазушылар ұйымы» болсын деген қаулы алынды. Сол жиылыста жаңа атқа сәйкестендірілген жеке платформа алынды. Платформаға 22 кісі қол қойды.

Бұл жөнінде біраз айтыстар боп, ақырында Өлкелік Партия Комитеті ҚазАПП-тың жаңағы өзгерісін мақұлдады.

Сонымен, ҚазАПП «бұқарашылдардың» алдау тұзағынан еңбекші шаруа жазушыларын аман алып шықты.

Бұл кезде әдебиет майданында ҚазАПП үлкен табысқа жетті. Ең басты мәселе баспасөзге күш жұмсау болды. Сол мақсатпен 1927 жылы, Қызылорда қаласында «Жыл құсы» атты көркем әдебиет жинағын шығарды. Онымен қоймай, жас пролетариат және еңбекші шаруа жазушыларының шығармаларын кітап етіп бастыра бастады. Октябрьдің он жылдық мерекесіне арнап жинақ шығарды. Осы қызу істің аяғы 1927 жылы болатын шабындық, егістік жерді бөлуді, 1928 жылы ірі байларды конфискелеуді жырлауға соқты. Бұл кезде пролетариат әдебиетінде Жақан, Асқар, Қалмақан, Ғалым, Әбділда сықылды көрнекті жас ақын-жазушылар шығып қалды.

1929 жылдардан бастап ҚазАПП өсуінде аздаған кідіріс сезілді. Оған себеп — шаруаның тұрақталу дәуірі аяқталып, социалистік қайта құрылыстың басталуы еді. Өркендеуіміздің бұл сатысын қисын жағынан да меңгеріп кету ақын-жазушыларымызға оңай болған жоқ. Бұған дейін Маркс, Ленин біліміне толық суарылып жетпеген қазақ жазушылары, адам баласынын, тарихында, ешуақытта кездеспеген жаңа қарқынды, бір жағынан, қисындай алмаса, екінші жағынан тәжірибесін жырлауға шеберлігі жетпеді. Бұған тағы бір себеп — Қазақтың пролетариат жазушыларының шаруа ортасынан шыққандығы, пролетариат қазанында еркін қайнамағандығы еді. Осы кідіріс 1930 жылдың ортасына дейін созылды. Қазақстанның пролетариаттық әдебиетінде, сол бір кезеңде социалистік қайта құрылысты көркем көрсететін көрнекті жазушылар аздығы осыдан болды.

1930 жылдың орта шенінен бастап ҚазАПП-тың ісінде тағы да қарқын басталды. Жікшілдік, торығушылық, адасушылық сықылды істерге ҚазАПП шабуыл жасап, пролетариат әдебиетін социалистік құрылысқа жәрдемшілікке шақырды. Мәселе біраз талқыға түсіп, өзара сын арқылы ҚазАПП мүшелерінің кемшілігіне балта шабылды да, жалпы ісін жандандыра бастағасын, ҚазАПП-тың алдына екінші түрлі мәселе туды. Ол — социалистік қайта құрылысқа ұйымның өзін сәйкестендіру.

Жұмысшылар мен шаруаның одағы мәңгі күшінде сақталатын нәрсе. Бірақ, құрылысымыздың барысында түрлі тарихи кезеңдерге сәйкес жұмысшы мен шаруаның арасындағы байланыс та жаңа түрге көшеді. Жұмысшылар табы тұрақтану дәуірінде, кулактарға салық саясатын ғана қолданса, кәзір тап ретінде жойып жатыр; тұрақталу дәуірінде орташа, кедей, батырақтардың жеке шаруасын көркейтсе, кәзір колхозданған шаруаға айналуына үндеп, басқарып отыр. Бұл жағдайда ҚазАПП-тың бұрынғы пролетариат шаруа жазушылар ұйымы деген аты өзінен-өзі ескіреді. Осы мәселені ескере келе және бүгінгі міндеттерді есіне ұстап, ҚазАПП 1931 жылы атын Пролетариат-колхоз жазушылар ұйымы» деп қойып отыр. Осыған сәйкестендіріп платформа жасап, устав жасап, екеуін де жариялап отыр. Жалпы алғанда, ҚазАПП-тың жұмысында соңғы кезде, әсіресе, 1930 жылдың күзінен бері үлкен алға басқандық болды.

Пролетариат әдебиетінің мұндай жетістігі ертерек аты шыққан бармақпен ғана санайтын азғана жазушылардың ғана жемісі емес. Соғыс коммунизмі кезінде: Сәкен, Бейімбет, Елжас, тағы сондайлар көрінсе, тұрақталу дәуірінде пролетариат әдебиетінде Асқар, Жақан, Қалмақан, Өтебай, Ғабит сияқты жазушылардың аты көрінді. Қайта құрылыс кезінде Ілияс Жансүгіров және бірнеше бұрын толқымада жүрген қазақ жазушылары пролетариат жазушыларының қатарына қосылды. Қайта құрылыс дәуірінде Ғалым, Әбділда, Ғали Орманов, Қажым, Есмағамбет, Жұмағали, Шахмет, тағы сол сияқты ондаған жас пролетариат жазушылары шықты.

Пролетариат әдебиет атағында кейбір жолдастардың аузына Бейімбет, Ілияс, Сәбит, Сәкендер ғана түседі. Кейінгі пролетариат жазушыларын айтпайды. Бұл жас пролетариат жазушыларының шығармаларын аз оқығандықтан болу керек, не елемегендік болу керек. Әйтпесе, жас пролетариат жазушыларының ішінде «үлкендерді аттап» бара жатқаны бар, мысалға соңғы екі жылдың ішінде ғана аты көрінген Әбділда Тәжібаевты алсақ, кәзір қатардағы пролетариат жазушыларының бірі болды. Әбділда кей шығармасында «үлкендердің» кейбіреуінен асып түсіп жүр. Жастардан осындайлар толып жатыр. Бұларды көрмей ескіге телміре беру, алтын түседі деп Мағжан, Жүсіпбектердің артына үңіле беру барып тұрған оңшылдық. Мұндай мінез кейбір «тәуірмін» дейтін коммунистерде де бар.

Рас, мазмұнмен қатар түрде де шеберлену мәселесінде, құрылысқа еру мәселесінде бізде толып жатқан кемшілік бар. Біз социалистік ұлы қарқынға толық ере алмай отырмыз. Бұл кемшілікті жойып, ҚазАПП-тың бүгінгі өмірге белсенді араласуы керек. Бірақ, мұнымен қатар бар жетістіктерді көрмеумен де күресу керек.

 

ҚазАПП-тың міндеттері

ҚазАПП-тың міндеттерін айтардың алдында Петропавл округіндегі «Шағала» совхозының жұмысшысы Қанапия Мұстафаұлының Петропавлдағы ҚазАПП бөлімі туралы жазған хабарынан біраз сөздерін алайық:

«Петропавлдағы ҚазАПП-тың секциясының осы жылғы 21 мартта жиналысы болды. Бірінші мәселе туралы баяндама жасаған Елжас Бекенұлы жолдас, ҚазАПП жұмысының ақсап жатқанын айтты. Жиналыста ҚазАПП жаңа талап жас жазушыларға дұрыс жолбасшылық етсін деді. Расында, ҚазАПП ұйымының ісін бұдан былай жөндемесе, жаңа талап жас қаламды социалистік құрылысқа жетектей алмас деп қауіптенемін. Октябрь революциясының 14 жылдығында ҚазАПП-тың мынадай ақсауы дұрыс емес қой».

Бұл сөздердің мазмұны еңбекші бұқараның ҚазАПП-тан не күтетінін көрсетіп отыр. Бұдан ең алдымен көрініп отырған нәрсе ҚазАПП-тың алты жылдық ісінің далаға кетпегендігі, жұмысшылар бұқарасына өзін таныта алғандығы, өзіне жұмысшыларды сыншы, ақылшы қыла алғандығы. Қанапия Мұстафаұлы жалғыз емес. Завод, фабрикаларда, колхоз, совхоздарда талай Қанапиялар бар. ҚазАПП-тың міндеті мүшелеріне әдебиетте солардың жарқын бейнелерін жасау. ҚазАПП-тың ұйымдастыру жағының ісінде кемшілік бар. Ол осы күнге дейін бөлімшелерін көбінесе округтік газеттер қасынан құрып келді. Округтік газеттердің көпшілігі өндіріс негізіне құрылған газет емес, жалпылама газет болды ғой (Қазақстан жағдайында), сондықтан ҚазАПП жұмысшылар мен колхозшылардың арасында көпшілік ұйым боп кете алған жоқ. Бізде әлі де ұйым құру мәселесінде ескі әдісті тастамаушылық бар. Бұл әдіспен қоштасып, ҚазАПП-ты завод, фабрика, колхоз, совхозға, мектепке апару, бөлімшесін сол араларда ашу керек. Бұл біздің кезекті міндетіміз. ҚазАПП-ты өндіріске осылай жақындастыру арқылы ғана біз жұмысшы, колхозшы бұқарасынан ҚазАПП-қа мүше тарта аламыз, кадрлар даярлай аламыз. Бұл — бір.

Екіншіден, ҚазАПП-тың басқарушылық, нұсқаушылық ісі оңды емес, секцияларымызға кезінде не істейтіндігі туралы айтылып тұрмайды. Бұған негізгі себептің біреуі— ҚазАПП-тың басқармасында нақты іспен шұғылданатын тиянақты кісінің жоғы, ол кісіні ұстайтын қаражат жоқтығы, тиісті орындардың ҚазАПП-ты ескермеуі, бұлардың бәріне қосымша ҚазАПП-тың өлкелік бюросының салақтығы. Алдағы күнде бұл кемшілікті жойып, басқарушылық ісін күшейту керек. Басқарушылық ісі әкімшілік жағынан ғана емес, пікір жағын жөндеу болу керек, әрбір саяси, шаруашылық істердің бәрі көркем шығармада айқын көлеңкесін түсіріп отыруы керек. ҚазАПП өзінің барлық жұмысын осы жолға түсіру керек.

Үшіншіден, жолбикенің тәуір жағын өзімізге тарта отырып, алашордашылардың толып жатқан әдіс-айлаларына қырағы болу керек. Оларға, олардың шығармаларына ымырашылдық істеушілерге қарсы күрес ашу керек. ҚазАПП-тың басты міндеттерін санай берсе толып жатыр. Оның бәріне бірдей бұл мақалада орын жоқ. Мақала онсыз да ұзағырақ жазылды. Әйткенмен де, ҚазАПП-тың алты жылдық ісін айтуға бұл мақала аздық істеуінде сөз жоқ. ҚазАПП-тың кемшіліктері көп. Әйткенмен, ҚазАПП алты жылдық өмірінде досына да, қасына да өзінің кім екенін танытты. Кемшіліксіз іс болмайды. Кемшілік айып емес, кемшілікті түзей білмеу айып. ҚазАПП-тың ендігі міндеті—өзін халыққа танытумен ғана коймай, адам баласының бақытты өмірі үшін жасалып жатқан социалистік құрылысқа лайық шығарма жаздыру болу керек. ҚазАПП-тың жеке мүшелері де, бөлімшелері де ,үйірмелері де бұл міндетін есінен шығармау керек.

Мақаланы аяқтарда айта кететін бір нәрсе—Қазақстанның жергілікті совет, әлеуметтік, партия ұйымдарының ҚазАПП-қа көмегінің аздығы. Ұйымның ұйым болуының бір жағы қаражатқа байланысты. Көрнекті жазушыларды совет қызметінен босату, олардың тұрмысын өңдеу, жазушыларды оқуға жіберу, жиналыстарын, мәжілістерін шақыру, арнаулы баспасөзін бөлу, тағы сондайлардың бәрі қаражатқа байланысты.

Көршілес республикаларда мұндай істерге жоғарғы атаған орындар жәрдем бергенін көреміз. ҚазАПП-тың алты жылдық өмірінде не бір съезд, не бір конференция шақырылған емес. Жылда ойланып, жылда қаражат жоқтықтан тоқтап қалады. Алдағы күнде бұл кемшілік жойылып, тиісті орындар ҚазАПП-ты жәрдем беріп көтермелеуі жөн. Өйткені, ҚазАПП еріккен «өлеңшілердің» ұйымы емес, бұл — социалистік құрылыстың, идеология майданының әдебиеттегі жауынгер штабы.