Қандастар Ассамблея

Қазығұрттың інжу-маржандары

08.12.2012 5655
                                                         Қазығұрттың інжу-маржандары Жазушы Нұрғали Ораз және оның әңгімелері. Қазығұрттың киелі екені рас. Басына Нұх пайғамбардың кемесі тоқтағаны да рас. Рас болмаса: Басында Қазығұрттың кеме қалған, Кереметі болмаса неге қалған? — леген өлең, ғасырлар бойы өшпестен, ұмытылмастан неге айтылып келе жатыр? Қазығұрт — қисса - дастандарда көп айтылатын Ғайып Ерен — Қырық Шілтеннің отаны. Әңгіме — Қазығұрттың бұл кереметтері туралы емес. Әңгіме — «Қазығұрт оқиғалары» атты көркем әңгімелер жинағы туралы, Авторы — Нұрғали Ораз. Жасы отыз жетіге шығыпты. Біз оны әлі бала деп жүрсек, Пушкиннің жасына жетіп қалыпты. Ол осыдан оншақты жыл бұрын-ақ алғашқы әңгімелерімен елді елең еткізген. Бірақ қазақ әдебиет сыны енжар, керенау. Тек әдебиет жанашыры, елгезек ағасы Дулат Исабековтен басқа ешкім селт еткен жоқ, ләм деген жоқ. Мен қолыма қалам алғанда сол олқылықтың орнын толтырайын, сыншы болайын деп отырған жоқпын. Жинақты оқып шыққан соң шыдамадым... Осы әңгімелердегі жай - жағдаят өз басымнан өткен сияқты. Оқиғалардың бәрі етене таныс. Біртүрлі ғажап. Олардың бәрін мен де көріп - білуші едім, неге жазбадым дедім. Қайырлы қызғаныш. Ал негізінде — қуаныш. Баламдай жас жазушының табысына қуаныш. Кілең, ауылдың адамдары. Олардың арасында айрықша батыр да жоқ, атағы жер жарған ақын да жоқ - Елге барсаң мұндай «геройлар» қаптап жүр. Бірақ олар ешқайдан да бір-біріне ұқсамайды. Жаратушы құдіреттің шеберлігіне енді қалай тәнті болмассың: жер бетінде миллиардтаған адам бар. Бір - бірінен айна-қатесіз айнымай қалған ешкім жоқ. Мұнда да сондай, кейіпкерлер коп, бірақ әркімнің табиғаты да, тағдыры да әр түрлі. Мысалы, Боранбай - баронды алыңыз («Теріс ағаш»). Бала кезінде кәдімгі бала сияқты еді, ескеннен кейін қаңғыбас болды. Сығандарға қосылып, өз қандастарының тауығын, токты - торпағын ұрлап, бей-берекет жолға түскен, басына құдайдың жүгені болмаса, адамның. ноқтасы түспеген, түссе де үзіп кете беретін Боранбай - барон өз алдына бір ғалам. Ал енді «қараша үйдің жалғыз қара қазанының түп күйесіндей қап-қара» түнде колхоздың шөбін ұрлауға жөнелген Жаңбырбай маған өте таныс. Колхоздың шөбін баяғыда бала күнімде өзім де ұрлағанмын. Шептің қарауылы Қалипа мен Жаңбырбайдың қақтығысы кино тіліне сұранып тұрған табиғи да тартымды көрініс. («Түндегі жетім тамшылар»). Колхоздың шөбін неге әркім - әркім тышқаншылап өз үйіне таси береді? Адам баласын «қоғам мүлкі, мемлекет мүлкі — ортақ мүлік» деп қанша заман тәрбиелесең де жеке бастың қамы бәрібір басып кете береді. «Ортақ өгізден — оңаша бұзауым» деген қазақ «арманына» енді жетіп, жекешеленіп жатыр ғой. Ол рас, ұзын жолдың бойымен машинаға мініп зулап келе жатып, терезеден тау жаққа көз салсаң: бір сайдың қуысында қарайып үш - төрт үй қалып бара жатады. «Ол неғылған үйлер, иен таудың арасында жалғызсырап неге түр?» деп ойыңа аңғал сұра қаралатыны да рас. Мен болсам «жалғызсырап» демей, «үрпиісіп» деп жазар едім - ау деп қоямын. Қайткенде де әйтеуір үш-төрт үй ғой. Менің редакторлық тәжірибем одан әрі аспайды. Одан әрі менің қолымнан келе бермейтін әдемі де қайғылы, қыстың қызғылтым кешіндей мұңды хикая басталады. Бүл кешегі колхоздың малшылар ауылы. Осы ауылда қыстың күні кенеттен Кәмеш толғатып қалады. Күйеуі апыл - гұпыл асығып, әлгі толғақ қысқан әйелін орталыққа жеткізбек боп әбігер. Табан астында қоңыр шәлісі құрғыр табыла қойсашы. Табылмады. Қанша айтқанмен қыс қой, мойнына сала салғанда болатын еді... Үйде Жөкентай жалғыз қалып барады. Әкесі мен шешесі бес жасар Жөкентайды жалғызбасты көрші әйел Ақайшаға аманат табыстап, «кәсемсот» трактормен қалың қарды кақыратып орталыққа тартып отырады. ...Әлгіде, әбігерде табылмаған түбіт орамалды Жөкентай тауып алсын. Орамалдан анасының иісін таниды. Әлгінде осы орамалды қатты іздеп еді. Енді Жөкентай сол шәліні апасына өзі апарып бермекші болып, «кәсемсоттың» ізіне түсіп, жолға шыққаны - ай... Сәби мінез айна-қатесіз. Анасына жаны ашып, баланың жолға шығуы шындық - Тұла бойын суық қысып, қыстың қиғаш күйіне жақындасам жылынармын деп «кәсемсоттың» ізінен шығып, дөңеске омбылап көтерілгені - ай... Онан арғысы бір қуаныш, бір қайғы. Қуанышы — орталыққа жете салысымен Кәмеш босанып, қошқардай ұл тапты. Қайғылысы — Жөкентайды бүкіл ауыл күндіз-түні іздеп таппады. «Қайдасың сен, Жөкентай? Бәлкім, Күнге жылынамын деп жүріп, Күн еліне байқамай еніп кеткен боларсың?» («Қоңыр шәлі»). Автор осылай жорамалдайды. Мен де солай ойлаймын. Өйткені сақылдаған сары аязды қыстың сыздаған таңында шың басында жалғыз жұлдыз тоңып - жаурап қалғандай қалтырап тұрады. Жөкентай жұлдызы деген жұлдыз сол! Сұмдық болғанда, Ақмырза жалғыз емес қой. («Ақ тырналардың үясы»), Ол әр ауылда, тіпті әр үйде болуы мүмкін. Марқұм композитор Әбілахат Еспаевтың сөзімен айтқанда, Ақмырза «Алқаш» руынан. Ол ру Қазақстанның түкпір-түкпіріне дейін, одан тысқары жерлерге де көп-көп тараған. Бүл тақырыпқа талай шеберлер қалам тартты. Ал Нұрғали Ораз қолтаңбасы бөлек. Ақмырза үйелмелі-сүйелмелі бес ұлдың әкесі. Өз үйінде жүрсе де, алыстан айлап, жылдап жеткендей, аспаннан түскендей, оз балаларын жаңа көргендей хал кешетіні болады. Сөйтсе, тұңғышы Арысбек сегізінші сыныпта оқып жүр екен, өзімен жасты қыздың үйінің тұсына барып, шарбақтан асылып, ысқырып тұруға жарап қалыпты. Кейде бір санасы сауыққанда Ақмырза балаларының киім - басының тозып кеткенін көріп, жаны шырылдап, әлдеқалай аяныш сезім пайда болады. Ендігі айлыққа жетсе бәрін де киіндірмекші. Енді қойдым, енді ішпеймін деп өзіне-өзі ант беріп, әйелін, балаларын қуантады. Енді бәрі де айлық алатын күнді аңсап жүр. Айлық алатын күн ақ түйенің қарыны жарылатын, Алланың ақ нұры ерекше мол жауатын қасиетті күндей күтілді. Өйткені Ақмырза Келесбайға тапсырды: кімге не керек, жайып бер деді. Айлық алған күні магазиннен сатып әперемін деді. Келесбай торкөз дәптердің бір парағына ірі-ірі әріптермен: I. Арысбекке — шибарқыт шалбар (импортный). 2. Ташкенбайға — бәтіңке (39 размер).     , 3. Маған — тәпішке (орысшасы тапочка), көйлек. 4. Задарияға — машина. 5. Монтайға да машина... 6. Апама... — деп жазып, апасына қарағанда ол: — Әй, мені келесі айлыққа қалдырыңдар... — деп күлді. Ал Ақмырзаның айлық алатын күні бүгін. Бәрі де ынтыға күтіп жүр. Ал ынтыға күткенде алданған бәрінен жаман. Мухаммед пайғамбарымыздың хадисі айтады: «Сөздің ең жаманы — өтірік. Әзілдесең де өтірік айтушы болма. Әке оз балаларына бір нәрсені уәде етіп, оны орындамай қойып жүрмесін! Шыншылдық—ізгілікке, ал ізгілік болса — жұмаққа бастайды. Өтірікшілік — жауыздыққа, ал жауыздық болса жаһаннамға бастайды», — дейді. Негізі Ақмырза жаман емес. Балаларына жаны ашып, іштей шырылдайды. Әйелі Қамарды да қуантқысы келеді. Жоқ, Ақмырза жаман емес. Бірақ пайғамбарымыздың хадистерінде тағы да: «Мас қылатын ішімдіктің бәрі де — арам» делінген. Ақмырза — адал, арақ — арам. Екеуінің арасында ғаламат арпалыс бар. Бұл арпалыста кім жеңеді, дүниенің тұтқасы соның қолында. Ақыры Ақмырза жеңіліп қалды. Әзәзілден аса алмады. Әзәзіл жетектеп кетті. Туған балаларына, адал әйеліне деген ыстық ықыласын әзәзіл жеңіп кетті. Ой, сонда байғұс балалардың алау көңілі су сепкендей басылғаны - ай. Міне, бүл трагедия. Бүкіл дүние - әлемнің бар байлығы — жас баланың бір тамшы көз жасына татымайды деген қағида қайда қалды, атасына нәлет?! Маскүнемдікке қарсы қаншама соз айтылмады, қаншама үгіт - насихат жүргізілмеді. Бәрі бекер. Көбік ауыз көп сөзден гөрі «Ақ тырналардың үясы» сияқты шап-шағын көркем әңгіме әлдеқайда әсерлі. Ал енді маскүнемдікті насихаттайтын, марапаттайтын кезге де келдік. Теледидар халыққа белгілі, дардай - дардай әртістеріміздің аузымен: дүниеде арақтан басқа еш қызық жоқ, — деп күніне сан рет сарнайды. «Әй, найсап! Оның қалай?»—деп ешкім айта алмайды. Тіпті өкіметтің өзі де «тек» дей алмайды. Өйткені ондай заң жоқ. Бізде ізгілікке бастайтын істерді қолдау сараң, жамандықты, .арамдықты насихаттауға жол ашық. Әңгімені оқып біткеннен кейін, жатып алып ойлаймын: Ақмырзаның бес баласы — бес періште еді. Сол бес періште ат жалын тартып мініп, ер-азамат болғанда еліне қаншама пайда келтіретін еді. Ал... Енді не болды? Енді олар кім болды? «Әке көрген оқ жонар» деген бар емес пе? Дүниенің сықпыты болса мынау. Өз арақ-шарабымыз жетіспей қалғандай, шет елдерден арақ мұхитын ағызып әкеліп, халықты «купкаға» салған қойдай қылып тоғытып қойдық. Мылтықсыз оккупация деген осы. Тәуелсізбіз дейміз. Біздің  тәуелсіздігіміз түп-тұқиянымен, үрім - бұтағымен араққа бөгіп, семіз сайтанның сідігімен суарылып жатыр. Ондай зәрмен суарылған тәуелсіздік топырағынан ертең не өсіп шығатынын болжау үшін данышпан болудың керегі жоқ. Нұрғали Ораздың әңгімесі оқырманды осындай - осындай ойға батырады. Адам болып дүниеге келген соң, сол адамға лайық аты болғанға не жетсін. Қазақ ырымшыл. Әйтеуір ұрпағым аман болсын деп, тіл - көз тимесін деп әп-әдемі балаға неше түрлі ебедейсіз есімдерді қояды. Шұлғаубай деп, Ожаубай, Итбай деп... Ал енді бір парасат перзентіне атты асқақтата қояды. Соған орай ол бала кейін керемет болып өссе жақсы, әйтпесе келемеж сияқты болып қалады. Содан да шығар, кейбір елдерде баланың екі аты болады екен. Туа сала бір ат беріледі, өсе келе оның түр - тұлғасына, қадір - қасиетіне қарай екінші рет шын аты қойылады. Неғылса да мына әңгімедегі қыздың аты — Күнсұлу. Күндей сұлу бол сын деген ғой. Бірақ адамның айтқаны келмейді, Алланың дегені болады. Күнсұлуымыз еркек пошымдылау болып өсті. Өсе келе еңбекке де ер кісілерше араласты. Өзімен бірге өскен беті жылтыр қыздардың жолы болып, оз ұясын тауып жатты. Ал Күнсұлуға ешкім де сырға тақпады. Соған қарап Күнсұлу өзінің түр-тұрпатына сай ажар екен деп қалмаңыздар. Дүниеде одан жұмсақ, одан мейірбан жан жоқ. Оған, шіркін, адам атын өзгертуге болар болса Күнсұлу деп емес, Жансұлу деп ат қойса жарасар еді. Алайда кейін ойласам, Күнсұлу дұрыс қойылған есім екен. Дүниеде Күннен адал, Күннен әділетті не бар?! Сен анаусың, сен мынаусың, сен байсың, сен кедейсің демей жылуын, нұрын жұртқа тең таратады ғой. Нұрғали Ораздың Күнсұлуы осындай. Айналасындағыға шуақ шашыратады. Бірақ жеке басы бақыты кем. Нұрғали Ораз әңгімелеріндегі әйел затының қай - қайсысын алмаңыз, әрқайсысы бір-бір әлем. «Сынық болса да әркім тіршілікте өз арбасын өзі сүйретеді». Бұл автордың мызғымас кредосы. Өйткені өмірдің оз көрінісі сондай. Автор бүйрегі қанша бұрып тұрса да, Күнсұлуды бақыт дариясына шомылдыра алмайды. («Күнсұлу»). Гүлзат бала таппады да, Досбол басқа біреуге үйленіп кетті. Онан бала сүйді, бірақ ошақ басы— ызғырық. Береке жоқ. Гүлзатқа кайтып келсем дейді. Гүлзат кішкентай нәрестенің обалына қалғысы келмейді. Екеуі өзеннің екі бетінде қалды. Бір-біріне қол созады, жете алмайды. Құдай өстіп адамдарды арманда етіп қояды. («Әпкем, жездем және мен»), Қаладан ауылға келіп, құдық басында балалармен су шашысып ойнайтын Бибіжар. «Шөлейт даланын. түйе шөлдеп елетін түкпіріне жасырынған алақандай ауылға» Бибіжардың келуі, оның гитара тартып, ән салуы «күйбің - күйбің көңілсіз тіршілікті» мүлде ұмыттырып, ауыл адамдары, әсіресе жастарды, әсіресе бозбала, бозым жігіттерді ынтықтырып қойған, көлеңкелі көңілдеріне сәуле түсірген қас-қағым сәт. Әлдебіреу «мерседеске» Бибіжарды мінгізіп алып кеткенде небір үміт шырағдандардың өлегізіп - өлегізіп барып сөнгені - ай... («Біз, ол, «мерседес» және махаббат»). Жалғыздық құдайға ғана жарасқан дейді. Рас шығар. Әйтпесе, айдаладағы оншақты үйлі бекеттің вокзалына Қабыш карт неге келгіштей береді. Бекет басындағы көлеңкесі шымшықтарға да пана бола алмайтын селдір ағаштың, ішіндегі орындыққа отыра қалып Қабыш карт «әу» деп тіл қатысатын адамға зар болып, қиналғаны. Вокзал басында түк шаруасы жоқ, күнде келеді. Көп жасаған жолдасынан айырылды. Құрбы - құрдастар, майдандастар көп еді. Бәрі кетті. Бұл жалғыз. Жас баламен тіл табыса алмайды. Ескінің көзі деген Қалбикеш кемпір бір пойыздан бір пойызға ауысып мініп, қапшық арқалап, күнкөріс қамымен жүр. Қабыш оған: Әй, «Қалбикеш, баяғы мен майданда жүргенде...»—дей бергенде, Қалбикеш: «Қабыш - ау, мына заман сен айта беретін соғыстан да жаман», — деп, Қабыштың әңгімесін тыңдауға тағат таппай асығып бара жатқаны. Сонда Қабыштың көңілінің ел көшкен жұрттай құлазитыны - ай. Қабыштың жанын кім түсінбек? Ешкім жоқ. Міне, бұл қасірет. Жалғыздық психологиясын, оның трагедиясын Қабыштан танисыз. («Соғыстан соңғы сағыныш»), Нұрғали Ораздың әңгімелері көбінесе қыстағы, қысқа Күннің қызарып барып, қызғылтым тартып, айнала тауларды, даланы мүлгіте ойға қалдырғандай, сағыныштардың сағым дариясы ән салып ағып жатқандай әсер қалдырады. Өйтпесе жазып керегі не. Түнде бір шөліркеп жатып түс кергенде ботаның көзіндей мөлдіреген бастаудың дермене иісті жалбыз шымылдығын ысырып тастап, етпеттеп жата қалып, күміс кәусарға бас қоясың. Сіміре бересің, сіміре бересің, шөлің сірә қанбайды. Сөйтіп жатып оянып кетесің... «Қазығұрт оқиғаларын» оқып болып, жылтырағы жоқ, жұқа мұқабалы кітапты алақаныңмен сипалап отырып қаласың. Қаншама адам көз алдыңа тізіліп өтіп, қаншама жан көкірегінде ұялап қалады. Торт құбыласы түгел, кесірлі бақытқа кенелген біреуі жоқ. Әйтеуір бірі кем дүние. Бір түрлі аянышты. Бәрі де. Тіпті қаңғыбас Боранбай - барон да, маскүнем Ақмырза да, ұры Жаңбырбай да... Бұл жазушының аянышы. Оның дүниеге көзқарасы, пайымы, адамдарды бағалауы өзгеше болса, айталық, соцреализм әдісіне салып, қалайда біреу жағымды, біреу жағымсыз сомдалса, оқырманда мұндай аяныш сезім оянбас еді. Жазушы сиқыры дейсіз бе, шеберлігі дейсіз бе, әлбетте еркімнің көркемдік түсінігі әр түрлі, бірақ түптің түбінде осы кітаптың кейіпкерлері сенің бір етбауыр жақының сияқты. Олардың өкініші сенің өкінішің, олардың қуанышы сенің қуанышың болса, не шара. Көркем әдебиеттің де мұраты сол. Оқырманның жүрегін жібітіп, сезімін селт еткізсе, еңбек зая кетпегені. Рас - өтірігін кім біледі, хас таланттың қаламын періштелер жетектеп отырады дейді. Әрине, саусағына мүйізгек біткенше қалам тербейтін кәдімгі жазушының өзі. Ал бірақ шын шығарма туарда оның қаламын періште жетектейтіні рас көрінеді. Мен Нұрғали Ораздың ірі жанрларға, роман, повестерге қалам тартар - тартпасын білмеймін. Ірі жанрға бармасаң ірі жазушы бола алмайсың деген ұғым жоқ. Ал біле - білсеңіз, көркем әдебиеттегі ең қиыны — әңгіме жазу. Үйелмендей қара шойыннан бір мысқал алтын артық. Романға бергісіз қып-қысқа әңгімелер болады. Және олар ұзақ жасайды. Көркем әдебиетті бағалауда бізде қазір критерий, адал өлшем, шын таразы жоғалды. Әлі жеткен, шамасы келген кейбір авторлар күлді - көмештерін кедергісіз бастырып, аспандатып, «презентация» — тұсаукесер өткізіп, улап-шулап, «ұлылыққа» ұмтылып жатады. Әдетте у-шу реклама - жарнама өтімі кем тауарға көп беріледі. Оңай олжа бермейді. Інжу-маржан теңіздің тереңінде жатады. Оны мыңнан, миллионнан біреу ғана сүңгіп алып шығады. Оның шын көркем шығармалары даңғаза айқай – шусыз - ақ өз өрісін табады. «Қазығұрт оқиғалары» сол саңылақтар санатынан.    

                                                         Қазығұрттың інжу-маржандары

Жазушы Нұрғали Ораз және оның әңгімелері. Қазығұрттың киелі екені рас. Басына Нұх пайғамбардың кемесі тоқтағаны да рас. Рас болмаса:

Басында Қазығұрттың кеме қалған,

Кереметі болмаса неге қалған? —

леген өлең, ғасырлар бойы өшпестен, ұмытылмастан неге айтылып келе жатыр?

Қазығұрт — қисса - дастандарда көп айтылатын Ғайып Ерен — Қырық Шілтеннің отаны.

Әңгіме — Қазығұрттың бұл кереметтері туралы емес.

Әңгіме — «Қазығұрт оқиғалары» атты көркем әңгімелер жинағы туралы, Авторы — Нұрғали Ораз. Жасы отыз жетіге шығыпты. Біз оны әлі бала деп жүрсек, Пушкиннің жасына жетіп қалыпты.

Ол осыдан оншақты жыл бұрын-ақ алғашқы әңгімелерімен елді елең еткізген. Бірақ қазақ әдебиет сыны енжар, керенау. Тек әдебиет жанашыры, елгезек ағасы Дулат Исабековтен басқа ешкім селт еткен жоқ, ләм деген жоқ.

Мен қолыма қалам алғанда сол олқылықтың орнын толтырайын, сыншы болайын деп отырған жоқпын. Жинақты оқып шыққан соң шыдамадым...

Осы әңгімелердегі жай - жағдаят өз басымнан өткен сияқты. Оқиғалардың бәрі етене таныс. Біртүрлі ғажап. Олардың бәрін мен де көріп - білуші едім, неге жазбадым дедім.

Қайырлы қызғаныш. Ал негізінде — қуаныш. Баламдай жас жазушының табысына қуаныш. Кілең, ауылдың адамдары. Олардың арасында айрықша батыр да жоқ, атағы жер жарған ақын да жоқ - Елге барсаң мұндай «геройлар» қаптап жүр. Бірақ олар ешқайдан да бір-біріне ұқсамайды. Жаратушы құдіреттің шеберлігіне енді қалай тәнті болмассың: жер бетінде миллиардтаған адам бар. Бір - бірінен айна-қатесіз айнымай қалған ешкім жоқ. Мұнда да сондай, кейіпкерлер коп, бірақ әркімнің табиғаты да, тағдыры да әр түрлі.

Мысалы, Боранбай - баронды алыңыз («Теріс ағаш»). Бала кезінде кәдімгі бала сияқты еді, ескеннен кейін қаңғыбас болды. Сығандарға қосылып, өз қандастарының тауығын, токты - торпағын ұрлап, бей-берекет жолға түскен, басына құдайдың жүгені болмаса, адамның. ноқтасы түспеген, түссе де үзіп кете беретін Боранбай - барон өз алдына бір ғалам.

Ал енді «қараша үйдің жалғыз қара қазанының түп күйесіндей қап-қара» түнде колхоздың шөбін ұрлауға жөнелген Жаңбырбай маған өте таныс.

Колхоздың шөбін баяғыда бала күнімде өзім де ұрлағанмын. Шептің қарауылы Қалипа мен Жаңбырбайдың қақтығысы кино тіліне сұранып тұрған табиғи да тартымды көрініс. («Түндегі жетім тамшылар»).

Колхоздың шөбін неге әркім - әркім тышқаншылап өз үйіне таси береді? Адам баласын «қоғам мүлкі, мемлекет мүлкі — ортақ мүлік» деп қанша заман тәрбиелесең де жеке бастың қамы бәрібір басып кете береді. «Ортақ өгізден — оңаша бұзауым» деген қазақ «арманына» енді жетіп, жекешеленіп жатыр ғой. Ол рас, ұзын жолдың бойымен машинаға мініп зулап келе жатып, терезеден тау жаққа көз салсаң: бір сайдың қуысында қарайып үш - төрт үй қалып бара жатады. «Ол неғылған үйлер, иен таудың арасында жалғызсырап неге түр?» деп ойыңа аңғал сұра қаралатыны да рас.

Мен болсам «жалғызсырап» демей, «үрпиісіп» деп жазар едім - ау деп қоямын. Қайткенде де әйтеуір үш-төрт үй ғой.

Менің редакторлық тәжірибем одан әрі аспайды. Одан әрі менің қолымнан келе бермейтін әдемі де қайғылы, қыстың қызғылтым кешіндей мұңды хикая басталады.

Бүл кешегі колхоздың малшылар ауылы. Осы ауылда қыстың күні кенеттен Кәмеш толғатып қалады. Күйеуі апыл - гұпыл асығып, әлгі толғақ қысқан әйелін орталыққа жеткізбек боп әбігер.

Табан астында қоңыр шәлісі құрғыр табыла қойсашы. Табылмады. Қанша айтқанмен қыс қой, мойнына сала салғанда болатын еді...

Үйде Жөкентай жалғыз қалып барады. Әкесі мен шешесі бес жасар Жөкентайды жалғызбасты көрші әйел Ақайшаға аманат табыстап, «кәсемсот» трактормен қалың қарды кақыратып орталыққа тартып отырады. ...Әлгіде, әбігерде табылмаған түбіт орамалды Жөкентай тауып алсын. Орамалдан анасының иісін таниды. Әлгінде осы орамалды қатты іздеп еді. Енді Жөкентай сол шәліні апасына өзі апарып бермекші болып, «кәсемсоттың» ізіне түсіп, жолға шыққаны - ай...

Сәби мінез айна-қатесіз. Анасына жаны ашып, баланың жолға шығуы шындық - Тұла бойын суық қысып, қыстың қиғаш күйіне жақындасам жылынармын деп «кәсемсоттың» ізінен шығып, дөңеске омбылап көтерілгені - ай...

Онан арғысы бір қуаныш, бір қайғы. Қуанышы — орталыққа жете салысымен Кәмеш босанып, қошқардай ұл тапты. Қайғылысы — Жөкентайды бүкіл ауыл күндіз-түні іздеп таппады.

«Қайдасың сен, Жөкентай? Бәлкім, Күнге жылынамын деп жүріп, Күн еліне байқамай еніп кеткен боларсың?» («Қоңыр шәлі»).

Автор осылай жорамалдайды.

Мен де солай ойлаймын.

Өйткені сақылдаған сары аязды қыстың сыздаған таңында шың басында жалғыз жұлдыз тоңып - жаурап қалғандай қалтырап тұрады. Жөкентай жұлдызы деген жұлдыз сол!

Сұмдық болғанда, Ақмырза жалғыз емес қой. («Ақ тырналардың үясы»), Ол әр ауылда, тіпті әр үйде болуы мүмкін. Марқұм композитор Әбілахат Еспаевтың сөзімен айтқанда, Ақмырза «Алқаш» руынан. Ол ру Қазақстанның түкпір-түкпіріне дейін, одан тысқары жерлерге де көп-көп тараған.

Бүл тақырыпқа талай шеберлер қалам тартты. Ал Нұрғали Ораз қолтаңбасы бөлек.

Ақмырза үйелмелі-сүйелмелі бес ұлдың әкесі. Өз үйінде жүрсе де, алыстан айлап, жылдап жеткендей, аспаннан түскендей, оз балаларын жаңа көргендей хал кешетіні болады. Сөйтсе, тұңғышы Арысбек сегізінші сыныпта оқып жүр екен, өзімен жасты қыздың үйінің тұсына барып, шарбақтан асылып, ысқырып тұруға жарап қалыпты.

Кейде бір санасы сауыққанда Ақмырза балаларының киім - басының тозып кеткенін көріп, жаны шырылдап, әлдеқалай аяныш сезім пайда болады. Ендігі айлыққа жетсе бәрін де киіндірмекші. Енді қойдым, енді ішпеймін деп өзіне-өзі ант беріп, әйелін, балаларын қуантады. Енді бәрі де айлық алатын күнді аңсап жүр. Айлық алатын күн ақ түйенің қарыны жарылатын, Алланың ақ нұры ерекше мол жауатын қасиетті күндей күтілді.

Өйткені Ақмырза Келесбайға тапсырды: кімге не керек, жайып бер деді. Айлық алған күні магазиннен сатып әперемін деді.

Келесбай торкөз дәптердің бір парағына ірі-ірі әріптермен:

I. Арысбекке — шибарқыт шалбар (импортный).

2. Ташкенбайға — бәтіңке (39 размер).     ,

3. Маған — тәпішке (орысшасы тапочка), көйлек.

4. Задарияға — машина.

5. Монтайға да машина...

6. Апама... — деп жазып, апасына қарағанда ол:

— Әй, мені келесі айлыққа қалдырыңдар... — деп күлді.

Ал Ақмырзаның айлық алатын күні бүгін. Бәрі де ынтыға күтіп жүр. Ал ынтыға күткенде алданған бәрінен жаман.

Мухаммед пайғамбарымыздың хадисі айтады: «Сөздің ең жаманы — өтірік. Әзілдесең де өтірік айтушы болма. Әке оз балаларына бір нәрсені уәде етіп, оны орындамай қойып жүрмесін!

Шыншылдық—ізгілікке, ал ізгілік болса — жұмаққа бастайды. Өтірікшілік — жауыздыққа, ал жауыздық болса жаһаннамға бастайды», — дейді.

Негізі Ақмырза жаман емес. Балаларына жаны ашып, іштей шырылдайды. Әйелі Қамарды да қуантқысы келеді. Жоқ, Ақмырза жаман емес. Бірақ пайғамбарымыздың хадистерінде тағы да: «Мас қылатын ішімдіктің бәрі де — арам» делінген.

Ақмырза — адал, арақ — арам. Екеуінің арасында ғаламат арпалыс бар. Бұл арпалыста кім жеңеді, дүниенің тұтқасы соның қолында. Ақыры Ақмырза жеңіліп қалды. Әзәзілден аса алмады. Әзәзіл жетектеп кетті. Туған балаларына, адал әйеліне деген ыстық ықыласын әзәзіл жеңіп кетті.

Ой, сонда байғұс балалардың алау көңілі су сепкендей басылғаны - ай.

Міне, бүл трагедия.

Бүкіл дүние - әлемнің бар байлығы — жас баланың бір тамшы көз жасына татымайды деген қағида қайда қалды, атасына нәлет?!

Маскүнемдікке қарсы қаншама соз айтылмады, қаншама үгіт - насихат жүргізілмеді. Бәрі бекер. Көбік ауыз көп сөзден гөрі «Ақ тырналардың үясы» сияқты шап-шағын көркем әңгіме әлдеқайда әсерлі.

Ал енді маскүнемдікті насихаттайтын, марапаттайтын кезге де келдік. Теледидар халыққа белгілі, дардай - дардай әртістеріміздің аузымен: дүниеде арақтан басқа еш қызық жоқ, — деп күніне сан рет сарнайды. «Әй, найсап! Оның қалай?»—деп ешкім айта алмайды. Тіпті өкіметтің өзі де «тек» дей алмайды. Өйткені ондай заң жоқ.

Бізде ізгілікке бастайтын істерді қолдау сараң, жамандықты, .арамдықты насихаттауға жол ашық. Әңгімені оқып біткеннен кейін, жатып алып ойлаймын: Ақмырзаның бес баласы — бес періште еді. Сол бес періште ат жалын тартып мініп, ер-азамат болғанда еліне қаншама пайда келтіретін еді. Ал... Енді не болды? Енді олар кім болды? «Әке көрген оқ жонар» деген бар емес пе?

Дүниенің сықпыты болса мынау. Өз арақ-шарабымыз жетіспей қалғандай, шет елдерден арақ мұхитын ағызып әкеліп, халықты «купкаға» салған қойдай қылып тоғытып қойдық. Мылтықсыз оккупация деген осы. Тәуелсізбіз дейміз. Біздің  тәуелсіздігіміз түп-тұқиянымен, үрім - бұтағымен араққа бөгіп, семіз сайтанның сідігімен суарылып жатыр. Ондай зәрмен суарылған тәуелсіздік топырағынан ертең не өсіп шығатынын болжау үшін данышпан болудың керегі жоқ.

Нұрғали Ораздың әңгімесі оқырманды осындай - осындай ойға батырады.

Адам болып дүниеге келген соң, сол адамға лайық аты болғанға не жетсін. Қазақ ырымшыл. Әйтеуір ұрпағым аман болсын деп, тіл - көз тимесін деп әп-әдемі балаға неше түрлі ебедейсіз есімдерді қояды. Шұлғаубай деп, Ожаубай, Итбай деп...

Ал енді бір парасат перзентіне атты асқақтата қояды. Соған орай ол бала кейін керемет болып өссе жақсы, әйтпесе келемеж сияқты болып қалады. Содан да шығар, кейбір елдерде баланың екі аты болады екен. Туа сала бір ат беріледі, өсе келе оның түр - тұлғасына, қадір - қасиетіне қарай екінші рет шын аты қойылады.

Неғылса да мына әңгімедегі қыздың аты — Күнсұлу. Күндей сұлу бол сын деген ғой. Бірақ адамның айтқаны келмейді, Алланың дегені болады. Күнсұлуымыз еркек пошымдылау болып өсті. Өсе келе еңбекке де ер кісілерше араласты. Өзімен бірге өскен беті жылтыр қыздардың жолы болып, оз ұясын тауып жатты. Ал Күнсұлуға ешкім де сырға тақпады. Соған қарап Күнсұлу өзінің түр-тұрпатына сай ажар екен деп қалмаңыздар. Дүниеде одан жұмсақ, одан мейірбан жан жоқ. Оған, шіркін, адам атын өзгертуге болар болса Күнсұлу деп емес, Жансұлу деп ат қойса жарасар еді. Алайда кейін ойласам, Күнсұлу дұрыс қойылған есім екен. Дүниеде Күннен адал, Күннен әділетті не бар?! Сен анаусың, сен мынаусың, сен байсың, сен кедейсің демей жылуын, нұрын жұртқа тең таратады ғой.

Нұрғали Ораздың Күнсұлуы осындай. Айналасындағыға шуақ шашыратады. Бірақ жеке басы бақыты кем.

Нұрғали Ораз әңгімелеріндегі әйел затының қай - қайсысын алмаңыз, әрқайсысы бір-бір әлем. «Сынық болса да әркім тіршілікте өз арбасын өзі сүйретеді». Бұл автордың мызғымас кредосы. Өйткені өмірдің оз көрінісі сондай. Автор бүйрегі қанша бұрып тұрса да, Күнсұлуды бақыт дариясына шомылдыра алмайды. («Күнсұлу»).

Гүлзат бала таппады да, Досбол басқа біреуге үйленіп кетті. Онан бала сүйді, бірақ ошақ басы— ызғырық. Береке жоқ. Гүлзатқа кайтып келсем дейді. Гүлзат кішкентай нәрестенің обалына қалғысы келмейді. Екеуі өзеннің екі бетінде қалды. Бір-біріне қол созады, жете алмайды. Құдай өстіп адамдарды арманда етіп қояды. («Әпкем, жездем және мен»),

Қаладан ауылға келіп, құдық басында балалармен су шашысып ойнайтын Бибіжар. «Шөлейт даланын. түйе шөлдеп елетін түкпіріне жасырынған алақандай ауылға» Бибіжардың келуі, оның гитара тартып, ән салуы «күйбің - күйбің көңілсіз тіршілікті» мүлде ұмыттырып, ауыл адамдары, әсіресе жастарды, әсіресе бозбала, бозым жігіттерді ынтықтырып қойған, көлеңкелі көңілдеріне сәуле түсірген қас-қағым сәт. Әлдебіреу «мерседеске» Бибіжарды мінгізіп алып кеткенде небір үміт шырағдандардың өлегізіп - өлегізіп барып сөнгені - ай... («Біз, ол, «мерседес» және махаббат»).

Жалғыздық құдайға ғана жарасқан дейді. Рас шығар. Әйтпесе, айдаладағы оншақты үйлі бекеттің вокзалына Қабыш карт неге келгіштей береді. Бекет басындағы көлеңкесі шымшықтарға да пана бола алмайтын селдір ағаштың, ішіндегі орындыққа отыра қалып Қабыш карт «әу» деп тіл қатысатын адамға зар болып, қиналғаны. Вокзал басында түк шаруасы жоқ, күнде келеді.

Көп жасаған жолдасынан айырылды. Құрбы - құрдастар, майдандастар көп еді. Бәрі кетті. Бұл жалғыз. Жас баламен тіл табыса алмайды. Ескінің көзі деген Қалбикеш кемпір бір пойыздан бір пойызға ауысып мініп, қапшық арқалап, күнкөріс қамымен жүр. Қабыш оған: Әй, «Қалбикеш, баяғы мен майданда жүргенде...»—дей бергенде, Қалбикеш: «Қабыш - ау, мына заман сен айта беретін соғыстан да жаман», — деп, Қабыштың әңгімесін тыңдауға тағат таппай асығып бара жатқаны.

Сонда Қабыштың көңілінің ел көшкен жұрттай құлазитыны - ай. Қабыштың жанын кім түсінбек? Ешкім жоқ. Міне, бұл қасірет. Жалғыздық психологиясын, оның трагедиясын Қабыштан танисыз. («Соғыстан соңғы сағыныш»),

Нұрғали Ораздың әңгімелері көбінесе қыстағы, қысқа Күннің қызарып барып, қызғылтым тартып, айнала тауларды, даланы мүлгіте ойға қалдырғандай, сағыныштардың сағым дариясы ән салып ағып жатқандай әсер қалдырады.

Өйтпесе жазып керегі не.

Түнде бір шөліркеп жатып түс кергенде ботаның көзіндей мөлдіреген бастаудың дермене иісті жалбыз шымылдығын ысырып тастап, етпеттеп жата қалып, күміс кәусарға бас қоясың. Сіміре бересің, сіміре бересің, шөлің сірә қанбайды. Сөйтіп жатып оянып кетесің...

«Қазығұрт оқиғаларын» оқып болып, жылтырағы жоқ, жұқа мұқабалы кітапты алақаныңмен сипалап отырып қаласың. Қаншама адам көз алдыңа тізіліп өтіп, қаншама жан көкірегінде ұялап қалады. Торт құбыласы түгел, кесірлі бақытқа кенелген біреуі жоқ. Әйтеуір бірі кем дүние. Бір түрлі аянышты. Бәрі де. Тіпті қаңғыбас Боранбай - барон да, маскүнем Ақмырза да, ұры Жаңбырбай да...

Бұл жазушының аянышы. Оның дүниеге көзқарасы, пайымы, адамдарды бағалауы өзгеше болса, айталық, соцреализм әдісіне салып, қалайда біреу жағымды, біреу жағымсыз сомдалса, оқырманда мұндай аяныш сезім оянбас еді.

Жазушы сиқыры дейсіз бе, шеберлігі дейсіз бе, әлбетте еркімнің көркемдік түсінігі әр түрлі, бірақ түптің түбінде осы кітаптың кейіпкерлері сенің бір етбауыр жақының сияқты. Олардың өкініші сенің өкінішің, олардың қуанышы сенің қуанышың болса, не шара. Көркем әдебиеттің де мұраты сол. Оқырманның жүрегін жібітіп, сезімін селт еткізсе, еңбек зая кетпегені. Рас - өтірігін кім біледі, хас таланттың қаламын періштелер жетектеп отырады дейді. Әрине, саусағына мүйізгек біткенше қалам тербейтін кәдімгі жазушының өзі. Ал бірақ шын шығарма туарда оның қаламын періште жетектейтіні рас көрінеді.

Мен Нұрғали Ораздың ірі жанрларға, роман, повестерге қалам тартар - тартпасын білмеймін. Ірі жанрға бармасаң ірі жазушы бола алмайсың деген ұғым жоқ. Ал біле - білсеңіз, көркем әдебиеттегі ең қиыны — әңгіме жазу. Үйелмендей қара шойыннан бір мысқал алтын артық. Романға бергісіз қып-қысқа әңгімелер болады. Және олар ұзақ жасайды.

Көркем әдебиетті бағалауда бізде қазір критерий, адал өлшем, шын таразы жоғалды. Әлі жеткен, шамасы келген кейбір авторлар күлді - көмештерін кедергісіз бастырып, аспандатып, «презентация» — тұсаукесер өткізіп, улап-шулап, «ұлылыққа» ұмтылып жатады. Әдетте у-шу реклама - жарнама өтімі кем тауарға көп беріледі.

Оңай олжа бермейді. Інжу-маржан теңіздің тереңінде жатады. Оны мыңнан, миллионнан біреу ғана сүңгіп алып шығады. Оның шын көркем шығармалары даңғаза айқай – шусыз - ақ өз өрісін табады.

«Қазығұрт оқиғалары» сол саңылақтар санатынан.