Қандастар Ассамблея

Земство туралы

08.12.2012 2710
  Барша алаштың көзі ашық азаматтары! Мына алдарыңыздағы земство сайлауында һәр округтен (бірнеше болыс қосылып сайлау қылатын ауданнан) уездный, областной земствоға 5-6 гласный, яғни бір уезд, яки бір облыс елдің барлық шаруасын басқарып тұрушылар сайланбақ. Бұлардың атқаратын қызметімен қысқаша таныстырып, сол қызмет қолынан келерлік һәм қолы тиіп тұрарлық адамдарды сайлауларыңызды мақұл көреміз. Жоғарғы айтылған бірнеше аудандардан 5-6-дан сайланған гласныйлар жиылып, бір уезд елден ылғи іс басында тұратын 6-7 кісіні орталарынан, яки сырттан управа қып сайлайды. Гласныйлардың, қалған қауымы айында 4-5 рет уездный земство махкамасына жиылып тұрады; кейбір жұмыстардың орайы келіп қалғанда 7-8 рет те жиылады. Бұл гласныйлардың жалпы жиылысында управаға сайланған адамдардың істеген ісін тексеріп, істерінің қолайсызын тапса, түзетіп, тіпті жамандығы шықса, яки басқаруға қарамайтындай болса, орнынан түсіріледі. Екінші, алдындағы істемек істеріне жоба салады. Бұл гласныйлар бір уезд елдің һәм таптың жан хисабына қарай болады. Семей облысындағы уездердің қай - қайсысында болса да, қазақ көп болған соң, қазақтың гласныйлары да һәм управаға кіргізетін адамдары да көп болмақ. Яғни Семейден 48 гласный сайланғанда — 12 гласный орыстан, 36 гласный қазақтан болмақ. Басқа уездердегі гласныйлар да осылай, халқының шамасына қарай болмақ. Жоғарыда айттық гласный сайларда әуелі біліміне қарай, екінші, жиылып тұрарлық қолайлы тұрмысына қарай сайлау керек деп. Себебі: бұл болашақ земствоның гласныйлары — бұрынғы өткен болыс, немесе мына болып тұрған комитет сықылды кісі аузына қарай отыратын жалтақкөздер емес, халықтың тұрмысына қарай шаруасын өзі басқарып, ел еркін қолына түгел алып, елді ел қолына алатын орынның алды. Осы управаға кірген қазақ қазақты білсе де, істі білмесе, орыстан кіргендер қазақ жайын білмейді. Сөйтіп, өңкей «білместен» еліңе берекелі не шықпақ? Екінші, гласныйлардың жалпы жиылысына закон бойынша үштің екісі жиналмақ; егер алғашқы шақырғанда қырдан сайланған гласныйлар келмесе, екінші тағы шақырылмақ онда да келмесе, қаланың жиылған аз гласныйлары-ақ істі жүргізе бермек. Бұлай болған соң алыстағы адамның шаруасын тастап, айына неше мәрте жиылып тұра алмайтындығы белгілі. Сондықтан қай ел болса да оқыған, адал, халыққа пайдалы, іс басқаруға жарайтын адамын сайласын. Егер мұндай адамы жоқ елдер Алаштың ұлын жатсынбай, қаласында басқа ата, басқа дуанның оқығаны болса, соны сайласын. Өйтпесе «Келінді күте білмеген күң етеді, жібекті түте білмеген жүн етеді» деген мақалға ұшырап, тілеген тілек, еткен үміт далаға кетер. «Сарыарқа». 1918. 14 қыркүйек. № 13.

 

Барша алаштың көзі ашық азаматтары! Мына алдарыңыздағы земство сайлауында һәр округтен (бірнеше болыс қосылып сайлау қылатын ауданнан) уездный, областной земствоға 5-6 гласный, яғни бір уезд, яки бір облыс елдің барлық шаруасын басқарып тұрушылар сайланбақ. Бұлардың атқаратын қызметімен қысқаша таныстырып, сол қызмет қолынан келерлік һәм қолы тиіп тұрарлық адамдарды сайлауларыңызды мақұл көреміз.

Жоғарғы айтылған бірнеше аудандардан 5-6-дан сайланған гласныйлар жиылып, бір уезд елден ылғи іс басында тұратын 6-7 кісіні орталарынан, яки сырттан управа қып сайлайды. Гласныйлардың, қалған қауымы айында 4-5 рет уездный земство махкамасына жиылып тұрады; кейбір жұмыстардың орайы келіп қалғанда 7-8 рет те жиылады.

Бұл гласныйлардың жалпы жиылысында управаға сайланған адамдардың істеген ісін тексеріп, істерінің қолайсызын тапса, түзетіп, тіпті жамандығы шықса, яки басқаруға қарамайтындай болса, орнынан түсіріледі. Екінші, алдындағы істемек істеріне жоба салады. Бұл гласныйлар бір уезд елдің һәм таптың жан хисабына қарай болады. Семей облысындағы уездердің қай - қайсысында болса да, қазақ көп болған соң, қазақтың гласныйлары да һәм управаға кіргізетін адамдары да көп болмақ. Яғни Семейден 48 гласный сайланғанда — 12 гласный орыстан, 36 гласный қазақтан болмақ. Басқа уездердегі гласныйлар да осылай, халқының шамасына қарай болмақ. Жоғарыда айттық гласный сайларда әуелі біліміне қарай, екінші, жиылып тұрарлық қолайлы тұрмысына қарай сайлау керек деп. Себебі: бұл болашақ земствоның гласныйлары — бұрынғы өткен болыс, немесе мына болып тұрған комитет сықылды кісі аузына қарай отыратын жалтақкөздер емес, халықтың тұрмысына қарай шаруасын өзі басқарып, ел еркін қолына түгел алып, елді ел қолына алатын орынның алды. Осы управаға кірген қазақ қазақты білсе де, істі білмесе, орыстан кіргендер қазақ жайын білмейді. Сөйтіп, өңкей «білместен» еліңе берекелі не шықпақ?

Екінші, гласныйлардың жалпы жиылысына закон бойынша үштің екісі жиналмақ; егер алғашқы шақырғанда қырдан сайланған гласныйлар келмесе, екінші тағы шақырылмақ онда да келмесе, қаланың жиылған аз гласныйлары-ақ істі жүргізе бермек. Бұлай болған соң алыстағы адамның шаруасын тастап, айына неше мәрте жиылып тұра алмайтындығы белгілі. Сондықтан қай ел болса да оқыған, адал, халыққа пайдалы, іс басқаруға жарайтын адамын сайласын. Егер мұндай адамы жоқ елдер Алаштың ұлын жатсынбай, қаласында басқа ата, басқа дуанның оқығаны болса, соны сайласын. Өйтпесе «Келінді күте білмеген күң етеді, жібекті түте білмеген жүн етеді» деген мақалға ұшырап, тілеген тілек, еткен үміт далаға кетер.

«Сарыарқа». 1918. 14 қыркүйек. № 13.

Ұқсас материалдар